Бейсенбі, 23 ақпан 2012, Алматы 05:18

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Саяси оппозицияны қудалау

Оппозиция Алматының орталық алаңында жиын өткізді

Оппозиция белсенділері парламент сайлауының алдын-ала ресми нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеп, наразылық білдірді. Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған шара тыныш аяқталып, жұрт тарап кетті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мүшелері парламент сайлауының ресми нәтижесіне наразылық ретінде сайлау хаттамаларының көшірмелерін өртеді. Алматы, 17 қаңтар 2012 ж.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 17-сі күні орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент сайлауының түпкілікті нәтижесін жария етті.

ОСК сайлауда жеті пайыздық межеден өткен үш партия – «Нұр Отан» (80,99%), «Ақ жол» (7,47%) және Қазақстанның коммунистік халық партиясына (7,19%) парламент мәжілісінің депутаттық мандаттарын да бөліп берді.

– «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына парламенттен 83 депутаттық орын, «Ақ жол» демократиялық партиясына 8, Қазақстан коммунистік халықтық партиясына 7 орын берілді, – деді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов баспасөз жиынында.

«БҰДАН КЕЙІН БИЛІКТІҢ ЕРЕЖЕСІМЕН ЖҮРМЕЙМІЗ»

Қаңтардың 17-сі күні сағат 13.00-де, ОСК мәліметі бойынша «1,19% дауыс алған» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) жетекшілері Алматының орталық алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналып, кезектен тыс парламент сайлауының нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеп, жұрт алдында сөйледі.

Оппозициялық партия жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, бұл жерге партияның саяси бюро мүшелері ғана келген. «Халықты қанға бөктіргіміз келмеді» деген Тұяқбай:

ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов (сол жақта) пен төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.
x
ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов (сол жақта) пен төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.
​​– Сайлау деген сайқымазаққа, біздің партиямызға жасаған әділетсіздікке наразылығымызды білдіру үшін келдік, бұдан кейін биліктің ережесімен жүрмейміз, – деді.

Партияның тең төрағасы Болат Әбілев «митингіге жиналғандарға қарсы күш қолданылатыны туралы ақпарат алғандықтан бүгін жақтастарын түгел ертіп әкелмегенін, бірақ жуықта тағы да митингі өткізетіндерін» айтты.

Ол «сайлау кезіндегі заң бұзушылық фактілердің барлығы жинақталып салынған Guljan.org cайтын биліктің жауып тастағанын» айтты.

– Біз бұл сайлаудың қорытындысын мойындамаймыз. Билік 20 жылдан бері заңсыз отыр. Жемқорлар мен мылжыңдардың партиясын қуу керек. Саяси тұрғыдан да, тарихи тұрғыдан да Назарбаев біздің елімізді тығырыққа, апатқа апара жатыр – басқа жол жоқ. Біз бұл парламентті таратуды талап етеміз! – деп аяқтады сөзін Болат Әбілев. 

«ДЕМОКРАТИЯ ӨЛДІ»

ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов «осыған дейін халықта да, біздің партиямыздағы кейбір адамдарда да Назарбаев халықпен санасар деген үміт болған еді, бірақ ол үміт кеше толық үзілді» дей келе:

– Сол үмітпен бірге халықтың президентке, билікке деген сенімі де үзілді. Қазақстанда осыдан екі күн бұрын, яғни 15 қаңтарда демократия өлді. Оны билік өлтірді, – деді.

Митингіге жиналған жұртшылық та осы тұста «Ол үміт баяғыда өшкен!» деп қосыла айғайлап жатты.

Бұл жиында ЖСДП мүшелері Болат Әбілев, Гүлжан Ерғалиева, Балташ 
ЖСДП басшылары сайлау хаттамасы көшірмесін өртеп тұр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.
x
ЖСДП басшылары сайлау хаттамасы көшірмесін өртеп тұр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.
​​Тұрсынбаев, Маржан Аспандияровалар да сөйледі.

Жиын соңында ЖСДП жетекшілері сайлау комиссиясы берген хаттамаларды жұрт көзінше өртеп, қарсылығын білдірді. Бас-аяғы жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған жиын бейбіт түрде тарады.

Оппозиция белсенділері «алаң маңынан тасалау жерде ішінде полиция жасағы бар бірнеше автобустар тұр» деген еді, бірақ ескерткіш маңына полиция киімін киген бірен-саран адам мен прокурор ғана келді. Алаң жанындағы көпқабатты үйдің бірінің үстінде арнайы аппарат қойған беймәлім 4-5 адам ғана тұрды.

ЖСДП жетекшілерінің наразылық акциясынан түсірілген видео:

​​

«КЕМІНДЕ ЕКІ ПАРТИЯ ӨТКІЗУ НИЕТІ»

ЖСДП кезектен тыс парламент сайлауының алдын-ала ресми нәтижесін мойындамайтындарын бұған дейін де мәлімдеген.

Дүйсенбі күні партия басшыларының бірі Болат Әбілев сайлаудағы заң бұзу фактілерінің барлығын тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

– ЖСДП сайлауды бұрмалағандардың аты-жөндерін жариялай бастайды. Олардың арасында билік өкілдері де болады. Біз оларға демократиялық елдерге бара алмайтын мәртебе беруді талап етеміз, – деді Болат Әбілев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақтастарымен бірге "Нұр Отан" партиясының жеңісі құрметіне ән айтып тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл.
x
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақтастарымен бірге "Нұр Отан" партиясының жеңісі құрметіне ән айтып тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл.
​​Сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы «Қазақстандағы парламент сайлауы демократиялық талаптарға сай өткен жоқ, билік шынайы плюралистік сайлау өткізуге жағдай жасамады» деген баға берді.

– Біз парламентке кемінде екі партия өкілін өткізу ниетінің бар екенін байқадық. Бірақ билік шынайы плюралистік сайлау өткізуге қажетті жағдай жасамады, – деді мәлімдеді ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш дүйсенбіде.

ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының миссиясы кейбір саяси партиялардың сайлауға қатыстырылмай қалғанын және бірқатар үміткерлердің қандай да бір заңдық негізі болмаса да сайлаудан шеттетілгенін айтқан.

АҚШ мемлекеттік департаменті халықаралық бақылаушылардың Қазақстандағы парламент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтпеді деген пікірімен келісетінін білдіріп, арнайы мәлімдеме таратты. Онда «Қазақстанда 15 қаңтарда өткен парламент сайлауы демократиялық ұстанымдарға сай келмейді және сайлау барысына оппозициялық партиялардың араласуына кедергі жасалды» деп жазылған.

Қазақстан қоғамы «көппартиялы парламентке мұқтаж екенін» айтқан президент Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қарашаның 16-сы күні парламент мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде елде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 
Кімнен: Гульмира Қайдан: Алматы
17.01.2012 13:43
+0 / -0
Сайлау дұрыс өтті. Күмәнім жоқ.
Тыныштық сақтау керек.
Көппартиялы парламент болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы, Сәтбаев көшесінен
17.01.2012 14:14
+0 / -0
Не деп тұрсыз, 17 қаңтар күні алаңға шыққан Болат, Гүлжан, Әміржандардың айтқаны халықтың айьқаны. Әміржан дұрыс айтады Халық - құдайдың бір аты. Билік жазықсыз халықты Жаңаөзенде қырды, бұл бір, Нұротан сайлау 2012-де көзбояушылық жасады, бұл екі.
Пікір алмасу

Кімнен: Ashyirbtk Қайдан: almaty
17.01.2012 14:53
+0 / -0
100-ге жетер-жетпес адам шықтық, оның жартысы "азат" жсдп-ның өздері болды, сонда 50-шақты адам 15-20 минут тұрып, тайып тұрды. Өз қолдаушыларының сиқы мұнша мардымсыз екенін көргеен "Азат" ЖСДП партиясы енді партияны жауып, тарап кеткеннен басқа жол жоқ. абилов саудаға, жармахан пенсияға, әміржан билікке, гүлжан ергалиева стриптизда жалаңаштанып өнер көрсетуге кетеді деген сөз расқа айналайын деп тұр. Әшірбек
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
17.01.2012 15:58
+0 / -0
1000-ға жуық адам шықты алаңға, бұл дайындықсыз келгендері. Көшеден "көре салайынч, мұнда не боп жатыр екен" деп келіп қосылғандары қаншама. Абилов ер азамат, айтқан сөзі мірдің оғындай. Әміржан да үндемей қалған жоқ осып осып тұрып айтты. Гүлжанға да оңай емес. Енді оппозиция қандай болса да халық билікті жеңеді. Әшірбек аздап жаурап кеткен соң зып беріп акиматқа кіріп кеткен болар.
Пікір алмасу

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Латвия
17.01.2012 18:43
+0 / -0
Әшірбек өте мардымды жазыпсың, жарайсың, мынау әлсіз адамдардың жарты сағаттық сапасыз мультипликациялық фильдерін тамашалағанша кафеге кіріп шай ішуге кеткенің дұрыс болған бауырым. Мақаладағы сөздерді оқып вокзалдағы аялдамаға тоқтаған поездан түскен ұйқылы ояу жуынбаған адамдардың кейіпін көргендеймін. Халық сендерге сенбейді. Сендер өздеріңе берілген мүмкіндікті жіберіп алған жансыңдар. Кезінде өздерің ас ішкен жерге түкіргендер, енді өздеріңнің қақырықтарыңа қақалыңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: kanat Қайдан: almaty
18.01.2012 11:14
+0 / -0
да дұрыс айтасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 15:26
+0 / -0
ой, осы Гульжан дегендерді көргенде "Өзің диуанасың, кімге пір боласың" деген сөз ойыма орала береді)))))
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 07:27
+0 / -0
Болат пен Гүлжанның тандемі жүрген бір анекдот. Клоундар.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: жаңаөзен
17.01.2012 19:33
+0 / -0
Сайлау әділетсіз өтті, демократия өлді. НАНмен бирге сорл әділетсіз сайлауды бирге тойлап куанган әншілерге катты конилим калды. Солар ақшалары біткенде концерт қоюга али талаи келер маңгыстауга корермиз қалаи қарсы алатынын оларды халық
Пікір алмасу

Кімнен: ДАКЕ
18.01.2012 11:49
+0 / -0
САЙЛАУ дейди? бизде сайлау оттима не, алде кешеги 15 кантардагыны айтып отсындармааа?! Ол сайлау емес халыкты мазак кып ойнауго, ол сайлау емес биреудин багын байлауго, ол сайлау емес НУРОТАН деп сайрауго!!!!!!!!! Бизде сайлау отпегели кашааааааааааааааан!? Шынымды айтсам сайлауга баргым кеп жур
Пікір алмасу

Кімнен: DancerMek Қайдан: Chester
18.01.2012 12:04
+0 / -0
У человека можно отнять всё, кроме одного: последней свободы человека — выбирать собственное отношение к любым обстоятельствам, выбирать собственный путь.
Виктор Франкл
Вот и народ выбрал во что они верят а они верят В Нур-Отан
Пікір алмасу

Кімнен: erbol Қайдан: astana
18.01.2012 12:46
+0 / -0
толық келісеміз! сайлау жақсы өтті!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 20:51
+0 / -0
дұрыс оппозиция жоқ жерде дұрыс сайлау болмайды. М.Тайжан маған ұнады, осы жігіт бастап оппозициялық жаңа партия құруы керек шығар. бізге шынайы, халыққа жақын, қазақша сөйлейтін оппозиция керек. мыналар сияқты 30 адам жиналып, 30 минутқа жетпей ешкім қумаса да өз өзінен тұра қашатын, әбден ыстық суығы басылсын екі аптадан соң жиналайық деп жындының сөзін айтатын оппозицияның бізге қажеті жоқ.

Кімнен: Есен Қайдан: Алматы
17.01.2012 13:55
+0 / -0
Қазақстанда ешқашан демократия болмайды. Ол Утопия. Қазақстан қазір НӘН-пен оның кланының жекеменшігі. НӘН кеткесін соның орнына келген "ашқарақтың" жекеменшігі болады. Бұл жағдай әзірге өзгермейді. Ол үшін қазақ халқы, оның саяси көзқарасы мен талай мінездері өгеруі керек.
Пікір алмасу

Кімнен: erdos Қайдан: almaty
18.01.2012 17:47
+0 / -0
Есен сен қателесесін ау деймін! Біріншіден АЛЛАНЫҢ арқасы, екіншіден Н.Ә.Назарбаевтің саясатының арқасында шығар деп білемін. еліміз тыныш, жұртымыз аман, қарнымыз тоқ. соларды неге ойламаймыз! ойланайық жолдастар!
Пікір алмасу

Кімнен: дұшпан-дұшпан Қайдан: талибан
19.01.2012 17:57
+0 / -0
Нұрсұлтанның 20-жылдық саясаты ақыры қүнәқарлыққа айналды. Бұл баршамызға мәлім. Жаңаөзен құрбандарының төгілген қаны - ақорданың төрінде отырған Нұрсылтан енді Қансұлтан болып аталатын, өзі-өзін сайлап жүрген президенттің қылмысы. Ол ақыры жазаға тартылады.
Пікір алмасу

Кімнен: Елdос Қайдан: Талғар
22.01.2012 00:27
+0 / -0
Ердосик, сол НӘН әу бастағы мерзімінен кейін кеткенде, Қазақстанның тарихында есімі алтын әріппен жазылып, тарихта нағыз патша кейпінде қалған болар еді. Ал қазір шіріп-іріңдеген көкөніс сияқты шылқып жатқаны беделсіздіктің дариясына күн сайын батып....
Ертең оның қадірі қалмайтынына қынжылып тұрмын мен.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
17.01.2012 14:01
+0 / -0
«Өйткені халықты қанға бөктіргіміз келмеді» деп түсіндірген Тұяқбай «бұдан кейін биліктің ережесімен жүрмейміз» деп мәлімдеген.

Бір сөзің бір сөзің кері болып жатыр-ау Жақа? Халық не үшін қанға бөгуі керек? Халық торғай емес қой қаншама жауыз болғанмен пытырлатып ата беретін мына Назарбайдың қазірше тірі жүрген немересінің жүйесі! Бір рет бөктірді, жетеді енді!

Мейлі алаңға аяқ тірепсіңдер. Қанша адамның келгені бұл жерде шот емес. Алаңның аты алаң! Сарыарқаның арты емес! Бұл-биліктің кешегі сайлауда оңбай жеңілгенін мойындауы! Сайлаудың өтірік өткенін мойындауы. Нишауа, бүгін алаңға жетсек, ертеңдері Ақордаға да табанымыз тиер! Арғы жағында мына Назарбаевты айналасымен бірге жанұя мүшелерінің бәрін тұтқынға алып, ұрлаған дүниелерін қайтаратын уақыт кезеңі таяп та қалды. Алланың қазақтың көз жасын көретін уақытының жақын қалғаны!!
Пікір алмасу

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Латвия
17.01.2012 18:51
+0 / -0
Арыс сен дұрыс емес айтып отырсың елді шатастырып, өзің компютердің алдында отырып алып қорқақ қоян секілді жазықсыз елді жалған айдаққа салып отырысың не мынау. Анау жеді мынау жеді қайтарыңдар деп. Есіңе алшы осыдан он жыл бұрынғы өміріңді қытайдың жинлюппи деген арзан теледидарына да қол жеткізе алмай саныңды бір біріне ұрып жүргеніңді. Ал бүгін сол Назарбаевтың сарапбдал салиөалы саясатының арқасында қораң малға үйің жанға толып, семіргенннен енді не істеріңді білмей күндіз түні интернетте отырып алып өзіңе, отбасыңа қамқор болған билікке қарап мәшкі иттер ұқсап үріп отырғаның еркектікке жараспайды сенің бұл қылығың. Ұлт лидеріне сөз тигізбе. Ішің пысса Нұр Отанға кел жұмыс тауып береді.
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
17.01.2012 19:49
+0 / -0
Мына бір қанден үйге дейін осылайша үріп жүре берсе дұрыс болар еді. Қай бір күні кәріс көршім "ет алу қиындап кетті" деп отыр еді. Мұны бауыздарда сол "Ұлт лидерінің" суреті бар плакаттың үстіне бауыздаттырып, басын "Нұр-Отанның" қай жер болсын сол жерде шашылып жатқан плакаттарымен үйіттірейін.

Сорлап, "қартайғансың, көзің кешкі уақытта көрмейді" екен деп ешболмаса қарауылдық та жұмыс таппай жүр едім. Қанекей ешболмаса сол "Нұр-Отанның" офисіне қарауылдыққа алса, бірінші айлығымды алған күні-ақ сол офистерін отқа орап кетер едім. Симай жатыр әлгі сайлауалды плакаттары офистерінде. Ешкім алмаған соң, алмағандары не, жиіркеніп теріс қарайтын болған соң толып қала берген сол офистерінде.

Кімнен: Бакен Қайдан: Мамайдан
17.01.2012 14:04
+0 / -0
Әдеттегідей дау басталды! Айтады, айтады қояды.

Кімнен: М***
17.01.2012 14:09
+0 / -0
не болса да елде тыныштық боса екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Маня Қайдан: Шымкент
17.01.2012 14:44
+0 / -0
Сайлау деген аты ғана болды, аудандарда бақылаушылар білген істеді, алдын ала кімнің жеңетіні бәріне білгілі болдығой. бұлай халықты алдаудың не керегі бар деп ойлаймын. 15 қаңтарда демократия өлді деген пікірге қосыламын

Кімнен: Мамыр
17.01.2012 14:17
+0 / -0
Біздің елде ешқашан демократия болған емес! "Демократия өлді" деп жақауратудың керегі жоқ. Билік бәрімізді лақтырып кетті, енді оппозиция лақтырып кетпесе жарар еді. Бүгінгі билікті қолдамайтын, тәуелсіз ойлы қаншама азамат далада қалғандай күй кешіп жүрміз. Сайлаудың нәтижесі сорақы болатынын білсем де, дәл осындай ұятсыздыққа барады деп ойламаппын Назарбаевты. Бекер үміттеніппін. Соңғы үміт өлді. "Демократия өлді" деп емес, соңғы үміт өлді деген дұрыс болар

Кімнен: Айгул Қайдан: актау
17.01.2012 14:18
+0 / -0
Отан үшін ,болашақ шындық үшін ,қыршың кеткен адамдардың әлі еті суыған жоқ.40күндік садақасы да болған жоқ .Ел басымыздың беті ісіп-кеуіп тойлап жатыр,роза рымбаева ,Жігіттер тобы мәз ән айтуда.Маңғыстуда ақша көп деп қайта-қайта келіп концерт қойып ,понограммамен айтып ақшаны қырып кеткенде жақсы.Рымбаеваның концерттегі билеті 5000теңгеден басталады.Ол адамдарды да бір ана тоғыз ай он күн көтеріп өмірге әкеліп ,казір қан жылап отыр,арыздарын кімге берерін білмей,оларды ешкім адам ретінде санап жатқан жоқ.Осы дұрыс па?Контрактниктер күніне 10000-нан ал жәй милиция қызметкерлері күніне 5000-нан халықты автоматпен күзетіп .Жататын жерлері ,ішіп жеуіне кім ақша аударып отыр сонда?Тырп ете алмай ,қара жамылып ,қан ішіп отырған халықтың біреуі де дауыс берген жоқ Нұр Отанға ,Тек мұғалімдер шығар амалсыздан жұмыссыз қаламыз деп,магазиндерінен айырылған иелері Назарбаевтан қорыққаннан берген болар қайта орынына келтіруге ақша аудармайды деп.
Егер барлығы таза шындық болса неге Назарбаев Хабардан Қазақстан телеарнасынан оқ тиіп жарақаттанып тұра алмай қиналып жатқан жас жігіттерді дубинкамен ұрып жатқан милиция қызметкерлерін неге соттамайды???Ең болмаса самолетпен ұшып келіп,үйлеріне қайыр болсын айтып кетпейді ме??Әркім өз орнына жақынынан айырылудың қиын екенін неге елестетіп көрмейді..Бұл шындық болмаса 7айда елбасы елінде не болып жатқанын неге шешпейді,осы сайлауды бір күнде шешіп тастағаны сияқты,..Бара-бара не боламыз,қандай елге айнлып бара жатырмыз...Тәуелсіздігіміз қайда?25жылдан бері шындық жолында қаншама адамдар құрбандыққа шалынуда..Егер шындықты қалаған ,адамгершілігі бар адамдарды қыра берсе Қазақстанда қазақ қалама.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
17.01.2012 19:45
+0 / -0
БИЛІКтегілер до такой степени зажрались, ойына келгендерін істеп жатыр. Халыққа пысқырып та қарамайды!! Оқпен қырып тастап қарап отыра береді. Мазамды алма дегендей. Егер кім де кім мұнайға жақындай қалса, сосын претензия предъявлять етсе, сөзсіз атып салады. Себебі, сол мұнайдың түбіне жетпей тынар емес! Бар байлық сол мұнайда жатыр ғой! Ал, адайларды қырып салды да, 70 пайыз дауысына ие болды да, Назарбаев екі аттап биге шықты тағы да! Адайларды к.тінің астына бір тықты. Басқалар тупті осы оқиға туралы оқығысы да келмейді. Естігісі де келмейді. Мен мына Астананың адамдарын айтам. Олар Жаңаөзендегі болған оқиға туралы газеттен де оқуға қорқады. Қайыр болсын айтып келмей ме депсіз. Ол кісі ондай тәрбие алмаған адам. Ол ылғи өліктің үстінен аттап өтетін адам. Кезінде өзінің әкесі өлгенде, жерлеуге де бармаған екен. Мен оны бір орыстың (ауылдасы Назарбаевтың) жазған кітабынан оқығам. Қазақстанның болашағына нүкте қойылды деп ұғыңыз, кешегі өткен сайлауды. Мен де бұрын түсінбеуші ем; қалай-қалай өтетінін. Енді өзім бақылаушы болып 1 күн тапжылмай отырғанда, артынан нәтижесін естігенде түсіндім. Өтірік сайлау, көзбояушылық толығымен, комиссияға кілең сұрқия қатындарды жинап алған. Өз халқының болашағына балта шауып отырғандарын және БИЛІКтегі қылмыскерлердің дегенін істеп отырғанын олар түсінбейтін, ақылы таяз, арыдан ойлау дегенді білмейтін, топастар. Ондай адамдарды 1 күнде тәрбиелеу немесе көзін ашу мүмкін емес. Себебі, ондай тәрбие отбасында және атаның қанымен берілетін нәрселер. Мен өзім, қазіргі күнде осы Қазақстанда туғаныма, қазақ екеніме, одан қалды бала туғаныма да өкінем. Қазақстанды ұлдарын құл етіп, қыздарын қытайға қатын еткізіп, Қазақ жеріне қара қытайды қаптатып, жер бетінен өшіруге таяп қалды ғой. Соны да түсінбей отырғандардың көп екеніне мен таң қалам, әйтпесе, мұнайымыздың 30 пайызын қытайға сата ма есі дұрыс адам? Қара халықты есептен шығарғалы қашан олар! Ал, арамызда күшік құсап "үріп" жүргендерге айтарым; сіздер елдің тарихын білмейсіздер, себебі оны мектепте де, ВУЗда да жөнді оқытпады сіздерге. Ел тарихы былай тұрсын, өзіңіздің 7 ата шежіреңізді де дұрыс білмейсіз. Мәңгүрт болып қалғансыздар. Нағыз қазахи тәрбие алып өскен ұрпақ олай деп сөйлемесе керек-ті. Болашағымыз -бұлыңғыр заманда отырмыз. Немізге жетісіп тойлаймыз? Мен ешқандай да партияда емеспін. Бірақ, НҰР Отан болмақ түгілі, тағы басқасы болсын, барлығының істеп жатқандары - халық үшін емес, өздерінің қалталарын толтыру үшін. Ал, ол қалта қашан толады? "Жандыда -бала мешкей, жансызда - қалта мешкей" деген халқымыз. халық айтса, қалт айтпайды.

Кімнен: Ербол Қайдан: Алматы
17.01.2012 14:25
+0 / -0
Сайлау әділ өтті дегенге 2000 жылдары халық сенуі мүмкін еді. ал қазыр ол өтіріктіңде уақытты өтті, қандай адам сенуі мүмкін билік әділ сайлауға барады деп. Әділ сайлаудан билік өлердей қорқады. Парламентке әділ ойлайтындар келсе істеген қылмыстарын, тонаған байлықтар, шет елге белгісіз шарттармен сатылған кеніштердің барлығын әшкерелейді деп өлердей қорқады. Әділ сайлау болса халық дауыс бермейтінін біледі, олар биліктен айырылып қаламыз деп қорқады. Осы кунге дейін халықты тек алдаумен ғана келді. Бұны жоққа шығарар адам болса ол нағыз көр соқырдын өзі. Хабардын таратқан жаналықтар жан баласы сенбейтін Утопия. Оған көзі соқыр болмасада көкірегі соқыр Нурсултан ғана сенеді. Билік пен халықтың арасы жер мен көктей алшақтап кетті. Билік мамық төсекте байлықта шалқып отырса халық аш-жалаңаш болмашы айлыққа күнелтіп жүр. Осыған қарсы айтар қандай дәлелдерін бар сатқын коментшиктер. Елдегі турақтылықпен улт арасындағы татулық Нурсултаннын қолында турған жоқ, қазақ халқының кең пеиіл қонақ жайлығының арқасында тур. Қазағым аман болса турақтылық, татулық әрқашан болады. Ал егер қазіргі билік халықты ашындырар болса халықтың емес биліктегі шенеуніктердің тірақтылығы кетеді. Оған күманім жоқ.
Қадірменді ағайын! осы күнге дейін барлығын ашық пікірлерінде әділдікті қалай жақтайтындарынды қөрсеттіндер. Енді 28 қаңтарда Республика сарайының алдында болатын жиынға барлығымыз келіп өз сөзімізді іспен дәлелдейік. Бірігетін уақыт келгенде сыртта қалмайық. Шешуші кезең келді.

Кімнен: Арап Қайдан: Дубай
17.01.2012 14:30
+0 / -0
Мұндай жағдайда жарты сағат емес, жарты жыл бойы табандап тұру керек емес пе? Халықты қанға бөктіруге биліктің ендігі дәті шыдамайды. Сондықтан өз қорқақтығыңды халықпен бүркемелемеу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 14:41
+0 / -0
Болат Абилов мода корсетип журген адам сиякты
Пікір алмасу

Кімнен: Аллажол Құдайқұлы Қайдан: Қазақ жері
17.01.2012 14:50
+0 / -0
Бұл сайлау ЖСДП-ның жетекшілерінің саяси менеджменттен нөл екендігін көрсетті. Билікпен астыртын сөз байласудың ақыры күллі абыройдан жұрдай еткізді! Тіпті 2 пайыз ала алмау деген неткен масқара! Қитұрқылау билік бұларды тағы алдап түсірді! Бұл жеке партияның жеңілісі ғана емес, либерализм мен демократиялық құндылықтардың күйрегенінің белгісі. Қазақты жемқор әрі қан төккен биліктен тек исламдық бағыттағы саяси күштер ғана құтқара алатынын дәлелдегендей. Египеттегі сайлауда нақ исламдық күштер: "Аль-Ихван аль-Муслимун" (мұсылман-бауырлар) мен "Ан-Нұр" жеңіске жетті. Алланың жолындағыны Алланың өзі қолдайды. Оның бір белгісі -Астанадағы үлкен мешіттегі өрт пен кісі өліміне әкелген қайғылы оқиға дәл сайлау кезінде орын алуы тегіннен тегін емес! Дарын сияқты жігіттердің заманы туып келеді. Елге "Тақуалар" партиясы керек! Қазаққа әділеттілік пен еркіндікті осылар алып келеді! Аллаһу акпар!

Кімнен: Адай мент Қайдан: Ментовка
17.01.2012 14:37
+0 / -0
Бұқаға туған күн бұзауға да туады. Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік сендерге де туар Маңғыстаудың күні. Сендер де жылап емшек сұрарсыңдар. Сол кезде мен барармын сендерге. Тілегендеріңді берермін.

Кімнен: Қыр баласы
17.01.2012 14:46
+0 / -0
соанд, кім ұтты, кім ұтылды. ? ит үреді керуен көшеді. оданда сол күшті басқа арнаға жұмаса ғой, ех қайран, оппазиция.

Кімнен: Алтайдан
17.01.2012 14:51
+0 / -0
бос әурешілік, ешкімге пайдасы жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: қонақ
17.01.2012 15:23
+0 / -0
Оттапсын. Бір өзгеріс болады.Құр өтірікке байбалам салып бәрі дұрыс емес екенінің куәсі болып отырмыз ғой.Негізі халық сөзін сөйлеушілерденде 2-3 адам болғаны мақұл еді.Енді анда кім сөйлейді деп ойлаймыз, бәрі жатып алып мақтайды келіп жүрегіңді айнытып.Жақсы "Ақ жол"-дың сайлаушылары бар,студент тағысын-тағылар,бірақ КОММУНИСТТЕР осыншама көп дегенге әй...ұяттау болды.Комунистердің ұстанған бағыты жақсы болса СССР құламас еді,сондай саясат,саясаткерлерімен.Жармахан да қызық үш-төрт адамымен уақытша кәмөнес бола салғанда қап несін айтасың ,ана каратис тез қабылдар еді............

Кімнен: zheltocsan
17.01.2012 14:58
+0 / -0
қазақ халқы яхуди-орыс бандасына 70 жыл бойы құл болып алданып келгенін енді ғана біліп жүр. Ал ғасыр пысықайының бандасына 20 жыл бойы алданып келе жатырғанын енді ғана бірлі-жарым біліп келеді, онда да халықтың есебінен қаржыландырылып отырған үкіметтік арамтамақ ақпарат құралдары арқылы емес, Жас Алаш газеті, К плюс телеарнасы, Азаттық радиосы сайты, Зона кз сияқты оппозициялық газеттерінің сайттары арқылы ғана.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
17.01.2012 15:00
+0 / -0
Роза Рымбаева 70 тегі шал құшақтағанда төбесі көкке жеткендей болды, құшағына кіріп кетер ме екен деп едім, сол уақытта көзіме мыстан кемпір елестеп кетті. Жігіттер тобы,жұрттың нотасын ұрлаушы Алтынбек Қоразбаев, , Тұңғышбай Жаманқұлов, ұятсыздар, халықтың қаны жібермес сендерді. Қайдағы бір ағылшын Стингтей болмадыңдар. Стинг халықтың қаны төгілмей тұрғанда бойкот жариялады.Міне, нағыз өнер адамы,азамат. Бірдеңе болса ойбай батыс,америка деп ойбай саласыңдар, ал олардың адамгершілігін қара! Міне жұлдыз деп осыларды айтады. Ал сендер,азғындар деуіме енді болатын шығар,азғындар! Алтынбек Қоразбаев,Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Жігіттер тобы, өттерің тарс айырылатын болса да ,азғынсыңдар! Өздеріңнің сарай қарғалары екендеріңді енді дәлелдедіңдер. Роза Рымбаеваның тіпті езуі жиылмады, оңбаған! Сендер ақымақ екенсіңдер, интернет заманы, аравия, Қырғызстан, тіпті Ресей қозғалып жатыр, Назарбаев солардың бәрінен күшті деп ойласаңдар оңбай қателесесіңдер. Қалған өмірлерің қайыршылықпен өтеді, шетелде сендерді ешкім тыңдамайды, ал Нұрсұлтанның қалпағын қайырғаннан кейін, қазақ сендерден теріс айналады. Топастар! Өлгендердің әлі денесі суыған жоқ, сендердікі не мейрам! Миғұла,ақымақтар!
Пікір алмасу

Кімнен: Қоштаушы Қайдан: Оңтұстік өңірден
17.01.2012 15:29
+0 / -0
Ақтаулық иілмеген қазақ, айынқатесіз дұрыс айттың, менің де бұларды көргенде құсқым келеді.
Әртісте ақыл, білім болушы ма еді? Бұлар сезім мен нәпсінің құлдары ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 15:30
+0 / -0
Оларға ойын-күлкі, ақша болса, және нәпсісін қанағаттандырып жүре берсе болды, назарбайдың жәнінда тұрғандарын жұртқа айтып мақтанса болды. Басы істейтін әнші мен актер көріппе едің? басы істемейтін болғансоң олардың аузы істейді емес пе. НЕГІЗГІ БІР МӘСЕЛЕ; осы әншілер халықты ойын-күлкіге айналдырып, халық қандай күйде жүргенін ұмыттырып жіберуде көп үлес қосып келеді!
Пікір алмасу

Кімнен: Жай ҚАЗАҚ Қайдан: Алматы
17.01.2012 15:45
+0 / -0
Ескендір Хасанғалиев Атамекен әнін 70-жылдардың басында жазған ғой. Атамекен бұл бүкіл Қазақтың Атамекені Жаңа-өзенде опат болғандардың да, сайлаудан дауысы ұрланған Қазақстандықтырдың да Атамекені. Бүкіл қазақ бұл әнді жақсы көреді. Бірақ бұл әннің Нұр-отанның шоу жеңісінде орындалмағаны жөн еди. Ескендір ағамызға 10 млн доллар берсе де шырқамағаны жөн болатын еді.
АЛЛА біледі осы әннің сөзінің авторы Қазақтың бір туар ұлы Қадыр Мырзалиев өкінішке орай 2011 жылдың қаңтарында қайтыс болып кетти. Мүмкін өз өкінішін білдірер ме еди.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 15:53
+0 / -0
Алтынбек Қоразбаев,Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, буларды жагымпаз, саткын болар деп ойламаппын, ал жигиттер тобы сиякты сайкы мазактар баягыдан белгили.
олардын Кансултаннын артын жалагандарын ел коре берсин, кимнин-ким екенин бугин биле журеик, умытпаймыз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 19:56
+0 / -0
Бұл айтып отырған артистер ж/ е т.б. адамдар өздеріңіз білетін халықтан әлдеқашан іргесін аулақ салғандар. Оларға халық тек, ақшаның көзі ретінде ғана керек. Розаның концерттеріне бармаңыздар, маңыраған бұзаудың дауысындай дауысы надоело уже. Тыңдағым келмейді, тіпті. Неғұрлым халық көп барса, солғұрлым ақша оларға көп түседі ғой, сондықтан бармау керек. и все. Ана сарайдағы байларға 1-2 концерт берсе әрбір әніне 2 мың -з мың доллар да төлей салады олар. Солай күнін көреді, өлмейді Роза рымбаева. Она уже авторитет потеряла, считай.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 07:21
+0 / -0
Рымбаеваға бармаңдар, ол да НӘН сияқты детей своих тащит на сцену. Өзінің әні де жоқ қой. "Әлия" және орысша "Так много лет любовь во мне жила ..."
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 07:32
+0 / -0
Тап дұрыс айттың, бауырым.

Кімнен: zheltocsan
17.01.2012 15:14
+0 / -0
Горбачев бастап беріп жаңа ғана орнығып келе жатырған қазақ демократиясы сонау Қазақстанның билігі Назарбаевтың қолына толық тиген күні-ақ ең бірінші назарға ілігіп, артынан Назарбаев парламентті таратып, бүткіл билікті қолға алған күні-ақ түрмеге қамалған еді. Содан бері қазақ мұнайына сатылып, демократияға қарауға онша мұршасы болмай қалған және бар күшін әсіре мұсылмандарды күйретуге бұрған АҚШ пен Батыс елдерінің арқасында қазақ демократиясы әлі де түрмеден босап шыға алмай жатыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 15:18
+0 / -0
Алла халық үшін күн туғызсын. Жемқор, Ұры Отан мен Ұрының артын жалаған итжолы лайықты жазасын алсын
Пікір алмасу

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Латвия
17.01.2012 19:06
+0 / -0
Алла деп қосың бауырым. Аллаға сенген адамға ұқсамайсың. Халық үшін күн туғызсын деп тіленіп отырсыңғой. Нұрсұлтан атамыздай ғасырда бір туатын азаматтың халқымызға Тәуелсіздіктің ақ таңын аттырғаны есіңнен шықтыма. Сенің арманың бір күндік бөлке нан мен үндінің қара шайына тең зат деп ойлаймын. Ойлау деңгейің саяз, сауатың жоө, оқымаған жан екенің көрініп тұр. Әй сенде бір пендесіңғой, қу тамаққа бола жүрген. Бауырым көзіңді ашты Елбасы, адам бол. Халқыңа еңбек ет. Сұрама биліктен, билікке жәрдем бергін елдің жағдайын бұдан әрі дамытуға. Үлесіңді қос.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
17.01.2012 22:03
+0 / -0
ең, бишара! Қазақстан он бес одақтың республикалардың ішінен жеке дара бөлек шығып тәуелсіздігін алып па? Әлде солардың бәріне тәуелсіздікті алып берген Назарбаев па? Қазақстан тәуелсіздігін Ельцин-Шушкевич-Кучма бірігіп Кеңес Одағын таратып жібергеннен кейін барып, онда да оған Назарбаев емес Әбділдин қол қойып барып алғанын қалай оңай ұмыта қойдың? Қайта конфедерация құру керек деп Одақты сақтауға бар жанын салған Назарбаев емес пе? СНГ, Кеден Одағы, Еуразиялық Одақ, интеграция дегендердің бәрін кім шығарып жүрген? Егер Назарбаев анау Балтық елдерінің басшылары сияқты Қазақстанды СССР-дан ең бірінші болып бөлек шығарып алғанда оған тіпті "Құдай" деп табынып кететін түрің бар ғой. Қанша туфли жалағыш болсаң да кешегі тарихқа қара!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
17.01.2012 23:10
+0 / -0
Ельцин-Шушкевич-Кучма емес, Ельцин-Шушкевич-Кравчук
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 00:14
+0 / -0
1991 жылы 12 желтоксанда ресей тауелсиздик жариялады, ал калган 13 республика тауелсиздигин буган дейн ариялады, КСРО курамында казахстан ози гана калгасын 16 желтоксанда амалсыздан тауелсиздик жариялады, сонда кимнен. бул жерде ешкандай ерлик жасаган казахстандык жок
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 01:01
+0 / -0
Секең сынды ақсақал-азаматымыз бар екеніне шүкіршілік! Қазақ азаттық жолына енді-енді аяқ басты. Жаңаөзен мен Шетпеде қыршын кеткен боздақтарымыздың аманаты да тәуелсіздік еді ғой, сол жолда ынтымағымыз жарасып, ОСДП қолға алғалы отырған күреске сай болайық! Шеруге біріміз де қалмай, арандатуға мүмкіндік бермей шеп құратын болсақ, бұл қанды қол билік бір күн де шыдас бере алмай зытып беретін болады.
Қазақтың таңы қып-қызыл қанға боялып атқанын естен шығармалық, Ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Латвия
18.01.2012 11:01
+0 / -0
Қайран жұртым қазағым деп Абай атамыз босқа айтпаған екенғой! Тағы да бір сөз бар қазақта Сіздерге арналған "Күшік асырап ит еттім, үлкен тқбет болды сосын өзімді қапты деген" оңбаған адамсыңдар жақсылық жақпаған. Адам болсаңдаршы
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.01.2012 11:50
+0 / -0
НЕ десекте Елбасымыз, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы жасасын. еңбегі мол. жұрт айта береді. Мың алғыс сізге патшам. Менде Нұр Отанға дауыс бердім. дауысым зая кетпеді. Сүйген партиям жеңіске жетті. Жеңіс құтты болсын. Ура Ура. Ура
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.01.2012 13:26
+0 / -0
Кімнен: zheltocsan
18.01.2012 11:50

НЕ десекте Елбасымыз, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы жасасын. еңбегі мол. жұрт айта береді. Мың алғыс сізге патшам. Менде Нұр Отанға дауыс бердім. дауысым зая кетпеді. Сүйген партиям жеңіске жетті. Жеңіс құтты болсын. Ура Ура. Ура
________________

о, тоба, мына ұрылар тағы 5 жыл ұрлайтын болдық деп уралап жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: актау адайы Қайдан: адай даласы
18.01.2012 10:03
+0 / -0
назиктің крышасы козғалып журген шыгар канша дегенмен адам каны жібермеиді ғой

Кімнен: Мура
17.01.2012 15:20
+0 / -0
ЖСДП ны Парламентке жібермейтін бір ѓана кілтипан бар. Егер бђл партия парламентке љтіп кетсе, ауыздары ќышып Жањаљзен ќырѓынын ќозѓаулары мџмкін еді. Сол себепті, Жањаљзнеге не џшін баруым керек меніњ деп сђраќ ќойѓандарѓа зіркілдеп ђрысатын Перуашевтар мен ќызылдар љтті. Билікті ќанша жерден аќымаќ десек те, ол артын ойлайтын бѕле

Кімнен: бакытжан Қайдан: актау218455
17.01.2012 15:43
+0 / -0
мангыстауды 362 аулие колдласын
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтау Қайдан: Маңғыстау
17.01.2012 16:21
+0 / -0
362 әулие болмаса мыналардан үміт жоқ. Тоқтар аға ғана шын көңілімен жүрген шығар, бірақ мыналардың міндеттері алға шығар азаматтардың адымын тұсап отыру. Кешегі пресс-конференцияларын көріп тіпті түңіліп кеттім, есі дұрыс адамның әңгімесі емес. НӘН-нен гөрі Хасен Қожахметті айтқан кезде беттеріне қан жүгіріп, дауыстары да жарқын жарқын, тіріліп шыға келді. Халықтың мүддесінен де өздерінің қарынын жоғары қоятынын бәріміз де білеміз, ақымақ емеспіз. Бәрі де биліктің ұйымдастыруы ғой, соның сценарийі бойынша. ОСДП өз орнының қандай екенін біледі, дауыс ұрлады деген жай халықтың көзін алдау үшін. Шығатын болса халықтың атынан Өзендегі қырғын кезінде шығар еді. Сайлаудағы дауыс қымбат па, адамның нақақ қаны қымбат па?

Кімнен: Cаин Қайдан: Алматы
17.01.2012 15:52
+0 / -0
Бізге керек тыныштық.
Соғыс жақсылыққа апармайды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 15:54
+0 / -0
колдаймын, бутя мен жармаханды болмаса да, токтар, балташ агалар ушин колдаймын!
Пікір алмасу

Кімнен: Жай ҚАЗАҚ Қайдан: Алматы
17.01.2012 16:15
+0 / -0
Бұрын Біздер Жармахан, Бутяны ұната бермеуші едік, жалғыз оларды емес бүкіл саясаткерлерді ұнатпаушы едик. Балдарымыз аман болса деп тапқан нәпақамызға мәз болып жүруші едік. Жаңа-өзендегі полициялардың адам айтқысыз жауыздығы миллиондардың көзін ашқан сияқты. Бұрын Нұр-отан деп жүретін таныстарымыздың көбісі билікті жек көріп кетті. Сол халық Жармахан бола ма, басқа бола ма, Жаңа-өзенге байланысты үкімет үнсіздігіне қарсы шара өткеретін болса соған ерері хақ.
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: Алматы
17.01.2012 16:47
+0 / -0
Оппозиция ең алдымен еліміздегі мықты саясатшылармен басы істейтін білімділерді жинаңыздар! Халқымыз білекті бірді, білімді мыңды жығар дейді, менің ойымша бізде мықтылар көп, бірақ соларды ескермейміз. Мысалы Жасарал Қуанышәлі аға, Қасым Аманжолұлы мықты азаматтардың бірі, биліктен тайсалмайтын азаматтар. Осындай азаматтарымызбен ақылдасып іс қылайық ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: Адам Қайдан: Алматы
17.01.2012 21:00
+0 / -0
МЕН ҚОРЫҚТЫМ ЖИЫНҒА БАРУҒА....
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 

Назарға көп іліккен