Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:04

ӘЛЕМ

Рейхстагтың төбесіне ту тігіп жатқан сәт бейнеленген суреттегі совет сарбазы өмірден өтті

Жеңіс туын рейхстагқа төбесіне қадап жатқан тарихи суретте бейнеленген Ресей батыры Абдулхаким Исмаилов қайтыс болды. Ал ел аузында «Рейхстагқа ту тіккен батыр» аталып кеткен Рахымжан Қошқарбаев мойындалмаған күйі о дүниелік болып кеткен еді.

Мәтін көлемі - +

Абдулхаким Исмаилов 94 жасқа қараған шағында Дағыстанда Хасавюрт ауылында қайтыс болған. Ол 1916 жылы Дағыстандағы Хасавюрт ауданының Чагоротар ауылында дүниеге келген екен.

Соғыста үш рет жараланып еліне аман қайтқан Абдулхаким Исмаилов ақсақал көзі жұмылғанша туған ауылында тұрыпты. Сол ауылдағы мектеп Абдулхаким ақсақалдың атымен аталады.

 

Абдулхаким Исмаилов бірнеше орден медалдармен марапатталған. Фотограф Евгений Халдеевтің әйгілі суретінің кейіпкері Исмаилов батыр атағын тек жарты ғасырдан кейін алды.

Совет әскерлері Михаил Егоров пен Мелитон Кантария Рейхстаг төбесіне ту тігіп жатыр. Берлин, 30 сәуір, 1945 жыл.
1996 жылы Абдулхаким Исмаилов Реседің батыры атағана ие болды. Оның Рейхстагқа ту тіккен батырлығы жайында кездейсоқ белгілі болған.

 

ИТАР-ТАСС агенттігі Жеңістің 50 жылдығы тойланар қарсаңда Отан соғысы тарихы бойыншы оқулық кітабы жаңартылып жатқан болатын, – деп жазады. «Сондағы фотосуреттердің арасында әскери фототілші Евгений Халдеевтің әлемге әйгілі бір суреті болады, ол суретте Рейхстагқа ту тігіп жатқан үш совет әскері бейнеленген еді. Ол совет әскерлері осыған дейін Рейхстагқа ту тіккен батырлар деп айтылып келген Михаил Егоров пен Мелитон Кантария еместігі анық еді».

Осыдан соң-ақ іздестіру шаралары басталып кетеді. Бірде Ресей телевидениесінің бағдарламаларының бірінде әлгі сарғайған суретті көрген киевтік Алексей Ковалев деген қарт адам  «Бұл мен ғой, қасымдағы минскілік Леня Горычев пен дағыстандық Абдулхаким Исмаилов!» деп бірден тани кеткен екен. Міне, әйгілі суреттегі батырлардың есімдері осылайша белгілі болған еді.

 

Бұл суретте Абдулхаким екінші болып тұр, ол орақ пен балға бейнесі бар советтік қызыл туды орнатып жатқан солдатқа көмектесіп жатыр.

 

Леонид Горычев соғыста алған жарақаттан көп ұзамай қайтыс болса,  Абдулхаким Исмаилов туған Дағыстанында тоқсаннан аса жас

1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен совет офицері Рахымжан Қошқарбаев.
жасады.


Советтік насихат тұсында Берлиндегі ең соңғы соғыс күндерінде Жеңіс туын жедбіреткен батырлар деп екі ғана әскердің аты аталып және ол шынайы шындықтай қабылданатын.

Оның бірі шыққан тегі орыс –  Михаил Егоров болса, екіншісі Сталин сияқты грузин ұлтының өкілі – Мелитон Кантария еді.

Алайда көпұлтты Советтер одағының әр түкпірінде әр ұлттың өз батыры болатын, тек олар советтік тарихтың көлеңкесі мен қалтарысында көмескіленіп қала беретін.

Қазақстанның сондай өз батыры бұрынғы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев болған.

Ресейдің әскери тарих институты 2007 жылы  лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы солдат Григорий Булатовтың 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып ту тіккендігін растады.

Қазақтың зерттеуші – зиялылары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұзақ жылдар бойына Рахымжан Қошқарбаевқа Совет одағының батыры атағы берілуі үшін күресіп келді.


Бірақ та Рақымжан Қошқарбаевқа батыр атағы ресми түрде тек Совет одағы құлағаннан кейін берілді. Батыр өмірден өтіп кеткен соң 1999 жылы мамыр айында ғана «Халық қаһарманы» атағы. Бірақ ол халық арасында ежелден ақ батыр аталып, аты аңызға айналғандардың бірі еді.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
19.02.2010 10:49
+0 / -0
Қазақ , жүрген жерің азап деп айтылған сөз онша бекер болмаса керек . Қаздай тарйх көгіне ұшқалақтап жүрген бұл қауым , әлі де өзінің түп - тұқиянын тани алмай келе жатыр ау . Өзін ғұндарға теліп Аттиланы ата деп , Шыңғысханды өзінің ханы етіп әулеттерін төре санап басына көтеріп өзбектен енші алып егемендік алуға тырысып бақты . Азды - көпті бағы жанғандай болды . Өкінішке қарай Қазақ ұлты қалмақтың қытайлар қоздырған қырғынға тап болып , соның қырсығынан орыстың құрсағына келіп түспеді ме ? Орманды орыстың қуғын - сүргінінде жүргендерге ілігіп қанша пәлелерге тап болғаны анау ! Қазақтар тарих бойы көрсеткен еллігі шаш етектен десек артық айтқан емес шығар ; бірақ олардың қызығын өзі көргені некен саяқ сыяқты .Мысалы кеңестер одағында бүкіл халықтардан Қазақтың көрген бейнеті мен еткен еңбегі артық шығар . Дегенмен әлгі одақтан ең соңғы шығып қалғаны да Қазақ болыпты .Қызығы сол құрсауды қаусата бастаған да Желтоқсаншылар еді . Ал бүгінгі билік баяғы дәулерге кезкелген албастыларды пір тұтып , олардың көңліне қараймын деп Қазақ баласын өзіне ұсата алмай жүргені . Қылаяғы , Қазақтың Адайындай , " Танысаң Адайыңмын ; танымасаң құдайыңмын " дейтін озбырларға құдайын танытатын ортаға шығатын нағыз батыры жоғалды дейміз бе ? Қазақ жаратылысы озбырлықты , тіпті өз ағасынан да көтермесе керек ; немесе құрып кетті деп күдер үзуге тура келіп ақ тұр . Құдай сақтасын !
Пікір алмасу

Кімнен: Таңданыс
20.02.2010 23:47
+0 / -0
Мына "қажысымақ қаракедей" не айтты? Не айтқысы келді? Түк түсінсем бұйырмасын...

Кімнен: Анахарсис Қайдан: авыф
21.02.2010 18:10
+0 / -0
Сонда ту тіккен кім болды? Қазақ Қошқарбаев пе? Абдулхаким бе? әлде орыс па? жоқ әлде ескимос па? бұл не деген мыжыған әңгіме болып кетті, өзі!

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
23.02.2010 10:51
+0 / -0
Ол ту тігілмесе өртеніп кетсін, онда нелерің бар, қазақтар! Ұмытыңдар ол қанды жалауды. Соның кесірінен әлі күнге есеңгіреп жүрген жоқпыз ба! Бастысы өзіміздің КӨК ТУЫМЫЗ-ға Алла амандық берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Кім екенім не керек Қайдан: Біржақтан
24.02.2010 16:56
+0 / -0
Қас Жолымбет бүгінгі күнге аспаннан салбырап жетіп келген ешнәрсең жоқ, өткен тарихты ұмытпа өткеге салауат айт қолыңнан келсе