Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 09:07


БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Ірі державалардың Орталық Азиядағы бәсекесі

The National Interest басылымының жазуынша, әлемдік державалардың Орталық Азиядағы бәсекелестігі жыл санап күшейіп келеді. «Қазақстанның Қорғас кеденіндегі дағдарыс - соның айқын көрінісі» дейді мақала авторлары.

АҚШ президенті Барак Обама, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Дмитрий Медведев Оңтүстік Кореада өткен ядролық саммитте. Сеул, 27 наурыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Дмитрий Медведев Оңтүстік Кореада өткен ядролық саммитте. Сеул, 27 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Орталық Азиядағы ірі державалардың стратегиялық тартыстары туралы бұл мақаланы әлеуметтанушы Рафаэлло Пантучи мен Еуразиядағы саяси ахуалды зерттеуші ғалым Александрос Петерсен бірігіп жазған. 

Авторлар мақаланы Қазақстанның Қытаймен шекаралас Қорғас кеденінде қытай тауарлары артылған үлкен жүк көліктері қазақ шекарасынан өте алмай ұзын-сонар кезекте тұрғанынан бастайды.

«Жүк көліктері Еуразия құрлығын көктей өту үшін әуелі Қытайдың, одан соң Қазақстан кеденшілерінің рұқсатын алу керек. Тауардың көбі негізінен «Дордой», «Барахолка», «Қара Су» сияқты Орталық Азияның үлкен базарларына тасымалданады. Кейбір көліктер Еуропаға дейін барады. Қазір көліктердің барлығы Қытай жаңадан салған кішігірім кеден терминалында тұр» дейді олар.

«ШАХМАТ АЛАҢЫ»

Авторлардың пайымдауынша, бұл дағдарыс Орталық Азиядағы саяси һәм әлеуметтік ахуалды реттеуге мұрша бермейтін стратегиялық тартыстардан туындаған. 

Мақалада «Орталық Азиядағы ықпалдарын нығайту үшін бәсекелес державалар бұл аймақтан бірін бірі ығыстыруға тырысады. Олар бұл аймақты буферлік зона ретінде немесе табиғи қазба байлық көзі ретінде пайдаланғысы келеді» деген пікір айтады.

«Орталық Азияны қоршап жатқан қуатты елдер бұл аймаққа ұзақ уақыт бойы пешкаларды ғана қозғалтып қойып, ойынды бақылап отыратын шахмат алаңы сияқты қарап келген еді» деп жазады сарапшылар.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Сарапшылардың болжауынша, әлемдік державалардың бұл аймаққа қатысты жоспарлары қазір біршама өзгерген. Бүгінгі мақсат - аймаққа ықпалды сырттай күшейту емес, оны іштей игеріп, дамыту.

Аймақты дамыту жобалары көбінесе Қытай, Ресей, АҚШ сияқты қуатты мемлекеттердің мүддесімен байланысты. Олардың барлығы да осы территорияға тұрақтылық орнатып, Орталық Азияның қауіпсіздігіне кепіл болғысы келеді дейді мақала авторлары.

«МҮДДЕЛЕР ҚАЙШЫЛЫҒЫ»

The National Interest басымына жарияланған мақалада осы мәселеге орай держава басшыларының пікірлері берілген. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Үндістанның Ченнай қаласында жаңа Жібек жолын жасап, халықаралық байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастарды жиілету үшін бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсыныс білдірген. Мақала авторлары АҚШ-тың бұл аймақты не себепті тұтас дамытуға мүдделі екендігіне тоқталыпты. Олардың ойынша, «АҚШ Орталық Азияны тұрақтандыру арқылы өз ықпалындағы Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келеді».

Мақалада Қытай мүддесі де талданған. Орталық Азияның дамуына ықпал ету арқылы Қытай өзінің батысындағы оқтын-оқтын толқу боп тұратын Шыңжаң өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартқысы келеді.

1994 жылы елдің премьер-министрі Ли Пэн Жібек жолының жаңа жобасын жасаудың маңыздылығы жайында мәлімдеме жасаған. Ал 2004 жылы China Daily басылымы бұл жобаның болашағы жайында мақала басты. Ондағы деректер бойынша, Қытай Еуропаға жалғасатын, ұзындығы жағынан теңіз жолдарымен бәсекеге түсетін «Темір жібек жолын» салуға кіріскен. Содан бері бұл ел өзінің батысындағы теміржол инфрақұрылымын дамытып, Орталық Азиямен жалғасатын жолдарға айрықша көңіл бөліп отыр. Қазір Қазақстандағы кейбір теміржол құрылыстары уақытша тоқтап тұрғанымен, Өзбекстан, Қырғызстан территориясындағы теміржол төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Екі алып держава - Ресей мен Қытай арасындағы текетіресті Қорғастағы жағдайға қарап білуге болады

Авторлар Орталық Азиядағы Ресей ықпалының басымдығына да мән берген. Оған дәлел ретінде 2009 жылы Ресей, Беларусь, Қазақстан мемлекеттерінің кедендік одақ құрғанын айтқан. Мақалада «Тіпті Ресей президенті Путин былтыр Еуразиялық одақ құрып, болашақта «ортақ экономикалық кеңістікте ортақ валюта енгізу» туралы ұсыныс айтты. Ресей президентінің ойынша, ол одаққа бұрынғы Совет Одағының кез келген республикасы кіре алады. Путин одақтың пайдасы жайында «Экономикалық пайдадан бөлек, Еуразиялық одаққа кірудің тағы бір тиімді жағы – мүше елдер Еуропаға жақындасып, әлдеқайда қуатты бола түседі» деген еді».

Мақала авторларының зерттеуінше, Ресейдің бұл жобасы Қытай мүддесіне қайшы. «Екі алып державаның арасындағы текетіресті Қорғастағы жағдайға қарап білуге болады» дейді автор.

2011 жылы желтоқсанда ашылған Қазақстанмен шекарадағы Қытай кеден терминалы жұмысын жалғастыра алмай, қазір тоқтап тұр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
04.05.2012 14:46
+0 / -0
біздің көксоққан екі басқыншының ортасында өтірік күліп жан сақтап жүрген сияқты ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 18:02
+0 / -0
Суреттің мәні терең екен.
Баласындай АҚШ президентінің әкесіндей біздің басшының арқасынан қағып тұруының өзі-ақ талай жайтты аңғартпай ма?

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
04.05.2012 17:35
+0 / -0
біздің ақ патшамыз өз қазағымды қырып тастаган мына мен деп Оңтүстік кореяга барып төсін соғып тұран кісідей көрінеді біздің ел тонаудан,пара алудан,жер сатудан алдына жан салмайтын ел екенін біліп мына кара мен сары жігіт шалдын тағы несі бар екен деп аркасын кагып тургандай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 18:13
+0 / -0
"Қайта шапқан жау жаман" демекші Ресейдің құрамына қайтадан қосылғаннан, одан да АҚШ-тың штаты болып отырған әлдеқайда пайдалы шығар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 22:27
+1 / -0
Осы Иранға Түркменстан арқылы тартылған теміржол неліктен тоқтап қалды, кім біледі, әлде бұлда саясат па?

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
06.05.2012 09:34
+0 / -0
Өлексе кеудеңді кере түс атаңа нәлет қу қалмақ...
Аңырайтын күнің де алыста емес болар...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 16:53
+0 / -0
Орыстардың бізге тәуелдігін қолдана білмейміз жалбаңдағаннан басқа ие біргеміз деп қазақ тілін толық кіргізіп қазақтың жағдайын түзеп, бізде бәрі теріс қарыс,жалбағайдың зианы сонша орыс ұлтшылдары бұл жалғыз қазақтың жері емес дегенге әкеп тұр,құдай соғыстың бетін әрі қылсын халықтың басына күн туса,сол ұлтшылдарың бірінші болып қашады, қазақтар жерлеріңді қорғап алыңдар, сол жер ұй салам деген қазаққа қол жетпес арман болды,ресеймен бірге камаз тік үшақ шығарамыз деп кеуде соғып жұр 70жыл кеңес одағы тәуір завод салмады павлодар трактор заводы әлі рессейге тәуелді, шығарып жатқан ештеңесі жоқ,камазыңда тікұшағыңда соның кейпін киеді,бұл шаруаға астана не дейтінін білемін бұтіл дүние жүзі бір бірімен бірігіп шығарады деп көксейді,ертенгі кұні бір орысты өкпелетіп алсаң бұтіл шекараны рессей бірақ күнде жабады,грузиядағы тажікстанды ұмытпаған боларсыздар жалбағай ыржақайға завод салып жатырмыз деп халықтың арасында не болып жатқанын көргісі келмейді әжетқанада бала тастау масқараның көкесі емес пе тв дан жаңалық көріп отырып басқа ұлтың өкілдерінен ұялам әне сенің қазағың өз ұлтын не істеді деп көрсететін сияқты, өзім таза қазақ ауылында өстім үш ощақ неміс өкілдері болды,совет одағы құлаған кезде отандарына жиналды,біреуін әнгімеге тартып қайтесің сол албанианы жасыңыз ұлкен неміс тілін білмейсің,қазақтың тілін жақсы білесің салт дәстұрімізді де білесің дегенімде,қазақтар жақсы мемлекет болмайсыңдар,неге деген сұрағыма сендер дана халық емесіңдер дегенде төбемнен жай тұскендей болды ой мына жаман неміс сандрақтай береді деп кетіп қалдым,кәзір ойлап отырсам сандырағы келіп тұр

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?