Accessibility links

Оқулықтың тегіні де, ақылысы да жетпей жатыр

Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы "Алматы кітап" дүкенінен мектеп оқулығын іздеген қала тұрғындары ұзақ-сонар кезекте тұрғанымен, іздегендерін таппай жатқандарын айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
1/10 Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы "Алматы кітап" дүкенінен мектеп оқулығын іздеген қала тұрғындары ұзақ-сонар кезекте тұрғанымен, іздегендерін таппай жатқандарын айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Бесінші сыныпқа арналған "Бейнелеу өнері" оқулығын таппай жүргенін айтқан Ғабиден Әлішерұлы "кітаптың бәрін базарға шығарып жіберген" дейді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
2/10 Бесінші сыныпқа арналған "Бейнелеу өнері" оқулығын таппай жүргенін айтқан Ғабиден Әлішерұлы "кітаптың бәрін базарға шығарып жіберген" дейді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Жандосов көшесінің бойындағы "Алматы кітап" дүкені терезесіне мынандай хабарландыру іліп қойыпты. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
3/10 Жандосов көшесінің бойындағы "Алматы кітап" дүкені терезесіне мынандай хабарландыру іліп қойыпты. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Жандосов көшесінің бойындағы "Алматы кітап" дүкенінің алдында кезекте тұрған жұрт "Кітап біткенді базарға шығарып жіберген. Ол жерде екі есе қымбатқа сатып тұр" деп күйінеді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
4/10 Жандосов көшесінің бойындағы "Алматы кітап" дүкенінің алдында кезекте тұрған жұрт "Кітап біткенді базарға шығарып жіберген. Ол жерде екі есе қымбатқа сатып тұр" деп күйінеді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
"Алматы кітап" дүкенінің алдында кезегін күтіп тұрған балалы әйел. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
5/10 "Алматы кітап" дүкенінің алдында кезегін күтіп тұрған балалы әйел. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
"Атамұра" баспасы ғимаратының кітап қоймасы. Кітап дүкенінен таппаған оқулықтарын тұрғындар осы қойма есігінен кезекке тұрып алып жатыр. Алматы 4 қыркүйек 2013 жыл
6/10 "Атамұра" баспасы ғимаратының кітап қоймасы. Кітап дүкенінен таппаған оқулықтарын тұрғындар осы қойма есігінен кезекке тұрып алып жатыр. Алматы 4 қыркүйек 2013 жыл
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
"Атамұра" кітап дүкенінің ішінде оқулық іздеп жүрген жұрт. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
7/10 "Атамұра" кітап дүкенінің ішінде оқулық іздеп жүрген жұрт. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы "Алматы кітап" дүкенінің алдында оқулық іздеп, кітап кезегінде тұрған ата-аналардың бір тобы. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
8/10 Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы "Алматы кітап" дүкенінің алдында оқулық іздеп, кітап кезегінде тұрған ата-аналардың бір тобы. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Жанар есімді тұрғын бірінші сыныпқа арналған "Ағылшын тілі" пәнінің оқулығын баспаның кітап қоймасынан 1340 теңгеге сатып алғанын айтып, "Бұл кітап басқа жерлерде 3 мың теңгеден тұр" дейді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
9/10 Жанар есімді тұрғын бірінші сыныпқа арналған "Ағылшын тілі" пәнінің оқулығын баспаның кітап қоймасынан 1340 теңгеге сатып алғанын айтып, "Бұл кітап басқа жерлерде 3 мың теңгеден тұр" дейді. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
"Атамұра" баспасынан шыққан 6-8 сыныптарға арналған негізгі пән оқулықтарының таппай жүрмін" дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлнар Димеева. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
10/10 "Атамұра" баспасынан шыққан 6-8 сыныптарға арналған негізгі пән оқулықтарының таппай жүрмін" дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлнар Димеева. Алматы, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңа оқу жылы басталғалы кітап дүкендерінде кезек көбейді. Балаларына оқулық іздеген ата-аналар базардағы кітаптардың бағасы дүкендегіден екі есе қымбат екенін айтады. Алматы, 4 қыркүйек 2013. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы)
Previous slide
Next slide

Жаңа оқу жылы басталғалы бері орта мектеп оқулықтарын іздеген ата-аналар көбейді. Білім беру саласының өкілдері бюджет қаржысы кеш бекітілгендіктен тегін оқулықпен қамту созылып кеткенін айтады.

Азаттық тілшісімен кітап дүкенінің алдында кездескен ата-аналардың бірі Гүлнар Димеева «Атамұра» баспасынан шыққан, 6-8 сыныптарға арналған негізгі пән оқулықтарын таппай жүргенін айтады. Ал Facebook әлеуметтік желісіне «50 елдiң қатарына өздеріңіз кiре берiңiздер. Мен 4-сыныпты оқитын сiңліме кiтап iздеймiн» деп жазған қарағандылық Марал Нұртөлеуова ағасының қыздарына жыл сайын оқулық іздейтін болып шықты.

– Биыл төртінші сыныпқа барған сіңіліме математика мен қазақ тілі кітаптарын іздеп жатырмыз. «Қазақ тілін» өйтіп-бүйтіп таптық, математика жоқ. Қарағандыдан табылмаса, Астанаға барамын. Мұғалім «Атамұра» баспасының оқулығы керек деген, соны сатып алуымыз керек. Сіңілім шағын мектепте оқиды, соның өзінде оқулық бере алмай отыр. Ал әр сатыда бірнеше сыныбы бар мектептер қайтер екен? - дейді ол.

Бұл мәселені зерттеп көргенімізде жекелеген ата-аналар ғана емес, білім басқармаларының да оқулықты қажетті мөлшерде сатып алып, таратып бере алмай отырғаны байқалды. 2010 жылға дейін тек тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларға тегін оқулық беретін жергілікті білім басқармалары, президент жарлығы бойынша 2015 жылға дейін барлық мектеп оқушыларын 100 пайыз қамтамасыз ететін деңгейге жетуі тиіс. Бірақ биылғы жаңа оқу жылы алдындағы қарбалас бұл межеге жетудің әлі қиын екенін көрсетті.

«БАҒДАРЛАМА ЖИІ ӨЗГЕРЕДІ»

Азаттық тілшісі орта мектептердегі оқулық тапшылығының себебі жөнінде бірқатар мұғалімдердің пікірін сұрады. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы орта мектеп мұғалімі Фарида Ақбаева:

Қайназар орта мектебінің мұғалімі Фарида Ақбаева. Жамбыл ауданы, Алматы облысы. 25 мамыр 2013 жыл.
Қайназар орта мектебінің мұғалімі Фарида Ақбаева. Жамбыл ауданы, Алматы облысы. 25 мамыр 2013 жыл.
– Мектеп бағдарламасы жиі сайын өзгереді. Бағдарлама ауысқан сайын бұрынғы кітаптар макулатураға айналады да жаңасы шығады. Есептері де, тақырыптары да өзгеріп кетеді. Биыл жаңадан ашылған мектебіміз оқулық тауып бере алмай кей сыныптарды ғана қамтамасыз етті, - деді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы орта мектептердің бірінің мұғалімі Марина Сәниязова да 3-4 жылда өзгеретін бағдарламаны оқулықтар қуып жете алмай жатқанын айтады.

– Бағдарламаға күнтізбелік жоспар түзейік десек, оқулықтар сәйкес келмейді. Қай баспаның оқулығы көбірек болса, жоспарды соған қарап құрамыз. Әр баспаның оқулығындағы материалдар мен ережелер бір болғанмен, жаттығулары мен беттерінде айырма бар. Біреуі басында болса, екіншісі аяғында, - дейді мұғалім.

«БАСПА ТАПСЫРЫСТЫ ҒАНА ОРЫНДАЙДЫ»

Орта мектеп оқулықтарын шығаратын «Атамұра» мен «Алматыкітап» баспаларынан комментарий алу мүмкін болмады. «Мектеп» баспасы бас редакторының орынбасары Әуелай Сабырқызы оқулық тапшылығына баспасының қатысы жоқтығын айтты. Оның сөзіне қарағанда қанша кітап керек екенін министрлік есептейді. Ал «Мектеп» баспасының дүкендерінде тұрған кітаптар білім департаментінің тапсырысынан бөлек, баспаның өз қаржысына шығарылған.

"Атамұра" баспасының кітап қоймасынан оқулық сатып алуға кезекте тұрғандар. Алматы 4 қыркүйек 2013 жыл.
"Атамұра" баспасының кітап қоймасынан оқулық сатып алуға кезекте тұрғандар. Алматы 4 қыркүйек 2013 жыл.
Республикадағы баспа ісін үйлестіруші Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспа бағдарламалары басқармасының бастығы Нұрасыл Тоғызбаев «әр баспаның өз бағдары бар екенін, кез-келген баспа оқулық шығара алмайтынын» айтты.

– Негізгі баспалардың барлығы – жекеменшік. «Атамұра», «Мектеп», «Алматы кітап» баспалары білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылады, - деді ол.

Білім және ғылым министрлігінің оқулық саласына жауапты қызметкерінің өзін тек Бота деп қана таныстырған баспасөз қызметкері бұл мәселе бойынша министрлікке жазбаша түрде сауал жіберуді сұрады.

«ОҒАН МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ КЕРЕК»

Оқулық тапшылығының жай-жапсарын Алматы облыстық білім басқармасының орта білім, инновация және жаңа технология бойынша бас маманы Гүлмира Әбсаттарова біршама түсіндіріп берді. Оның сөзіне қарағанда, министрлік 2012 жылға дейін тек тұрмысы нашар отбасылардың балаларын ғана оқулықтармен толық қамтамасыз еткен. Олар барлық оқушының 30-40 пайызын құраған. Қалғандарын ата-аналар сатып алып келген. Ал 2010 жылы президенттің «2015 жылдан бастап мектеп оқушыларын оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз ету» жөнінде жарлығы шыққан.

– Осы жарлықты орындау үшін жыл сайын екі сынып оқулықпен қамтамасыз етіліп жатыр. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты кейбір сыныптарға тек 80-90 пайыз ғана оқулық ала алдық. Биылдан бастап барлық мектептердің 1-сыныбына ағылшын тілі енгізілді. 1-сыныптың ағылшын тілі мен 7, 8, 9- сыныпты оқулықпен 100 пайызбен қамтамасыз еттік. Үкімет барлық сыныптарды толық тегін қамтамасыз ете алмайды, оған миллиардтаған қаржы керек, - дейді ол.
Тапсырысты да кеш бердік, өйткені оқулықтарға бөлінетін бюджет қаржысы мамыр айында ғана белгілі болды.

Гүлмира Әбсаттарова бір оқулықтың екі түрлі баспадан екі түрлі шығуын «бәсекелестікті арттыру үшін» жасалып жатқан шара деп түсіндірді. Оның сөзінше, былтырға дейін бастауыш сыныптардың оқулықтарын тек «Атамұра» баспасынан, ал жоғары сыныптардың оқулықтарын «Мектептен» сатып алып келген. Ал қазір 9-сыныптың әдебиет оқулығын «Атамұра» да, «Мектеп» те шығарады. Авторлары әртүрлі болғанымен мемлекеттік стандарттан өткізілген.

– Қазір «Атамұра» баспасының типографиясы үлгермей жатыр. Үлкен корпорация болғаннан кейін тапсырыс көп. Оның үстіне тапсырысты да кеш бердік, өйткені оқулықтарға бөлінетін бюджет қаржысы мамыр айында ғана белгілі болды, - деді Алматы облыстық білім басқармасының қызметкері Гүлмира Әбсаттарова.

Барлық орта мектеп оқушыларын мемлекет есебінен оқулықпен қамтамасыз ету туралы міндеттеме Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы қол қойған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» жарлығында бекітілген. Жарлыққа сәйкес 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Айдар
XS
SM
MD
LG