Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 16:08


РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Сара мен Аманжол

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Алматылық Сара Тоқтамысова үш күнге созылған айтыстың ақырғы күні астаналық Аманжол Әлтаевпен сөз сайыстырған болатын.

Сөз бастаған Сара Тоқтамысова қарсыласы Аманжол Әлтаевтың «қалауыңды ал» деген сөзіне орай:  

– Ең бірінші қалауым - 
Мұнайым, мысым, алтыным.
Шетелдіктер ап жатқан,
Халықтың құты - кеніміз.
Одан соңғы қалауым -
Асылзада, аяулым,
Алашымның айбыны,
Кенесарының Питерден
Басын әкеп беріңіз.
Одан соң жауы халықтың,
Атанып кеткен арыстар.
Солардың, аға, дәл бүгін,
Қабірін тауып көріңіз, - деді.

Аманжол Әлтаев сөзінің соңын партияларды сипаттаумен түйіндеді.

- «Нұротан» деген бір дәу бар,
Партиялардың дарасы.
Құрығы ұзын бәрінен,
Секілді байдың баласы.
Келесі сайлауыңда да,
Сол жеңеді ғой шамасы.
...Патриот партиясының,
Едірейген мұрты бар,
Ыстақанға ғана ырқы бар,
Жұмбақтау боп тұр жағасы.
«Ақжолыңыздың» артында,
Машкеевич тұрғандай,
Ішінде болып аласы.
Атауы «Ақжол» болғанмен,
Жасырулы тұр қарасы.
Осының бәрін айтқанда,
Оппозиция дегенмен,
Қытай етігі секілді,
Сапасыз болып тұр бағасы, - деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Аманжол мен Сараның айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: аман Қайдан: арман
03.02.2012 14:07
+0 / -0
аманжол аға жақсы айтысыпсыз

Кімнен: Төлеуғазы Азаматұлы Қайдан: Астана
03.02.2012 14:54
+0 / -0
Ақындарымыз жақсы айтты, дегенмен ия арине ауыздықтаулығой!

Кімнен: Адай сарбазы Қайдан: Маңғыстау елі
03.02.2012 16:13
+0 / -0
Ақындарым менің ,бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деп өздерің айтасыңдар, енді басыңызды кесіп жатсада неге тіліңіз барда шындықты айтпайсыңдар халыққа а? ЖАҢА-ӨЗЕН тұралы, бүкіл Маңғытау тұралы қырылған мұнайшылар тұралы, Қайда Ринат қайда Айбек Қалиев, Айнұр ,Бегарыс, !!!!
Пікір алмасу

Кімнен: йцуке Қайдан: мал ауыл
06.02.2012 00:27
+0 / -0
Адай сарбазы бұл айтыс Жаңаөзендегі оқиғадан бұрын болған,әлі көреміз ақындарды,Оразалы сияқты ақын болғанда ғой.
Азаттық радиосы Әлібек Серғалиевтің айтысын қашан бересіздер?

Кімнен: ауыл баласы Қайдан: ауылдан
03.02.2012 16:52
+0 / -0
жаман емес

Кімнен: Баймурзин Мади Қайдан: Алматы облысы
07.02.2012 14:40
+0 / -0
Казіргі айтыстын кейпі баршага малім. "Аузы кисык болсада бай баласы сойлесіннін" кебін ки ген тол онеріміз де, айтар ащы шындыгын кокірек кыртысына жасырып алек болган акындарымыз да, жауыр болган аргымактай аксандап тур! Мундай сырты жылтырмен боялган спасыз дуниені коргеннен не пайда? Акындарымыз отірікке жіпсіз байлаулы турганда кайдагы шындык? Бурынгы дуалы ауыз Бухарлар, Казыбек пен Толелер жок бугін! Бізде тек "саяси сауатты" соз шеберлері бар! Соз емес-ау, бізге алдымен ой маржаны керек! Сондыктан, алдагы уакытта Абайды кайгыртып, Мухтарды мундаткан, Сакенді саргайтып, Ілияска іздеттірген нагыз ащы шындыкты айкайлап айтар укез туар деп сенеміз! Уміт артамыз...

Кімнен: ақтілек Қайдан: орал
09.02.2012 18:09
+0 / -0
Аманжол Әлтаев білімді мәдениетті ақын. партиялар жөнінде өте жақсы пікір білдірді Сара қыз өте талантты ақын нағыз дүлділ бірақ екі сөзінің бірі Назарбаевты мақтау недеген жағымпаздық біздің ұлтты құртатын осы өтірік мақтау жағымпаздық екі жүзділік. Келесі айтыста Жаңаөзен туралы ақындар жақ ашпаса ақындардың ақындығына сын.Сара ақын өз халқына оқ атқызған атаңмен қалай мақтанасыз

Кімнен: Алматы
09.02.2012 18:47
+0 / -0
Азаттық бұл айтыста ойнатылмайды тексеріңіздер
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
10.02.2012 09:10
+0 / -0
Құрметті оқырман,

тексердік, басынан аяғына дейін тыңдап шықтық, ойнап тұр.

Кімнен: Нұржанова Гүлзат
16.02.2012 17:38
+0 / -0
Бұл айтыстын толық нұсқасын қалай көшіруге болады?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
16.02.2012 17:44
+0 / -0
Құрметті Нұржанова Гүлзат,

«Қонаевтай ер қайда» деген атпен өткен айтыстың Азаттық сайтында жарияланған аудиожазбасы біздің мұрағатымызда сақталатынын және ол жерде өзге де айтыстардың аудиожазбалары бар екендігін еске саламыз.

"Айтыс - Азаттықта" атты арнайы парақшамызды мына жерден қараңыз: http://www.azattyq.org/section/Traditional_Aytys/1171.html

Ілтипатпен, Азаттығыңыз

Кімнен: Нұржанова Гүлзат
16.02.2012 18:40
+0 / -0
Рахмет. Алла разы болсын.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?