Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:40

ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Жаңаөзенде жұмбақ жағдайда белсенді жұмысшы қаза тапты

«МұнайФилдСервис» компаниясының Жаңаөзендегі өндіріс аймағында жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда компания бастығының орынбасары қамауға алынған. Ал маңғыстаулық мұнайшылар жаппай «Нұр-Отан» партиясының қатарынан шыға бастады.

Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзен қалалық полициясы тамыздың 8-і күні «МұнайФилдСервис» компаниясының жұмысшысы Жақсылық Турбаевтың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 96-шы бап яғни, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар тергеу құпиялығын алға тартып, басқа ешқандай сұрақтарға жауап бермей отыр.

Жаңаөзен қаласында орналасқан «МұнайФилдСервис» компаниясының жұмысшысы 28 жастағы Жақсылық Турбаевтың өлімі туралы ақпарат осы апта басында ғана белгілі болды.

«ҰРЫП ӨЛТІРГЕН»

Компания жұмысшыларының айтуынша, оқиға тамыздың 3-і күні түстен кейін болған. Дәл осы күні бригада құрамындағы өзге жұмысшылар тапсырмаға кетіп, жұмыс орнында бұрғышы Жақсылық Турбаев жалғыз қалған екен. 

- Бұрғышы Турбаев сол жерде қарауыл есебінде қалған. Машинисті басқа бригадаға цементажға жіберген. Ал цементажға машинист керек емес. Ол жақта он екі мен сағат үштің арасында болған машинист бригадасына қайтып барса, Жақсылықты жатқан жерінде табады, - дейді қаза тапқан азаматпен бірге жұмыс істейтін Тимур Мәмбетов.
Еламан Турбаевтың айтуынша, сот-медициналық сараптама баласын әлдекімдердің ұрып, қорлағанын дәлелдеген. 

Жақсылық Турбаевтың әкесі Еламан Турбаевтың айтуынша, сот-медициналық сараптама баласын әлдекімдердің ұрып, қорлағанын дәлелдеген. Оның айтуынша, баласын әлдекімдер «әдейі жоспар құрып» қастандықпен өлтіруі мүмкін.

Жақындары, әріптестері Жақсылық Турбаевты тамыздың 6-сы күні Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылар ереуілдеп жатқан орталық алаңнан соңғы сапарға шығарып салды.

«КОМПАНИЯ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН КЕЛІСПЕГЕН»

Өткен аптада Жаңаөзенде болып қайтқан тіркелмеген «Алға» партиясының мүшесі Болат Атабаев пен «Рух пен тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамай қаза тапқан азамат Жақсылық Турбаевтың туған-туыстарымен, әріптестерімен сөйлескен.

Олардың айтуынша, Жақсылық Турбаев дәл жұмысшылар кәсіподағына сайланар күні яғни, тамыздың 3-і күні өлтірілген. Олардың сөзіне қарағанда, Турбаевқа компания басшылығының мүддесін қорғауға келіспегендіктен қастандық жасалуы мүмкін.       

- Сол кәсіподақ сайлауының алдында Киікбай Ешмановтың орынбасары [Ваис Ваисов] оны шақырып, «сен жұмысшылардың мүддесін емес, компанияның мүддесін, біздің мүддемізді қорғауың керек. Бізге қызмет етесің» деген. Ол оған келіспеген. Оның өзінің көзқарасы үшін, позициясы үшін, компания басшыларын емес, жұмысшылардың мүддесін қорғағаны үшін өлгені көрініп тұр, - дейді Жанболат Мамай.
Жұмысшылардың талабын қалайда орындатам деп жүрген жігіт еді. Арамыздағы ең белсендіміз сол болатын.

Қаза тапқан азаматтың әкесі Еламан Турбаевтың айтуынша, Жақсылық ұжымындағы жұмысшылардың шағым-өтініштерін аяқасты еткен кәсіподақтың жұмысын сынап, жұмысшылардың құқығын талап етіп келген. Ал компания басшылығы оны өздеріне тартып алмақ болған кезде қарсы болған.     

- Ол кәсіподақ төрағасын өзгерту керек деп санаған жұмысшылардың бірі болды. Ал кәсіподақтың бұрынғы төрағасын мекеме басшылығы қорғаған. Осыған байланысты азды-көпті соғыс болған мекемесінде. Мекеме бастықтарын тыңдамайтын адам болған, - дейді Еламан Турбаев.
Жақсылық Турбаевтың бірбеткей, қайсар болғандығын оның әріптестері де растайды. Олардың айтуынша, Жақсылық Турбаев кәсіподаққа өзін емес, өзге азаматтың сайлануын қалаған.

- Күтпеген жерден қайтыс болды. Арамыздағы жұмысшылардың талабын қалайда орындатам деп жүрген жігіт еді. Арамыздағы ең белсендіміз сол болатын, - дейді Тимур Мәмбетов.

Тамыздың 8-і күні Жаңаөзен полициясында жүрген «Мұнайфилдсервис» компаниясының ұңғымаларға күрделі жөндеулер бойынша директоры Абдулатип Манаповқа хабарласқан кезде мынадай қысқа жауап ала алдық. 

- Бұл бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймын. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Әзірге, нәтижесі белгілі емес. Бұл таза криминал, - деді Абдулатип Манапов.  

Қаза тапқан 28 жастағы Жақсылық Турбаевтың артында екі баласы қалған. Ол сонымен бірге екі қыздың қамқоршысы болған.

Деректерге сүйенсек, «Мұнайфилдсервис» ЖШС-і - «Өзенмұнайгазбен» еншілес компания. Ол негізінен, ұңғымаларға жөндеу жұмыстарын жасаумен шұғылданады. Компанияда шамамен 500-ден астам жұмысшы бар. Бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.

«НҰР-ОТАННАН» ЖАППАЙ ШЫҒУ

Ал маңғыстаулық мұнайшылар «Нұр Отан» партиясы қатарынан жаппай шыға бастады. Мұнайшылар тамыздың 8-і күні «Нұр-Отан» партиясының  төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу-хат жолдап, өздерінің партия қатарынан шығатындықтарын мәлімдеген.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еңбек жағдайымызды түзеп, жалақымызды өсіруді сұрап, әділдікті талап етіп, ереуілде тұрғанымызға үш ай болғанын Сіздің білмеуіңіз мүмкін емес.Үстіміздегі жылы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда бізді Сізге дауыс беруге мәжбүрледі. Неге біз Сіздің сайлау алды бағдарламаңыздағыдай өмір сүрмейміз?
Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи, «Жұмысшы интернационалы комитеті» халықаралық жұмысшы қозғалысының мүшесі Роберт Джойнс, Еуропа Парламентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Таня Немейр Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл.

Парламенттің тек бір партиядан, яғни «Нұр-Отаннан» ғана жасақталғанын бәріміз жақсы білеміз. Олай болса, депутаттар неге біздің жағдайымызға, яғни партияластарының мұң – мұқтажына құлақ аспады? Бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, сонау алыстағы Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфи келіп, талаптарымызды қолдады. Ал елдің қақ жүрегінде отырған «нұротандық» депутаттар Маңғыстау жеріне аяғын аттап баспады. Тура сол сияқты үкімет мүшелері, облыс, аудан әкімдері, басқа да шен – шекпенділердің барлығы дерлік – «Нұр-Отан» партиясының қатарында. Олар да біздің талап – тілегімізді орындамақ түгілі, сөзімізге құлақ аспады да.

Біз осыған дейін «Нұр Отан» партиясының басшысы ретінде Сізді де, мұнай – газ саласын ғана емес, ел экономикасының 60 пайызын өз қолында ұстап отырған Сіздің күйеу балаңыз Тимур Құлыбаевты да Маңғыстауға шақырдық. Сіздер келіп, өңірде әділдік орнатады деген қиялда өмір сүрдік. Бірақ, жағдай мүлде олай емес екен. Біздің Сізден де, Сіз басқаратын «Нұр Отаннан» да көңіліміз қалды. Бұл партияға бұрын да өз қалауымызбен кірген жоқ едік, бізді билік партиясы болған соң мәжбүрлеп қосты қатарына. Енді Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, біз «Нұр Отаннан» шығу туралы шешім қабылдадық» деп жазылған үндеу-хатта.

«САНЫМЫЗ КЕРЕКТІ, ЖАНЫМЫЗ КЕРЕКСІЗ»

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының  3-ші мұнай газ өндіру басқармасының машинисі Роза Төретаева халықтың бұл әрекетке  ашынғандықтан барып отырғанын айтады.

- Аштық жариялағандарды қуып таратты, елдің беріп отырған құдайы садақасын талқандады, «Жөндеу» бөлімшесінің жігіттері өртеніп өлді, тағы бір жігітті жұмыс орнында белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Осының бәрі  халықтың ашу-ызасын тудырып, «кезінде санымыз керек болып еді, енді жанымызды керексіз қылған партиядан не қайыр» деп шығып жатыр,-деп  түсіндіреді Роза Төретаева.
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл.

Оның айтуынша қазірдің өзінде «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясы қатарынан шығып жатқан мұнайшылардың саны екі мыңнан астам адам.

-Жұмыстан босағандардың саны да бес жүзден асып кетті. Қол қою жалғасып жатыр. «Нұр-Отаннан» шыққандар енді бала-шағасын мектепке жіберуден бас тартамыз деп отыр. Олардың арасында балаларын жоғары оқу орнына жібермейміз дегендер бар , - деп хабарлайды Роза Төретаева.

Ал «Қаражанбас» кеніші мұнайшылары өздерінің  «Халық майданы»  бірлескен қозғалыс құрамына жазылып жатқанын мәлімдеді.

- Біздер «Халық майданына»  кіріп жатырмыз. Біздің қатарымызда онсыз да «Нұр-Отанға» мүшелер саны аз екен. Барлары шығып жатыр,-дейді  «Қаражанбасмұнай» компаниясы жұмысшысының бірі Азаттық тілшісіне.
Өткен аптада  Маңғыстау облыстық телеарнасында сөз сөйлеген  «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ басшысы Асқар Балжанов мұнайшыларды  жұмыс орындарына оралауға  үгіттеуге тырысты.
 Ереуіл болған уақыт ішінде «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру компаниясы» 519 мың тонна мұнай өнімін жоғалтқан.

«Қасиетті Рамазан айында әлі жұмыстан шығарылмағандарды өз жұмыс орындарына оралуға, өз  еңбек  ұжымдарына, өз жолдастарына қайтып баруға тағы да қайталап шақырамын! Біз сіздерді күтіп отырмыз!» деген «Қазмұнайгаз» БӨ директоры Асқар Балжанов өздерінің тек заң шеңберінде ғана жұмыс істейтіндерін ескертті.

- Жұмыс берушіге  Қазақстан республикасы еңбек кодексіне сәйкес
жұмысқа шықпай жүрген жұмыскерлерді жұмыстан босатып, жаңадан мамандар  қабылдауынан  өзге жол қалмайды. Қазіргі таңда, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кадр бөлімдерінде 3 мыңнан астам жұмысқа кіруге талаптанған жергілікті мұнайшылардың  арыздары  жатыр, - деді Балжанов.

Оның айтуынша ереуіл болған уақыт ішінде «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру компаниясы» 519 мың тонна мұнай өнімін жоғалтқан.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
08.08.2011 19:55
+0 / -0
Адайлар рахмет,Шымкенттіктер кеттік Маңғыстауға,біз жасайық жұмысты,адайлар салсын ұрысты,біз табайық табысты. Ақымақ мұнайшылар айлықтарың ұнамаса жұмыстан шығыңдар,іріткі болмай,ақиқаты сол,жұмысқа шық АДАЙ
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
09.08.2011 14:41
+0 / -0
Қой құрысын, сотталатын жайым жоқ, к... қысқан бай болады деген, осы құлдық өмірімізге де тәуба деп жүре берейік. Радикалды пкірілер қалдырғаным үшін провайдер мені IP мекенжайымды бекітіп тастап, азаттықты 3 апта оқи алмағаным да жетеді.
Пікір алмасу

Кімнен: АДАЙ
12.08.2011 23:38
+0 / -0
АУЫЗЫНДЫ АБАЙЛАП АШ СУМЕЛЕК!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.08.2011 20:07
+0 / -0
Я, Алла ереуілді ең болмаса, Ораза айында тоқтата гөр! Халқыма сабыр бере гөр... Халқым ау Алладан қорықсаңдаршы, не көрінді сендерге?!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.08.2011 20:32
+0 / -0
Ау "Нұр отан", Нұраға, Алладан қорықсаңдаршы, не көрінді сендерге?!


Кімнен: Ханболат Қайдан: Жанаөзен
08.08.2011 20:50
+0 / -0
Сол кәсіподақ сайлауының алдында Киікбай Ешмановтың орынбасары (Ваис Ваисов - Азаттық) оны шақырып, «сен жұмысшылардың мүддесін емес, компанияның мүддесін, біздің мүддемізді қорғауың керек. Бізге қызмет етесің» деген. Ол оған келіспеген. Оның өзінің көзқарасы үшін, позициясы үшін, компания басшыларын емес, жұмысшылардың мүддесін қорғағаны үшін өлгені көрініп тұр, - дейді Жанболат Мамай. СОҚ ӨТІРІКТІ ЖАНБОЛАТ! ТОО" Мунайфильдсервис" Өзенмунайгаз директорының орынбасары қалай болады? Озенмунайгаз заказчик ал МФС подрядчик! Ешмановтың орынбасары Мендибаев, Утенов,Башенов, Маркабаев, Орынбаев , Муса дегендер еді Вайс Вайсов деген не пале? Халыкты жынды кылып болдындар ау, Ораза айында өтірікті судай сапырып Алладан корыкпайтындар ай!

Кімнен: Мұсылман Қайдан: Жаңаөзен
08.08.2011 20:54
+0 / -0
28 жастағы Жақсылық Турбаевтың өлімі жастардың разборкасынан нактылап айтканда Өзендик салафилердің қолымен жасалды. Уахабтарды турмеге жаппаса әлі қанша жастар өлетіні белгісіз. Ереуілде Жаксылыктын еш катысы жок. Кылмыскерлер Уахабтар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.08.2011 09:19
+0 / -0
не деген уахаби ол?!
кит етсе уакабист деп сендерде...
ол билiктiн колынан олген адам
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Жаңаөзен
09.08.2011 14:45
+0 / -0
Ей ,,мусылман,, сен не деп аузына келгенди оттап отырсын,кайдагы салафи,кайдагы уахабилер?Ол тапсырманы берип отырган КНБ-нын адамдары.ОМГ-нын ишине кирип кара,ким коргап жур ешмановты?А?
Салафилер ма?озенскии бандит сымактар,акша ушин менттармен коян-колтык жумыс жасап жур.аты- жондери керек емес па саган?озендики болсан озин де танисын оларды,бурын борецтер болса енди казир калада боксерлер ,,БАНДИТ,, боп жур.Ешмановтын берген подачкарына маз боп.Менттар мен Ешмановтын ШНЫРЬ-ы болганга маз,оздеринше ойлайды движение жасап журмиз деп,шындыгына келгенде менттардын кушиги болып жур,ФАС деген созге илесип
Пікір алмасу

Кімнен: Мұсылман Қайдан: Жаңаөзен
10.08.2011 10:13
+0 / -0
Ей Азамат емес өсекші қатын! Еркек болсаң Ешмановка барып айт! Ешманов кімге ақша беріпті? Өлсе өлсін кім өлмейді? әкесі Темірқазық қонақ уй салды деп елдің бәріне тиісіп, өзінше авторитет болып байлык айтып кутыргандар адам колынан олуі заңдылық! Вахабистер мешітті жаулап алды қорқақ Бекен қажы солармен дос! Жаңаөзенде барлык кылмыс вахабистер мен Жактың достарымен жасалады да кінәлі Ешманов па? Алла саган да корсетер!

Кімнен: Казак Қайдан: Жанаозен
08.08.2011 21:07
+0 / -0
Нурсултан Назарбаев болашакта, жауапка тартылады, онын кылмысы коп.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.08.2011 21:08
+0 / -0
Әй, Даң-неме, шешеңнің шығарған жерін қайта көргің келсе, келіп көр!

Кімнен: Даке Қайдан: Жаңаөзен
08.08.2011 21:47
+0 / -0
"Мунайфильдсервис" ЖШС құрылтайшылары Қазақстандықтар емес. МФС Жаңаөзенде жұмыс жасап бастаған кезде қазіргі басшылардың біреуіде қазіргі орындарында емес еді. Ол кезде ҚМГ-дің өзінде де басшылықта басқа адам болатын. Сондыұқтан Жанболат болсын басқа болсын "қасқырдың аузы жеседе қан, жемесе де қан" дегенге сайып, ереуілшілер мен оларды жақтаушыларға жек көрінішті болған ӨМГ басшыларына ауыз сала беруге болмайды ғой. К. Ешманов және ондағы басшылар менің ешкімім де емес, сондықтан да халық атынан сөйлегісі келген азаматтар болса шындықты көзімен көріп, соны саралап таразыла алып әділдігін алмас қылыштай кесіп айтсын. Әйтпесе көпшіліктің алдына шығып, шоғыры қораштау көрінседе азды көпті топ бастап жүрген азаматтырдың айтқанына, тек құлағымен ғана шындықты естіп жүрген халық сеніп қалады, және солардың айтқаны дұрыс деп ойлайды. Ондай орынсыз айтылған нәрселер, аумалы-төкпелі болып тұрған адамдар сол азаматтардың байқамай айтыр қалған кей сөздерін желеу етіп, тіпті кей жағдайда ұран етіп, арты өкінішке әкеліп соқтыратын жағдайларға душар ететін оқиғалардың салдары болады. Сондықтан Маңғыстауда болып жатқан ереуілге қатысты әңгімелерді, жаңалықтарды берген кезде ненің неге қатысы бар екенін ашып көрсету қажет. "Жоба жобадан аспайды, жайықтың 40 бөшке" дегенге сайдырып қалай болса солай ақпарат беруге болмайды деп есептеймін.

Кімнен: Казак баласы Қайдан: Актау
08.08.2011 22:06
+0 / -0
Ей Ханболат тупойсын ба немене ол дегенин корсетип койган жок па жакшанын ишине Ваис Вайсов Азаттыктын кызметкери гой.
Пікір алмасу

Кімнен: Ханболат Қайдан: Жанаөзен
09.08.2011 10:26
+0 / -0
Мен емес сен тупой. Азаттыкта Ваис деген адам жок. Ваис Ваисов МФС техникалык орынбасары гой.
Пікір алмасу

Кімнен: Сакен Қайдан: Адайстан
09.08.2011 14:28
+0 / -0
актаулык биздерде немене деген созди колданбайды гои,сен мекен-жайынды дурыстап корсет!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
08.08.2011 22:14
+0 / -0
Жасасын Адай елі!
Пікір алмасу

Кімнен: Адаец Қайдан: Актау
09.08.2011 00:42
+0 / -0
УРА, УРА, УРАААААА!!!!!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.08.2011 23:58
+0 / -0
Бұл қылмысты дұрыс тексеру керек. Эксперттерді, криминалистерді шетелден алдыру керек.

Кімнен: Макс Боқай Қайдан: Атырау
09.08.2011 00:10
+0 / -0
Не де болса, бұларды біреулер өз пайдасы үшін арандатып отыр. Әйтпесе бір мұнайшының табысы 5-7 мемлекеттік қызметкердің табысына тең. Қалайша мұнайшылар бұған қанағаттанбайды?
Меніңше АҚШ пен Ресейдің жансыздарының қатысы бар бұл жерде. Басқа елдер Егемен еліміздің өздерімен тең дамуын қаламайды ғой.
Арандатудан сақ болайық ағайын. Мүйіз сұраймын деп сақалдан айырылып қалмайық. Бассыздықты тоқтататыпжұмысымызды жағастырайық, бауырлар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.08.2011 09:21
+0 / -0
мунайшылардын барлыгын табысы коп емес! кара жумыска жегилгендердин табысы мулдем аз мунайда!
акшанын жаксысын мунайды баскарып отырган кытайлар мен солардын шашбауып котерип журген шала казактар алады!
Пікір алмасу

Кімнен: Макс Боқай Қайдан: Атырау
09.08.2011 17:38
+0 / -0
Ереуілшілер - сол ақшаны көп алатындар, олар 250-300 мыңнан алады

Кімнен: Мурат Султангалиев Қайдан: Ақ Жайықтан
09.08.2011 10:18
+0 / -0
"«МұнайФилдСервис» компаниясының Жаңаөзендегі өндіріс аймағында жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда компания бастығының орынбасары қамауға алынған. Ал маңғыстаулық мұнайшылар жаппай «Нұр-Отан» партиясының қатарынан шыға бастады." - деп жын ұрғандай ғып жазған екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.08.2011 11:09
+0 / -0
Азғырып отырғаны шындық, оларды көп нәрсеге үміттендіріп, сендер мықтысыңдар, сендерге жететін адам жоқ деп өз мүддесін ойлап отыр. Мысалы басқа бәсекелес компанияның өзі оларға іріткі тастап, жұмыстарының тоқтап тұрғанын қалайтынын баспен ойласақ та жеткілікті. Әрине ол тек біреуі ғана.

Кімнен: Маңғыстау
09.08.2011 15:48
+0 / -0
Мынаған назар аударыңыз. Мен Ешмановты жақсы білемін. Жетім өскен жігіт.Кезінде Есеновте оқыды. Добыча жағынан білімі жоқ.Кешегі лагерге кетіп бара жатқан балдарды автобустан түсіріп алған әнтек қылығы жараспайды.ӨМГ басшылығына отырғанда қасиетті Қараман ата басында егер халық үшін еңбек етпей, басшылар жаққа бұрылсам, онда алты балам өлсін деп айтқан ант су ішкенін ұмытқанын қарашы?Бірақ Ешмановқа құдай көрсетеді.
Пікір алмасу

Кімнен: ШЕтпе Қайдан: Шетпе
10.08.2011 10:07
+0 / -0
Маңғыстау деген сөзден садақа кет! Не деп оттап отырсың! Есеновте оқыса группада староста болды. Мектепте ең беделді тәртібі жақсы оқушы болды. Жетім өскеннің бәрі надан ба ?Автобустан тусіріп алды дейді, сол лагерьге жуз жетімді жібергенін неге айтпайсың? Әкесі Соколованың сөзін сөйлеп забастовкада жатырса оның баласын жібермеу ,басқа да әлеуметтік жеңілдіктер бермеу ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТА көрсетілген.ӨМГ басшысы болган кезде Аминов кушти болсаң Қараман Атаға кел дегесін Ел тыныштығы үшін барған шығар. Басына барып ант қабылдап Қараман Ата ма еді оны басшы еткен ? Ол Жактан Елді арандатпауды, кез келген мәселені бірігіп шешейік Сендер халық деп жеке мәселеден бастамаңдар! Ел ушін жұмыс жасайық деп айтты.Алты балам өлсін деп ант қабылдамайды ол Ол Тек Алладан қорқады! Есен Ата мен ҚараманАтаға жағдай жасаймын деп облыс әкімінен екі атаны да ӨМГ ге бекітіп алды! Ешманов ары таза соңғы басшы! Ешмановтың Өзенге деген жақсылығы көп. Ондай жақсылықты бұрынгы басшылардың бірі жасаған жоқ! Құрбанбаев балдарын байытты.Елеусінов, Абылханов мұнай сатты. Ешмановка Алла жар болсын!

Кімнен: тумар Қайдан: оралдык
09.08.2011 18:01
+0 / -0
Макс Бокай, Ереуілшілер - сол ақшаны көп алатындар, олар 250-300 мыңнан алады Онда ол азаматтар нагыз ерлер екен. Оэ багасын блет!н

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.08.2011 20:53
+0 / -0
ӨМГ басшылығына отырғанда қасиетті Қараман ата басында егер халық үшін еңбек етпей, басшылар жаққа бұрылсам, онда алты балам өлсін деп айтқан ант су ішкенін ұмытқанын қарашы?Бірақ Ешмановқа құдай көрсетеді.
-----------------------------------------------------------------------------
Мұндай ауыр сөз жазуға болмайды. Қазір халық жұмыста жүр. Мәселенің мәнін қоюлатып жазған журналистің жазғанын оқып, эмоцияға беріліп, сандалай беруге болмайды. Ешманов уәдесінде тұрды, антына адалдық танытты. Директор болып келгесін 300-ден аса мүжәлсіз отбасылардың адамдарын жұмысқа қабылдады. Көптеген асаханалар мен киім ауыстыратын, жунатын ғимараттар салдырды мұнайшыларға. Ал ереуілдегі 700-ге жуық адамның көбі мәселенің, қойып отырған талаптардың мәнісін түсінбей отырғандар. Бұл жерде мұнайшыларды бір-біріне айдап салып отырған белгісіз күш бар. Бұл солардың әрекеті. Менің ойымша мұнайшылардың жұмыс орындарын, қолдарындағы жировкаларын көріп қана нақты пікір білдіру керек. Әйтпесе, біреудің сырытынан тон пішіп, өтірік айтуға болмайды

Кімнен: атырау Қайдан: кабылан
09.08.2011 22:12
+0 / -0
мунайшыны айдап салып отырган ешким де емес. Тек аш бала-ток баламен ойнамайды. Халыкты акмак санайтын уакыт откенин тусуну керек

Кімнен: Адай қыз Қайдан: Ақтпау
09.08.2011 23:51
+0 / -0
Чимкенттіктер сіздерді бірінші Құдай, сосын Адай ата аруағы ұрады. Келің кереңізге табың ақшаны, мұрныңыздан шығар, Адайлар шықса бүкіл Қазақтың ар намысын қорғап жатыр, Біздерге рахмет айт өзбек көрген қасқа, көзіңді аш қандай мемелекетте өмір сүріп жатқаныңа. Адайлар жеңеді, Алла бізді қолдап тұр инщалла! енді чимкенттіктер Адайға бас иіп тәубеге келің, одан басқа өкінерсіз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.08.2011 13:39
+0 / -0
Мына жерде кейбіреулер көп нәрсенің байбына бармай, түсініспестікпен ойларына келгендерін оттап жатыр. Бірақ түптеп келгенде бұл ереуі МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАРДЫҢ Өркениеттілігін, Ерлігін, құлшылыққа, әділетсіздікке көнбейтіндігін дәлелдейді.
Өмір бойы құлшылықта жүріп, жон арқасын қанша боршалап жатса да басшынікі дұрыс деп мәмөңкелеп үйренге бейбақтар екені көрініп тұр.
Бұл көтеріліс тек Мұнайшы Адайлар емес, бүкіл Қазақстанның көтерілісі болуы керек. Ауыз біріктіріп, бір-бірімізді қолдай білуіміз керек. Құл болмасаң мемлекеттік машинаға қарсы тұрып көр Жаңаөзендіктер сияқты. Болмаса, арбаның астынан шәуілдеген кәндік құсап, сасытпай жөніңе отырғаның абзал. Ақылдарың тасып бара жатса сол мұнайшыларға (тек қана мұнайшылар емес-қарапайым халықта жүр ол жерде) салиқалы пікір, ақыл қос. Артыңды қысып, үйіңде отыр дегеннен ақыл болмайды.

Кімнен: Адамның баласы Қайдан: Киелі мекен
10.08.2011 18:38
+0 / -0
Мен сені түсіне алмадым қазағым. Біреуің ананы, біреуің мынаны айтасыңдар. Құр айғаймен, бос ұранмен не шешесің. Жат жұртқа мазақ болдық қой. Көтерілістің бел ортасында жүргендерінің өзі он түрлі әңгіме айтқанда, бізді қоя салайық.Не билікті қолдарымды, не көтерілістегі қара халықты қолдарымды білмей қалдым. Билікке де, халыққа да разы емеспин, ренжимін, жылаймын....
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі