Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:17

ӘЛЕУМЕТ

Ақтөбеде бес ай ішінде 29 «терроршы» сотталды

Ақпанның 21-і Ақтөбеде «террористік әрекеті үшін» тағы бес адам сотталды. Оларға «жиһадқа шақыратын уағыз айтып, қару-жарақтарын сайлады, жарылғыш зат жасады, күштік құрылымдарға қарсы әрекет етпек болды» деген айып тағылды.

«Террористік әрекеті үшін» сотталған азаматтар. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ақпанның 21-і күнгі сот үкімі бойынша бас бостандығынан айрылған    Асылбек Оралбековке - 13 жыл,  Мейрамбек Мейрамбаевқа  - 8 жыл, Сәрсенбек Баймұратовқа - 7 жыл, Нұрбек  Өксікбаевқа  - 5 жыл, Ғалымжан Есқалиевке - 5 жыл түрме жазасы кесілді. «Лаңкестік топқа жетекшілік етті» деп айыпталған Асылбек Оралбеков жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Бүгін, ақпанның 21-і сотталған бес адамның ізіне полиция былтыр шілде айында жасалған басқа бір қылмысты ашу кезінде түстік деп мәлімдейді. Сол кезде қылмыс әлемінде «Аю» аталып кеткен 22 жастағы ақтөбелікті атып өлтірді деген айып бойынша сегіз адам тұтқынға алынған болатын. Қайрат Ахметов есімді ақтөбелік жетекшілік еткен сол топтың мүшелері түгел сотталған. 

Ал бүгін, ақпанның 21-і сот үкімі шыққан бес азамат былтыр шілде айында Ақтөбеге іргелес Қызылжар ауылындағы саяжайда болған жарылысқа қатысы бар деген айыппен тұтқынға алынды. Оларға саяжайдағы жарылыстан бөлек, жарылғыш зат әзірлеп, Қайрат Ахметов пен оның сыбайластарына сатты деген де қосымша айып тағылған.

Былтыр шілденің 29-ы полиция Қызылжар ауылындағы саяжайлардың бірін тексермек болған кезде белгісіз адамдар үй ішінен полицейлерге қарсы оқ атып, 
Cудья Шапағат Әлнияз. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
x
Cудья Шапағат Әлнияз. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
​​кейін үйді жарып жіберген еді. Сол жолы «терроршы топ мүшелері» Пазылбеков пен  Рыспаев есімді азаматтар және полиция қызметкері Рүстем Кенжалин қаза тапқан.

Қызылжардағы жарылысқа орай айыпталушылардың ісі жабық түрде қаралды. Үкім шыққанша тергеу де, сот та журналистерге ешқандай мәлімет берген жоқ. Ал бүгін үкім шыққан соң баспасөз мәслихатын өткізген судья Шапағат Әлнияздың айтуынша, «Қызылжардағы жарылысқа қатысы бар» деген айыппен о баста  12 адам  тұтқындалған. Кейін олардың 7-еуі  «өз айыбын мойындап, тергеуге көмек көрсеткені үшін» ақталып шығыпты.

«ШАҒЫН ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ТОП»

Ақпанның 21-і күні  сотталған бес адамға Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Шапағат Әлнияз «шағын әскерилендірілген топ» деген сипаттама  берді. Ал «осы топқа жетекшілік етті» деп айыпталған Асылбек Оралбеков 20 жаста. Үйленген, бір жасар қызы бар.

Тергеу материалдарына сәйкес бұл топ 2010 жылдың мамыр айында құрылған.  
Сот отырысынан көрініс. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
x
Сот отырысынан көрініс. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
​​Топ  құрамындағы бес адамның төртеуі Ақтөбеге көршілес Атырау облысында туып өскен. Солардың бірі – 1989 жылы туған Сәрсенбек Баймұратов. Сәрсенбектің 2-топтағы мүгедек анасы Рая Баймұратова мен ағасы Батырбек Атырау қаласында тұрады. Әкесі Марат Баймұратов  Сәрсенбек бір жасқа толар-толмаста қайтыс болып кеткен. Азаттықтың тілшісіне телефон арқылы тілдескен кезде Рая Баймұратова сот үкімін «тым қатал» деп санайтынын айтты.

- Балам нан табу қамымен Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында көп жүрді. Аяқ астынан істі болғаны арқамды аяздай қарып отыр. Өйткені Сәрсенбек   қатты науқас. Бауырына екі рет операция жасап, соңғысында комаға түсіп кеткен. Өлім аузынан қалды. Соңғы жылдары  намазға жығылып,  дін жолына түскендіктен  ұлыма сенім артып, онша алаңдамайтынмын, - дейді Рая Баймұратова.

5 АЙДА 29 «ТЕРРОРШЫ»

Полиция тергеу ісі бойынша «радикалды исламды ұстанушы» деп айыпталған бұл азаматтар «күштік құрылымдарға қарсы әрекет етпек болды» деп санайды. Сот үкімінен соң  Азаттықтың тілшісі бірі бес, екіншісі жеті жылға сотталған Ғалымжан Есқалиев пен Сәрсенбек Баймұратовтың адвокаты Төлеген Молдабаевты сөзге тартқан еді.

- Сот үкімі жаңа ғана шықты. Әлі өз қорғауымдағы азаматтармен, олардың 
Адвокат Төлеген Молдабаев. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
x
Адвокат Төлеген Молдабаев. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.
​​туыстарымен сөйлесіп үлгергем жоқ. Сондықтан да аппеляциялық шағым жазамыз ба, жоқ па, ол жағын әзірше айта алмаймын, - деді адвокат.

Бұл - соңғы бес айда Ақтөбеде терроризмге қатысты шығарылып отырған  төртінші үкім. Осыған дейінгі  үш қылмыстық іс бойынша  24 адам  сотталып кеткен болатын. Бүгін сот бес адамға бес жылдан 13 жылға дейін жаза  кесті. Сөйтіп, 2011 жылдың қазан айынан бері Ақтөбе облысында терроризм айыбымен түрме жазасына кесілгендердің жалпы саны 29-ға жетті. Судья Шапағат Әлнияздың айтуынша, «терроризмге  қатысты қылмыстық істер бір-бірімен өрмекшінің торындай байланысып жатыр».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
22.02.2012 00:51
+0 / -0
биліктің өзі кінәлі халықты осындай қалге әкелген солай қазақтың жап жас жігітерін өмірін сындырып бұыл бір еркек кіндігін қалдырмайын деген жоспарма әитеуір қит етсе қазақ терорист қазақ биліке қарсы әитеуір қырып жатыр шетімізден қамап жатыр еи АЛЛА ақырын бере көр

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
22.02.2012 08:51
+0 / -0
Сталиннің кезінде "халық жауы" деген термин болған. Сталин халық жауы деген желеумен мұсылман халықтарының арасынан кеңес укіметіне қарсы адамдарды қырып жойған.
Қазір де сондай қырғын болып жатыр елімізде. Тек "халық жауы" деген сөзің орнына "террорист" деген сөз қолданылады
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
22.02.2012 12:14
+0 / -0
"Ара", есіңде болсын: "халық жауы" деген терминді бұдан 126 жыл мұрын француз "төңкерісшісі" Марат шығарған. Одан кейін Ленин атап іске асырып, СССР-дың 1938-жылдың қыркүйек айына дейін Сталинге бағынбаған "Үштік соты" күшейткен. Ал Сталин "мұсылмандардың кеңеске қарсыларын қырып-жойды" дегенің тарихтан хабар-ошарың жоқтығын көрсетті.Сауатыңды ашып, дұрыс сөйлеу үшін Елена Прудникованың "Творцы террора" деген ақиқатты кітабын оқып ал. Интернетте де, дүкендерде де бар. Шындықты білмеген кісі құр айта салған сөзімен қашан, қай жерде болсын өзінің саяси сауатсыздығын көрсетіп алады. Қайсыларыңыз болсаңыз да, осыны ескеріңіздер.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
22.02.2012 14:17
+0 / -0
о сорлы! о құл! о бейшара!!
сен Сталиннің халқымыздың бір туар азаматтары Ахмет, Міржақып, Іляс, Сакен сиякты ағаламызды атқызғанынан хабарсызсың ба?!
тура осындай геноцид қырғыз, өзбек, турікмендерде де жүрген. бірақ олар бізден аз қырылған.
енді осы халықтардың бәрі мұсылман емегенде кім?!?!

МЕН "халық жауы" деген терминді СТАЛИН ОЙЛАП ТАПТЫ ДЕГЕН ЖОҚПЫН. МЕНІҢ ЖАЗҒАНЫМДЫ ТАҒЫ БІР РЕТ ОҚЫП ШЫҚ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 08:56
+0 / -0
ШАШ АЛ ДЕСЕ, БАС АЛАТЫН ШІРКІНДЕР-АЙ!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
22.02.2012 10:38
+1 / -0
"Террористерді" жыл сайын емес, күн сайын "балалатып" жатқан ұры билікке обал жоқ, "осының" ақыры өздерін өздері жұтумен тынып қана қоя қойса жақсы ғой...
"Бұның" ақыр-тақыры Каддафидің тағдырындай масқара ажалмен тынатынына күн санап күмәнім қалмай барады. Тпә, тпә айтқаным айдай келіп, қанды басын бері тарт...
Нұрекең ана жаққа аттанарының алдында: "Әй, Ауылдың қазағы, сен менің осындайға душар боларымды неге ескертпедің?" - демесе болды да...

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстау
22.02.2012 10:53
+0 / -0
Терроризм жоқ жоқ деп еді,артынан байқамай қалыппыз бар екен деп бүткіл билік бөрідей шулады.Және бір бастап берсе қақсайдығой қасқалар.НАН заңға қол қойып еді сақалы бар адамдарға қырғидай тие бастады және дұрыспа емеспе барібір шаш ал десе бас алғыштар көбейді.Шаш алғыштар күшті болсаңдар Нұрастана мешітінің басындағы нұрды алып тастаң сонда нағыз нұрбасалғыш боласыңдар.

Кімнен: Асқар Қайдан: шығыстан
22.02.2012 12:24
+0 / -0
алла қазағымызды тура жолыңа бастай гор,бізге басқа ешкімде көмектеспейді.
Пікір алмасу

Кімнен: жан
22.02.2012 16:19
+0 / -0
Аруақ - дегенге Алла көмактеседі. Аруақ - Алланың сүйген құлдары. Сол сүйген құлдары болмаса аруақ болған, жерді жермен жексен қылар еді. Залым саясаттың кесірінен атаға тілі тиіп, тегіне топырақ шашушылар көбейгесін қазаққа қиындық келді.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
22.02.2012 23:01
+0 / -0
әруақ деген қазақшаға аударғанда рухтар дегенді білдіреді, яғни өлген адамдардың тәнінен шығып кеткен жандары, оның ішінде мұсылмандар да бар, оның ішінде кәпірлер де бар. Сонда кәпірлердің рухтары да, яғни әруақтары да, Аллаһтың сүйген құлдары ма? Олар да Аллаһтың сүйген құлдары болса неге олар Қияметте тозаққа тасталады?

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
22.02.2012 18:47
+0 / -0
Ақтөбенің құқық қорғаушыларына ЕБ нан "Террористермен күресте жеңісі үшін" деген ордандармен наградтау керек!
Ақтөбеде террористерді печаттап шығаратын машина пайда болған ба?

Кімнен: асқар Қайдан: шығыстан
23.02.2012 09:49
+0 / -0
аруақ ол не? ”жаратушы болмаса, жаратылғаннан не қайыр?“ деп Абай атамызда айтып кетпеппе еді?! жаратқаннан ғана жарылқау тілесеңдерші!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 16:04
+0 / -0
Осындай "террористердің" әрекеті не себепті құқық қорғау органдырына бағытталған? Халық жиналатын көпшілік орындарда жасаған жоқ қой. Осыған қарап көп нәрсені аңғаруға болады.

Кімнен: Шындық Қайдан: Діні 131 болған ел
08.03.2012 15:15
+0 / -0
Жерма алты жас жігіттердің сотталуы бұл нені білдіреді Казақстанда Ислам дінінің құлдырауыдеп түсіну керек .Қашанда дінді саясатқа араластырып былықтырып қоидық . Діннің жолы таза АЛЛАға тіке апаратын жол ,саясат жолы ласта былықа толы . Соңғы кезде уағыз аитылғанда саясат көп аитылады бұл іріп шірудің белгісі . Діннің дүбара қалі жоғарыдағыларды оиландырмайды оның зардабын дін жолындағы бауырларымыз тартады.Еліме 130 діндердің кіруі іріп шірудің аиғағы .Бұл жерде таласып бір бірімізді сөккеннен паида жоқ қаи саланы алсақта кері кетудің куәсі боламыз . Ара бауырымның аитуы өте орынды . Тілімен ,діні жоқ халықты малға теңеп ашса алақанда , жұмса жұдырығында ұстағысы келеді . Жанжағымыздан көзге көрінбеитін анталаған жау басымыздағы еркіндікпен бірге келер Тілімен , Дінінен аиырғанда НӘН қолымда билік мәңгілік қалады деген түсінік қалыптасқан . Бұл өзін құртуға апаратын жол . Бұл қауіпті бағыт ұстанған адамнан құтылмаи басымызға бақ қонбаиды.