Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:51

САЯСАТ

Өз қаулысын өзі жойған судья Құлыбаевтың арызын қарамады, күйеу бала енді полицияға үміт артады

Аудандық сот Тимур Құлыбаевтың тәуелсіз газеттер мен Мұхтар Әблязовқа қарсы арыз-шағымын қараудан бас тартты. Тираждары тәркіленген газеттер шағымданушының өзін сотқа бермек ниетте. Құлыбаев Азаттыққа берген сұхбатында құқыққорғау органдарына қайрылғанын мәлімдеді.

Мәтін көлемі - +


СУДЬЯ ӨЗ ШЕШІМІН ӨЗІ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Ақпанның 9-ы күні Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Дана Махметова «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың «БТА Банктің» бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, сондай-ақ «Республика», «Голос Республики»,
Дана Махметова, Медеу аудандық сотының судьясы. Алматы, 9 ақпан 2010 жыл.
«Взгляд», «Айна», «Курсивъ» газеттеріне қарсы түсірген арыз-шағымын қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды.

Істің Медеу аудандық сотында қайта қаралуына жауапкер «Шежіре ЛТД» компаниясының өкілі, заңгер Сергей Уткиннің арыз-шағымды қараусыз қалдыру туралы арызы түрткі болды. Заңгердің айтуынша, шағымданушы Құлыбаев даулы мәселені сотқа дейін алдын- ала шешудің заң ережелерін сақтамаған. Құлыбаевтың өкілі Байрамалы Ахмедов мұндай мәлімдемеге қарсы болды.

Тараптардың пікірлерін тыңдаған судья Махметова, 20 минуттық үзілістен соң, шағымданушы Құлыбаев шын мәнінде заң ережелерін орындамаған деп тапты, соның негізінде оның арыз-шағымын қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды.

Заңгер Сергей Уткин (сол жақта). Алматы, 9 ақпан 2010 жыл.
Махметова осы іс бойынша 2010 жылы 1 ақпанда өзі шығарған сот қаулысының да күшін жойды. Сондай-ақ, сот арызданушы Құлыбаевқа 2 121 теңге мемлекеттік баж салығын қайтарып беру туралы үкім етті.

Еске сала кетсек, аудандық сот 1 ақпанда БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы тараған ақпараттар «шындыққа жанаспайды, осындай ақпаратты таратқан басылымдар Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін ақпараттарды жоққа шығарулары керек» деп шешкен еді.

СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ АУЫЗША РҰҚСАТЫ


Айта кетерлік жайт, судья ондаған журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдерін бүгінгі сот мәжілісіне қатыстырғысы келмеген-ді. Сот
Қалдарбек Досымбет, Медеу аудандық сотының төрағасы. Алматы, 9 ақпан 2010 жыл.
приставы №6 сот мәжіліс залына Құлыбаевтың өкілі мен жауапкерді ғана жіберді.

Бұл жағдай белсенді топты Медеу аудандық сотының төрағасы Қалдарбек Досымбеттің кеңсесіне көтерілуге мәжбүрледі. Қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыздың «төраға қабылдамайды» деген ескертуіне тоқтамаған «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мен ЖСДП «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов төрағаны өз орнынан тауып, Досымбеттің ауызша рұқсатын алып шықты.

Бұл кезде №6 сот мәжіліс залында процесс басталып кеткен-ді. Бірақ көпшілік жұрт судья Махметованың шешім шығару сәтіне қатысып, үкімді қол шапалақтап қарсы алды. Құлыбаевтың өкілі Байрамалы Ахмедов қана сот соңында «көрерміз, шешерміз» деген сөзбен шектелді.

ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ АЗАТТЫҚҚА ЭКСКЛЮЗИВ ЖАУАБЫ

Сейсенбі күні Азаттық радиосының тілшілері Астана қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур
Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев. 27 қараша 2003 жыл.
Құлыбаевпен жолығып, Медеу аудандық сотының шешімі туралы пікірін сұрады.

- Сот шешіміне пікір білдіре алмаймын. Түсінесіз бе, мен арыздандым, өйткені, Әблязовтың жолдаған құжаттары жалған деп есептеймін, - деді Құлыбаев.

Сонымен бірге, Құлыбаев мәселемен шұғылдануды құқыққорғау органдарына тапсырғандығын айтып отыр.

- Біз бұл мәселеге қатысты пікір білдірмей-ақ қоялық, өйткені біз құқыққорғау органдарына тапсырдық, сол жерде оның мәлімдемесін қараймыз, нәтижесін біз кейін айтамыз, - деді Құлыбаев.

«ҚҰЛЫБАЕВПЕН ҚОСА ОНЫҢ ӘКЕСІН ДЕ СОТҚА БЕРЕМІЗ»

Бұл уақытта Медеу аудандық сотының әуелгі шешімін орындау барысында зардап шеккен газеттер Құлыбаевтың өзін сотқа береміз деп отыр. «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, сот орындаушылары республика аумағында саудаға шығарылған газеттің шамамен 10 пайызын тәркілеген.

- Менің есеп-қисабым бойынша, газеттің 80-85 пайызын саттық. Олар 88 мың тираждың ең зор дегенде 10 пайызын алды, - деді Ерғалиева.

«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский газет тиражының жарымы тәркіленгендігін, материалдық шығынның орнын толтыру
Игорь Винявский, «Взгляд» газетінің бас редакторы. Алматы, 30 қыркүйек 2009 жыл.
мақсатында Құлыбаевқа қарсы сотқа шағым түсіретіндігін мәлімдеді.

- Бүгінгі сот үкімінің негізінде біз Құлыбаев мырзаға материалдық талаптар бойынша сот шағымын дайындаймыз. Өйткені, тираждың бір бөлігі Астанада саудаға түспеді, жоғалып кетті, - деді Винявский.

Оның айтуынша, «Взгляд» және «Республика» газеттерінің редакциялары прокуратураға Құлыбаевтың мәлімдемесіне түсініктеме беруін және оны жауапқа тартуын сұрап өтініш түсірген.

- Бұл мәлімдемені біз өзіміздің жеке өмірімізге төнген қауіп деп қарастырамыз. Өйткені, «Взгляд» және «Республика» газеттерінің редакциясын өткен жұма күні сырттан бірнеше көлік бақылауға алғандығы байқалды. Біздің ойымызша, бұлар арнайы қызмет емес, жеке бір топтың адамдары секілді, - деді Винявский.

Ақпанның 3-і күні «ҚазТАГ» агенттігі Тимур Құлыбавтың әкесі Асқар Құлыбаев телефон арқылы берген сұхбатында өзінің ұлы туралы жазғандарды «оңбағандар» деп атап, «оларды қабырғаға тақап қойып, ату керек» деп мәлімдеді деген хабар таратқан еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аймұрат Қайдан: Алматы
09.02.2010 22:39
+0 / -0
Мына Асқар Құлыбаевтың әңгімесіне қараңдар. Балама тиіскенді атамын деп отыр. Сонан кейін мұның баласы билік алып кетсе не болады? Онда, БӘРІҢДІ де стенкаға тақап қойып атады.Осы Біз дені дұрыс ел болсақ, Құлыбаевтардан ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ болып, көшеге шығып, сұрауымыз керек, Әй, сендер қашан тоясыңдар, деп. Ал, олай сұрай алмасақ - құнымыз көк тиын!!!!!!! Түкке татымайтын көңірсіген, кухняда тығылып отырып коммент жазатындар ғана оқитын, құр коммент жазып керегі жоқ. Осы коммент жазудан сақал шықса, маған шығар еді... Ендігі көп сөз - б...қ сөз! АТТАН, ҚАЗАҚ, АТТАН! МАЙДАНҒА, МАЙДАНҒА!!! Барша ҚАЗАҚ күндерін көре алмай жүргенде ҚАЗАҚСТАНДЫ СЫРТЫНАН САТҚАНДАРҒА ЛАҒНЕТ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Қайдан: Алматы
10.02.2010 13:18
+0 / -0
қуметті "Аймұрат" айтқаныңа толық келісем, осы ойларыңыз шын көңіліңізден шықан болса, 20 ақпан Пушкин к-сі 114-үй сағат 10:00 де болатын,жыйласқа қатсыуыңызды сураймыз.

тел: 8(727) 226-03-89. моб: 8 701 777 34 10.

Кімнен: Болат Қайдан: Атырау
09.02.2010 22:43
+0 / -0
Кейбіреулер жасырын пікірін жіберуге де қорқып отыр. Байлығымызды жеп жатыр. Үндемей өле беруді маңдайымызға жазған шығар. Болмаса төріне көрі жақын щал құтырмас еді. Ез болмасаңдар әрі қарай жалғаңдар.

Кімнен: Murat Қайдан: Almaty
09.02.2010 22:50
+0 / -0
жалған болса, дәлелде. Газеттердің не кінәсі бар? Бірақ қазақ үшін сен ұрысың.

Кімнен: Аймұрат Қайдан: Алматы
10.02.2010 00:07
+0 / -0
Модератор! Бұл форумды жаппай тұра тұр. Мына Құлыбаевтвр сияқты "стенкаға тақап ататындарға" не коммент беретіндері мен үшін өте қызық!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Ал, Құлыбаевтардың сендерді оқып отырғанына шүбә келтірмеймін. Олар тек бізге бәрібір деп жұртты алдаусыратады, бірақ, арты қалай болар деп бұттарына т...п отыр. Бұған да шүбә жоқ!

Кімнен: қазақ қызы
10.02.2010 03:43
+0 / -0
Құлыбаевы бар, Назарбаевы, Әлиеві, үшіншісі бар бәрінен тойып болдық. Қабырғаға қойып ататын кім? Бүкіл халықты жоя алмассың! Өлдік, өлдік, тек алға қазақтар! Құлдық бұғаудан шықпасақ болмайды.

Кімнен: ОралFан Қайдан: Астана
10.02.2010 09:56
+0 / -0
Кулыбаевтын арызын караусыз калдырган сот_ адiлдiк куткен халыктын журегiне умiт ушкынын уялатты.шамасы кулыбаевтын кылыгы улкен кiсiгеде жакпай калса керек.ана шалдын созiнен-ак билiк басында кылмыстык топтардын бiлгенiн iстеп жургенiн байкауга болады.егер,Елбасымыз акыл-есi орнында болса,осындай кесепат куйеулерден кутылатан кез келды.

Кімнен: ТОР
10.02.2010 10:14
+0 / -0
Елбасы бүкіл халықтың атасы екендігі рас болса, оның күйеу баласы да біздің күйеу бала, Тимурдың к...терінен теуіп тұрып жұмсайық!

Кімнен: Мәнзия
10.02.2010 10:33
+0 / -0
Әкесі де оңып тұрмаған кісі екен-ау! Ақылды адам осындай сөз айтушы ма еді, әбден менменсігендігі көрініп-ақ тұр.

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
10.02.2010 12:38
+0 / -0
жалпы мен сіздердың барлық <ов>тарыңыздан қорқам.мұмкын бар осында отырған ағаларда есымдерыңыздегі құлдықтан құтылыңыздарші,<ев,ва,ин,евщ> дей ме, айтеу бір тіл келмей-ақ қойды, <опсаң өз акеңді оп> деген баукеңның сөзі бізге алі жұқпады-ау, қазыр қытайдағы қазақтар ежелдың ең кұнінен бері <ұлы ,қызы> дегенді қолданып келеді, солардың ішінен білмсігендері <ев,ва> дегенді қосып алатынын қайтесың, ой, тәубә! ана Құлыбайды айтам, недеген өскен кеуде-ей, оны не құтыртып отыр деші, қазақтың көнпістігі ғой байяғы, зейнет ақысын ала алмай жұрген бір бейшара шал болса, сұйтер ме еды, бассыздық !!!
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
10.02.2010 17:52
+0 / -0
Құрметті, Bokky. Тың ойларыңызды біздің форумда әрдайым жариялап тұрыңыз. Рахмет.

Кімнен: Санжар
10.02.2010 13:35
+0 / -0
Құлыбаевтардың құтырғандарынан-ай, Әлиевтердің кебін киіп жүрмесін бір күні. Ату керек дегені не сасқаны!

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстау
10.02.2010 15:28
+0 / -0
1. Судья Д.Махметова бірінші рет қаулы қабылдағанда нені басшылыққа алды және сол қаулысын өзі жоюға не түрткі болды?. Судья жалтақ екенін білдіріп қойды.Қателікті басқа біреу білместікпен жіберіп қоюы мүмкін, ал судьның қателесуін неге жоримыз?.Ол адам тағдырын шешетін тұлға емес пе?. Ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің?. Сондықтан Махметова ханымға қылмыстық және азаматтық істер жүргізу, қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерін қайтадан оқыту керек. Әлде бұл судья ондай кодекстерді басшылыққа алмай, көкесінің айтқанын басшылықа алатын судья ма?
2. Кіші Құлыбаевтың әрекеті сасқан уйрек артымен сүңгидінің кері.
3. Үлкен Құлыбаевтың сөзі ақшаға әбден тойынып көзін ақ шел қаптаған адамның сөзі.Кім-кімді стенкага қоятынды әлі уақыт көрсетер.
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
10.02.2010 16:38
+0 / -0
Құрметті, Адай. Азаттық форумына пікір қосқаныңызға үлкен рахмет.

Кімнен: Кеңес Қайдан: Алматы
10.02.2010 15:30
+0 / -0
Саяси астары бар әңгіме. Елді құрдан-құр дүрліктірудің қажеті аз. Әліптің артың баққан жөн. Мұхтар да, Тимур да қазақтың азаматтары емес пе?! Бірлікке келіңдер деп ымыраға шақырған абзал. Ел ағалары жікке бөлінбеңдер деп сабырға шақырмай ма жұртты?! Лапылдаған жастарды отқа итермей. Елді арандатуға болмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
10.02.2010 16:41
+0 / -0
Құрметті, Кеңес. Ымырашылдық туралы ойыңызға қосыламын. Азаттық форумына өз пікіріңізді үзбей қосып тұрыңыз. Рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Анахарсис Қайдан: аәбу
10.02.2010 17:51
+0 / -0
Қандай ымырашылдық, ұры мен халықтың ымырашылдығы ма? Зұлым мен бейуаздың ымырашылығы ма? Қазақстанды тонаған, байлығын шетелге параға сатып жіберген өлімтікпен ауылдағы, қаладағы қиналған қазақтың ымырашылдығы ма? Қабырғаға қойылып атылушы мен атушының ымырашылдығы ма?

Өз отбасын дұрыс басқара алмаған, күйеу баласын дұрыс таңдай алмаған, қызына дұрыс тәрбие бере алмаған әке қалай Қазақ Республикасының әкесі болады? Мұхтардың қандай екенін мен білмеймін, бірақ ол бір шындықтың дерегін ұстамаса, бұл әкелі, балалы, қайынаталы үшеуі сасқан үйректей артымен жүзіп, сұрақы мінез көрсетпес еді. Мұхтарларды қолдамаған ұлттың тағдыры өнімсіз итжығыс түсумен жалғаса беретін болады. Қазақстанға бір өзгеріс керек. Бәлкім біз дауылдың алдындағы тыныштықта күтіп тұрған болармыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
10.02.2010 18:01
+0 / -0
Құрметті, Анахарсис. "Қабырғаға қойылып атылушы мен атушы" ымыраға келіп жатса, осы екі арадағы зұлымдық әрекетке орын табылмас еді. Ымараға келу - райынан қайту, кінәсін мойындау немесе екіншісінің ойымен келісу дегенді білдірмейді ме? Пікіріңізге үлкен рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Астана қаласы
10.02.2010 19:05
+0 / -0
Талғатаға, Сіздің ымыраға келу ниетіңіз жақсылыққа бағытталған деп үміттенемін әрине! Алайда, бозторғай мен құзғынның немесе қасқыр мен қоянныі арасында қандай ымыра болуы мүмкін? Арсыз адаммен ымыраға көну қиын, олай жасаймын десеңіз, бастан құлақ садаға демекші, бір дүниені құрбан етерсіз. Алайда, оған тоярма деңізші, қанағатсыз аузы-мұрыннан өзіне тиеселі емес қаражаттарды судай ағызып жатқан арсыздарға жәй ғана "әділ" жаза беру керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
10.02.2010 20:56
+0 / -0
Құрметті, AL-ASTER. Айтып отырғаныңыз орынды, заңды бұзғандар әлбетте заң жазасын алуы тиіс. Біздің ымырагершілік туралы әңгімеміз алаяқты босатып жіберу дегенді білдірмесе керек. Пікіріңізге рахмет.

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Астана қаласы
10.02.2010 18:03
+0 / -0
Бұлардың тірліктеріне қарап, алжасасың. Бірақ ешқайсысына сеніп, берілуге болмайды. Менің ойымша, Әбіләзов пен Құлыбаев далада "қас" болғанымен, үйде "дос". Кезекті операцияны орындап, жолындағы "ұсақ-түйектерді" құртудың бір амалына көшкен тәрізді. Жалпы, бұлар қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын "қазақтар" емес.

Кімнен: Есім Қайдан: Кеніт
11.02.2010 16:19
+0 / -0
бұл секілді құл бітісті боқмұрындар Билікке құдандалдығының арқасында әкімшілік жолмен қазақ байлығын параға сатып, қазақты отқа қаратып отыр. Халық оларды шетінен тізіп көшеге алып шығып, еш сөз айтпай ... тастаса, қазақ жері өзін қорлағандардан тазарады, Ата-бабамыз қорғап ұрпағына қалдырған ұлы даланың байлығы шетелдің уысында кетуден аман қалады. Олар байлығымызды параға сатып, ақшасын шетелге жөнелтуде. ертең к...ті ашылғанда оларды таппайсың! ертең олар швет болып, не неміс болып, тайраңдап жүреді. ....Осындай сорақы хайуандар қалай ұялмай жер басып жүр деші!
Ал мұнда Талғат, Алсер деген есерлер Құлды баев делінетіндердің сойылын соғып, ақшасын дәметіп отырған көрінесіңдер! Қанша мойындағыларың келмесе де Әбіләзов қанша кінәлі болса да Құлыбаевке қарағанда мың есе адамдыққа жақын ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Дүйсенбек Қайдан: Алматы
11.02.2010 17:11
+0 / -0
Құрметті, Есім. Әңгіме болып отырған екеудің қайсысының "адамдыққа қаншалықты жақын" екендігіне қатысты жеке пікірімді жарияламай-ақ қояйын. Өйткені журналист дәлелсіз дүниені жазбайды, сондай-ақ екі тараптың біреуіне бүйрегі бұрып тұрмауы керек дейтіні тағы бар. Пікір қосқаныңызға рахмет. Айтқандай, "ақшасын дәметіп" деп артық айтып кетіпсіз, бірақ ол Сіздің жеке пікіріңіз. Іске сәт!

Кімнен: Құрман Қайдан: Дала
11.02.2010 17:30
+0 / -0
...Күйеулердің байлығын көре алмай отырғамыз жоқ,қанша бай болсаң да түбінде 2 шаршы метр жерге олар да кіреді.Айтпағымыз,қазақтың маңдайына біткен Заманбек аға,Алтынбек аға сияқты арыстарының да қандары осылардың мойнында деп ойлаймын.Аллаһ тағалам бәрін көріп тұр....

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
11.02.2010 18:06
+0 / -0
Бұл мәселе өз орынды болды. Әрбір еліміздегі саяси текетірес пісіп жетіліп көтеріліп отыр. Біз ешқайсысының бүлдіргендерін ұмытпауымыз керек. Бәрін де тазалау керек. Назарбаевы, Әлиеві, Құлыбаевы және осыларға ұқсаған өркөкіректеді. Б.Әбіловтерді де. Оларда кешегі байып аспанға секіретіндердің бірі. ОЛ да байып алды да мәскеудің бүкіл әншілеріне мәшине мінгізіп жалпақтады. Егер оппозиция билікке келсе бұдан да сорақы жегіштер пайда болама деп отырмын. Есемізді қайтарамыз деп екі есе жеулері мүмкін. Билікке таза адамдар керек Абай айтқандай; "Құдайдан қорқатын, пендеден ұялатын" , ақырын берсін Алла!

Кімнен: ұлтшыл
12.02.2010 23:38
+0 / -0
Орыс газеттерін толықтай жабу керек.Себебі олар елді іштен іріту үшін аянбай жұмыс істеуде.Біздің қазақ орыстар соған еріп өз елін құртуға үлес қосуда. А.Қ айтқан бәрін де қатаң жазалау керек. Арттарын қыстыру керек.Сыйлағанды білмейді оңбағандар.Өзбекке барсыншы жоқ қылсын.ТАЗА қазақ газеттері де сын айта алады және олар жаны ашығаннан айтады, кемшілікті түзеу үшін айтады.Аналар адастыруға жанжалға тыныштықты бұзуға шақырады.

Оппозициада жүрегі таза адамдар көп алайда олар шырмаудан құтыла алмай жүр.Елбасын қолдап бірігу керек орыстарды елден аластату арқылы ЖЕҢІСКЕ жетеміз.ОЯН ОППОЗИЦИЯ, ОРЫС СОЙЫЛЫН СОҚПАҢДАР.ҚАЗАҚ елінде жүргенімізді ұмытпайық ағайын.БОС даурықпамен халықты еріте алмайсыңдар.ЛЕНИН ата кезеңі әлде қашан өтіп кетті емес пе?БІРЛІК ТАТУЛЫҚ басты байлығымыз болуы тиіс.АБАЙ- БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС деп дау жанжалдан қазаққа еш пайда жоқ екенін ұғындырмап па еді.Брежневке де бағынып амалсыз құл- бодан болып жүрген жоқпа едік, енді тәуелсіз қазақ елінің басшысы айналасына топтасып дұшпанның іші жарылар іс жасамаймыз.ЖАЛҒАН НАМЫС ЖІБЕРМЕЙ МЕ?Менше оны жеңуге болады ОЛ өз отанын сүю.