Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:06

САЯСИ САТИРА

Қожанасырдың жаңа хикаясы немесе Қожекем кітаптан қалай қорықты

О заманда, бұ заман бала болса құбыжықтан қорқушы еді үлкен болса ібілістен қорқатын.Қазір енді адам баласының, әсіресе қазақстандықтардың зәре-құтын алатын қорқынышты дүниелер қатарына жарылғыш бомбамен теңдес кітап деген бір нәрсе пайда болды.

Мәтін көлемі - +
Ел аралап екі-үш айдан соң үйіне оралған Қожанасыр есегін жемдеп келіп, кешкі шәйін алдына ала бергенде есіктен сүрініп-қабынып көршісі кірді. Табалдырықтан тоңқалаң асып құлаған көршіні бетіне су бүркіп, мұрнына насыбай иіскетіп жүріп Қожекең әрең есін жиғызып алды.

- Апыр-ай, көршім-ай, тыныштық па, түрің өрт сөндіргендей ғой? – деп әпенді әбігерге түсіп-ақ қалды.

- Қожеке, қайдағы тыныштық болсын, сұлтанымыз тағы да шала бүлініп жатыр?! – дейді көзі аларып кеткен көршісі.

- Не боп қалыпты, елге кәпір шапты ма?

- Кәпір шапса жақсы ғой, жауды бірдеме қылып қайтарармыз. Әміршінің ашуынан хан сарайы селкілдеп тұр!
- Астапыралла! – дейді Қожа тілін кәлимаға келтіріп, - «Ет бұзылса – тұз себеді, тұз бұзылса не себеді?» дегеннің керін келтірдің ғой?!
Көрші болған жағдайды баяндай бастады.

- Әлгі, біздің сұлтанның Ұрымға қашып кеткен бұрынғы күйеу баласы әміршіні сөз етіп кітап жазыпты...

- Е-е, сұлтанды мақтап жазса маңайындағы сарай ақындары құрып қалып па?!

- Сұлтанды мақтап тақпақ шығарған сарай ақындарының қазынадан шапан кигенін көріп жүрміз ғой! Бұл кітап мақтау-мадақ емес, масқара!

- Астапыралла! – деп орнынан бір қозғалып қойды Қожанасыр, - Сұлтандардың семізіне қатырып айтқанды естіп едік, батырып айтқан қандай болады екен?
Көршінің үні қырылдап, көзі алақтай бастады.

- Көршім-ау, шәйдан ұрттап-ұрттап жіберші, мына түріңмен ана дүниеге жүріп кетерсің, - деп әпенді де бәйек болып қояды.

- Кітап – кітап емес, Қожеке, тура жын қамаған құмыра секілді дейді...
- Астапыралла!

- Иә-иә, Қожеке, ашып қалғанда алғашқы парағынан бастап әміршінің іс-әрекетін тәптіштеп-ақ жазған дейді...
Көрші хан сарайындағы оқиғаларды көзбен көргендей етіп сайрап отыр. Енді Қожанасырдың көзі алақтап, сақалы селкілдеп бара жатты.

- Оу, Қожеке! Сізге не болды? Шәйдан ұрттап отырыңызшы, - дейді көрші де күйіп-пісіп. – Апыр-ай, сізге бекер ғана айттым-ау бұл әңгімені...
Шәйдан ұрттап, жан шақырып алған Қожанасыр сөзге келді.

- Оқасы жоқ, көрші, - дейді Қожа, - Ел болған соң елдің ішіндегі сөзді біліп, естімегенге таратып жүру керек!

- Ойбай, Қожеке, дымың ішіңде болсын! – деп көршісі шыр-пыр болды. – Айттым ғой, бекер ғана сізге жеткіздім бұл әңгімені деп. Құримыз, ойбай, тісіңізден шығармаңыз!

- Е, несі бар? Сұлтан да екі аяқты пенде...

- Тыныш отырыңыз, Қожеке, бұл кітапты оқығандар былай тұрсын, сөз еткендер сотталып жатыр!

- Сонда қалай?

- Солай! Әміршіге жағымпазданып соттардың шығарған сондай жаңа «заңы» бар!
Қалаға кірген керуендерді «аты жаман» кітап жоқ па деп тексеріп жатқанын, кітапты оқыпты дегендердің бүкіл туған-туысын, көрші-көлемін тергеуге алып кеткенін, «аты жаман» кітап туралы сыбырлап сөйлескендердің өзіне сексен дүре соғылғанын көршісі Қожанасырға рет-ретімен жеткізді.

- Хан сарайының төбесіндегі бұлтты сырықпен сырып тастайтындай болып жүргендер, енді күнді алақанымен жауып тастайтындай болды ма? – деп Қожанасыр таңқалды.

- Алақандары күймесе, жауып тастаудан да тайынбайды!

- Сонда не дейді олар?

- Кітапты оқымаңдар дейді...
Осыны естуі мұң екен, Қожанасыр орнынан қарғып тұрып сандықтың үстінде жатқан көне шежірені отқа тастай салды.

- Мұныңыз не, Қожеке? Мынау парсы патшасының заманынан келе жатқан көне шежіре ғой?! – деп көршісі сасып қалды.

- Шежіре ме, басқа ма, бұл да кітап! Мүмкін, мұны да оқуға болмайтын шығар?!.
Қожанасыр шапанын иығына іле салып далаға беттеді. Артынша көшеге жүгіріп шыққан көршісі әпендіні таппай қалды. Біраз уақыттан кейін медресе жақтан шу шыққан соң, Қожанасырдың көршісі сонда жүгірді. Келсе, бір топ адам Қожанасырды қапсыра құшақтап тұр екен. Елдің айтуына қарағанда, әпенді медресенің кітапханасын өртеп жібермек болған.

- Мүмкін, медреседегі кітаптарды да оқуға болмайтын шығар?! – деп екіленіп қояды Қожанасыр. - Әпенді деп маған күлесіңдер, сендердің қылықтарыңа жынды адам шек-сілесі қатып күлгені соншалық ауруынан айығып кетеді...



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алаш Қайдан: Түркістан
25.05.2009 23:23
+0 / -0
дұрыс, атам қазақ астармен, мысқылмен сөйлеп, есірген бай-батшаның сасық тұрпатын ашуды білген ғой. Сайт иелерінің құлағына алтын сырға, осы сайтта әжуа, шымшыма секілді жанрды жандандырған қажет-ақ! тіпті, үздік фельетон, әзіл әңгімеге жалпақ жұрт арасында бәйге жарияласа да артық емес. Талай дарындар бар ғой ел арасында іштегі қыжылды өткір қызыл тілмен жеткізе алатын

Кімнен: temirbek.jienbay Қайдан: hitay
26.05.2009 01:02
+0 / -0
айдағар патха.барлық аңдарға бұйрық тұсырып.менің ордама құйрығы,барлар кырмесін депты,құйрұғы жоқ аңдардың.барлығы кіріп жатса (құр бақа)кірмей есіктің алдында тұр дейді.артынан келген құмырысқа.неге кірмей тырсың сенде ,құйрық жоқ емеспе десе (құр бақа )қалтырап тұрып менің бала кезімде.құйрығым болғaн соны патха ағызам біліп қойама деп тұрмын депті анау нан кокеден басқалары.неге қалтырап қорқады.оларда құйрық жоқ емеспе.жоқ әлде олардада.құйрық болғанба...?

Кімнен: Ербол Қайдан: Ақмешіт
26.05.2009 11:41
+0 / -0
Тамаша әңгіме.Алаштікі дұрыс, бұл сайтта сықақ әңгімелерді, әжу мен мысқылды көбейту керек.Әсіресе, астарлап жеткізу өнерінің қазіргі таңда қаны тамбай тұр. Мүмкін ана Рахаттың кітабын астарлап жеткізетін бір талант иесі де табылып қалар.Солай оқысақ та болады.Ешкім ештеңе істей алмайды.

Кімнен: Өмірзақ Қайдан: Алматы
26.05.2009 12:39
+0 / -0
Әй, Ескендіров, патшамыздың бұйрығын әзілге айналдырғаның қалай, шамасы, өзің де сол кітапты оқыған болып тұрсың ғой. Біздің ұлы патшамызды әзіл әңгімеге араластырғаның үшін, өзіңді де жауап тарту керек. Астананы салдырған, жан жағындағы ұры шенеуніктерді қаматқан, өз өзін мәңгі басшы етіп жариялаған, жер астындағы байлықты шетелдіктерге су тегінге таратып берген, жерді де сатуға бұйрық шығарған, халқы тек қарананмен қоректенетін, оларды осындай жағдайға шүкіршілік етуге бейімдеген, "Күн көсем", "ұлы" патша, ешуақытта тақтан түспейтін, "теңдесіз", "ақылды" "дана", "данышпан", алдағы қаупті күні бұрын "болжай" алатын, әлемдегі ең бай, алтын басты, НҰР-Сұлтанға тіл тигізушіе болмаңдар. Әйтпесе, барлықтарың,Жәкішов пен Бүркітбаевтың артынан темірдің аржағына кетесіңдер. Бұл А.Ш бұйрығы. Ал мен соның құйрығы.

Кімнен: Судырахмет Қайдан: Ақмешіт
26.05.2009 14:54
+0 / -0
Әй, мынау Өмірзақ деген жігіт жарады.Бүгінгі таңда мұнан асқан сатириктің сарбазын көріп тұрған жоқпын. Өзің бір тілің мен жағыңа сүйеніп қалған қазақ екенсің. Бауырым, нағыз тума талант екенсің. Осындай қазақтар барда су түбіне кете қоймаспыз. Ал Өмеке "Нұр патша" үшін тіліңді безегенің, "жағымпаздықтың" су жаңа түрін ойлап тапқаның үшін сені анау Ертісбаевтың орнына қою керек.Молодец.

Кімнен: Өмірзақ Қайдан: Алматы
26.05.2009 18:31
+0 / -0
Судырахмет бауырым, қазақта астарлатып айту арқылы үлкен мәселелерді шешу тәжрибеде бар емес пе? Бізде сол баяғы бабаларымыз секілді, бүгінгі өмірімізде болып жатқан жағдайды астарлатып жеткізіп көрейік деп едік, шамасы сәтті шықпаған ау, өйткені сен түсінбепсің менің не айтқым келгенін. Назарбаев қазақ халқы үшін "Ұлы" патша екені рас па, рас, оны тақтан тайдыруға әлі ешкімнің шамасы жетпей жатқаны рас па, рас, мұны айтпағанда, ол қолындағы билікті әкесінен қалған мұрадай көріп отыр емес пе? Енді келіп, бүкіл қазаққа өзінің кезінде жасаған, әлі жасап отырған былық шылықтары туралы жазылған кітапты оқымаңдар деп бұйрық беріп отыр. Бұдан кейін оны "супер хан" деп атасақ та жарасады. Сен қалай ойлайсың? Осы Азаттық радиосы бізге ішкі мәселемізді айтуға мүмкіндік беріп отыр. Сол мүмкіндікті пайдаланайық. Ал өзіңнен жауап күтемін. Бишара қазақ, А. Шабдарбаевтың құйрығы, Ұлы патшаның құлы(адал емес әрине) өзіңнің талантты Өмірзақ бауырың.

Кімнен: Жылауық Қайдан: Қазақ елі
27.05.2009 09:37
+0 / -0
Бір сөзге тоқтап Тағын босатып беретін қайран бабаларымыз ай .Ұрпағың ұсақталып бітті ғой.Әділ патша болса құт ,қаныпезер патша болса жұт деген,Қазақ сорлап бітті ғой.

Кімнен: Судырахмет Қайдан: Ақмешіт
27.05.2009 11:28
+0 / -0
Өмірзақ,менікі де саған еліктегеннен туған талпыныс қой. Мен сенің астарлап , майын тамыза жаза білетін шеберлігіңе риза болып отырмын.Бізде не жоғары жақтан қорқып, аузын буған өгізге ұқсап үндемей қалады не тисе терекке, тимесе бұтаққа деп шатып-бұтып жаза береді. Екеуінен де қайыр жоқ.Меніңше, мына сен секілді айызды қандырып, астарлап жаза білсе, әлдеқайда ұтымды.Қазіргі таңда анау Астанаға Назарбаевтың атын беру керек деп сандалып жүрген депутатсымақ Сәт Тоқпақбаевтың,Нұр-патшаның есімін Астанадағы әуежайға берейік деп елден ерек далақтап жүрген Дархан Қалетаеватың, Елбасына бірінші Еңбек Ерінің атағын берейік деп жанталасып жүрген Жансейіт Түймебаевтың,болмас анау Шымкентте Назарбаевқа ескерткіш орнатпақ болып тыраштанған әлгі кім еді..Мырқымбайдың атақ-абыройын аспандататын адам табылмай тұрғаны, Өмірзақ сенің ғана емес, менің де шымбайыма батып тұр.Меніңше дәл осы тақырыпқа конкурс жарияласақ та артық емес. Бәйгесіне анау Рахаттың "Өкіл қайын ата" кітабын тігу керек,осыған қалай қарайсың, бауырым.