Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:53

САЯСАТ

"Өкіл қайын ата" үшін Әлиевпен соттасатын кім?

Рахат Әлиев «Өкіл қайын атаның» қолжазбасын ол кітапты шығармау үшін бар күшін салған президент Назарбаевқа жолдағанмын дейді. Ал бұрынғы қайын атасы оның алдында Мұхтар Әлиев арқылы өсиетін айтып жіберген екен. Бұрынғы туыстар тіл табыса алмады, кітап шығып кетті.

Мәтін көлемі - +
ЕНДІ ОЛ ҚАЗАҚ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨМІРБАЯНШЫСЫ ДА

Рахат Әлиевтің аты аталғанда «Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы» деген атау оның мамандығы немесе дәрежесі тәрізді қоса айтылатын болды.

Алайда, Рахат Әлиевке қуғынға түскелі бері сұмпайы мен баскесерден, жендет пен сатқынға дейінгі толып жатқан басқа да жанама аттар жапсырылуда.

Енді оған Қазақстан президентінің өмірбаяншысы және оның толып жатқан малайларының жағымсыз қылықтарының жылнамашысы деген анықтама қосылды.

«Өкіл қайын ата» кітабы Әлиевтің тартпасынан жарыққа екі тілде – орыс және неміс тілдерінде шықты. Қазақстанның орыс-неміс қауымдастығының тапсырысы арқылы шықты дегендей мазаққа бейім тұр.

Кітап туралы, әсіресе оны оқымағандармен сөйлесу қиындау. Бұл ел басшылығымен байланысты толып жатқан фактілер мен тарихтың түйіні. Және ол жайында әркім өзінше байлам жасауы керек.

Кітапқа байланысты мен негізінен аутордың нені жазбай кеткенін айтқым келеді. Көлемі де, салмағы да көңіл көншітерлік шығарманың тағдыры шынымен де қыл үстінде тұрды ғой.

КЕШІРІМ ӨТІНГЕН БЕЙНЕТАСПАҒА РАҚЫМШЫЛЫҚТЫ АЙЫРБАСТАМАҚ БОЛДЫ

Кітапты жазып біткен соң Рахат Әлиев оны Астанаға, жоғарыға жіберді. Өйткені, орталықтан Австриядағы астыртын өмірге, президенттен Әлиевке хабарлар келіп тұрды.

Мұндай хабарды өткен жылы Венаға келген оның әкесі Мұхтар Әлиев те ала келді. Қазақстаннан шығар алдында ол Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей кездескен.

Ол сүйкімсіз туысқан өзінің Венадағы «бункерінде» барынша «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып отырсын деген сәлемін айтты. Кез-келген жағдайға бола ырылдап, азуын көрсете бермесін деді.

Рақымшылық сұрап, өтініш жазса жақсы болар еді, ал ең жақсысы бұл өтінішті бейнетаспамен беріп жіберсе, ол жақта бір-екі жылдан соң кешірімді ілдебайлаған болар еді.

Рахат Әлиевтің айтуынша, ол Астанадан мұндай өсиеттер мен ескертулерді түрлі формада талай рет алған. Бұған қоса Австрияда оны «аулау» да тоқтаған жоқ.

РАХАТ ӘЛИЕВ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА КЕЛІСІМГЕ КЕЛУДІ ҰСЫНДЫ

Мінеки, Рахат Әлиев те кітабын бітірді. Енді ол біздің Азаттық радиосына айтып берген эксперимент іске қосылды. Енді ол Қазақстандағы жоғарыдағылардың өмір тарихтары туралы жинақпен толықтырып, Астанаға өз ұсынысын жолдауды бастады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа келісімге келуді ұсынды. Өтініштерінің тізімі онша көп болған жоқ.

Оны әділетсіз қуғындағандарын мойындау. Оған қарсы барлық сценарийлер ҰҚК-де шығарылып, ұйымдастырылғанын мойындау.

Күйеуімен табысу үшін оның анасын Австрияға жіберу. Оған өзінің балаларымен кездесуге мүмкіндік беру.

Қолдан ұйымдастырылғандықтан, оған және жалған іс бойынша қуғынға түскен және бүгінгі күні абақтыда жатқан барлық адамдарға шығарылған үкімдерді жою. Жала жабу мен әділетсіз үкімдер мен соттарға қатыстылардың барлығын жазалау.

Бір сөзбен айтқанда, әр өтінішті сарай төңкерісіне тең десе де болады.

Ауыр үнсіздік пайда болды. Осылардың барлығына айырбас ретінде, Рахат Әлиев кітапты өмірге келтірмей-ақ жоюға ұсыныс жасады. Сондықтан, Әлиевтің қолынан шыққан жазбалардың тағдыры біршама уақыт Қазақстан президентінің қолында болды.

Сөйтіп ендігі бір кезеңде ол өзінің бұрынғы туысымен қатерлі де тәуекелді бизнес жасағысы келмеді.

КІТАПТЫ КӘСІПҚОЙЛАР ЗЕРТТЕЙТІН БОЛАДЫ

Бұдан арғысы техниканың ісі еді. Қолжазба баспаханаға беріліп, жарыққа шықты. Енді кітаптың өмірі басталды.

Бұрыннан қалыптасқан сценарий бойынша, бұл кітап Орталық Азия мен бүкіл постсоветтік кеңістіктегі жағдайларды бақылап, талдап отыратын көптеген зерттеуші орталықтарға түседі.

Бірнеше данасы АҚШ Конгресінің кітапханасына түседі. Соған қарамастан, бұл саясат әлемімен қандай да бір байланысы бар кәсіпқойлардың ғылыми-көпшілік қоғамдастығына апарар ашық жол. Және тек сол ғана емес.

Рахат Әлиевтің кітабына түрлі елдердің барлаушы қоғамдастықтары мен әлемдік қаржы жүйесіндегі жемқорлық схемасын бақылаумен айналысатын түрлі мекемелер қызығушылық танытары сөзсіз.

Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын оқуға мүмкіндік алғандар бірнеше себепке байланысты ашу білдіруі мүмкін. Қандай да бір адамдардың бұған дейін көптеген совет адамдары түскен ыңғайсыз жағдайға қалмағаны өте маңызды.

«Мен кітапты оқыған жоқпын, бірақ оны айыптаймын» деген сөздер естеріңізде болар. Ең жақсысы үндемей қалу, әйтпесе оқып шығып, оны күл-талқан ету.

КІТАП КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗДЕРІ АУТОРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУГЕ КІРІСУІ МҮМКІН

Рахат Әлиевтің кітабы әшкерелеуші жанрда болғандықтан, болашақта аутордың өзімен байланысты толып жатқан сот тексерулері мен заңға жүгінулердің болатыны жоққа шығарылмайды.

Қазақстандағы көптеген жоғары дәрежелі шенеуніктер, шетелдік және отандық бизнесмендер, президенттік саяси бірлестіктердің басшылары мен оппозициялық партиялардың жетекшілері Рахат Әлиевтің кітабында интригалардың, шексіз қаржылық, бизнестік айла-шарғылардың «қиының» үлкен үймесіне тартылған.

Жазылғандардың барлығы шындыққа сай келсе, кітапта толып жатқан қылмыстардың тарихы келтірілген.

Бұл тарихтардың қатысушылары барлығы бірігіп және әрқайсысы жеке-жеке Рахат Әлиевпен соттасуы мүмкін. Әлденеде өтірік айтып, біреуге жала жапқандай болса, оған да оңай тимек емес.

Бұдан былай Рахат Әлиевтің өзіне Батыс Фемидасының қылышына түсу қаупі бар. Аутордың оғының астында қалғандардың қайсысы болса да (бұл тек Нұрсұлтан Назарбаев қана емес, оның толып жатқан серіктері) бүгіндері Рахат Әлиевтің өзін әшкерелеуге мүмкіндігі бар.

Тасадан келіп, етекке жармаспай, оның қақ маңдайынан ұруға кімнің батылы барар екен? Венаның бұрыш-бұрышында оны аңдымай, нағыз, демократиялық түрде сазайын кім берер екен?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
19.05.2009 10:39
+0 / -0
Жалпы, біреуді әшкерелеп кітап жазу үшін сенің өзің судан таза, сүттен ақ болуың керек.Әйтпесе, сенің жазғандарыңа ешкім де сенбейді.Ал осы Рахат Әлиевтің баю үшін қаншама кәсіпкерлердің обалына қалғандығын осындағы жұрттың бәрі де біледі. Енді келіп әділетті іздей қалыпты. Егер ол Назарбаевтың күйеу баласы болмағанда осыншама абырой-атаққа, шылқыған байлыққа ие болар ма еді? Сірә, оның шимай-шатпағына Қазақстан мен Ауғанстанды шатастыратын еуропалықтар сенбесе, ешкім де сенбейді.

Кімнен: Серік Қайдан: Ақмола
19.05.2009 10:58
+0 / -0
Егер осы кітаптың авторы аты-шула Рахат емес, бөтен біреу болғанда мүмкін оқыр ма едім. Ал өзі талай жерге тышып кеткен антұрғанның былшылбайына уақыт кетіргім келмейді.

Кімнен: сұңқар Қайдан: астана
19.05.2009 11:18
+0 / -0
Александр мырзаның қолына ол кітап әлі тимеген болғаны ғой, ендігі жерде оқырмандарға дұспал емес кітаптан нақты үзінді керек екенін ескерсеңіздер екен.

Кімнен: belgisiz Қайдан: hetay
19.05.2009 15:01
+0 / -0
okil kuyew bala atte bul ketap oz betin ayamahan kisi betin xye helade degen man xehare hah, rahatta,oneng atase da huresen birah hazah eli aman bolsen! hazahstan aman bolsen!!!

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Қазақстан
19.05.2009 15:29
+0 / -0
Рахат Әлиевтің кітабындағы фактілерге кейіпкерлер қазақ халықына дәлелді түсініктемелер беруі қажет сияқты болмаса халық барлығына сенуден қалатын сияқты.

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Қазақстан
19.05.2009 18:03
+0 / -0
Сенбесеңдер сенбей-ақ қойыңдар, мен өзім сенемін. Өйткені Рахат қанша "козел" болса да бұл кітабында шындықты жазуға тырысады, себебі атасын мұқату үшін сөздерін дәлелдеуге мәжбүр, әрине, артығырақ "сілтеп" жіберуі де мүмкін, бірақ негізінен шындықтың аулынан онша алыс кете қоймас. "В споре рождается истина" деп орыстар айтпақшы, бұлар сөйтіп бір-бірінің к...н өздері ашпаса шындықты басқаша қалай білерсің?

Кімнен: Қайрат Қайдан: Қазақстан
19.05.2009 18:25
+0 / -0
Мына журналистің жазуына қарағанда, бұл кітапта оқитын ештеңе жоқ сияқты ғой. Ех Рахат сен бәрібір қаһарман бола алмайсың осыны ұқ. Өйткені сенің жасаған қорлығың мен зорлығың көптеген адамдардың есінде. Сен де бір кездері түкірігің жерге түспеді емес пе, енді келіп шаққан мұңыңды халық тыңдайды дейсің бе? Сен халыққа емес, Назарбаевтың айналасында жүрген бұрынғы өзің сияқты қазіргі туыстарына былай деп айт "Өгізге туған күн бұзауға да туады" деп. Сонда олар сенің кітабыңды оқуы мүмкін.

Кімнен: шынар Қайдан: ақш
22.05.2009 07:17
+0 / -0
осы Народецкийдің мақалаларын дұрыс аударатын аудармашы табылмағаны ма? мына мақаланы дұрыс түсіну былай тұрсын,оқу қиынға түседі екен

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
23.05.2009 01:20
+0 / -0
"Күйеуімен табысу үшін оның анасын Австрияға жіберу. Оған өзінің балаларымен кездесуге мүмкіндік беру." Бұл не? Кімнің анасын?
Аллаһым кешір мені,мен сенің құдіретіңнің күштілігімен Елбасымды сүйдім, оның анасының атындағы Медресе құрылысын бастадым, өзіме Әбішкеліні деген ат алдым. өз басымдағы жағдайларды баяндап, "Айшаның күнделігі" деген кітап жаздым.. Оның тек сигнальный номерлері ғана шықты... Аса әдепті Елбасым және оның отбасы мүшелері менің сезімімді құрметтей отырып, өзіме бір ауыз сөз айтып зекіместен осы жағдайларды тәрбиелік мәнде ұйымдастырып отырған сияқты. Аллаһ разылығы үшін кешулік сұраймын. Тек Сіздер тату болсаңыздар екен, өздеріңізге пәле жаппасаңыздар екен. ...Тек мен әлі өз жүрегімді бағындыра алмай келемін, бұл бір қиын жағдай болып та тұр ма? Неге Елбасым отбасына бәріңіз шүйліктіңіздер сонша? Өз бала шағаларыңыз жоқ па?

Кімнен: шынар Қайдан: ақш
23.05.2009 21:12
+0 / -0
Айшаға. Біріншіден, атасының атын атамайтын қазақ келіндері қашаннан бері атасының атына жазылатын болған? Осы отбасынан неше түрлі көргенсіздік шығады. Екіншіден, сіз отбасы судан таза сүттен ақ, Қазақстанда бәрі тамаша демекшісіз бе? Қайырышылықтан әбден тозған қазақ жұртын көздеріңіз көрмей ме? Халықты тонап, аздырып тоздырып жіберген диктаторлардың үрім бұтағы халықтың мәңгілік қарғысына ұшырайтынын тарих талай рет дәлелдеген.Отбасы тарихтан ешқандай сабақ алмаса білімсіздігі, парасаттылықтан жұрдайлығы, мәңгүрттілігі. Сіздер тым болмағанда Алла, тәрбие, имандылық деген сөздердің мазасын алмай, елдің аузын қышытпай отырсаңыздар ғой! "Елбасымды сүйдім" дегеннің өзі адамның құсқысын келтіреді. Аса әдепті Назарбаевтар Отбасы елдің бала шағасын ойлап ізеттілік көрсетіп отыр ма? Күнде бір қазақтың азаматын түрмеге тығып отыр! Өзінің күйеу баласымен бүкіл жүниежүзінің алдында Том мен Джерри болған қай президентті қай елдің тарихынан көріп едіңіздер?

Кімнен: Тазаказак Қайдан: Алтай
24.05.2009 03:36
+0 / -0
Мен де дал с1здер сиякты туган Казакстанымды катты суйем1н.Бул елден баска барар жер,басар тауым жок!Ел1мн1н тыныштыгы мен б1рл1г1н гана корг1м келед1.Мына жерге к1р1п мынаны окыныздар http://www.ng.ru/printed/225693 Рахат сиякты бандиттер мен ел баскарып отырган кузгындарга не кымбат екен1н б1лес1здер.Казактар, б1з елд1 ойлайык!Арандауга тус1п кетпей1к! Сорлайтын кара халык, ал аз1рше халкын ойлап жаткан ешк1мд1 кормед1м.Жерден,елден айырылып калмауды камданайык!Иракты кор1п отырсыздар, б1зге де тап беруге тамсанып отыргандар жетед1.Жастарды кыздырмай,акыл жане сабырмен аягын кутей1к.Халкыма АЛЛА жар болсын!!!

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
27.05.2009 11:52
+0 / -0
Шынар ханымға! Астағфирулла! Аллаһутағаладан кешулік сұраңыз! Хадис:Тіліңе ие бол, үйіңді кең деп есепте\яғни барына қанағат ет\ және істеген күнаң үшін көз жасыңды төк. Бұл тозақтан құтылу жолы...

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
27.05.2009 12:28
+0 / -0
САХИХ ХАДИС: ҒАЙБАТ АЙТУДАН САҚТАНУ: Араб тілінде біреуді жамандау сөзі ғойбатун деп аталады. Ғайбаттау, ғайбат сөз айту мағнасында қолданылады..АЛЛАҺ ТАҒАЛА Қасиетті Құран Кәримде бір адамның екінші адамда жамандауына қатысты:Бір біріңді жамандамаңдар.
Сендердің бірің өз бауырыңның етін жеуді қалай ма?-деген. \Хужурат сүресі,2-ші аят\. Демек ғайбат сөз айту адам етін жеумен тең екен. Ислам жеке тұлғаның абыройын, ары мен намысын дүниедегі барлық нәрседен, тіпті Қағбаның қасиеттілігінен де жоғары қойып,адамның басқаларды жамандау әдетін, оның бойындағы адамгершілік және саналық қасиеттерінің төмендігімен түсіндіреді. ...
"Пенде бір сөз айтып, ол сөздің мәнісін түсінбеуі мүмкін. Нәтижесінде отқа түсіп, түскен орны тозақ шетінен шығыс пен батыстың арасындағы қашықтықтан да қашық болады." Хадисті Әбу Хурайрадан\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті. "Аллаһ Тағала бауырының арын қорғаған пендені Қиямет күні тозақ отынан сақтайды." Хадисті Әбу Дардадан \р.л.ғ.\Имам Тирмизи және Имам Ахмад риуаят етті.
ТҮСІНІКТЕМЕ:"..арын қорғаған" - яғни біреуді жамандаудан тыю немесе бауырына қатысты айтылған сөзге құлақ аспау! "Нәби \с.ғ.с.\намазға тұрып:"Әд Духшум ұлы Мәлик қайда?- деп сұрағанда бір адам:"Ол-Аллаһ Тағаланы және Оның Пайғамбарын\с.ғ.с. \ жақсы көрмейтін мұнафық"-деді. Сонда Нәби \с.ғ.с.\"Олай деп айтпа. Ол Аллаһ Тағаламен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" дегенін көрмедің бе? Расында,
САХИХ ХАДИС: Аллаһ Тағала Өзімен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" деген пендені тозақ отынан сақтайды" деп жауап берді"... Хадисті Ъибдан ибн Маликтен\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті