Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:30

САЯСАТ

Желтоқсан оқиғасы: ақиқаттың ауылы әлі алыс

1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін жазықсыз сотталғандарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осының нәтижесінде нақақ сотталған 103 адамның 92- сі ақталған. Ал 11 азамат белгілі бір тұлғаға қарсы жасаған қылмысы үшін ақтау тізіміне ілінбей қалды.

Мәтін көлемі - +
Алайда, «Алға, Азаттық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлі Президент Н.Назарбаевтың аталмыш Жарлығы шыққан кезде-ақ оны сынға алған екен.

— Жарлық шыққан сәтте-ақ оған деген өз көзқарасымды білдіргенмін. Осыған орай сөйлеген сөзім Талғат Айтбайұлының желтоқсан оқиғасы туралы құрастырып шығарған кітабында «Жартыкеш жарлық жарытпас» деген атпен жарық көрді. Жалпы, Желтоқсан шындығы бүгінгі Назарбаев билігінің тұсында ашылмайтыны анық. Себебі Желтоқсан оқиғасына тікелей өзінің қатысы бар ғой. Ал адам мұндай кезде әділетті бола алмайды. Оның үстіне оқиғаға қатысы бар басқа да адамдар қазіргі биліктің белді тұлғалары болып отыр. Құдай қаласа, жағдай өзгерер. Мәңгілік ешнәрсе жоқ. Сол кезде бәрі оп-оңай анықталады. Бұл жерде, ашығын айтсам, Назарбаевтың биліктен кетуімен тікелей байланысты.

Әлі күнге Желтоқсанға ұлт – азаттық көтерілісі деген мәртебенің берілмеуі де қазіргі билікке байланысты. Кезінде Желтоқсанды зерттеген көптеген істі белгісіз себептермен тоқтатқызып тастады. Өйткені, істің соқпағы қауіпті арнаға қарай бет алып бара жатты. Тіпті, керек десеңіз, басқа күн таппағандай Тәуелсіздік күнін желтоқсандағы тарихи оқиғаның болған уақытымен қатар қойып қойды. Бұл да саясат. Желтоқсан 17-сі күні басталды. 16-сы күні Колбиннің тағайындалған күні. Дәл осы күнді Қазақстанның Тәуелсіздік күні етіп бекітті. Зығырданың қайнайтыны да осы тұс.

ҚР Президенті Н.Назарбаев 1996 жылы желтоқсандық бір топ азаматпен кездескенде: «Желтоқсан көтерілісі болашақ ұрпақ тәрбиесіне қажет» деп атап көрсеткен екен.

Желтоқсандық Құттыбек Аймахан:

— Сол кездесуде Президент бізге: «Желтоқсанды көп пайдалана бермеңіздер. Біз оны болашақ ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге пайдалансақ па деген ойымыз бар» деді. Қазір Президенттің сол ниеті, ойы орындалып жатыр ма? Жыл сайын желтоқсан айының алғашқы аптасында мектептерде 1986 жылғы оқиғаға байланысты тәрбие сағаттары өтеді. БАҚ бір апта бойы хабарлар жасайды. Сонымен бітті. Кейін бәрі ұмытылады.

ЖСДП төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов:

— Желтоқсанға әлі лайықты әрі ресми саяси баға берілген жоқ. Себебі, сол кездегі биліктің атынан шешім қабылдаған азаматтардың біразы Астанада, билік басында отыр. Сондықтан да ақиқаттың ауылы әлі алыс. Өкінішке қарай Желтоқсанның лайықты бағасын алуына қоғамның өзі енжарлық танытып отыр. Өйткені Желтоқсан көтерілісіне қатысты көптеген ұйымдар бар. Әрине, ұйымдардың болғаны жақсы. Бірақ солардың басы бірігіп, халықаралық дәрежеде Желтоқсанның нақты бағасының берілуіне жұмыс жасай алмай отыр.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: kerey kazagiy Қайдан: almaty
13.12.2008 10:55
+0 / -0
Aerine bugingi bilik turganda jeltoksan shiyndiygiy ashiylmaidiy oitkeni kezinde ,solkhanga kodariyn maliyp terezeden tamashalagandar,birak akhikhattiy auiyliy aliys emes.

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
13.12.2008 11:40
+0 / -0
Жасарал ағамыздың айтқанына толықтай қосыламын.Назарбаев бастаған билік желтоқсанның шындығын ашпақ түгілі,оны жасырып,деңгейін құлдыратуда,жылдан-жылға маңызын көмескілендіруде,сөйтіп ақырында халықтың санасынан жоғалтуға жұмыс жасауда.Бірақ онысы бос әурешілік,халық ұмытпайды,желтоқсан қасіреті ұмытылатын қасірет емес.Халық 1921 және 1931-1932 жылдардағы зұлмат аштық қырғынын Советтік система 70 жыл бойы жасырғанмен де оны ұмытқан жоқ.Жиырмасыншы,отызыншы жылдардағы мерт болғандардың саны мен 1986 желтоқсандағы қырғынның санын әрине теңестіруге болмайды.Бірақ желтоқсан көтерілісінің маңыздылығы мен сипаты халықтың көңілінде сол аштық жылдарымен қатар орын алады.Сондықтан ол ұмытылмайды.Ештен кеш жақсы дейді ғой халық,бірақ сол жастардың арманының жүзеге асқанын ертерек көргіміз келеді,жастардың қанын мойнына жүктеген,әлге шейін тайраңдап жүргендер жазасын алғанын көргіміз келеді.Ол ойымыздың бөтендігі жоқ шығар.

Кімнен: али Қайдан: ақтөбе
17.12.2008 16:18
+0 / -0
"17 желтоқсан 1986 жыл - қазақтың Ұлт-азаттық көтеріліс күні"- деп Атазаңға жазылып бекітілуі тек менің ғана ойым емес,қазақтың көкейнде жүрген бірден-бір тілек шығар...