Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:07

РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Нұрмат пен Әсем

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қызылордалық Нұрмат Мансұров үш күнге созылған айтыстың ақырғы күні астаналық Әсем Ережеқызымен сөз сайыстырған болатын.

Нұрмат Мансұров сөз бастағаннан-ақ елді "президентке қарсы келмеуге" үгіттеді:

 - Жең ішінен жұдырық түйгендер көп,
Қалғандай араздығы қанға сіңіп.
Ұсақ-түйек жағдайды алға тартып,
Ағайын, қарамайық ханға суық.
Арба сырын қашанда ат біледі,
Бабам сөзін қалмайын мен жасырып.
Егер де ат алдына арба шықса,
Несіне әуре боламыз жолға шығып.
Жиырма жылда бітірдік талай жұмыс,
Өз балаңыз жасаған соң қолбасылық.
...Рахмет Нұрсұлтандай елбасыға,
Ойқастап қалың топты жарып шыққан.
Орта жолда арбасын шашып алмай,
Шыңына азаттықтың алып шыққан.

Билікке мадақ айтуда Әсем Ережеқызы да қарсыласынан қалыспады:

– Жағдайдан қырғыздағы аман болсақ,
Барыс боп болашаққа аттанамыз.
Қысып тұр қос бүйірден орыс, қытай,
Қос дәудің ортасында қап барамыз.
Ұстанып Абылайдың сара жолын,
Нұрағам қалдырды артқа «ат балаңыз».

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар. 
Нұрмат пен Әсемнің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
03.02.2012 12:03
+0 / -0
Азаттық радиосы!!!Дидар Қамиевпен Бауыржан Халиолланың айтысын кашан қосасыздар???
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
03.02.2012 12:28
+0 / -0
Қадірменді Курмет,

өкінішке қарай, Дидар Қамиев мен Бауыржан Халиолла ақындардың және тағы бірнеше жұптың айтысы техникалық себептерге байланысты біздің қорымызда сақталмады. Ол үшін өздеріңізден кешірім сұраймыз. Ол айтыстар редакция қоржынына түсе қалған жағдайда, міндетті түрде сайтымызда жариялайтын боламыз.