Бейсенбі, 23 ақпан 2012, Алматы 05:12

САЯСАТ

«Билік атымызға кір келтірмек» дейді «Азат» ЖСДП

«Азат» ЖСДП өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «билік сайлау алдында бізге қарсы «қара пиар» жасап отыр» деп мәлімдеді.

«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Өткен аптада ресми ақпарат құралдары «ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының төрт мүшесі партия құрамынан кетті», «елдің шығысында жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан 30 мүшесі шығып кетті, енді олар «Ақжол» партиясына өтуге өтініш бермек» деген хабар таратқан еді.

Ал кеше ЖСДП Қостанай облыстық филиалының экс-төрағасы Геннадий Власов «партияның ұйымдастыру жұмысында өрескел қателіктер кеткенін», партиямен соттасуға дайын екенін айтты.

«АМАЛСЫЗДЫҢ ТІРЛІГІ»

«Азат» ЖСДП партиясы өкілдерінің айтуынша, «партиядан шықтық» деген азаматтардың арасында тек бір адам ғана партияның толық мүшесі болған.

– Халықтан сүйінші сұрап, күні-түні жарапазан сияқты Талдықорғандағы бір азаматты шығарып қояды. Шығыс Қазақстанда біз танымайтын азаматтарды шығарып қояды. Және осыдан екі жыл бұрын жұмыстан шығарып жіберген, қазіргі патриоттар партиясының төрағасы Геннадий Власовты шығарады. Мұның бәрі – амалсыздың тірлігі. Олар неге бағдарламамызды сынамайды? Неге біздің тізімдегі мықты-мықты азаматтардың сөзімен айтыспайды? – деді «Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатында.

САЙЛАУ ТІЗІМІНЕН ӘБІЛОВ ПЕН ЕРҒАЛИЕВА ТҮСІП ҚАЛДЫ

«Орталық сайлау комиссиясы Болат Әбілов пен Гүлжан Ерғалиеваны ЖСДП атынан парламент мәжілісінің депутаттығына сайлау құқынан айырды» деп хабарлады қаңтардың 10-ы күні орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.

– Салық декларациясын дұрыс толтырмаған деген себеппен, салық органдарынан ​​
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Астана, 20 ақпан 2011 жыл.
x
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Астана, 20 ақпан 2011 жыл.
​​бізге қағаз келді. Сол қағаз арқылы біз сондай шешім қабылдадық, – деді Бақыт Мелдешов Азаттық радиосына.

Орталық сайлау комиссиясы өкілінің айтуынша, ЖСДП партиясының атынан тіркелген бұл екі азаматтан бөлек, «Нұр Отан», «Ауыл», «Әділет» және Патриоттар партиясынан ұсынылған тағы төрт үміткер сайлауға қатысу құқынан айырылған.

Бақыт Мелдешовтің айтуынша, салық департаменті бұл азаматтардан «декларацияланбаған миллион теңге, мың доллар, жер учаскелері, пәтерлер, көліктер тапқан».

«МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНДА СЫНАҚТАН ӨТКЕН ЖАҢА ТӘСІЛ»

Экс-кандидат Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, «бұл – биліктің қолайсыз кандидаттардан арылу тәсілдерінің бірі».  

– Орталық сайлау комиссиясы қолайсыз кандидаттарды сайлаудан шеттету үшін жаңа тәсілдер қолданып жатыр. Алғашында олар бұл тәсілді өздеріне ұнамайтын 
Guljan.org интернет-порталының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
x
Guljan.org интернет-порталының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
​​мәслихат депутаттарына қолданып көрді. Алматыда қарсы көзқарастағы жастарды салық департаментінің көмегімен сайлаудан шеттеткізгенін білеміз. Бұл ақымақтық қой! Шын мәнінде бұл белсенді кандидаттарды шеттету. Сондықтан бұған еш таңқалуға болмайды, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Ол Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған қоғамдық комиссияға мүше ретінде енгенін айтып, сайлаудан шеттетілуін сол комиссиядағы қызметімен де байланыстырды.

– Осы комиссияның өкілдері ретінде биліктің өз халқына қарсы жасаған қылмыстарын ашық мәлімдеп жатырмыз. Әрине, бұл Ақордаға ұнамайды. Ақорда қобалжып отыр, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Ол бұл жайтқа байланысты сотқа шағым түсірмейтінін, себебі «біріншіден, уақыт аз екенін, екіншіден, Қазақстан сотына сенбейтінін» айтты.  

«МҰНЫМЕН ТОҚТАМАУЫ МҮМКІН»

«Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбайдың айтуынша, «орталық сайлау 
«Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай. Алматы, 20 желтоқсан 2011 жыл.
x
«Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай. Алматы, 20 желтоқсан 2011 жыл.
​​​​комиссиясы осыған дейін түрлі желеумен партияның төрт мүшесін кандидаттар тізімінен шығарып тастаған». Оның ойынша, мұның саяси астары бар.

– Барлық декларациямызды микроскоппен қарайтынын бәріміз білеміз. Сондықтан мұнымен тоқтамауы да мүмкін, – дейді Жармақан Тұяқбай.

Қазір «Азат» ЖСДП атынан сайлауға қатысатын 48 кандидат қалды. Жармақан Тұяқбай «салық органдарының неге шүйліккенін анықтай алмай отырғанын, қаулыны сотқа беру-бермеу мәселесін әлі шешпегенін» айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 20:37
+0 / -0
Әлі де кеш емес - бұл сайлауға бойкот жариялау керек. Ал тіпті сайландым деген күнің өзінде де бұл "пиррова победа" болмақ
Пікір алмасу

Кімнен: Астана тұрғыны
10.01.2012 21:19
+0 / -0
Дұрыс айтады байкот жариялаңыздар!!! Бұл бетте жеңілесіздер ЖСДП!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 22:48
+0 / -0
сайлауға қатысу керек. билік оппозицияны ашық шайқасқа шақырып отыр, ал енді не істей аласың деп отыр ғой. сайлаудың әділ өтпейтіні белгілі. сол кезде халықты митингке бастап шыға алуы керек оппозицияның
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 23:27
+0 / -0
Дайынбыз!
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
11.01.2012 09:10
+0 / -0
акырындап Бутя мен Гулжанды сайлаудан шыгарды.
ал Туякбай парламентке отип журмесин. Ол баягы Байменов сиякты оппозициянын арасына жиберген билiктiн адамы болып журмемiн!!!!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
10.01.2012 21:05
+0 / -0
Мына билік орындарындағы "Нұр-Отан" басшысының өзінің деларациясын микроскопсыз қарамай-ақ көруге бо...

Әй, бұл иттерге... сөзімді шығындамай-ақ қояйыншы.
Пікір алмасу

Кімнен: Ауыл баласы
11.01.2012 00:02
+0 / -0
Қарамағындағы мүшелеріне ие бола алмаған партия!!! Қазақстандай дүбірлі елдің тізгінін қалай ұстамақ! 10 ұйықтасамда түсіме кірмейді. Күлкілі!!!!

Кімнен: Жәй адам
10.01.2012 21:49
+0 / -0
Сайлаудың алдында Н.Ә.Назарбаев жергілікті әкімшіліктер сайлау мәселесіне араласпасын деп түбегейлі айтты. Бірақ қазір өмір көрсетіп тұрғандай, елге ізгіліктің дәнін себуші мұғалімдер мен дәрігерлердің басшыларын әкімшілік күнде шақырып, оларды "ұры отанға" дауысты молынан жинауға мәжбүрлеп отыр. Нақты мысалы, әрбір бюджет қызметкерінің қолына арнайы кесте беріліп, онда өзінің 10 туысы мен көршісінің мекен-жайларын, куәлік номерлерін жазуды міндеттеуде. Сонымен бүгінгі биліктің "заңдастырылған ұрылары" енді бәрін қойып, дауыс ұрлауға шықты. Тіпті "пахандарының" (президенттің) айтқандарын да тыңдамайды, әбден құнығып алған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:49
+0 / -0
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?
Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!

Кімнен: Alash_kazagy Қайдан: Алматы
10.01.2012 22:14
+0 / -0
2011 жылдын соны биликтин бет пердесинин шешилип, ашык терроризмге шыккан кези болды. Баска козкарастагыларды бурынгыдай абайлап емес жанталаса ойланбай шеттетуге кошти. Куттыктаймын халкым бул режимнин кулауынын алгашкы ирге тасы, жане оны сол биликтин ози калады. Ендиги маселе халыктын конил-куинде болмак. Жанагы шеттетилген азаматтар бар. бурын басы косылмаган жандар бар, барлыгынын жауы бир. ал биликтин копшилик арасында колдаушысы жок. Тубинде ким женетинин болжай бериндер!
Пікір алмасу

Кімнен: Бакен Қайдан: Мамайдан
11.01.2012 00:15
+0 / -0
Сөзіңнің жаны бар-ау!

Кімнен: Дендері сау емес
10.01.2012 22:21
+0 / -0
«Билік атымызға кір келтірмек»
****************************************
Жаңаөзен қырғынынан соң да биліктің жалған сайлауына қатысуды тоқтатпай, әбден былғанып біткен сендерге қалай "кір келтіру" мүмкін? Осылардың дендері сау емес.

Кімнен: Казак Қайдан: Алматы
10.01.2012 22:33
+0 / -0
Дени сау емес, коя тур. Олар Жанаозен окигасынан тыным таппай батыска бирнеше барып келди, когамдык коммиссия курып шынайы акпарат таратуга оз улесин косты. Ал сен мен тук битирген жокпыз али. Сондыктан биликте жок адамдарды жамандау керек емес. Бирак сенин аты-жонин куманди екен, ай аты ондай адам осы салмакты ой айтуга жарамайды-ау шамасы! ха ха ха
Пікір алмасу

Кімнен: Дендері сау емес
11.01.2012 01:54
+0 / -0
Қазақты талай рет қылышытап қанға бояған орыстың жетісулық казагі, сен не, Назарбаевтың қандықол билігі не, бәрің ұлтымыздың жауысыңдар. Сондықтан ха-ха-халамай өшір үніңді, кәпір. "Досыңның кім екенін айтсаң өзіңнің кім екеніңді айтам" дегендей, ОСДП-ны сен сияқты сұмырайдың жанын сала қорғауы олардың шын мәнінде кім екенін дәлелдейді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 23:06
+0 / -0
Әй, қу шұнақтар-ай, айттым ғой, халықты қыздырмаңдар, өздерің көтеріліске шақырмаңдар деп!
Бұның бәрі тегін емес, есі дұрыс басшының баратын ісі емес. Ұйымдасқан қарақшылардың ісі бұл.
Алдымен атты, одан зорлады, қинады, азаптады, бүкіл елді мекенді геттоға айналдырып қамап тастады, одан сайлауға қатыспайсың деп алып, ойбай қатыстырам деп шықты. Халық әлі де тыныш отыр еді, енді өздеріне қауіпті кандидаттарды тізімнен алып тастап тағы да ши жүгірте бастады.
Ойбай, халыққа тыныштық бересіңдер ме, жоқ па? Неге отырған жерімізге от шаша бересіңдер? Сендерге не керек өзі?
Жай жатқан халықты көтергілерің келіп тұр ма?
Тыныш жатқызатын түрлерің жоқ қой, зәнталақтар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 23:24
+0 / -0
"ОСДП - АЗАТ" үшін ең дұрыс шешім - БОЙКОТ жариялау! Тек сонда ғана халықтың сеніміне ие болулары мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Астана
11.01.2012 00:30
+0 / -0
Ассаламу алейкум! бауырлар, шын мәнінде биліктің жасап отырғаны сондай бір лас нәрсе болып кетті, Алла тағала адамдарға ақыл берді, сол ақылмен кішкене ғана ми бар адам ойлап қараса біле алады, түк керек емес, сезім де, дүрмекке ілесуде керек емес, кішкене ғана ми керек! Адамдарды заңсыз қудалау. жала жабу, қамау - бұлар адамгершілікке жат нәрселер. Қатты ұят болды, бұлар кішкентай баладан да күні төмен екен. Айналдырған аз қазақ бір-бірін демегеннің орнына қырқысып бітті. Бұнің бәрі біздің биліктің қадыры қалмағанын күн санап көрсетуде. Халқым менің не істесең соны істе! бірақ мына биліктің құны қалмағанын түсініңдерші айналайындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:57
+0 / -0
Енді кеш. Басқалар сияқты сайлаудан бірден бас тартпағасын, енді тек Бутяларды сайлаудан алып тастаған соң ғана амалсыздан бойкот жасаған болып шығады. Қысқасы, ОСДП масқара болды!

Кімнен: Қазақтың қара баласы
11.01.2012 00:15
+0 / -0
Осы қолдарынан дым келмейтін «Азат» ЖСДП сияқты партиялар, қашан өтірік билікке күйе жағуын қояды екен !!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 10:10
+0 / -0
Бүгін Шукеевтен Сұрайын саған беретін 25000теңге қалдыма екен!!!

Кімнен: Ақтаудан
11.01.2012 01:27
+0 / -0
Жаңа әкім Мұқаметжанов мекеме басшыларын жинап алған, содан бір сағаттай күттіріп қойған, ақыры келіп 5 минут орысша жиналыс өткізген. Сондағы айтқаны - қарамағыңдағы адамдардың сайлауға баруын қамтамасыз етіңдер, бірақ бұйрықты ауызша беріңдер, ешқашан жазбаша бермеңдер деген. Міне, біз жаңа әкімнің жұмыс жасау стилімен осылай таныса бастадық, түбі жақсы емес.

Кімнен: елік Қайдан: марыс
11.01.2012 08:59
+0 / -0
Байкот жариялап, зиалы қауыммен бірге теңдік сұрап ашық күреске шыққан жөн. Негізі азаттықтарды Александр Машкеевич Азат Перуашев арқылы қолма-қол ақшаға сатып алып жатыр деген сөз бар ел ішінде. Шамасы, келешекте мұсылмандарға қарсы күресінде қазақстандықтарды да пайдаланбақ ниетте шығар. Соған алдын ала дайындалып, таяуда Қазақстанның "Барыс" орденін алды. Келешекте "Еңбек ері" мен "Халық қаһарманын" алуы да ғажап емес. Содан кейін мұқым қазақ соның ғана бұйрығын бұлжытпай орындайтын болады-ау шамасы.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
11.01.2012 11:07
+0 / -0
Егер халыққа шамалы жаны ашып, елін ойлайтын партия болса, ол осы ЖСДП. Бұл биліктің бұл масқарасын күніге Хабар мен Қазақстан арнасынан жаңалықтардан көріп жүрміз ғой. Шындығына келгенде биліктің бұл спектакльіне ешкім сенбейді. Қазір Аллаға шүкір халықтың көзі ашық, анау олай айтты десе сенеберетін, әсіресе жаңалықтардағы өтірік көпірмелерге ешкім сенбейді. Мен кеше Қазақстан ұлттық арнасына өтініш айтқанмын, биліктің құлы болмай, бір мезгіл халық үшін қызмет етіңіздер деп. Сіздерге байкот жариялау кеш, енді тек қана осы беттеріңізден қайтпай сайлауға дайындалыңыздар.
Пікір алмасу

Кімнен: Тілекші Қайдан: Бейнеу
11.01.2012 11:27
+0 / -0
"Олар қолдарына «Бейбітішілік болсын!» деген жазуы бар ақ мата ұстап тұрған. Міне, алаңда болған қанды қырғынның ертесіне де бейбіт келісімге келуге ұмтылған Жаңаөзендіктердің бұл қылығы мені қатты таңғалдырды,
желтоқсанның 16-сынан 17-не қараған түні қанды қырғынды басынан өткеріп, туысқандарын жоғалтқан халықтың тағы да бейбіт шеруге шығуы мұнан да өткен таңғаларлық нәрсе... Мен қызыл сөздің адамы емеспін, бірақ бұл – МАҢҒЫСТАУЛЫҚ адамдардың РУХЫның ең биік көрінісі еді"",- дейді Ресейдің «Новая газета» басылымының тілшісі Елена Костюченко.

ЖаңаӨзен ХАЛҚЫның бейбіт ереуілін арандатып, артын қантөгіске айналдырған БИЛІКтің қитұрқы саясатын көрген Қазақстандағы ЖАНДАРЫ ашитын қазақ бауырлар, көшеде жүрген халықты және бас амандығын сақтап қалу үшін тырым-тырақай болып қашып бара жатқан халықты, әскери автомат мылтықтан ОҚты қарша боратып атып, жазығы жоқ 17 адамды ПОЛИЦЕЙ жендеттердің қолымен қырып тастағанын ӨЗ көздерімен Видеодан көрген, немесе естіген Қазақстандағы ЖАНДАРЫ ашитын қазақ бауырлар, "Мен білмей қалдым, мені бәрі алдады",- деп қара басын ақтап алуға тырысқан Ұлт ЛИДЕРінің өз аузынан шыққан сөздерін естіген Еліміздің БАРЛЫҚ облыстарындағы қазақ бауырлар ЖАҢАӨЗЕНДІКтерді қолдаңыздар. Қолтығына демеу, басына сүйеу болыңыздар дейміз.

Ал енді 15-ші қаңтар күні болатын CАЙЛАУ ЖАЙЛЫ ҚАШТЫ-ҚУДЫ пікірлерге берер НАҚТЫ жауаптар мынандай.

"Барлық учаскелерінде бюллетеньдер артығымен сақтаулы тұр. Сайлауға барғанмен де комиссия мүшелері түгел ұрыотандікі, сондықтан протоколды бәрібір солар толтырып қол қояды. Олар тіпті бюллетеньдерді санамайды да, басын қатырып қайтсін-ай. Бәрібір артынан ешкім тексере алмайды, 2-3 айдан кейін сірә өртеп жібереді, сонымен тәмам",- деп жазған "Аты-жөні көрсетілмеген" қонақтың пікірі дұрыс.

БҰЛ өкінішке орай, ҚР-да 20 жыл бойы орын алып келген сұрқия ақиқат. Бұған билік ылғи айлакерлікпен қол жеткізіп отыр.

ДЕЙТҰРҒАНМЕН сайлауға бару керек, АҒАЙЫНДАР.
Сайлауға қатысу және таңдау жасау құқығы, қазіргі қасқа болып отырған қарапайым халыққа БЕС жылда бір рет беріледі. Сондықтан бұл сайлауда ОСЫ құқыңды дұрыс пайдаланып қалу жолын ойлаңыздар, бауырлар. Біздер де айлакерлікті үйренейік және іс жүзінде пайдаланайық.

Сайлауға бармай қалу деген, байкот жасаймыз деген пікірлер ҚАТЕ түсінік.
Онымен ешкімді де мұқата алмайсыңдар. Билікке керегі, ӨЗІНЕ дауыс бермейтіндердің келмей қалғаны, сайлауға қатыспағандары тіпті жақсы. ОЛАРдың тілегі де сол.

Сондықтан, ақылға келіңіздер, САЙЛАУҒА міндетті түрде бір кісідей қатынасыңыздар !!!! Міндетті түрде дауыс беріңіздер.

Кімге дауыс беретіндеріңді ДАБЫРА қылып, алдын ала айтудың да қажеті жоқ. Оның өзіңе пайдасы аз және билікке сырыңды ашып қоясың.

СОНДЫҚТАН сайлау кабинасының ішіне КІРде, БИЛІКТІҢ партиясынан БАСҚА, ӨЗІҢНІҢ көкірегіңде уақытша болса да сенімге ие боларлықтай біреуін таңда да, соған дауыс бер.

Бюллетенді ШЫТПАҚТАП кетуің немесе НӘН кет деп жазуың, не болмаса бюллетенді бүлдіріп кетуің ТІПТІ де ДҰРЫС емес. Ондай бюллетендерді САНАҚҚА алмайды. Сөйтіп сайлауға барған еңбегіңді босқа зая кетіресің.

БІРІНШІден: сайлауға барып дауыс беруің бес жылда бір рет қолыңа тиетін конституциялық ҚҰҚЫҢДЫ өзге емес, ӨЗІҢнің пайдаланғаныңның белгісі болады.
ЕКІНШІден; сайлауға қатысқаның ӨЗІҢнің САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢнің, нақты іске асырғаныңның АЙҚЫН белгісі болады.
БҰЛ, әшейіндегі ауызша көпіріп, компьютерден жұдырық көрсетіп, бұқпантайланып күн кешкеннен, ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ өсіп жетілуіне, САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢНІҢ артуына КӨП пайдасын тигізеді, Ағайындар.

САЯСИ, РУХАНИ, ӘЛЕУМЕТТІК және тағы да басқа әділеттіліктер Қазақ ЕЛінде тезірек орнасын десеңіздер, пікірімізді қабыл алыңыздар.
Мүмкіндігіңді пайдаланып қалыңдар, Маңғыстаулық АҒАЙЫНдар және Қазақ Елінің басқа да облыстардағы ТІЛЕУЛЕС әлеумет !!!
Кезек екі рет берілмейді. Іске Сәт, ҚАЗАҚ бауырластар, сайлауда тілектеріңіз орындалып, тілеулеріңізді Алла қабыл қылғай, Әмин.
Пікір алмасу

Кімнен: Шаймерденұлы Қайдан: Алматы
11.01.2012 15:00
+0 / -0
ЖСДП-ның қазіргі жағдайы-жапалақты таспен ұрсаңда жапалақ өледі, жапақапен тасты ұрсаңда жапалақ өледі. Сондықтан ЖСДП-ға кез келген мүмкіндікті пайдаланып ҰРЫ билікті ұрлығын әшкерелеп, әлем алдында масқаралау керек. Шырқыратып шындықты айтып-ХАЛЫҚТЫ көтеру керек сайлау өтісімен. Шегінер жер жоқ.

Кімнен: Казак Қайдан: Алматы
11.01.2012 17:44
+0 / -0
Айналайын, дендері сау емес! Жетісудің қазағы, оңтүстіктің қазағы, солтүстіктің қазағы дегенді қазіргі жастар айтпауы тиіс. Жүз-жүзге бөлінген казакты билемизгой тарихта калай олжалы жерден улестен, жоралы жерде жолдан айрылганын. Ахмет Байтурсынулы айткан: бизге озгелерге жем болмас ушин билимди бай куатты болу керек . Билимди болу ушин оку, бай болу ушин касип, куатты болу ушин бирлик керек деп. Сондыктан ашулансанда жанагындай создерди копшилик орындарда айтпа. Бир менин жеке басыма айтамын деп буткил бир аймактагы казактарды жамандап отырганынды тусин. Мусылманнын жауына да айтпайтын создер емес пе анауын. Оз бауырларынды жамандап жаксылык таппайсын. Озин аты-жон деген жерге жаман нарсе жазып койган екенсин соны азил еттим, катты тисе айып етпе!

Кімнен: Ersin
11.01.2012 21:35
+0 / -0
Журналисты спрашивают у фермера:
- Скажите, как у вас прошел год.
- Не поверите, замечательно. Урожай зерна хороший - без хлеба не
останусь, картошка удалась - опять таки буду не голодный, а еще свинья
опоросилась...
- Вы не хотели бы поблагодарить за это президента?
- Да с чего ж? Пахал сам, сеял сам, растил и собирал опять таки сам - в
чем тут его заслуга.
- Как так? (жестко) А вы подумайте!
- А, ну ежли подумать, то насчет свиньи не отрицаю, тут всяко могло
быть...

Кімнен: Бекешев Нұрсұлтан Қайдан: ОҚО Шәуілдір
11.01.2012 22:43
+0 / -0
Азат ЖСДПның сайлауалды бағдарламасы көңілге қонымды екен. Ендеше таңдауымыз Азат ЖСДП болсын қазақ елі!
Пікір алмасу

Кімнен: жастық
12.01.2012 19:03
+0 / -0
Дариға Назарбаева "Жаңа өзендегі Бұл трагедияның себебі біз ойлағаннан арыда жатыр. Ол тек еңбек дауынан ғана туындамаған" деген сөзінің жаны бар! Жаңаөзен көтерілісі Қазақ ұлты атынан қазіргі отбасылық мәңгүрттік билікке қарсы қазақ тәуелсіздігін қорғау үшін атылған алғашқы оқ! Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің. Қазақ қазіргі билікке өш. Өзге ұлттардың да ұнатып тұрғаны шамалы! Билік ауыспай мәселе шешілмейді. Ұлтшылдар ұйқтай бермей қабырғаңмен ақылдаса жүр.


Кімнен: Қыр баласы
16.01.2012 13:43
+0 / -0
Нұр отан тағыда ерледі. Сайлауда халық кімді жақтайтындарын тағы бір мәрте дәлелдеді

Кімнен: Алаша
16.01.2012 15:41
+0 / -0
Әлем назарын өзіне аударған парламент сайлауында Қазақстан халқы тағы да Нұр Отанға сенім артып, дауыс берді

Кімнен: қып баласы
16.01.2012 15:44
+0 / -0
Артта қалған 20 жылдық асу Нұр Отаннның саяси қызметінің жемісі! Осы сайлаудағы жеңіс билік партиясына деген халықтың сенімі! Біз Нұр Отанмен біргеміз!

Кімнен: белка в колесе Қайдан: Оскемен
16.01.2012 19:11
+0 / -0
"Нур Отаннын" жениси - биздин женисимиз!!!!!Себеби биз сенип арткан партия Нур Отан!!!

Кімнен: Айман Қайдан: Қызылорда
17.01.2012 15:11
+0 / -0
Жастар біздің болашағымыз дейміз. Жастарға үлгі болайыыық, күлкі болмайық.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен