Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:35

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

«Конституциялық кеңес түсіндірмесіне президент вето қоя алмайды» дейді ғалым

«Жаңаөзенде сайлау өтпейтіні туралы орталық сайлау комиссиясының шешімі өз күшін жоймайды. Қазақстанда Жаңаөзен тұрғындарының қатысуынсыз парламент сайлауы өтеді, ол кейінге шегерілмейді» дейді заң ғылымының докторы Қабдулсамих Айтқожин.

Заң ғылымының докторы Қабдулсамих Айтқожин.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 6-сында Астанада Қазақстан конституциялық кеңесінің отырысын өткізген осы кеңес төрағасы Игорь Рогов Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібінің енгізілуіне байланысты сайлау өткізудің қаншалықты дұрыстығы туралы конституциялық кеңеске орталық сайлау комиссиясы жолдаған сұрауға жауабын жариялаған еді.

Игорь Рогов «төтенше жағдай кезінде және азаматтар мен заңды тұлғалардың жоғарыда аталған құқықтары мен еркіндіктері шектелгендіктен олардың еркін дауыс беруі өте қиын екенін» айтқан.

ЖОҚ ҚАУЛЫҒА ВЕТО ҚОЮ

Қаңтардың 10-ы күні Қазақстан президентінің баспасөз қызметі «Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық кеңестің «Жаңаөзен қаласында мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпейді» деген қаулысына вето қойып, қарсылық білдірді» деп хабарлады.

– Конституциялық кеңестің түсіндірмесі президенттің ветосын талап етпейді. Бұл – бұрын-соңды болмаған прецедент, – дейді Қонаев атындағы университеттің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Қабдулсамих Айтқожин Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Заңгердің айтуынша, «конституциялық кеңес төтенше жағдай тәртібіндегі Жаңаөзенде сайлау өтпейтіні туралы қаулы қабылдаған жоқ, тек қана кеңес төрағасы Рогов мырза «Төтенше жағдай туралы» заңның 15-бабына сәйкес, ондай шара енгізілген аймақта «сайлау және республикалық референдум өткізуге тыйым салынатыны» жөнінде түсіндірме берді».

– Бірақ конституциялық кеңеске түсіндірме беру тұрғысында сұрау салатын субьектілер қатарына орталық сайлау комиссиясы кірмейді, – деді ғалым.

КОНСТИТУЦИЯҒА ӘРІ ҚАЙШЫ, ӘРІ СӘЙКЕС БАП

Қабдулсамих Айтқожиннің пікірінше, «Төтенше жағдайлар туралы» заңның төтенше жағдай енгізілген аймақта сайлау өткізуге тыйым салатын 15-бабы Конституциядан жоғары тұр.

– Сол себепті де ол Конституцияның «Республика азаматтарының сайлауға қатысуға және сайлануға құқы бар» деген 33-бабына қайшы келеді. Бірақ «Төтенше жағдайлар туралы» заңның төтенше жағдай енгізілген аймақта сайлау өткізуге тыйым салатын 15-бабы Конституцияның 39-бабына сәйкес келеді, – дейді профессор Қабдулсамих Айтқожин.

Конституцияның 39-бабында «адамдар мен азаматтардың құқы мен еркіндігі заңмен немесе конституциялық құрылым мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында шектелетіндігі» жазылған.

«РЕФОРМА ҚАЖЕТ»

Ғалымның ойынша, «Жаңаөзенде 16 желтоқсанда полицияның халыққа қарсы оқ атқаны күштік құрылымдардың азаматтық бақылау аясынан шығып кеткенін көрсетті, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне түбегейлі реформа қажет».

– Басты заң – Конституцияға күштік құрылымдарға парламенттік бақылау құзыретін беретін талап енгізу қажет. Ол үшін алдымен президенттік басқару жүйесі парламенттік-президенттік басқару жүйесіне өзгертілуі тиіс, – дейді профессор Қабдулсамих Айтқожин.

Сұқбаттың толық тұсқасын мына арадан тыңдаңыздар:
Қабдулсамих Айтқожиннің сұқбаты



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 22:26
+0 / -0
Одним словом - бардак
Пікір алмасу

Кімнен: Шахматист Қайдан: Атырау
11.01.2012 01:48
+0 / -0
Заңдардың да, қоғамның да шым-шытырық болғаны билік басындағыларға тиімді ғой.
Қай өтірігін қолданса да, тек өздеріне ғана пайдасын тигізеді екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Zhamanbala Қайдан: mazaqstan
11.01.2012 05:47
+0 / -0
Bardakting kokesi ali alda.... qazaqting byligine qara haliqting mung-zari keregi zhoq
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:38
+0 / -0
не болса да уақыт төреші. жікке бөлініп, құр айқайласып шуласуды тыяйық.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 22:47
+0 / -0
Әу, сонда аталарың сәпсем сауатсыз демекші ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
11.01.2012 00:08
+0 / -0
Оның несіне таң қаласың? ПТУ ел басқаруды оқытпайды ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 23:13
+0 / -0
Cасқан үйрек артымен сүңгиді.
Пікір алмасу

Кімнен: Мейрам Қайдан: Алматы
11.01.2012 09:31
+0 / -0
Бар болса көре алмай, жоқ болса бере алмайтын қазақсын ау сірә. Біреуді сөзге алмас бұрын ойлансай кішкене. Сен кімсің, ел үшін ешкандай салмағың жоқ, тағы келіп жамандайсың. Айтар ойың болса мінбеге шығып айт, тығылмай. Сонда біз сізді қолдаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Абу Қайдан: Шымкент
11.01.2012 10:35
+0 / -0
Мейрам сізбен келісем, бұл қазақ қазір тек бір-бірінің артын шұқудан аса алмай жатыр,. Қайда кетті баяғы ержүрек қазақтар, қайда кетті имандылығы (құранда көрсетілген басшыға бағыну амалын орындайтын) жоғары жастарың. Қазақ елдікті жоғалтпа ешқашан.
Пікір алмасу

Кімнен: Темір Қайдан: Шымкент
11.01.2012 11:12
+0 / -0
Мәз Мейрам!!! Тыңда!!!
Бұл кісі заңгер-ғалым. Және ол заң тұрғысынан айтып отыр.
Базардағы бәдік ақықмақ қатындар секілді беталды оттамауыңды өтінемін. ақылға қонымды пікір айтып үйрен бұл өмірде.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
11.01.2012 11:35
+0 / -0
Қой әрі, мінбеге шықсақ атып тастап жатырған жоқсыңдар ма, енді басқаша болады.

Кімнен: Камар Қайдан: Қарқаралы
10.01.2012 23:31
+0 / -0
Жетіскен екенбіз, бір заңымыз бір заңымызға қайшы, ана апам, мына апамнан сорақы...
Пікір алмасу

Кімнен: Мұрат Қайдан: Ауылдан
11.01.2012 05:59
+0 / -0
Оған несіне таңқаламыз. Бізде бәрі заңға сияды.
Азаттық радиосына айтарым, таңқалмаңыз деген бағдарлама ашыңыздаршы, қызық болсын бір.

Кімнен: Бакен Қайдан: Мамайдан
10.01.2012 23:57
+0 / -0
Таң қалатын ешнәрсе жоқ! Енді заңға өзгеріс жасай салады да өз ыңғайларына қарай. НЕ БОЛМАЙ ЖАТЫР ӨЗІ

Кімнен: Cайлаухан Қайдан: Шамалған
11.01.2012 01:05
+0 / -0
Ең дұрысы сайлауды кейінге қалдыру ғой, соған да бастары жетпей отыр ма, қанды қол биліктің?

Кімнен: Сәрсен Қайдан: Астана
11.01.2012 03:35
+0 / -0
Алла қазаққа жар болсын. Қанішер билік енді тағы не ойлап табады. екен? Сайлауларыңмен бірге құрып кетіңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:45
+0 / -0
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?
Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!

Кімнен: Дымбілмес Қайдан: Меңіреу даладан
11.01.2012 05:54
+0 / -0
Конституцилық кеңестің қаулысы жоқ болса, бұл алжыған неме ветоны қайда қойып отыр, өзнің құйрығына ма? Естімеген ел де көп деген осы екен -ау. Әуелі заңдарды неге реттеп алмайды бұлар біреуі-бреуіне қайшы. Күлейін бе. жылайын ба, жұртым-ау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 09:39
+0 / -0
Күлде, жылада, сонда ішіңдегі қазаққа деген арам ойың шығып жеңілдеп қаласын, дұрыс ойланатын боларсын. Себебі қазаққа нағыз жанашыр елдің мұңын жырлайды. Кемшіліксіз адам жоқ. Егер ақылды болсаң барлық сасық ойыңды осында жазбай елдің тыныштығы үшін естіп-білгеніңді ішіңде ұстап қазақ елі үшін қолдан келгеніңді аямас едің.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 10:23
+0 / -0
Бізде мемлекеттік басқару институттары әбден іріп-шіріп құлап қалған екен ғой. Халық ешкімнің басқаруынсыз-ақ өздері күн көріп жатыр. Сондықтан, іріген құрылымды қоқысқа тастап, барлық аппараттарды жас буынмен жаңалап капитальный ремонттайтын уақыт жетті. Мына сайлауды да қою керек. "Нұр Отан" партиясын таратып, қылмыстық іс қозғаған дұрыс.

Кімнен: Абзал
11.01.2012 09:16
+0 / -0
Қазақ бауырларым не мына жазғандарыңыз. Шамаларың осында отырып қара пікір жазғаннан аспайды. Шүкіршілік ету мұсұлман бауырларыма жарасатын іс еді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 11:37
+0 / -0
Олар бізді ата берсін,біздер шүкіршілік етіп отыра берейік.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Қызылорда
11.01.2012 13:35
+0 / -0
Иә бәрі тамаша деп құлдыққа мойынсұна берейік. Сайлауға барып, ҰрОтанға дауыс берейік...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:45
+0 / -0
ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР ЕМЕС ПЕ????
сабыр деген рас адамға өте қажет нарсе, бірақ әр нірсенің өз шегі болу керек қой? мысалы малдың сабырлығы сиякты сабырлылық қажет пе адамға? мойнына пышақ тақап бауыздайын деп жатқан ундемей жата беретін қой сияқты болайық па?
Тілің анау шұбарланған,
дінің анау Құдайдың бұйрығынан безген,
байлығының анау НӘНмен оның туыстары тонаған.

Еуразиялық одақ, кедендік одақ деп билік халықты алдап қайта орыстарға құлдыққа апара жатыр.

енді не қалды бізге?!
мал екеш мал да бауыздағанда 1 мәрте тұяқ серпіп өлмей ме?
біз енді мал құрлы болмадық па????
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
11.01.2012 16:57
+0 / -0
Абзал айналайын қайдағы шүкіршілікті айтып отырсың сен, сен бұл сөзді қолданатын жерінде қолдансай ең дұрысы.
Халққа оқ атты, артынан жаралысын ұрып-соқты, кейін қашып құтылғандарды түрмеге тығып тағы ұрды, әлі ұрып азаптап жатыр. Сен өзіңді осыларды орнына қойып көр, сосын көрейік шүкіршілік етесіңбе әлде...?!
Ел тиыш, халық аман болса шүкіршілік етпей не көрінді қазаққа, онсызда қанағатшыл қазақ 20 жыл бар байлығын беріп қойып, өз тапқан таянғанына шүкіршілік етіп келді. Ал енді оқ атып, күнәсіз ұрып соғып жатқанда шүкіршілік дегенің не сасқаның?
Осыған басың жетпедіма бауырым?

Кімнен: Казак Қайдан: Алматы
11.01.2012 18:07
+0 / -0
Бизге сабыр УрыОтан мен оны курушы биликпен (Назарбаймен) куресу ушин керек. Ал халкынын тилин, алланын динин тусаулап коятын биликке мойынсын деген ангиме динде жок. Мойынсынатындай патша бизде жок сондыктан куресу керек, куресу! Исламда акикатты айту арбир адам миндетти. Ал биздин мемлекетте акикатты айтып келе жатканымызга 10 жалдан асты, енди биздин иске кошетин хакымыз бар. Сондыктан отирик сабырды айтпандар. Казак халкым онсызда сабырлы.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 21:18
+0 / -0
Жалпы еліміздің жағдай мәз емес, түсінетін адамдар үшін. Өздерің ойлап қараңдаршы, сот тәуелсіз болудың орнына -тәуелді. Егер биліктің айналасының бір туысқаны 10 адам өлтірсе де, сытылып кетеді. АЛ АҚШ-та, Израилде президенттің өзінің үстінен іс көтеріп жатады. Билік пен халық арсында байланыс жоқ. Президент обылыс орталығына келсе, әкімдер 5-6 шал-шауқанды, 5-6 тендер алып отырған бизснесмен сымақтарды, үкіметтік қызметтегі аштан өліп қалмас үшін жалақы алып отырған қызметкерлерді шақырады жиналысқа. 2-3 адамды дайындап тек соларға сөз береді. Халық өз-өзін асырап отыр, олар елімізге Қытайдан, Ресейден, Түркиядан, ОАЭ-ден тамақтар, киімдер, мүліктер әкелу үшін, кеден, шекара, қызметкерлеріне пара беріп, шекарадан әрең өткізіп, бізді киіндіріп, тамақтап жатыр. Олар саудасынан салық төлейді. Сол салықтан құралған бюджеттен ана паралушыларға жалақы төлеу үшін.
Пікір алмасу

Кімнен: Текті қазақ
11.01.2012 21:33
+0 / -0
Автоматтан оқ борауда халыққа.
Бұл көрініс елес пе, әлде анық па?
Қазақ ұлы өлтіруде қазақты,
Ұшыраған жан секілді шалыққа.
Бұлар өзі неткен жауыз ел еді.
Тапаншадан көздеп атып келеді.
Өз қазағын өзі қырған мұндарлар,
Ел қорғайды дегенге кім сенеді.
Оқ өтпейтін өңшең сауыт киімде.
Жан алардай түсі суық күйінде.
Елге қарсы боратуда оқтарын
Соққы өткізбес қалқандары иінде.
Мол-молынан беремін деп сыйлығын,
«Ат» деп берген НӘН бұларға бұйрығын.
НӘНі айтса бұлар дайын сүюге,
Қолы түгіл, кәпір қалмақ құйрығын.
Сене алмай санам санға бөлінді.
От оқпаннан сеуіп жатыр өлімді.
Өз еліңді өзің қырып ей, есер!
Қанын ішіп баспақпысың шөліңді.
Ажал оғын оқ шантайға тықтың да,
Қырып салдың қаруланып шықтың да.
Жеген темір, көмір, мұнай аз болып,
Енді еліңнің етін жеуге шықтың ба?
Оқ боратып үлкен-кіші, жасыңа,
Обыр, жауыз не күн туды басыңа?
Миың ашып, алжыдың ба қанішер,
Бейбіт елді санап дұшпан, қасыңа.
Не істегенің, мынау сенің не еткенің?
Өз еліңді ойран-топыр еткенің.
Бұның сенің миың ағып су болып,
Мәңгүрттіктің ең шегіне жеткенің.
Қарғыс алып алыстан да жақыннан.
Құрсау қысып білектен де тақымнан.
Сорлы саған айрылатын күн жақын,
Мәңгілікке ел басылық хақыңнан.
Өз еліне өзі тізе батырған.
Басшы атанып байлық үшін сатылған.
Күнің жақын жауап берер бұл елге,
Оқтар үшін Жаңаөзенде атылған!!!