Бейсенбі, 23 ақпан 2012, Алматы 05:15

САЯСАТ

Азаттық тілшісі бюллетеньді топтап салғанға куә болды

Қаңтардың 15-інде Алматы маңындағы бір сайлау учаскесіне барған Азаттық тілшісі бюллетеньдерді жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен түсті. Оппозиция мен тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру кезінде сайлау заңының өрескел бұзылғанын айтады. Прокуратура ондай арыз-шағымның ешқайсысы расталған жоқ деп мәлімдеді.

Жаңа тұрмыс ауылындағы №374 сайлау учаскесіндегі дауыс беру. Қарасай ауданы, Алматы облысы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Жексенбі күні парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру барысында сайлау заңының өрескел бұзылғаны туралы түрлі ақпараттар интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.

Сайлауға қатысқан шетелдік кейбір бақылаушылар бір сайлаушының бірнеше адамға дауыс беру үрдісін көптеп байқағандарын айтады. Ал бас прокуратура "қаңтардың 15-і күні сайлау заңнамасына қатысты түскен 18 арыз-өтініштің ешқайсысы расталған жоқ" деп хабарлады.

«ДАУЫСЫМДЫ НҰР ОТАНҒА БЕРДІМ! НАН ҰРСЫН!»

Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы №374 сайлау учаскесінде бюллетеньді жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен түскен Азаттық тілшісі болған жайтты видеоға түсіріп алды.

Мектептегі сайлау учаскесіндегі дауыс беретін жәшікке сайлау бюлеттеньдерін топтап салып жатқан қыз «Сіз не істеп жатырсыз?» деп сұраған Азаттық тілшісінің сұрағына «Қарт адамдардың орнына бюллетень салып жатырмын» деп жауап берді.

Сәлден соң осы жерге келген тағы бір ер адам да әлгі қыздың ісін қайталады. Журналисттің қойған сауалына бұл адам «отбасындағы тоғыз адам үшін» дауыс бергенін айтып, «дауысымды Нұр Отанға бердім, нан ұрсын!» деп ақталуға тырысты.

Азаттық радиосының тілшісі бейнетаспаға жазып алған сайлау заңына өрескел қайшы іс-әрекетті учаскедегі сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында жүрген әйелдердің бірі «дауыс беруге келгендердің көбі сауатсыз, кейбірінің көзі нашар көреді» деген «уәж» айтқан болды.

Ал сол жерде отырған сайлау учаскесінің төрайымы (әрі осы сайлау учаскесі орналасқан орта мектептің директоры) бұл жайтты "байқамай, яғни көрмей қалғанын" айтты.

- Ол қыздарды дауыс беретін жәшік жанына тұрғызған ешкім де жоқ. Мүмкін біреулер көмектесіп жібер деп өтінген шығар, - деп жауап берді ол Азаттық тілшісіне.

ЕСКІ ДӘСТҮР

Қазақстандағы сайлауды бақылау үшін АҚШ-тан келген Сергей Грецкий сайлау учаскесінде бір сайлаушының бірнеше адам үшін дауыс берген оқиғалары көп екенін айтты деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

– Мен әлгі отбасылық дауыс беру дейтін көп жайттарды бақыладым, – деп мәлімдеген ол жексенбі күні баспасөз мәслихатында.

Бұны «советтік дәстүрден қалған ескі ән» деп атаған шетелдік бақылаушы «бір қызығы, сайлау комиссиясының мүшелері осы процесті тоқтатуды қажет деп таппады» дейді.

Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат сайлауларының науқаны басталғаннан бері оның барысына мониторинг жүргізіп келген «Сайлау» қоғамдық бақылау коалициясы интернеттегі арнайы сайты жексенбі күні Астана уақытымен сағат 17-ден бастап ашылмай қалды деп хабарлады «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина.

– Әуелгіде сағат 11-ден бастап әлдекімдер осы сайттағы кез-келген деректерді жоққа шығарған жазулар жолдап, белсенді қимылдай бастады. Тіпті үдеп кеткен соң олардың жазғанын жарияламай қойдық. Сол-ақ екен, көп ұзамай сайтымыз ашылмай қалды, – дейді Бақытжан Төреғожжина.

Оның айтуынша, сайттағы ең соңғы деректер бойынша, сайлау учаскелеріне «әткеншек» әдісі бойынша дауыс беруді ұйымдастыру, сайлау бюллетеньдерін топтап салу, бақылаушылардың жұмысына кедергі жасау немесе оларды дауыс беріп жатқан жерге жолатпау сияқты 300-ге жуық дерек, сондай-ақ сайлау заңын бұзуға қатысты 2 мыңға жуық Twitter хабарламасы келіп түскен.

Жексенбі күнгі дауыс беру барысында сайлау заңнамасының бұзу әрекеттері көп жерлерде тіркелгені туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да хабарлама таратты.

ПРОКУРАТУРА ДӘЛЕЛ ТАППАДЫ

Қаңтардың 15-і парламент пен мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру барысында сайлау заңының өрескел бұзылғаны туралы түрлі ақпараттар интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр. 

- Сағат 15-тегі жағдай бойынша, прокуратура органдарына сайлау заңнамасының бұзылғаны 18 арыз-өтініш түскен. Заңдылықтың бұзылғаны туралы ақпарат расталған жоқ, - деп мәлімдеді Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков жексенбі күні Астанадағы брифингте.

Жексенбі күні Қазақстанда кезектен тыс парламент мәжілсі және мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7-де басталды. Дауыс беру кешкі сағат 8-де ​​аяқталады.

Ресми дерек бойынша, 16 миллионнан аса тұрғыны бар Қазақстанда 9,3 миллион сайлаушы тіркелген.

Орталық сайлау комиссиясы Астана уақытымен сағат 18-ке дейін түскен мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда сайлаушылардың 66,9 пайызы, яғни 6 миллион 223 мың 525 адам дауыс бергенін хабарлады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 
Кімнен: Марат Қайдан: Арқадан
15.01.2012 18:34
+0 / -0
Сайлау – саяси науқан. Мұнда елдің бірлігі, халықтардың достығы сыналады. Ата Заңымызда әрбір адам сайлануға, сайлауға қатысуға құқылы делінген. Соны тәуелсіз елдің әр азаматы пайдаланса деймін. Бізге керегі ынтымақ, береке-бірлік. Соның бәрі осы сын сағатта көрінетін болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 18:44
+0 / -0
Мынандай лас тәсілдермен, алаяқтықпен өткізілген сайлаудың арты ертең қырғын болып кетпесін деңіз. ВЫБОРЫ В КАЗАХСТАНЕ УЖЕ ДАВНО ПРЕВРАТИЛИСЬ В МОШЕННИЧЕСКУЮ СХЕМУ УЗУРПАЦИИ ВЛАСТИ! Жаңаөзен ол қан төгілді, сайлауы мынау! Назарбаев әбден басымызға ты...ып болды!
Пікір алмасу

Кімнен: aika7117 Қайдан: Орал
16.01.2012 18:09
+0 / -0
Сайлау барысының өтуі Қазақстан халқының тұрақтылық пен дамуды қолдайтынын тағы бір дәлелдеді.
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
15.01.2012 18:46
+0 / -0
"нұр отанға" дауыс бергенді нан ұрсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Ха-ха-ха
16.01.2012 11:34
+0 / -0
бермегенді НӘН ұрсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Сан Қайдан: Ақтау
16.01.2012 11:52
+0 / -0
Ой бір шек сілемді қатырдыңыз ау, Самат! Мысқылыңыз керемет екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
16.01.2012 14:39
+0 / -0
Қазақ айтады ымды түсінбеген , дымды түсінбейді деп.
Кеше Астанада мұнай-газ бен ұры отанның қаражатына салынып жатқан мешіті өртенді. Бұларыдң қанды қолынан берген садақасын құдай да алмай отыр. Көретініміз әлі алда. О, халық! Бұл ұры отанға еріп, алған бағыттарыңызды АЛЛА қолдамайды! Ол- апатқа апарар жол. Алланың қаһарына қарсы тұрар ешқандай күш жоқ. Соны біле тұра өздеріңді өздерің алдап жүрсіңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Asel_B Қайдан: Almaty
16.01.2012 15:50
+0 / -0
Бірақ барша ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР тек "НұрОТан" ХДП қолдайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 18:55
+0 / -0
Ресейде тура осындай видеодан басталған 120 мың адам алаңға шыққан наразылық. Олардың видеосы да тура осындай бюллетендерді топтап салу болатын. Осы алаяқ биліктен қашан құтыламыз а, ағайын?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:07
+0 / -0
ЕБ!
Нан ұрсын сені!
Халықтың көзінен аққан қанды жас ұрсын сені!
Пікір алмасу

Кімнен: Алтыной Қайдан: Алтын Орда
15.01.2012 19:43
+0 / -1
Сонда не азаттық Радиосы карап турдыма! занбузышылар деп айғай салмай!!!!..Сіздерге әділет керек емес, күлкі керек...Камера Азаттықтықы болса, мүмкін актерлер де азаттықы?
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
15.01.2012 20:24
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген ақымақтар! Босқа үміттенбеңбер, біздің елде ондай болмайды, бір видеоға бола мемлекеттің болашағын жоюға ешкім де бармайды. 250 миллиондық Ресейге 120 мың адам ешқандай әсер етпеген.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:00
+0 / -0
Ей білгірсімеші! Ата заң атазаң деп зарлама! сол атазаңды бұзіп өз білгенінше жасап алып жатыр, ынтымақ, береке-бірлік деп сен айтпасаңда НӘН айтқалы 20 жыл болды, әбден тойып біттк осындай сөзге. Қылаяғы бесіктегі бала білетін болды, Көздерің соқыр, миларың су болып кеткенбе осылардың! Өз халқына бауырына оқ атты, қалғанын жазалап отыр, осы ма снің береке-бірлігің? надан неме сол!
Пікір алмасу

Кімнен: Бота
15.01.2012 19:14
+0 / -1
Марат, дурыс айтасыз. Елимизге береке-бирлик керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Kazbek5115 Қайдан: Орал
16.01.2012 13:55
+0 / -0
Елимиздеги береке-бирлик казирги билик басындагы отырган адамдардын аркасында. Баска бир билик келсе биздин омиримиз ертегидегидей болатынына сенесизбе?
Пікір алмасу

Кімнен: п
16.01.2012 14:37
+0 / -0
Халқын алдап, жерін сатып жатса елде қандай береке-бірлік болмақ?!
Пікір алмасу

Кімнен: Сайлаубек Қайдан: Алматы
15.01.2012 19:16
+0 / -0
Ұлы көзбайлаушы сиқыршы Девид Копперфильд мырза бұл Қазақстандағы сайлауды көрсе өту барысына ешқандай мін таға қоймас деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
15.01.2012 19:43
+0 / -0
Сайлау учаскелері мекемелерге бөлініп берілген екен, участоктың бастығы мекеменің орынбасары. Яғни, әр мекеме өз участогінде сайлау қорытындысының нұротан үшін жақсы көрсеткіш болуы үшін ат салысады деген сөз.Елдің ынтымақ бірлігін Нұротанның карусельдері мен сайлау комиссиясында отырған өңкей ңүротандықтар болып есептелетін мекеме басшылары басқаратын қойтандар бұзатын түрі бар. Қаралық көп. Егер ЖСДП 60 пайыз дауыс алмаса айқай болып кетеме деп қорқамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
15.01.2012 20:45
+0 / -0
Кеше сайттардың бірінде қателеспесем Павлодарда бір мектеп оқытушысы ата-аналарға сайлауда белсенділік танытып, Нұр Отанға дауыс беріңдер деп жатқанын шығарып еді. Жаңа жолдасым теледидардан сол мектептің директорын көрсетті дейді. Ол мектепте ондай адам істемейтінін айтады екен. Бұл да барып тұрған күйе жағу емес пе!
Пікір алмасу

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
16.01.2012 02:16
+0 / -0
Қазақтың қашаннан тірегі,
Азаттық радиосы жүреді,
Дәл солар батырлар білегі,
Дәл солар ақыиқат үні еді,
Солардан үміткер шықпайды ау,
Адамды жетектей біледі,,,,,,
Амандық тілейік оларға,
Өшпесін халқымның тілегі,
Әр санын көргенде қуанып,
Жылайды жып жылы жүрегім,
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
16.01.2012 11:02
+0 / -0
Дауысымды Нұр Отанға бердім, НӘН ұрсын!!! : )
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 11:25
+0 / -0
Сайлау емес Майлау гой мынау.
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
16.01.2012 12:30
+0 / -0
Қазақстанның 80 пайызы Сауатысыз, Көздері көрмейді екен!!! : ) : ) : )
Пікір алмасу

Кімнен: Ертаргын Қайдан: Астана
16.01.2012 13:37
+0 / -0
Қазақтардын 80 пайызы сауатсыз емес, осы болған уақиғаларды халық білмейди дейсин бе, біледі - шындығын айтар болсақ қарсылық көрсетип бармағандардан, барып ОСДП дауыс бергендер көп, бірақ сол дауыстарды ауыстырғандарға не дейсін.... Қазақтар надан емес - қазақтар қу...
Пікір алмасу

Кімнен: Саша Қайдан: Астана
17.01.2012 09:34
+0 / -0
Саламатсыз ба кара бала Алматы)))) Озимиздин тургындарымызды неге сауатсыз деп намысына тиесиз негизи оларды колдап билимге итермелеуимиз керек акылга келиндер казакстан тургындары
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
17.01.2012 10:34
+0 / -0
Кешіресіздер, Менің ешкімнің намысына тием деген ойым юолған жоқ, видеодағы сайлау комиссиясы мүшесінің айтқан сөзіне күлкім келді, адамдарды соншама надан санауға бола ма? Шынымды айтсам қаным қараяды.
Пікір алмасу

Кімнен: ak baia Қайдан: almaty
03.02.2012 23:49
+0 / -0
sen "kara bala" sauatty kopinesin go ozi. endi aitwy sen nurotannyn kai caiasatynyn arkasynda nan jep otyrsyn? kezinde Konaeb jazyp ketken saiasatynyn ba? ondai caiasatty kolyna bilik bersen sen aityp otkan koiwy sauatsyzda jasai alady. tak 4to bilmeitinin koppe otirik sauatty bolmai jaiyna otyr. erten beksultan degen sauatsyz kelse nesteisin
Пікір алмасу

Кімнен: zhanchik1 Қайдан: jkjkjkjk
16.01.2012 17:52
+0 / -0
өте дурыс айтасыз Марат!
Пікір алмасу

Кімнен: Svetok Қайдан: Орал
16.01.2012 18:02
+0 / -0

Сайлау азаматтардың демократялық құқықтарын іске асыруының аса маңызды тетігі болып табылады.
Қазақста азаматтары өз заңды құқықтарын тиімді де нықты пайдалана білетіндіктерін осы сайлау арқылы дәлелдеді.
Пікір алмасу

Кімнен: dina
17.01.2012 10:58
+0 / -0
Сіздің пікіріңізбен толық келісемін. Әр азамат өз құқығын пайдаланып, халық бір дауыстан "Нұр Отан" партиясын таңдады. Себебі, халыққа бейбітшілік пен тыныштық керек.

Кімнен: у
15.01.2012 18:37
+0 / -0
Бейшаралар көрініп тұрған шындықты бұрмалаудың жолын таппай бұлтақ қағады, кеудесімен оқ тосқан әйелді қарашы, сол аралықта бюллетендерді тығып үлгірді. Ауылдықтар қобалақ қой, қалалықтар секілді ым, жымын білдірмей істей алмайды. Келмеген адамның орнына дауыс берудің қаншалық заңдық негізі бар? Нұротан осы жерде аз дегенде 2000 дауыс ұрдаған шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: п
16.01.2012 14:35
+0 / -0
Олар ұрлап әуре болмайды ғой, санамайды да. Бүгін біреулер алып онымен бір жерін сүртіп жатқан шығар.

Кімнен: Сапар Қайдан: Кентау
15.01.2012 18:46
+0 / -0
Елдегі бүгінгі сайлау толық түсіністікпен өткізілуде. Халық арасында көтеріңкі көңіл-күй, ынтымақтастық белгілері байқалады. Халықаралық бақылаушылар таратынан елдегі демократиялық үрдістердің жетілгендігі туралы ыстық ілтипат сезіледі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:14
+0 / -0
Иә, халықта көтеріңкі көңіл күй!
Көшеден көрдім Матвей мен Жайдарман, Мырқымбай мен Мәруська құшақтасып алған, тас болып бір-бірін жібермейді!
Мырқымбайдың бетінен бір сүйсем деп ебірей, сарт, кіріс, шүршіт, құдай-ау, неше түрлі ұлт қыздары қырылып қуып жүр.
Рас айтам. Нан ұрсын!

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
15.01.2012 18:47
+0 / -0
біздің билік тек осындай жолмен ғана жеңіске жете алады. әділ сайлауда 7%тік баррельден аса ала ма алмай ма, ол жағын айту өте қиын..........................................................

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 18:50
+0 / -0
член избиркома занимается вбросом, и даже не осознаёт, что он фальсифицирует выборы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:05
+0 / -0
Нұротанның қандай Ұрыотан екенін көрдіңдер ғой! Енді осы ҰРЫОТАНДЫ ҰРЫСҰЛТАНМЕН қосып ит қосып қуса шіркін! Алаяқтар! Ал, Сапар (Кентау) 25 мың теңгеге бола ұлтыңның болашағын сатқаның не қарабет!?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:01
+0 / -0
ол прокурорлардын атын умытпауымыз керек, биле журейик

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:02
+0 / -0
"Нан ұрсын" деп зәресі ұшқан мына адамнан кейін сайлауды заңсыз деп жариялауға әбден болады!
Бұл бейшараны ендігі қамап тастаған шығар. Басы жарылып, көзі шығып жатқан шығар сорлы.
Ауыл тұрғындарын клубқа жинап алып "Қане, Нұротанға дауыс берем деп уәде беріңдер! Нан ұрсын деңдер" деп зекіріп тұрған ауыл әкімі көз алдыма елестеп кетті.
Ішім қан жылап, аузым қан татып кетті.
Не істесем екен?
Былтыр Праганың Красна Гурка ауданынан алған пәтеріме тартып отырсам ба екен? Метроның Злычин тармағы қатынайтын әдемі жер.
Азаттық, не айтасың? Мен сия алам ба жат жерге?
Ішім өртеніп барады!

Кімнен: адай Қайдан: маңғыстаудан
15.01.2012 19:04
+0 / -0
сайлаудың әділ адал өтпеитініне ,Әуеліден халықтың көзі жетіп отыр еді,Мына факті дәлел бұған , Ана қыздың өйтіп ,Әркімнің сайлау қағазын жәшіке салуға заңды түрде қақысы жоқ, Мына сайлаудың бұзылғаны қақ,

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
15.01.2012 19:19
+0 / -0
Сайлау по Назарбаевский!!! Мына қарындас дәуде болса, бір бейшара мұғалім шығар! Қазіргі мұғалім, жазушылардың сиқы осындай ғой!Байғұстар, мал болып кеткен екенсіңдер.

Кімнен: Antivirus Қайдан: AStana
15.01.2012 19:21
+0 / -0
Пойти на выборы это гражданский долг каждого и правительство не заставляет никого голосовать, это право каждого за кого голосовать или голосовать вообще! Так давайте будем показывать свой гражданский долг.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:22
+0 / -0
дауыс берейін деп барып едім, үш үміткердің ішінен бір қазақты таппадым!
Пікір алмасу

Кімнен: О
15.01.2012 19:43
+0 / -0
Оянып кетсең Ресейде жүрмекенсің! Көз алдыңда кремль, екі жағыңда екі жендет тұрған шығар.

Кімнен: Қария
15.01.2012 19:38
+0 / -0
Мен Жаңатұрмыста тұрамын. Денсаулығым жарамаған соң (2-ші топтағы мүгедек) сайлау комиссиясының қыздары жәшікті үйіңізге алып келеді Заң бойынша деді, бірер күн бұрын. Бүгін алып келді, басқа дені сау адамдар сияқты дауысымды бердім! Үйде жатсам да Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрқашан тілектеспін. Жастарға айтарым: елімізді дос дұшпанға күлкі қылмай, сайлауды абыроймен өткізіңдер! Қайсыларың жеңсеңдер де, мақсаттарың тек Қазақ елін өркендету және көркейту болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:28
+0 / -0
Өтірік соқпа! Бұл сөзіңді шошқаларға айт! Ал біз адамбыз!
Пікір алмасу

Кімнен: 510 Қайдан: ауыл
16.01.2012 20:18
+0 / -0
АААААллллжжжжыыыыыггггггггааааааннннн....хахахахаха

Кімнен: Амантай Нұрбеков
15.01.2012 19:39
+0 / -0
Монтаж екені көрініп тұр, тіпті Аззатық осыны НұрОтанға қарсы әдейі өзі жасаған болуы мүмкін ғой, прокуратура, Нұр Отан партиясы бұл журналистерді жақсылап тексерулері керек деп ойлаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 19:50
+0 / -0
Мал екенің көрініп тұр, амантай.
Пікір алмасу

Кімнен: Сергей Қайдан: Астана
17.01.2012 09:56
+0 / -0
Мал екени коринип тур демей оз халкымыздын денгейин котерейик агайындар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:04
+0 / -0
Амантай, сенің маңдайындағы көз емес, басқа нәрсе
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:29
+0 / -0
Көз емес көд дегің келген шығар!
Уа-ха-ха!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:25
+0 / -0
Ойбай, сендер түсірдіңдер де кеттіңдер. Артынан қырғын болып жатыр. Анау байғұс дежурныйларды аямайсыңдар ма. Оларға бюллетенді тобымен салыңдар деген бұйрықты бергендер бар. Өздері салды дейсіңдер ме.
Сайлау сайын солай болады. Оны елдің бәрі біледі. Мыналар жұмыстан айырылатын болды. Тек жұмыстан ғана айырылса жақсы ғой. Қинаса, азаптап жауап алса қайтесіңдер? Өмірлерін құрттыңдар ғой!
Біз бұларды танып отырмыз, жанымыз да ашып отыр. Жоғарыдан сондай бұйрық болса, бұларда не жазық бар.

Кімнен: Азамат
15.01.2012 19:39
+0 / -0
Au, adamdar! Bul jerde biliktin ne kinasi bar?! Aiteuir bilikti jamandaudan sharshamaisiz! Kudai saktasin! Barlik kina sailau jawigine biyletenderdi toptastirip salip jatirgan ozimizden! Mouidauimiz kerek, misaliga sizge toptastirip salinizdar dep bilik buirik berdi me?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:09
+0 / -0
Осы Амантай Нұрбеков кім екен а? Жаңаөзенде жұртты жусатып сап, сайлаудан кейін не болар екен деп күтіп отырған жендет шығар!
Пікір алмасу

Кімнен: Amirbek
15.01.2012 20:09
+0 / -0
Azamat aimandaili azamat bolwiw!!! BUl kunde Nanin kalauinsiz Kazak elinde wimwik uwpaitinin bilmeisin ba? Jana Uzen kar jamilip jatkanda bular sailaudi saiasi mazakka ainaldirdi kazak kawan el bolamiz kawan win sailau windik Jana Uzen 86-jeltoksan koterilisteri turali windik aitiladi? KAida jinalip toptasip auzimizdi bir kilip KAzaktin adildigin surap berse bermese tartip alamiz kawan again

Кімнен: Сайран Канат Қайдан: Алматы
15.01.2012 19:50
+0 / -0
мен озим осы жерде дауыс бердим! Бунда барлыгы занды турде болды .Бундай жагдай байкалмады ! биреудин жалган бейне баянына сенуге болмайды!Егеменди елмиз сайлау адил отип жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 20:07
+0 / -0
ЕЕЕЕееее, Сайран Қанат, Сайран Қанат....кісі өліп, қазақ қырылған кезде де (Жаңаөзен) сайрап едіңдер қазақтың миына у құйып, сайлауда да сол ақпараттық жендет болуды жалғастырып отыр екенсіңдер. Бәрі дұрыс деген сөздерің қазір халыққа шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Халықтың ашуын негізі сендер туғызасыңдар, негізі осы сендер бүлікке ұрындыратын осындай арандатқан әңгімелеріңмен.
Пікір алмасу

Кімнен: Сайран Канат
16.01.2012 14:58
+0 / -0
жанаозендеги жагдай шешилетин маселе!! Елбасынын бастаумен шешимин табады ! теледидардан жанаозенге барган ис сапарын корген боларсыздар! Ер азаматтын созин берди !!! Жакын арада шешимин табады !!!! ол жакта кала болып сайлауга катысты !!!
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
17.01.2012 09:55
+0 / -0
Көрдік. НАН өліктің үстінен аттап өтті. Қазақта қайыр болсынды өлген кісіңің үйіне барып айтады. Қалмақтарда қалай екнін білмеймін. Оларда телевизордан айтпайтын шығар.
Японияның императоры қайғылы жанұяға келіп тізірлеп отырып табиғаттың қаһарына ұшыраған бишаралардан кешірім сұрады.

Кімнен: 777
15.01.2012 19:59
+0 / -0
Мен бүгін "ұры отанның арқасында" 4 рет сайла құқығына ие болдым, бірақ ұры отанды сайламадым. менікі заң бұзушылық болып табылама?

Кімнен: 777
15.01.2012 20:02
+0 / -0
сағат 20:00 сайлау науқаны аяқталды.

Кімнен: zheltocsan
15.01.2012 20:09
+0 / -0
биліктегі ұрылар билікте қалай болғанда да неғұрлым ұзақ қалсақ жасаған қылмыстарымыздың уақыты алыстап жауап беру керек екені де ұмытыла бастайды деп ойлайды. Ал шындығында олай емес, олар билікте ұзақ қала берген сайын бұрынғы қылмыстарының үстіне жаңа қылмыстар қосып, жалпы қылмыстарын одан сайын көбейтіп жатыр.

Кімнен: Мә
15.01.2012 20:10
+0 / -0
Мәәә Азаттықтың тілшісі молодес е! Оны марапаттап, Әл-Жазираға жіберу керек жұмысқа!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Айна Исақызы Қайдан: Лондон-Астана
15.01.2012 20:58
+0 / -0
Әттең мына шала шала берген мәліметті "нан ұрсын" дегеннен басқа өтірігін шығаратын басқа тәсіл болар мекен? нұр отанға бес ұлым үшін дауыс бердім дейді, ал әр ұлы 18 жасқа толса, әкесінің өзі жапжақсы сақталған екен. бұл байғұсты нуротан ба не басқа партияны жаман жағынан көрсетсін деп таңдаған адамдардың шала ісі бір сәттен байқалып тұр ғой
Пікір алмасу

Кімнен: пролд
16.01.2012 14:42
+0 / -0
Ауылдағы ағайын ақшалары жоқ болса да ерте үйленеді көбісі,
Қаладағылар сияқты емес 30-40-қа келгенше бойдақ болып жүретін.

Кімнен: Жанат
15.01.2012 20:22
+0 / -0
25 000 дық нан ұратын қойлар маңырапты ғой. Қалай ұялмай өтірік көлгірсиді екен, біреу сенеді деп ойлай ма? Бұл тек бір ғана жағдай, ҚРдың барлық жерінде, барлық сайлау нүктелерінде осылай болып жатыр, бола ды да! Өйткені билікте ұят жоқ, ар жоқ, мәңгүрттер отыр. Олар тапсырма береді, аналар орындайды, мыналар қойша маңырап дұрыс деп сайрайды. Бұлар дінді, адамгершілікті, шыншылдықты қайтсін. Жанбағысқа арқандалған құлдар. Аталары тексіз, аналары ұятсыз болса, балалары да осылай ұятсыз өтірік айтып, жала жабады. Халықаралық сараптамаға берсін, мынау видеоны, егер келіспесе, әйтпесе сайлаудың өте заңсыз, өтірік, арсыз өткенін мойындасын. Бетке айтқан - бұзақы, ақиқатты айтқан - жалақор ма? Істелген өрескелдікті тергемей, айтып отырған ауызды, көрген көзді, естіп отырған құлақты тергейді. Өз жөнін түзеудің орнына бетке айтатындардың тілін күзеуге кіріседі. Барша қиянаттың басы осыдан бастау алып жатыр. Бүгінгі биліктегілер төменде жүргенде жылмаңтөс, төбеге шығып алған соң періге ұқсайтын инвалид.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 01:43
+0 / -0
Жанат, дәл айттың, бұлардың ана-анасы, ата-бабасы сен айтқандай хайуан болған! Бұлардың өздері хайуанан жаралған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 13:04
+0 / -0
Қызылорда қаласында да №163 сайлау учаскісінде де коптеген заң бұзушылық болды, сайлау комиссиясы мүшелері пайдаланылмаған бюллетеньдерді келмеген сайлаушылардың есебінен өздері "ҰрыОтан" партиясы тұрған жерге белге койып, ашықтан ашық жәшікке сала бастады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 12:26
+0 / -0
Атам қазақ айтады ғой "өз құдығыңа түкірме деп" сондықтан ағайын өз Отанымызға қастандық ойламайықта!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 14:30
+0 / -0
Уа, халайық! Елдің арасына от салмай, еліміздің тыныштығын сақтайық. Ата-бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған жерімізді көркейтіп, өркендете берейік! Нұр Отанға дауыс берсеңіздер сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар. Нұр отан жасасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Литва
20.01.2012 12:37
+0 / -0
Атам қазақ айтады ғой "өз құдығыңа түкірме деп" сондықтан ағайын өз Отанымызға қастандық ойламайықта!

Уа, халайық! Елдің арасына от салмай, еліміздің тыныштығын сақтайық. Ата-бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған жерімізді көркейтіп, өркендете берейік! Нұр Отанға дауыс берсеңіздер сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар. Нұр отан жасасын!
_____________

Сонда ұры жүйені, халыққа оқ аттырған қандықол жүйені қолдап, күнәға батып отыра берейік деп отырсың ба?! Сайлауда дауыс ұрлау деген не сұмдық?! Бұл әлемдік дәрежедегі алаяқтық қой! Сайлау тәртібі бұзылғанының анық фактілерін көре отырып дым білмегендей отыра бергеніне қарағанда барлық бәле содан келіп отырғаны белгілі ғой.
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 

Назарға көп іліккен