Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 12:25


САЯСАТ

Алматыдағы «Қарсылық жиынын» «жол полициясы» бақылады

Сәуірдің 28-і Алматыда оппозиция ұйымдастырған "Қарсылық жиынына" бірнеше жүз адам қатысты. Митинг басталар алдында Ермек Нарымбаевты полиция ұстап әкеткен. Шара соңында кезекті "Қарсылық жиыны" маусымның 2-сіне белгіленді. Митингілер Астана, Шымкент, Талдықорған, Семей қалаларында да өтті.

Loading
12:00:00 / -:--:--

Қарсылық жиыны. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

«Қарсылық жиынында» азаматтық қоғам белсенділері аз болды. Митингіге дейін олардың біразына прокуратура ескерту жасап, кейбірін тұтқындаған еді. Жиын басталар сәтте полиция Ермек Нарымбаевты ұстады, жиынға келмек болған Жасарал Қуанышәлинді де ішкі істер бөліміне алып кеткені белгілі болды. 

"ЖАҢАӨЗЕН СОТЫ ТОҚТАСЫН"

Митингіні арқасына "Жол полициясы" деп жазылған киімдер киген, қолдарына инспектор таяқтарын ұстаған полиция қызметкерлері бақылады. Жиын басталар кезде прокуратура қызметкерлері дауыс зорайтқышпен митингінің заңсыз екенін 
"Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл."Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
"Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
айтып, тарауды талап етті. Наразы жұрт прокуратура өкілдерінің сөзі естілмейтіндей айғайлап кетті. Олар шегініп, митингіні сырттай бақылауға көшті. Жиылған халықтың арасында азаматтық киіммен жүрген қауіпсіздік қызметкерлері де байқалды. 

Жиын алдында Абай ескерткіші жуылып, Республика сарайының алдында жөндеу жұмыстары жұргізіліп жатты. Ескерткіш маңындағы алаң бұл жолы да темір шарбақтармен қоршалып, полиция күзетіп тұрды. 

Жиында қарапайым тұрғындар, аймақтан келген азаматтар сөйледі. Олар "кедейлік пен әділетсіздікке, коррупцияға қарсы шығып, саяси тұтқындарды босатуды, Жаңаөзен сотын тоқтатуды, Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықтың әділ зерттелуін" талап етті.   

«БАЙ ЖЕРДЕ ХАЛЫҚТЫҢ КЕДЕЙ ӨМІР СҮРГЕНІН ҚАЛАМАЙМЫЗ!»

"Қарсылық жиынында" сөз алғандар көбінесе қарапайым азаматтар болғандықтан, көбінше әлеуметтік мәселелерді айтты. Алматы тұрғыны Валентина Семенова 
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл."Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
«Халық жер байлығының қызығын көрген жоқ. Бай жерде халықтың кедей болғанын қаламаймыз. Халық кедейленіп барады» деп билікті кінәлады. 

Алматы қаласының Мұхтар атты тұрғыны (фамилиясын атамады - ред.) митингіге келе жатқан жерінен ОМОН жасақтарының ұрғанын айтып, соққының ізін көрсетті.

Шымкенттен келген Қыздығой Ажарқұлова банктердің қарапайым тұрғындардың жалғыз баспанасын тартып алып жатқанын, соны қоғамға жеткізуге келгенін білдіріп:  

 - Азық-түлік, коммуналдық (төлемдер) қымбаттап барады. Жер байлығының бәрі қайда кетіп жатыр? Қарапайым халық қай жаққа барып күн көруі керек!? -  деді.
Қыздығой Ажарқұлованың сөзі
Loading
12:00:00 / -:--:--

«Баспананы халыққа қалдырайық!» ұйымының белсендісі Хорлан Қуатбекова «кедейдің онан сайын кедейленіп, байлардың онан сайын байып бара жатқанын» айтып:

 - Жаңалықтарды көрген кезде - бәрі жақсы, бәрі тамаша, өндіріс өсіп жатыр. Шын мәнінде байлардың қалтасы қалыңдап, кедейлер онан сайын кедейленіп барады. Кәдімгі малға айналдық. Билік не істегесі келсе, соны жасайтын болды, - деді.
Хорлан Қуатбекованың сөзі.
Loading
12:00:00 / -:--:--

«СОТ РЕПОРТАЖДАРЫН ОҚУДЫҢ ӨЗІ ҚОРҚЫНЫШТЫ»

Митингте Жаңаөзен мәселесі де көп айтылды. Бұл тақырып айтылған кезде митингке қатысушылар «мұнайшылар босатылсын!» деп ұрандатты.  

 - Біз сот шешімдерінің кері қайтарылуын талап етуіміз керек - алынған жауаптар күшпен, қысыммен алынған. Соттың репортаждарын оқудың өзі қорқынышты. Зорлық-зомбылықты айтқанда ер адамдардың көзінен жас шығып жатыр, - деді азаматтық қоғам белсендісі Георгий Архангельский.
"Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл."Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
"Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Қарағандыдан келген Айтқожа Фазылов өзінің Қарағандының техникалық университетінің ректоры болғанын,  "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына кіргені үшін қызметтен қуылғанын айта келіп: 

 - Қай елде прокурор айыпталушыға «Әй, жүр шығайық!» деп айтады. Қай елде адамды қойша атады? - деп сұрақ қоя сөйледі.

Митингіге «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбеталин Лондоннан келіп қатысты. 
 
- Маңғыстау облысындағы жағдай қарапайым еңбек дауының қантөгіске айналғанын көрсетті. Үкімет қарапайым дауларды шеше алмады, - деді ол.

Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Алматыдағы бүгінгі жиынның соңына қарай митингі резолюциясы қабылданды. Онда билікке бірнеше талап қойылған: қамауға алынған жаңаөзендік және шетпелік тұтқындарды азаттыққа шығару; саяси қуғынды тоқтату; Жезқазған жұмысшыларының мәселесін шешу. Келесі "қарсылық митингісі" маусымның 2-сіне белгіленді. 

Жұрт тарай бастағаннан кейін жиынды сырттан бақылап тұрған полицейлер «Қарсылық жиынында» сөз сөйлеген адамдарды біртіндеп ұстай бастады. Соңғы мәлімет бойынша, шамамен 10 адам ұсталған. Олардың арасында азаматтық қоғам белсенділері Айгүл Кохаева, Қанат Ибрагимов, Жанар Балғабаева бар. «Ар.Рух.Хақ» қорының төрайымы Бақытжан Төреғожина митингке қатыспаса да, түстен кейін оны полиция басқармасына алып кеткені белгілі болды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРНЕШЕ ҚАЛАСЫНДА "ҚАРСЫЛЫҚ ЖИЫНЫ" ӨТТІ 
 
Астанада бүгін сағат 11-де мемлекеттік рәміздер алаңына қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен жалпы саны отыз шақты адам келіп, Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасының құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойды. Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Жаңаөзенде қайтыс болған адамдардың тізімі жазылған қара тақта ала келіпті.

Олар «Мрамордан жасалған бұл қара тақта еліміздегі саяси қуғын сүргіннің соңғы белгісі болсын - осымен бітсін, қаралы ақтаңдақтар тастай қатсын» деген пікір білдірді. Белсенділер қара тақтаны Астана қаласынан алпыс шақырым жердегі Алжир саяси қуғын сүргін мұражайына қоюға алып барды. Бірақ Азаттық тілшісі мұражай қызметкерлері "мекемеде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын" айтып, ескерткіш тақтаны кіргізбей қойғанын хабарлады.  

Астанадағы наразылық шаралары туралы мына жерден көре аласыз: 
Loading
12:00:00 / -:--:--

Шымкентте полиция "Қарсылық жиынына" кедергі жасап, келген адамдарды таратып жіберді. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне шымкенттік тұрғын хабарлады. 
Оның айтуынша, сағат 11 шамасында қалалық ипподромға жұрт жиналып жатқанда 50-ге тарта полицей келіп, оларды қумақ болған. "Бірақ арамызда жасы 80-нен асқан ақсақал бар еді. Сол кісі Жаңаөзенде кісі өліп, елді қымбатшылық жайлап бара жатқанын айтып, полицейлердің өздерін ұрсып, басып тастады" дейді. "Полицейлер аудандық прокурорды шақырды. Бір сағаттың ішінде тарқадық" дейді тұрғын.

Семейде де сенбі күнгі өткен "Қарсылық жиынында" полиция жасағы жиынға 
Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.
x
Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.
Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.
келгендерді қуып, плакаттарын тартып алған. Бұл туралы осы аймақтағы Азаттық тілшісі хабарлады. Оның айтуына қарағанда, митингіге 15-тей адам қатысқан. 

Талдықорғанда да 28 сәуірде ардагерлер паркінде "Қарсылық жиыны" өтті. Жиынға қатысқан Райхан Досқожанованың айтуынша, митингіге 30-40 адам келген. Жиналғандар сот жүйесі және құқық қорғау органдарындағы коррупция жайлы, тұрғын үй мәселесі мен зейнетақының аздығы туралы айтқан.

Жиынның соңында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық прокуратура қызметкерлері келіп, оларды әкімнің қабылдауына шақырған. 

Талдықорғандағы "Қарсылық жиынына" қатысқан тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Баниамин Файзуллин мен Олег Малиновскийге қарсы әкімшілік іс қозғалды деп хабарлады Азаттық радиосына партияның баспасөз қызметі. 

"ҚАРСЫЛЫҚ ЖИЫНЫ" ҚАРСАҢЫНДА ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАДЫ

Оппозиция белсендісі Ермұрат Бәпидің айтуынша, "кешелі-бүгін интернетте оның атынан "наразылық митингісі болмайды" деген жалған ақпарат тараған". 

 - Менің аккаунтым емес, менің атымнан біреулер ақпарат таратып отыр. Өз болжамым - ұлттық 
"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл."Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), - деді.

Мұның алдындағы "Қарсылық жиыны" наурыздың 24-і Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне орай жеті қалада: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Орал, Шымкентте ұйымдастырылды.

Ақпанның соңғы сенбісінде өткен шерулерде де үкіметке наразы пікірлер мен "Назарбаев, кет" деген сөздер айтылды. Белсенділер әкімшілік жазаға тартылды.  

Алғаш қаңтардың 28-інде өткен "Қарсылық жиынын" 2012 жылғы қаңтардың 15-інде өткен парламент сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан "Азат" ЖСДП ұйымдастырды. Онда да белсенділерге әкімшілік жаза берілген еді. Қазақстанның ірі қалаларында әр айдың соңғы сенбісінде митингілер мен наразылық акциялары өтіп келеді.

Азаттық радиосы Алматыда өткен бүгінгі митингіден тікелей твиттер-трансляция жүргізіп отырады.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қонақ Қайдан: қазақстан
28.04.2012 10:03
+1 / -0
енді түрмеге халық сыймайтын болады ғой, бір емес 11 қаладан наразылық акциясына шықса, бәсе кеше қазақстан мен хабар каналдарынан Назарбаевтың сөйлеуін ұсынғанда, ойлап едім тағы не болғалы жатыр деп, страховка екен ғой. Сұлтан Сүлеймәен фильмін көрейін деп 12-ге дейін тостым, бірақ трансляция бітпей қойды, ақыры теледидарды өшіріп тастадым. ҚҰр сайрағаннан не пайда, нақтысында қара халық аш- жалаңаш, жұсмыссыз, тап- таянғандары коммуналдық төлем ақы төлеуге ғана жетеді, 30- 40 мың деген жалақы қазіргі қымбатшылық заманда ақша ма , халықтың жартысынан көбі кедейшілікте үйсіз - күйсіз тіршілік етуде.

Кімнен: тұран Қайдан: ақтау
28.04.2012 10:40
+2 / -0
Назарбаевтың сайрағаны маған нан бола ма екен. Құнарлылығы қандай екен, құрамында витамин, белок, секер,май бар ма екен. Болса сайрай берсін, біз тыңдай берейік, жұмыс сірә жоқ, бала шағамды қосып алып ,тыңдай берсек, бойымызға нәрі келер. Аштан өлмеспіз. Сосын,энергетикасы да бар дейді ғой, қурап тұрса да энергетикася ұрып тұр дейді. Тыңдай берейік ,ағайын, азық болсын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 11:10
+1 / -0
ВОРсултан ПОЗОРбаев!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 11:47
+1 / -0
азамат,жүнжіме,жүрме бос"(С.Сейфуллин(

Кімнен: Алмат
28.04.2012 14:18
+1 / -0
сљз сљйлеп болѓан соњ кљбісін ђстап алып кетті ѓой. Полиция Мѕмбеталинді де устады. 31 канал журналистінін касетасын тартып алып жаткан

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 14:30
+0 / -0
Мен мына нәрселерге налимын: Тілімізді әдейі көтермей отыр, оған биліктің басы ауырмайды. Олар өздері өз-ара орысша сөйлеееді екен, оған интернеттегі басшылардың күйеу балдаырмен сөйлескен аудижазбалары -куә. Отандық өнім деген атымен жоқ. Ол үшін үстеріңе, сосын айналадағы, жақын-туыстарыңның үстерін қараңдар. бір киім тапсаңдар-приз. Супермаркеттерге кіріп, қолдарың үлкейткіш(лупа) алып, тағам түрлеріне мониторинг жасаңдар, егер сол тағамдардың 5 пайызы отандық болса- приз беріледі. Орекеңдерге рақат, өздерінің тарихи отанынана келген тағамдарды ұялмай алад. Ал біздер шмориктер құсап, солардың көзінше ұялып, пакетке салып жатамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 23:59
+0 / -0
Байқайсыңдарма призидент кейінгі кезде қазаққа қарсы қылықтар көрсете бастады көкпет қатынның қылығы сияқты орысқа жалбаңдағанын күшейте тұсті маған не істер екенсіңдер деп тұрған сияқты,өзінше маған кейінгі ұрпақ рахмет айтады деп ойлайтын сияқты,телевизорды қосуға қорқатын болдық не бір сүмдықтарды көретін болдық жаңалықтардан,ата аналар балашағасын ойлап тұңгі ұйқыдан қалды,елбасылары тв жаңалықтарын көрмейме басқа бір мемлекетте боп жатыр деп оон ның наблюдателдері сияқты қарап отыра бере ме екен,маған бірің өліп бірің қал дейтін сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: Мухаметбек
29.04.2012 20:55
+0 / -0
Қазақтар, шынымен-ақ біттік пе?

Кімнен: Митінгішіл Қайдан: Шымкент
28.04.2012 15:29
+0 / -0
Өмірі митінгі дегенге бармаған едім, бүгін таңертең жүрегімді тоқтатып алып мен де еркек емес пе едім деп шығайын үйден. Кеше фейсбуктен оқығанмын, "ипподромда" болады дегенді. Қасыма көршімді ертіп алғанмын. Батырлық үшін, батылдық үшін деп бір жартыны қанттай етіп бөліп алдық. Әлгі жеріне жақындап келіп қалғанымызда көргеніміз 60-70 полицайлар жүр екен топырлап. Мастық жайына кетті. Сонда да қастарынан өтіп бара жатқан адам болып жақындадық. Бір шал айқайлап жатыр екен Менің жасым 85-те мә, жасайтындарыңды маған жасаңдар, қамайсыңдар ма деп. Қой құрысын деп бір топ ағаштың арасынан сығалап қарап тұрдық жарты сағаттай. Әлгі полицайлар біреулерді машиналарына отырғызып жатты, біраздан соң шығарды машинадан. Біраз уақыттан соң бәрі де тарасты. Ешкімді де алып кетпеді бірақ. Мен бекерге қорқып жүр екенмін. Полицайлар ешнәрсе де істей алмайды екен ғой. Қап бұрындары да барып тұрғанымда осы уақытқа дейін көзім ашылып қалады екен де ғой. Енді қашан болады екен ай, ішпей-ақ барайын. Ия, мұның бәрі де Шымкентте болған жағдайлар.

Кімнен: момын
28.04.2012 15:33
+0 / -0
әділетті, әрі мықты билік өз халқынан қорқып, полицайлардың артына тығылмас
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 16:40
+0 / -0
Әлгі Жармахан Тұяқбай, Әміржан Қосанов, Болат Әбілов, Рысбек Сәрсенбай, Гүлжан Ерғалиева сияқты жалған демократсымақтар қайда? Қара халықты полицияның қоршауына қалдырып, өздері тып-тыныш тың тыңдап, бұғып отыр ма? Митингіге шақырып, арттары жыртылғанша, безек қағып жүргені өтірік екен ғой! Өңкей екіжүзді сатқындар! Тоқттар Әубәкіров олардың қатарынан шығы кетіп, дұрыс істеген! Білген ғой, бұлардың суайт екенін!
Пікір алмасу

Кімнен: Каке Қайдан: Жанаозен
29.04.2012 00:19
+0 / -0
Рысбек ага Актауда сот процесинде терлеп жур. Козинди ашып дурыстап айналага кара.
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Аламты
29.04.2012 07:16
+1 / -0
Оларға бекер тиісесіз. Олар жасайтынын жасаған адамдар. Демократияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Олардың митингілетіп жүруінен Үкімет әбден мезі болған және әбден үйреніп кеткен. Ендігі кезек халықтікі. Сол оппозициясыз да, солар келмесе де халықтың өзі митинг жасай беретінене Биіктің көзін жеткізу керек. Митингіні опоозиция емес халық жасауы керек. Биік сонда ғана айылын жияды.
Пікір алмасу

Кімнен: Мухаметбек
29.04.2012 21:00
+0 / -0
Дұрыс айтасың, Арман! Халық өзі шығуы керек, олар қарап қалмас біз қаптап күш беріп жатсақ бастай білетін нағыз ерлер осы айтылған азаматтар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 18:46
+0 / -0
Хасен Кожаахмет қайда? Бұрын "маған микрофон бермейді"-дейтін.Кейінгі 3 митингіде қалаған адам сөйлеп жүр.Сөйлейтін болса сол митингілерге неге келмеді?

Кімнен: ара Қайдан: уядан
28.04.2012 16:19
+0 / -0
баска оппозиционерлердi бiлмеймiн, бирак мына Серікжан Мәмбетәлинге коп умiт артам!!
билетин буны казактын Ссакшивилиi деп жур
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қой қорадан
28.04.2012 19:32
+0 / -0
Атырауда да шығып па не дейд, неғып....
Пікір алмасу

Кімнен: Серпер Қайдан: Шетпе
30.04.2012 09:50
+0 / -0
Оппозиционерлердің артында халық тұрғанын көрсетуіміз үшін бәріміз митингке баруымыз керек. Митинг неге керек? Биліккке қарсылықтың қаншалықты қуатты екенін дәлелдеу үшін. Ал, егер ол 400 адамнан аспайтын болса, онда оппозиционердің де тілі байланады деген сөз.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
28.04.2012 16:51
+0 / -0
Ермек Нарынбай Қазақстан қонақ үйінің жанына келгені сол еді артынан бір автобус толған ОПОН жендеттері сау ете қалды да, әй-шайға қарамастан сүйреп ала жөнелді. Есуастар сол жерде әңгімелесіп өз беттерімен тұрған кемпір-шалдарды да таптап өте шықты. Теріс қарап тұрған бір ақсақал жасындағы кісіні соқталдай біреуі қағып та жіберді. Әншейін трейнинг мешогін өтіп бара жатып періп қалатын боксерлер сияқты. Құтты бір адам емес жынданған хайуан сияқты екен сықпыттары.
Қайрат Ердебаев деген РНПК белсендісін алаңға жеткізбестен алып кетті деп естідік.
Ақтөбе, Жезқазған, Шымкент, Жамбыл жақтан жігіттер митингіге арнайы келдік деп жүрді. Жұрт 2-маусымда өтетін шеруге де қалыспай келеміз, қашан әділдік орнағанша келе береміз деп қауқылдасып тұрды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 22:12
+0 / -0
Мына мелисайлар бір адамның өмірі бойы өле өлгенше тақата отыруына жан салып қызмет істеп жүргендерін біле деі ме екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 16:48
+0 / -0
Олар білмейді. Сауаттары да жок. Оз бастарымен бірдеме шешуге де уйретілмеген. Асып кеткенде инструкция бойынша гана кимылдайды. Ауылда, одан калса армияда бастарынан урган. Бот кой олар программаланып койылган, казакша мангурт дейді. Кнопканы басып калса козгалады, басып калса сойлейді. Сол пультті колга тусірсе гой, шіркін!..

Кімнен: алып бамсы
28.04.2012 22:17
+0 / -0
Қосын аз. Егер белсенділер енді бір ай бойы қоғамда үгіт жүргізіп, өзімен аз дегенде он адам ала келсе, міне сол кезде ереуілшілердің қауіпсіздігі артады. Үні де күшті шығады. Қазір қоғамда енді не болар екен деп бағып қарап тұрғандар көп. Егер соларға жігер бітіре алсақ, міне сол кезде қуырдақтың көкесін көреміз, түйе сойып!
Көп қорқытады, терең батырады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 00:29
+0 / -0
Халық бөлшек күйде дәрменсіз, ал бірігіп толқыса теңіз секілді құдіретті. Теңізді толқытатын күн мен айдың тартылысы. ЕНдеше біздің оппозиция да халықты теңіздей толқытатын үгіт-насихатты ауылдарға дейін жүргізуге дәрмені де, пәрмені де болмай отыр. Үгіт жеткен жоқ. талап бірлікке келген жоқ. бірігу керек деген Мәмбеталиннің сөзі дұрыс, бірақ бұл бірігу халықты біріктіру мен оятып толқытуға құрылмаса бірігушілер де жалығып шаршайды. Күшті үгіт керек. ешкім жоқ жерде үстелді ұрғылай бермей, халықтың арасына барып шындықты айтуға өз мүшелерін міндеттеу керек. Билік өзгермей, кетпей ел дұрысталмайды. бұған бәрінің көзі жетті. Бірақ қалай кетіруде жол айқындалмаған. Тарихи әлемдік тәжірибелерді зерттеу керек. Қазақтың жанына жағатын үгіт-насихат жүргізу кеерек. Үгіті нашар болғасын бірлік де нашар, өлі теңіз секілді әлсіз.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
29.04.2012 09:16
+1 / -0
Негізі шіліктің бо"ындай болып шашырамай, алдағы маусымның екінші жұлдызында елдегі қымбатшылыққа, ұйымдасқан қылмыстың күннен-күнге өршіп бара жатқанына, басты мәселе Жаңаөзендегі қандастарды автомат оғымен баудай түсіріп қырып тастағанына қарсы барлығымыз да Алматыда болуымыз керек деп ойлаймын. Алдымыз жаз. Жатын жер таппасақ Абай атамыздың айналасы барлығымызға жетеді. Ана бір ешкім сатып алмайтын, киоскілерде тау-тау болып жататын "Егемен Қазақстан" деген газеттер астымызға "көрпе" боларды. Міне сонда ғана санымыз сан мыңдарға жетер. Одан бергісі міне мынау: көріп тұрсыңдар жекелеп жүріп "желкемізді үзіп" жатыр. Сен осылардан қорқар болсаң ұрпағың мәңгүрт болып, "қорқу, үрку, сыйлау" дегеннің не екенін білмей мәңгүрт болып кетері анық!

Кімнен: zheltocsan
29.04.2012 17:38
+0 / -0
жсдп, осдп, мысыдыпы дегендерді Қазақстанда қарапайым көп адамдар біле бермейді, айтсаң ол не деп өзіңнен сұрайды. Ал талибан, әл-Каида десең оның кімдер екенін бірден ұға қояды. Осыдан-ақ біле беруге болады аппазитсияны қандай күйде жүргенін.

Кімнен: Жебе
29.04.2012 17:49
+0 / -0
Бұндаи шағын митнгілерден әзірге ештеңе шықпаиды , сондада күресті тоқтатпауымыз керек . Келе келе , құрала келіп үлкен күшке аиналамыз , тек басты көтеріп ертеңге деген сенімімізді жоғалытпауымыз керек , ертеңіміз бізді алдамаиды . Армандарды шыңға аиналдырар күнде алыс емес . Жақсылықтың өз қасиеті кешігіп келіп жетіп орнығады бір жағынан сол жақсылықтарды қашан келер екендеп күтіп отыра беруге болмаиды шақыра білуіміз керек , соған қараи талпына білеиік . Жақсылықтың өзі бақыт құсы сиқты көзге түспеитін Аланың нұры , тек жолды сол бағытқа бұра білуіміз керек , жақсылыққа ғашық екенімізді Алла алдында білдіре білуіміз шарт . Қазақ халқы бақытқа лаиық халық , біркездері бақыт құсын қолынан ұшұрып алған қазақ қаита қолына қондырада алады . Бізді алда күтіп тұрғаны кішкенеғана серпіліс , көп болсақ кәзіргі билік бізбен санасады , аз болсақ құртып тынады , бүитіп өлген арманда кеткенмен бірдеи .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 18:29
+0 / -0
15 күн жұмысты тоқтату керек бүткіл елім,жерім деген
азаматтар сонда кімді жабар екен,сонда билікке қарсыларда
көбейеді,,,,,,,

Кімнен: миниатюра
01.05.2012 00:16
+0 / -0
тыныш митингі, тиыш қана бәрін айтып, бәрін жамандап кеткені дұрыс, МАИ қызметкерлері де күшті
Пікір алмасу

Кімнен: Қайсар Қайдан: Алтай
01.05.2012 19:58
+0 / -0
Бүгін, 1-мамыр күні әлемнің 140 елінде кәсіподақтардың бастауымен еңбеккшілердің ынтымақтастық күні ретінде,еңбек адамдарының өздерінің құқықтарын қорғау күні ретінде аталып өтуде. Бұл күн--той-думан емес, азаматтық күрес күні. Тек біздің елде ғана 16 миллион халықты дуалап есінен айырған бір қу алақтың ұйғарымымен өзінің алғашқы мән-мағынасы мүлде жойып, 1-мамыр сол алаяқты мақтап- мадақтайтын шоу-думанға айналып отыр. Жалпы,,адамзаттың бүкіл тарихында біздің залымдай басқа патша, король, хан болды ма екен. Бұл сауалымды әлем тарихшыларына арнаймын. Неткен гипноз,неткен айлакерлік! Қайдан үйренген, осының бәрін, кімнен тараған.
Кешегі ассамблея деген шоуды көріп отырып (басқа ешбір елде ондай "ассамблея" сияқты жасанды ұйымдар жоқ. тіпті нағыз көпұлтты Ресейде де жоқ), ондағы әр ұлт өкілдерінің "күн-көсемді" көзінше мадақтаған жәдігөй сөздерін естіп отырып, маған мынадай ой келді : бұл кәззап тек қазақтарды ғана емес, бүкіл 130 ұлттың өкілдерін де естерінен айырған ба,деп.
Аңқау елі бар арамза молда бақытты емес пе.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
02.05.2012 23:17
+0 / -0
Жұмбағын екі дүние шешемін деп,
Жалғанды жалпағынан кешемін деп,
Талайлар талпынса да бізден асып,
Тапқан жоқ тар жалғанның есебін көп. "О. ХАЙЯМ.


Қылыш бар деп қолымда өлтірме сен кісіні,
Қаламайды құдірет Сол ЖАУЫЗДЫҚ ісіңді,
Шыңдалмайды Сом болат Әлдекімге сұқсын деп,
Сығылмайды жүзімде ащы шарап шықсын деп. "Ә. РУДАКИ"
Пікір алмасу

Кімнен: Еркін Қайдан: Семей
03.05.2012 15:26
+0 / -0
Алтайлық Қайсар, сізге 100 пайыз қосыламын.
1-мамыр--еңбек күні, еңбектің жағдайларын жақсартуды (жалақы, бағаның өсуі, еңбек қауіпсіздігі, т.б.) талап ететін күрес күні. Бұл дата әлем бойынша осылай аталып өтеді. 150 елде еңбекшілер алаңдарға шығып өздерінің талаптарын билікке жеткізді. Еуропаны былай қойғанда Пәкістанда, Индонезияда, Малайзияда, Тайваньда,Индияда, т,б., мыңдаған, жүз мыңдаған адамдар өздерінің азаматтық праволарын қорғау үшін көшелерге шықты. Ресейде кәсіподақтардың бастауымен 150 000 адам орталық алаңға жиналып митинг өткізді. Оған қоса жеке партиялар да жақтастарын жинап шеруге шықты. Путин мен Медведев олардан шошып арттарына жіберіп қойған жоқ. Ал бізде 28- сәуір күні Абай алаңының маңына 200 адам, көбі пенсионерлер, жиналып еді,мыңдаған полицайлар ондаған автобустарды Достық даңғылының өн бойына тізіп қойып ,үлкен "шайқасқа " дайындалды.Терезелері жабылған осы автобустарды көргенде 86-жылдың 17- тоқсанында Брежнев алаңында тұрған Колбиннің автобустары есіме түсті.
Бірақ, менің айтпақ басты ойым былайша еді: кешегі комсомол-коммунистен шыққан алаяқ қу тәуелсіздік алған Қазақстанды қалайша өзінің басыбайлы жекеменшігі етіп алды. Қалайша халықты сыни ойлау қабілетінен айырып, күнделікті жейтін тамағын ғана ойлайтын тобырға, тобыр емес-ау, еш правосыз құлға айналдырды. Қазір 16-ғасыр емес, 21-ғасыр ғой. Осыған таңғаламын. Трибунадан шылғи өтірікті соғып тұр, оған өре түрегеліп қол соғамыз. Әлем бойынша еңбек күнін бірлік, достық күні деп өзгерте салды, оған қуанып той-думан жасаймыз. Қазір елімізде бағалар, тарифтер ж а п п а й өсіп жатыр, қарапайым халықтың тұрмыс деңгейі өте төмендеп кетті, ал біз болсақ бір бірімізге әніңді айтшы, биіңді көрсетші деп тойлатып жүрміз. Достық керек, әрине, бірақ дос адамдарға тамақ та керек қой. Біздің "күгн-көсеміміз" айтады : ең бастысы тату болу, төбелеспеу, басқа мәселелер тәйірі, түк те емес дейді. Бүкіл халықты зиялыларымен,ғұлама деп жүрген ғалымдарымен қоса есеңгіретіп жіберді. Циркте клоундар балаларды қалай алдаса, солай алданып отырған жайымыз бар. Бірақ, бүкіл халықты жас баладай (қазір жас баланы алдау да оңай емес ) арбап-алдау үшін қаншалықты дарынды циркач--сиқыршы болу керекІ Мойындауымыз керек : НӘН--адамзат тарихында сирек кездеметін феномен, құбылыс, мүмкін, соған қуансақ, не етеді.Кейін дүниежүзі тарихында жазылар : Қазақстан деген елде 20-ғасырдың аяғында 21-ғасырдың басында әлемде сирек кездесетін Н. Н. деген арамза (мошенник) басшы болған, деп.
Пікір алмасу

Кімнен: Жарас Қайдан: Алматы
03.05.2012 23:51
+0 / -0
Мына суреттегй полицайды танисыздар ма. 28-сәуір күні "взять его!" деп команда беріп тұрған осы сұмырай. Аты-жөнін біліп, бір қағаздың шетіне жазып қою керек. Кейін керек болады, Әділет соты болғанда. Жаңа өзенде халықты қырған қанішер жендеттердің аттары да уақыты келгенде аталатыны даусыз. Олар 70-тен асқан шалдар емес, өліп қалады ғой дейтін, жазаларын әлі өздері-ақ тартады.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?