Келесі бағдарлама






 

Қазақстан

Алпамыс Бектұрғанов әкімге «жала жауып, күйе жаққаны» үшін темір торға тоғытылды

Полиция Батыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бектұрғановқа сот залында-ақ қолын кісен салды. Орал, 13 тамыз, 2009 жыл.

13.08.2009

Сот Батыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Алпамыс Бектұрғановты бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұрынғы кеңесші сот залынан бірден абақтыға жөнелтілді. Бұған сот үдерісін бақылаушылар мен адвокаттар таңданбай қалмады.

ЖАУАПКЕРДІҢ АДВОКАТЫ НАРАЗЫ, АРЫЗДАНУШЫНЫҢ АДВОКАТЫ ДӘН ЫРЗА

Орал қалалық соты Алпамыс Бектұрғановтың ісін 4 күн бойы қарады. Ұзаққа созылады деп сырттай тон пішкен дау ұзаққа созылмады. 13 тамызда бұл даулы іске де нүкте қойылды.

Судья Ақгүл Қарасаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер Кодексінің 129-бабының 3-тармағына (ауыр және аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмысқа қатысы бар делінген тұлға ретінде жала жабу) сүйене отырып, Алпамыс Бектұрғановты бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Өз жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейтін экс-кеңесші абақтыға сот залынан бірден әкетілді.
Судья Ақгүл Қарасаева үкімді оқып тұр. Орал, 13 тамыз, 2009 жыл.


Алпамыс Бектұрғановтың адвокаты Бауыржан Шонаев үкімнің айыптау бағытында болатынын білгенімен, өз қорғауындағы азаматтың түрмеге тоғытылатынын күтпепті. Адвокат соттың бұл шешімін «асқан сорақылық» деп бағалап отыр.

- Біз бұл үкіммен келіспейміз, әрі жоғары жаққа шағынамыз, өйткені бұл шешім тіптен ақылға сыйымсыз ғой. Өз ісін жетік білетін қай заңгерді алсаңыз да, оның мұндай сыңаржақ үкімді теріске шығаратыны анық. Менің қарауымдағы азамат бұрын сотталмаған, ал сот бұл жайтты ескермеді. Бұған қоса, мәртебелі сот Бектұрғанов мырзаның біраз жасқа келіп қалғанын да есепке алмады, - деп мәлімдеді адвокат Бауыржан Шонаев.

Ал талап - арыз беруші тараптың адвокаты Мұстақым Төлеев сот отырысының қорытындысы осылай аяқталғанына дән риза, әрі ол әділеттілік орнады деген пікірде.

- Біз сотта әділдіктің салтанат құруы үшін күрестік. Бектұрғанов мырзаның облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовты жазықсыз қаралап, ар-намысына нұқсан келтіргені дәлелденді, әрі сот осы ісімізді құптап, айыптыға лайықты шешім шығарды,- деді Мұстақым Төлеев.

"АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫНЫҢ АЯҚАСТЫ БОЛҒАНЫ ӨКІНІШТІ"

Заң ғылымдарының кандидаты Мереке Ғабдуәлиев Алпамыс Бектұрғанов әкімді жазғырғысы келмегенін айтады.

«Мен Алпамыс Бектұрғановқа шығарылған үкіммен таныс емеспін, сондықтан бұл іске баға беріп, төрелік айтып жату артық болар. Бірақ, Бектұрғанов облыс әкімінің облыста қалыптасқан саяси ахуалға жауапты екендігін айтқысы келген болуы керек. Бірақ, өз атына айтылған сынды бұлай ауыр қабылдаудың ақыры осылай біткені өкінішті-ақ! Соттың бұл шешіміне таңданбаймын. Білетін шығарсыздар, мен осыған дейін ғалым атағымды қорғап қалу үшін Білім және ғылым министрлігімен де соттасқан едім. Бірақ, өзімнің ақ екенімді ақтап алмақ болған әрекетім еш нәтижесіз аяқталды, сот отырыстары да мен үшін пайдасыз болды. Қазақстан Республикасының Ата заңы - Конституциясы күні қарсаңында ел азаматтарының конституциялық құқы бұлайша аяқасты болып бұзылуы өкінішті, әрі ойландыратын жағдай», - дейді Ғабдуәлиев.

Осыған дейін де хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алпамыс Бектұрғанов 15 шілде күні аймақ басшысын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

Араға апта салып, 22 шілде облыс әкімдігі аппаратының жетекшісі Амангелді Дәулетжанов Алпамыс Бектұрғановтың аттестациядан өте алмағаны үшін қызметінен босатылғанын мәлім еткен еді.

Ал, 27 шілде күні Бақтықожа Ізмұхамбетов өзінің ар-намысына нұқсан келтірді деп, Алпамыс Бектұрғановты сотқа берді. Өз арызында ол айыптаушы тарапты «жазықсыз қаралап, өзіне күйе жаққаны үшін» жазасыз қалдырмауын сұраған болатын.
Бұл форум жабық
     
Пікірлер
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
14.08.2009 00:28
Кімдікі дұрыс..кімдікі бұрыс.. анығын кім біледі екен!

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
14.08.2009 00:38
Есіл ер босқа қамалды деп ойлаймын. Ал соттар біздің елде тәуелсіз болу үшін әлі талай уақыт керек. Жоғарыдан не айтты соны орындауға мәжбүр, өйткені олардың барлығы әкімшіліктен үй-жай алады, тағысын-тағылар...

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
14.08.2009 10:09
Бұған енді бір жақты пікір айту қиындау.Бектұрғановтың баспасөз мәслихатында не айтқандығын сөзбе-сөз осы сайтта жариялау керек еді. Сонда оның әкімге жала жапқандығын немесе оның атына тек сын айтылғандығын өзіміз де сараптар едік.Енді қазір не айта аламыз.Жалпы, бізде сын айту мәдениеті жетіспейтіндігін де жоққа шығару қиын.Екінші жағынан облыс әкімі өзіне қай жағынан да тәуелді сотқа жүгірмей, алдымен Бектұрғановтың айтқандарының қате екендігін тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп, баспасөз мәслихатын өткізуі керек еді. Егер Бектұрғанов осы жөн сөзге тоқтамай қыңырлыққа салынса, онда сотқа жүгуге болады. Өркениетті елдерде осылай істеледі.Билік басындағылар сынды қабылдауды, оған дұрыс жауап беруді үйренбесе,осылай кеткеніміз кеткен.

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
14.08.2009 11:31
Қазақстанда әділдік орнау үшін жүйені толық өзгерту керек. Бұлақ басынан тұниды.

Кімнен: адайбек Қайдан: мангыстау
14.08.2009 11:58
Оте дурыс болган.Баягыда жабу керек ед!..Ештене етпес ештен кеш жаксы...

Кімнен: адайбек Қайдан: мангыстау
14.08.2009 12:04
Р.S Мерз!м!н б!т!ргес!н оган емделу керек...дурыстап.

Кімнен: Алия Қайдан: АҚШ
14.08.2009 13:20
Қазақты қанаған қазақ...

Кімнен: Мәкең Қайдан: коммунист
14.08.2009 13:44
Өте ұят нәрсе. "жел болмаса,шөптің басы қимылдамайды"-деген."Шалды" сындыру үшін қамады. Ертең "шал" жаздым-жанылдым демесе к....кесіп берейін.

Кімнен: Апатай Қайдан: ауыл
14.08.2009 15:48
Екеуінен де қателік кетті. Бұл жерде жағдайды ушықтырмай ашық сөйлесу керек еді. Әкім тыңдамаса да, оның маңайындағылар қайда қараған. Аппарат басшысының қателігі жағдайды алдын-ала болжап,басшымен ретін тауып келістіру керек еді. Әкімде адам,қателесуге құқығы бар.Аппарат басшысының жұмысы әкімнің маңында қандай адамдар жүргенін,олардың мемлекеттік қызметшіге лайықты әрекеттерінен басшысын қабардар қылып отыру.Бірден қызметтен босатпай ақылмен Бектұрғановтың істеген әрекетін өз аузымен "тазарттыру" керек еді."бір құмалақ, бірқарын майды бүлдіреді"- деген.Әкімнің аппарат басшысы бұдан-былай сақ болғаны дұрыс. Бектұрғановқа айтарым үлкен қызметтерді атқарған адамсыз, ауызға келгенді айта беруге болмайды.Барлық пәле тілден деген

Кімнен: Сакен
14.08.2009 17:16
Апатайдың айтканына келисем. Аппараттагилар прессага дурыс тусиник беру керек.Казир адамдардын бари сауатты,иштери билип отыр. Аким кеширимди болса бари баска шыга береди. Бирак аким саяси тулга. Акимде 40кисинин акилы болу керек.

Кімнен: XAH Қайдан: kazak dalasi
14.08.2009 17:44
Bul istin man-jayin bilmeymin, birak sottar satilatin elderde adilettik pen jaksilik bolmaydi... Bylik basindagilarga wirik juyeni tazartuda sattilik tileymin!

Кімнен: Нұр Қайдан: Нұршаһардан
14.08.2009 18:34
Қазақстанда әділдік жоқ болмайды да, себебі Қазақстанды жарты ақылдар, жарты әкімдер, жарты еркектер басқарып отыр! Кезінде ұлы ғұлама, қазақ халқының бір туар перзенті, ойшыл, идеалист қоғам қайраткері Қ.Қабенұлы 1995 жылы айтқан: (Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарынызда) деп облыстық психоневрологиялық аурухана ғимаратының төбесіне жазып қойған болатын сол заман келді ағайын! Ақыл-естеріңіз дұрыс болсын ағайын!

Кімнен: Лукпан Қайдан: Орал
15.08.2009 11:50
Алпамыс аганын камалуына, әкім Ізмухамедовтын осылай касякка кіріп елге жиіркенішті болуына бір адам гана кіналі. Ол әкімнің куйеу баласы Зинуллин. Ол агроном бола турып акім келгесін курылысшы болып шыга келді. коп кабатты сапасыз уйлер сала бастады. Баленбай миллиаррд тенгеге салган мектебі жарамсыз болып калып мемлекет казынасы зиян шекті. Мектеп кабыргалары жарылып кеттіп тур. Осылай Алпамыс ага мен Лукпан Ахмедияровтын турмеге тогытылуына. Акимнин беделінін халык алдында ойсырай тусуіне тек бір адам кіналі. Ол - Аманжол Зинуллин деген куйеу баласы деп ойлаймын. Менін пікіріммен келісесіздер ме курметті Азат окырмандары?

Кімнен: Жасарал Куанышалин
16.08.2009 11:44
Акимдики дурыс емес Аким акпарат куралдарына, сонын ішінде казакша тауелсиз газеттерге (ЖУМАДАГЫ ЖУЗДЕСУ Оралдан шыгады)кысымшылык жасауын кояр емес. Енді Лукпан Акмедияров деген казактын каракоз баласын да турмеге жапты.

Кімнен: Шоң Қайдан: Қазақ елі
17.08.2009 05:20
Ол қазақтың қаракөз қара баласы атауынан садақа кетсін. Лұқпан Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына барынша қарсы адам. Ондайларды арамыздан аластау керек.
     
Мәтін көлемі - +