Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 15:46


БАС ТАҚЫРЫПТАР

Каспий теңізіндегі жаңа бәсеке

Шет-шегі жоқ, соңы кейде даңғаза жарнамаға да ұласып кететін құрылысқа қыруар қаржы құю - Орталық Азияның кейбір елдері мен Әзірбайжанда қалыпты жағдайға айналғандай. Әзербайжан, Қазақстан мен Түркіменстанның арасында Каспий теңізі жағалауында ғаламат демалыс және бизнес аймақтарын салуға мол қаржы аудару бәсекесінің жаңа түрі басталды.

Әзербайжанның жасанды аралдар жобасы. Әлемдегі ең биік ғимарат болуы тиіс Avesta үйінің макеті.
Әзербайжанның жасанды аралдар жобасы. Әлемдегі ең биік ғимарат болуы тиіс Avesta үйінің макеті.
Мәтін көлемі - +

Былтыры мұнда Дубайдағыдай жасанды аралдар құрылысы басталды. Жобаның ауқымы Араб әмірлігінен де асып түсетін сыңайлы. Каспий жағалауынан төрт-сегіз шақырымдай жерде бой көтермек жаңа шаһардың құрылысы 25 жылға созылады.

ӘЗІРБАЙЖАН. «КАСПИЙ АРАЛДАРЫ»

Мұнайлы Әзербайжан билігінің бұл ниеті «Дубайды қуып жетіп, басып озамыз» деген бәсекелестікке ұқсайды. 

Әзербайжанның "Авеста” деген жеке меншік концерні аумағы 30 мың шаршы шақырым болатын, су ортасында орналасқан қала тұрғызбақ. Жоба авторлары қосымша нысандарымен бірге тұрғызылатын 25 қабатты тұрғын үй ғимараттары мен бизнес және сауда орталықтарынан басқа, мұнда "Әзербайжан мұнаралары” деген атаумен дүние жүзіндегі ең зәулім ғимарат –  185 қабатты қонақ үй салмақ.

Жобаның құны 100 миллиард доллардан асады. Әзербайжанның ішкі жалпы өнімінің жылдық көлемінің өзі бұған жетпейді. Тұрғын жайдың бір шаршы метрінің құны шамамен төрт мың долларға жуықтайды. Туристерді тарту, элиталық тұрғын үй мен кеңселерді сату немесе жалға беру есебінен құйылған қаржыны ақтап, әрі қарай пайда табу жоспарланған.



ҚАЗАҚСТАН. «КЕНДІРЛІ»

Мұнайға бай Қазақстан да Каспий жағалауынан Әзірбайжанмен салыстырғанда әлдеқайда "ынсапты" құрылыс бастады.

Жалпы құны 2,8 миллиард доллар болатын «Кендірлі» жобасына сәйкес, 23 қонақ үй, төрт мың вилла мен коттедж құрылысы жоспарланып жатыр.

Болжам бойынша, мұнда бір мезгілде 22 мың адам демалады. Салынып біткен соң жыл сайын жарты миллионға жуық турист келуі керек.

Мұнда да бизнес және сауда орталықтары, бес, төрт және үш жұлдызды қонақ үйлер, гольф алаңы, кемежай мен пирс, сән-салтанаты келіскен виллалар мен коттедждер салу қарастырылған.

Аса сәнді қонақүй мен киіз үйлер қалашығы, итбалықтарға арналған үлкен аквариум, жергілікті қасиетті орындарға зиярат жасайтын адамдарға арналған арнайы орын салынады деген уәде беріліп отыр.

Кендірлі орналасатын 1,7 мың гектар жердің 700 гектары жеке меншіктің иелігінде. Алайда елдің заңы бойынша, еркін экономикалық аймақтар тек мемлекеттің үлесіндегі жерлерде ғана құрылуы мүмкін.

Жобаны жақтаушылар Кендірлінің жемісін Маңғыстау облысы ғана көрмейді, одан күллі Қазақтанның ұтары мол деген сенімде. Жергілікті билік "Жобаны жүзеге асыру салдарынан Каспий теңізі ластанбайды, өйткені бұл 21-ғасырдағы тұңғыш экологиялық таза демалыс орны болады" деп отыр.



ТҮРКІМЕНСТАН. «АВАЗА»

Каспий теңізі жағасындағы Аваза деген жерде, Түркіменбашы қалашығына таяу маңнан курорттық аймақ салу идеясы Түркіменстанның бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың бастамасы болатын. Жобаны жүзеге асыру қазіргі ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың кезінде қолға алынды.

Ұлттық "Аваза” туристік аймағында, жоба бойынша, жалпы құны бес миллиард болатын 60 қонақ үй салу қарастырылған.

Аvaza.gov.tm. сайты "Бердімұхамедовтің уәдесі бойынша, құрылыс аяқталған соң, елдің туризм саласы Испания, Түркия және Египетпен бәсекеге түсе алатын жағдайға жетеді. Қазір шипажайлы аймақта сегіз қонақ үй жұмыс істеп тұр. Аймаққа қызмет көрсету үшін Түркіменбашы қаласында халықаралық әуежай салынып, пайдалануға берілді, газотурбиндік электр станциясы, теңіз суын тұщыландыру қондырғысы іске қосылды” деп жазады.

Шетелдік туристерді тарту үшін түркімен билігі бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер ұсынбақ-мыс. Алайда жар салып жарнамаланған жеңілдіктердің тізіміне, неге екені белгісіз, кез келген елде еш кедергісіз көрсетілетін кәдімгі қызмет түрлері де еніпті. Айталық, қызмет көрсетуден түскен, пайдаланылмаған табысты инвесторлардың шетелге аударуына рұқсат беру немесе ұлттық валютаны еркін конвертацияланатын валютаға айырбастауды қамтамасыз ету секілді қызметтер айтылған.

Бірақ курорттық зонаға қаржы құюға құлшыныс білдіргендер әлі табылар емес. Бұған қоса басқа қиындықтар да аз емес. Атап айтқанда, Түркіменстанда жер сатылмайды, тек 40 жылға жалға беріледі. Оның үстіне жабық ел болғандықтан, визалық қиындықтар да туындауы мүмкін. Ең басты кедергі - түркімен заңдарының шетел инвестициясын қорғаудағы дәрменсіздігі. Табиғи газ қорына бай Түркіменстанның халықаралық  деңгейдегі аралық соттар шешімдерін мойындамайтыны тағы бар.



КАСПИЙ ҒАЖАПТАРЫН ТАМАШАЛАР КҮН ТУАР МА ЕКЕН?

Әр нәрсенің парқы салыстырғанда білінеді емес пе. "Нью Сайентист” журналының хабарына қарағанда, токиолық сәулетші Киитиро Сако Жапонияның солтүстік-шығысында жүзеге асырылуы мүмкін "Көктегі ауыл” жобасын жасаған. "Тохоку” жобасы бойынша, 10-20 метрге дейін биіктетілген жер телімдеріне үйлер салынып, тіршілік етуге қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмек. Жері шектеулі әрі мыңдаған адамның өміріне сейсмикалық қатер күн сайын төніп отырған жапондықтарды түсінуге болады. ("Фукусима” АЭС-індегі апатты еске түсірсек те жетеді.)

Ал мына дағдарыс жағдайында қолға алынып жатқан Каспий жобаларының қаншалықты қажет екені күмән тудырады. Мысалы, әзербайжандар өздерінің «Каспий аралдары» жобасына құйған қаржысын қалай қайтарып алмақ? Қарапайым Әзербайжан азаматы аумағы 100 шаршы метр болатын пәтер сатып алғысы келсе (елдегі орташа айлық мөлшері өткен жылы 460 доллар болғанын ескере отырып есептесек), ол ақшаны 70 жыл бойы ішпей-жемей жинауы керек екен. Әлде Әзербайжан күллі әлемнің миллионға жуық қалталы байлары Каспий теңізіне лап қояды деп дәмелене ме? Жалпы, халқы екі миллион болатын ел астанасының түбінен бір миллион адамға арналған қала салу қаншалықты қисынды?
Әзербайжан, Каспий теңізіндегі "Хазар" жасанды аралдарының жоғарыдан түсірілген көрінісі.Әзербайжан, Каспий теңізіндегі "Хазар" жасанды аралдарының жоғарыдан түсірілген көрінісі.
x
Әзербайжан, Каспий теңізіндегі "Хазар" жасанды аралдарының жоғарыдан түсірілген көрінісі.
Әзербайжан, Каспий теңізіндегі "Хазар" жасанды аралдарының жоғарыдан түсірілген көрінісі.

Бүйүк Зирә аралында салынады деп жоспарланған, қаншама қайрат жұмсалған, қазір құрылысы өте баяу жүріп жатқан, құны алты-жеті миллиард доллар болатын Әзербайжанның «шағын» жобасын еске алсақ, «Каспий аралдары» жобасының жүзеге аса қоюы күмәнді. 

Түркіменстанның "Аваза” жобасы түркімендердің қамы үшін деген ұранмен іске асырылып жатыр. Бұған қарамастан, мақсатқа жету қиындап барады. Жергілікті жағдайды ескерсек, Авазада демалу арзанға түспейтіні қазірдің өзінде белгілі болып қалды. Өйткені Түркіменстан азаматының орташа жалақысы былтыр 280 доллар болды. Ал мұндағы бір орындық бөлменің тәуліктік бағасы 50 доллар, екі кісілік бөлме - 70 доллар. Мәселен, ерлі-зайыптылар Аваза қонақүйлерінде он күнін өткізсе, демалыстары 700 долларға шығады екен. Егер елдегі жұмыссыздықтың 50 пайыздық деңгейін ескерсек, қарапайым азаматтар мұндай ақшаны қайдан алмақ? Көп балалы отбасылар туралы сөз қозғаудың өзі артық. 

Көрші елдермен салыстырғанда, қазақтың «Кендірлі» жобасы біршама ақылға қонымды көрінеді. Алайда шетел туристерін бұл демалыс аймағына тарту үшін билік қазіргі заңдарды курортты аумаққа визасыз кіретіндей етіп өзгертуі тиіс. Мәселенің екінші қыры - экологиялық мәселе. Инвестордың шарты бойынша, шипажайдың жағалауынан 40 шақырымға дейінгі аймақ  ластанбауы тиіс.

Оптимистер "Жаңа астана тұрғызған Қазақстан үкіметі үшін құны 2,8 миллиард доллар болатын демалыс аймағын салу деген қиын емес” деп ойлауы мүмкін. Ал пессимистер, керісінше "Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстанда жаңа астанадан басқа миллиардтық жобалар сол күйі жүзеге асырылмады” деп қарсы пікір айтуы ықтимал.

Ал сыншылар "Осы жылдар ішінде мұнайлы Қазақстанда мұнай өңдейтін бірде-бір завод салынбай, советтік заманның қалған-құтқан дүниесін қанағат тұтумен келеміз” деп, пессимистерді қостайтыны анық.

(Мақала авторы Дерия Атабаев - Азаттық радиосының экономикалық шолушысы).



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Маршал
04.04.2012 12:56
+0 / -0
Неге Кендірлінің пайдасын Маңғыстау көрмейді.Бүкіл Қазақстан пайдасын көруі керек дейді.Мұнайдың бәрін сатып болдыңдар енді басымызды қатырмаңдар.Қол жаюды қысқартыңдар Маңғыстаудан.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Адайстан
04.04.2012 16:27
+0 / -0
Өз басым мұндай жобаларға қарсымын, себебі бұдан жергілікті халыққа келіп-кетер пайда жоқ, есесіне тұрғын үйдің бағасы шақырқтап кетеді де, қарапайым халық пәтер ала алмайтын болады. Сонымен қатар барлық тауарлардың бағасы да өседі, әрі туристік зона болғандықтан мұнда "жезеөкшелік" кең етек жаяды.
Ең қызығы бес-алты жыл бұрын дүркіреген Дубай қазір бос қаңырап тұр, себебі бүкіл қала ағылшын банкетерінен алынған несиеге соғылған боалтын. 2008 жылғы дағдарыстан кейін клиенттер дубайда пәтер сатып алуды доғарған болатын, сол себепті Дубайда көп жобалар тоқтап қалды.

Бізге "Астана" аты пондтыдың өзі жетіп жатыр, екіншісі керек емес!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?