Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:04

ҚАЗАҚСТАН

Алматы облысында су тасқынынан мыңдаған адам зардап шекті

Наурыздың 12-сіне қараған түні Ақсу ауданы аумағындағы Қызылағаш су қоймасы бұзылған. Ресми ақпаратта жүздеген үй су астында қалып, мыңдаған адамның зардап шеккендігі айтылды. Соңғы деректер бойынша 25 адамның құрбан болғаны анықталды.

Мәтін көлемі - +
Алматы облысының төтенше жағдайлар басқармасының деректеріне қарағанда, күннің жылынуынан қыстай қалың түскен қар және қатқан мұз еріп, соның салдарынан Қызылағаш су қоймасы бұзылған. Апаттан жан сауғалаған ауыл тұрғындары билік тарапынан көмек көрсетілмей жатыр деп дабыл қағуда.

Азаттық тілшісі телефонмен хабарласқанда,  Қызылағаш аулының тұрғыны Сәкен Сымжанов су қоймасының қауіпті жағдайда тұрғандығы жайлы облыстық телеарнада айтылған және мұндай қауіп-қатердің бар екенін жергілікті басшылар да білген деп отыр.

Оның айтуына қарағанда, сау тасқыны салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүздеген адамдар жатар орын, ішер асқа зәру болып отыр.

- Ауыл шығыннан көз ашпай жатыр. Түнгі сағат он екі кезінде телефон арқылы хабарлады. Содан таудың бөктеріне өз күшімізбен жан сауғалап қашып шықтық. Ауылда отыз көше бар еді. Қазір соның екеуі ғана қалды. Қалғанын су шайып кетті. Ауданнан келіп жатқан көмек өте аз. Облыстан, ауданнан алдын-ала келіп, осындай жағдай болу мүмкін деп ешкім ескертіп, көмек жасаған жоқ. Су қоймасының қауіпті жағдайы жайында облыстық телеарнадан да көрсетілген болатын.
Қызылағаш аулының тұрғындары облыстық аурухана алдында, Талдықорған, 12 наурыз, 2010 жыл.


Біздің ауылда қаза болған адамдардың соңғы саны отыздың үстіне шықты. Әлі қанша адамның мүрдесі су астында жатқаны белгісіз. Мал-мүліктен келген шығын шаш-етектен. Ауылда полиция қызметкерлері ғана жүр, жұртты тыныштандырып, басқа келіп жатқан көмекті көріп отырған жоқпыз. Ел азық-түліктен тарылып, көшеде жыларман болып шұбырып жүр. Тіпті, жұрттың жатар орны мәселе болып отыр. Екі қабатты ауыл мектебіне барып паналаған жұрт мектеп ғимаратына сыймай жатыр, - деді Сәкен Сымжанов.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Любовь Шапошникова Азаттық радиосына берген түсініктемесінде қазіргі уақытта республикалық, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардан және әскери бөлімдерден жүздеген адам және техника су тасқыны болған жерде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

- Су тасқыны салдарынан 257 үйді су алып кеткен. Ал, зардап шеккен тұрғындар саны үш мың адамды құрап отыр. Қауіпті жерде болған азаматтар су тасқыны туралы құлақтандырылып, облыс орталығынан келген көліктермен эвакуацияланды. Сонымен бірге, су тасқыны салдарынан адам шығыны орын алып отыр. Қазіргі уақытта олардың саны анықталуда, - деді Любовь Шапошникова.

Сонымен қатар, Любовь Шапошникова наурыздың 11-нен 12-сіне қараған түні Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жылыбұлақ ауылының да ауа-райы салдарынан су тасқынына тап болғанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, су тасқыны салдарынан Жылыбұлақ аулының 140 үйі су астында қалып, 820 адам зардап шеккен. Зардап шеккен адамдар ауыл мектебіне орналастырылып, тамақтандырылған ал, балалар мен қариялар облыс орталығы Талдықорған қаласына жеткізілген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев су қоймасының бұзылуынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтқан жеделхат жөнелтті.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айбалта Қайдан: Қотаннан
13.03.2010 05:53
+0 / -0
Иманды болыңдар, бауырлар!
мен де көңіл айта аламын...

Кімнен: Мәке Қайдан: Балқаш
13.03.2010 10:11
+0 / -0
екеуі екі бөлек айтады:бірі көмек жоқ, екіншісі көмек бар деп. сонда бұл не? батыс елдерінде қалаларды су шайып жатса да адам шығыны онға жетпейді. ал бізде ше бәрі тасқын болатынын білген, бірақ 30дан астам адам қаза болды... страна дураков...ей бұл Қарағандының шахталары емес қой ондап өлетін... бейбіт ауыл... Жеделхат дейді, қазір ауыл тұрғындарына ол жеделхатты не істемек!

Кімнен: halmurat
13.03.2010 16:09
+0 / -0
Әбден обал болды-ау, қайран бауырларым. Жандарың жәннәтта болсын. Бейбіт күнде қырғын келген бұл не заман сонда. Халықты сақтандырмаған анау Мәсімов бастаған иттерді жазалау керек.

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
13.03.2010 17:09
+0 / -0
АҚСУДАҒЫ ҚЫЗЫЛАҒАШ ауылының тұрғындарына ЖАҢАӨЗЕН тұрғындарының атынан көңіл айтамыз! Қайғыларыңа ортақпыз. Қазір сіздерге көмек беретін ЖАҢАӨЗЕН мұайшыларының жағдайын түсініп жатырған шығарсыз.Біз сіздерге жанымыз ашысада, қолдан келер дәрмен жоқ болып отыр. Қалғандарыңыз аман болып, тез жазылып кетіңіздер. Жергілікті басшылар біліп отырса, ертерек халыққа неге хабарламады екен? Қазіргі басшыларды қой,өздерінің амандығы мен қалтасын ойлайды ғой сірә.

Кімнен: Нұрай Қайдан: Талдықорған
14.03.2010 19:52
+0 / -0
Бекем болыңыздар!
Қазір барлығымыздың қабырғамыз қайысып тұр! Бір өкініштісі, бұқаралық ақпарат құралдарында беріліп жатқан ақпарат жалған. Қаза болған адам саны 150-ден әлдеқайда асып кеткен. Сондықтан бұл біз үшін трагедия...

Кімнен: Жазира Қайдан: Ақтау
15.03.2010 12:16
+0 / -0
Адам баласы үшін қайғылы да қасіретті қаза.Бұның барлығы бастықсымақтардың қарапайым халықтың өміріне немқұрайлықпен қаруынан. Есеңгіреген елді мини бастықтар үлкен басшылар келгенде ауыздарыңды ашпайсыңдар, бәрі жақсы деп айтасыңдар, қалғанын өзіміз қатырамыз деп жаналқымнан алуда. Бізде бәрі белгілі ғой, дер кезінде жасалмаса артынан қағаз күйінде есеп беру үшін ғана жасалып, жабулы қазан жабулысымен қалады. Жанұясының жартысы қаза болған адамдардың жанайқайын кім тыңдайды, кім түсінеді? Үшінші ауылдың тұрғындарын аман алып (тауға көшіріп) қалған Сымжанов Сакенге, Сарбатов Дүйсенге тағы бір азаматқа тік тұрып бас иеміз. Туыстарынан айырылған жандарға берік болыңыздар, бүкіл қазақ елі Сіздермен
Пікір алмасу

Кімнен: КИІКШІ Қайдан: Түркістан
15.03.2010 20:11
+0 / -0
Карындасым ау! Қалың жұрттың бұл қайғысына Әкімбақырларды кінәләғаннан ештене таппайсың ғой. Ажал айтып келмейді. Барлығы Алланың қолында. Жаныңды беріп, қайтадан алатын да бір АЛЛА. Бір ауылдың су астында қалғаны үшін сол басшыларды жазғырғаннан не ұтасын?
"Есеңгіреген елді мини бастықтар үлкен басшылар келгенде ауыздарыңды ашпайсыңдар, бәрі жақсы деп айтасыңдар, қалғанын өзіміз қатырамыз деп жаналқымнан алуда." Сен сол жерде болдың ба? Әлде сенин алқымыңнан алып солай деп айт деді ме саған? Ешнерсенин байыбына бармастан бұлай сөйлеу жөнсіздік деп білем.
Қайталаймын, оған әкімбақырларды кінартып еш жеріне мүйіз шығара алмасың хақ.
Бұл ЖАЗМЫШ. Үлкен апат болған екен. Енді ол ТЖМ(төтенше жағдайлар министрі), Әкімшілік пен басқа да билік құрылымдарына сабақ болары анық.
Қызылағаштықтарға қайғысына ортақтасып көңіл білдірем. БҰЛ ЖАЗМЫШ, БҰНЫҢ ДА БІР ҚАЙЫРЫ БОЛАРЫ АНЫҚ. Мына жағдайда тек АЛЛАдан ғана мейір күтейік.
Пікір алмасу

Кімнен: бақсы Қайдан: Талдықорған
16.03.2010 22:00
+0 / -0
Жазмыш, табиғи апат деп кісі өлтірушілерді ақтап алайын деп отырсыз ба? Адамның ары мен арсыздығы осындайда көрінеді. Жазықсыз жандардың қанын көтеріспеңіз! Алла сізден де сұрайды. Қанішерлердің адвокаты болмай-ақ қойыңыз. Шырылдап суға кеткен сәбилерді ойлаңыз одан да! Куәгердің сөзі бойынша шыңғырған дауыстар шыққанда төбем шымырлады дейді. Бір минуттан соң адам төзгісіз тыныштық орнады - дейді өз көзімен көрген адам. Кісі қолынан келген залал бұл.
Пікір алмасу

Кімнен: Алия Қайдан: Қарағанды
25.03.2010 16:47
+0 / -0
Қарынбай әкімсымақтарды кіналамағанда, су тасқынынан зардап шеккен, туған-туыстарынан айырылған қарапайым халықты кіналайсыз ба? Мәселе әкім сымақтарды жазғырып, мүйіз шығаруда емес, олардың барлық мән-жайды, су тасқыны болу қаупі бар екенін біле тұрып, жақ ашпауларында. Әрине, жазмыштан озмыш жоқ, бәрі бір Аллаһтың қолында. Дегенмен, сақтансаң, сақтаймын деген. Алдын алғанда, бәлкім мұнша адам зардап шекпес пе еді... Сондықтан мес қарын әкім сымақтардың сойылын соғып, шашбауын көтерудің қажеті жоқ!!!
Аллаһ Жар болсын!!!

Кімнен: Қасенова Жанна Қайдан: Уалиханова 49
15.03.2010 13:24
+0 / -0
Біздің Талдықорғанда, Текелі платинасы жарылайын деп жатыр деген шын ба екен? Солай болса Қызылағаштікілеріне обал болыпты ау. Талдықорғанға қашып келіп еді

Кімнен: bkb Қайдан: Alvaty
15.03.2010 21:44
+0 / -0
Қайғыларыңызға ортақбыз Бауырлар.
Осының бәрі Бастарында мыйы жоқ бастықтардың кесірі
Балық басынан шіриді.
Дәл осындай апатты біле тұра елге араша түспеген Әкім
екі дүниеде оңбайды. Бөгетті қолдануға ұрықсат берген мекеменің
Басттықтарын қарғыс аттсын. Бөгетті сатып алып аққшаның құлына айналған Қожайыны Айуан екен Арсыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.03.2010 22:04
+0 / -0
Тогыз тамгалы карагаштай калын "НАЙМАН"-нын торт баласы Тортуылмен Каракерей кар астында Садыр Матай су астында калды

Кімнен: Серік Сапарғали Қайдан: Алматы
17.03.2010 02:16
+0 / -0
Қайтқан аға-апаларымыз, бауыр-қарындастарымыз иманды, жандары жәннатта болсын!

Осы цифрлерге қарап отырып, адам шығыны билік айтқан саннан көп артық па деген күдігім бар... Қызылағашта 2250-дей адам тұрса, одан 300 дей адамы көрші ауылға, 700 ден аса адам Талдықорғанға апарылса, қалған 1 мыңнан астам адам қайда?
Жарайды, 100-150 ден астам адам әртүрлі себеппен ауылда болмады -десек те...
Ауылдың 30 көшесінен 2-ақ көше қалса қалай 37 адам ғана шығын болады?
Бұл ең көп дегенде 10-ақ үйдің адамы ғой???

Осы жағдайды ұлтшыл журналистер, қоғам қайраткелері мүмкіндігінше қатысып биліктің адам шығынын жасыруға бағыттаған әрекеттеріне жол бермеуі керек деп ойлаймын...