Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:39

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзендіктер «әскер шығарылып жатқанын» айтады

Қаңтардың 31-і күні таңғы сағат 7.00-де Жаңаөзен қаласына енгізілген төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Кейбір тұрғындар таңертең әскери көліктердің қаладан кетіп жатқанын айтады.

Жаңаөзен қаласы тұрғынын тексеріп тұрған полицей. 19 желтоқсан, 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзен тұрғындары таңертеңнен бастап "төтенше жағдай мерзімінің аяқталғанын, бірақ оның шынымен аяқталғанына сене алмайтындарын" айтады. Жаңаөзен қаласының тұрғыны Бақтыбай Жылқыбаевтың хабарлауынша, "таңертеңнен бастап қала көшелерінде бұрын қаптап тұрған күзет бекеттері мен әскер көрінбейді". 

«БАСҚА АЙМАҚТАРДАН КЕЛГЕН ӘСКЕР ӘКЕТІЛДІ»

Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының жаңадан тағайындалған бастығы Амангелді Досаханов төтенше жағдай мерзімінің қаңтардың 31-інде таңғы сағат 7-ден бастап аяқталғанын, Маңғыстау облысынан тыс аймақтардан келген әскердің қаладан шығып кеткенін айтты.

Ол Жаңаөзенде қалалық ішкі істер басқармасының полицейлерімен қатар Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлері қалғанын айтты. 
  
 - Жағдай тыныш, барлық әскерлер әкетілді. Қалада тек Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы (оның ішіне біз де кіреміз) қалды. Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға күшіміз бен құрал-жабдығымыз жеткілікті,- деді Амангелді Досаханов.
 
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
 
​​​Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні полиция мен  мұнайшылар қақтығысынан соң, президент Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 17-сінен қаңтардың  5-іне дейін қалада төтенше жағдай мерзімін енгізу туралы жарлық шығарды. 

Көлік тексеру. Фото "Новая газета" басылымынан алынды. Жаңаөзен, 19 желтоқсан, 2011 жыл.
x
Көлік тексеру. Фото "Новая газета" басылымынан алынды. Жаңаөзен, 19 желтоқсан, 2011 жыл.
Қаңтардың 4-інде Назарбаев жарлығымен төтенше жағдай мерзімі  қаңтардың 31-і күнгі сағат 7.00-ге дейін ұзартты.

Төтенше жағдай уақытында түнгі сағат 1-ден бастап таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат болды. Жаңаөзенде комендатура құрылып, оған Қазақстандағы «Төтенше жағдай туралы» заңның аясында жұмыс істеу құзыры берілді.

Жаңаөзен қаласының коменданттығына Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Қабылов тағайындалды.

Төтенше жағдай мерзімінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мынадай тәртіп енгізілді:  

- Қалада жүріп-тұру әрекетіне, оның ішінде көлік қозғалысына шектеу қою;

- Адамдардың жеке бас құжаттарын, заттарын, көлікке тиелген жүктері мен тағы басқа заттарын тексеру;

- Жаңаөзен қаласына баратын жолдардағы қозғалысты тұтас шектеу;

- Жиналыс, митинг, пикет, шерулер өткізуге тыйым салу (бұған мәдени, және спорттық шаралар да жатады);

- Заңдық тұлғалардың қызметін тоқтатуға себеп болатын қандай да бір әрекеттер жасауға және ереуілдерге тыйым салу;

- Көшіріп басатын, көбейтетін, радио-теле хабарлар тарататын және аудио-видео жазатын аппаратураларды қолдануға тыйым салу, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды тәркілеу.

ТӨТЕНШЕ САЙЛАУ 

​Төтенше жағдай режимінің аясында Жаңаөзен қаласына бару және одан шығу, сайлаушылармен кездесулер өткізу мүмкін болмағандықтан мәжіліс сайлауына қатысқан саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген жоқ.

6 қаңтарда конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібіне байланысты парламент сайлауын өткізу мүмкін емес деп мәлімдеген еді. Орталық сайлау комиссиясы да қалада парламент мәжілісі сайлауын өткізбеу және мәслихат сайлауын кейінге қалдыру туралы қаулы шығарған. 

Бірақ 10 қаңтарда Назарбаев конституциялық кеңестің бұл шешіміне вето қойды. Президент "жаңаөзендіктердің сайлауға қатысуына және сайлануына құқықтары бар" деп мәлімдеді. Конституциялық кеңес Назарбаевтың ветосын еңсере алмады. Осылайша Жаңаөзенде сайлау өткізілді.

Қазақстан президенті Назарбаев қаңтардың 27-сі күні халыққа арнаған жолдауында "Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс бергенін" айтты.

Мұнайшы киімін киген азамат президентшіл "Нұр Отан" партиясының жарнамасын өртеп жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл.
x
Мұнайшы киімін киген азамат президентшіл "Нұр Отан" партиясының жарнамасын өртеп жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл.
​​Бірақ халықаралық бақылаушылар дауыс беру күні сайлауға халықтың президент сайлауы кезіндегідей емес, аз келгенін хабарлады.

Төтенше жағдай мерзімінде Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғаға орай тергеу амалдары жүргізілді. 

Қаңтардың 25-күні Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі жағдайдың тергеліп, тексерілуіне байланысты мәлімдемесінде оқиғалар мен оның салдарынан 64 адам атыс қаруынан жарақат алып, 14 адамның қаза болғанын айтты. Бұдан басқа 35 полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алған. Дауылбаев Шетпеде желтоқсанның 17-сінде болған наразылық оқиғасында полицияның қару қолдануынан 1 адам қаза тауып, 11 адамның жараланғанын айтты.

Билік бұған дейін Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғадан 17 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Тергеу кезінде Жаңаөзен қаласы прокурорының санкциясы бойынша Жаңаөзен оқиғасына қатысты белсенді Айжангүл Әміроваға қарсы Қазақстанның қылмыстық кодексі 164-бабының 3-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік және діни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы істің аясында "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалиға, "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловқа, "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийге қарсы қылмыстық істер қозғалып, олар қамауға алынды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арқалық Қайдан: Арқа даласынан
31.01.2012 13:13
+0 / -0
Қалада тек жергілікті полицейлер ғана қалды деуге сенуге болмайды. Билік олай етпейді де. Қаншамасы штаттық киімде өздерінің "қызметтік міндеттерін" одан әрі жалғастыра бермек. Дегенмен азаптан азатқа қолдары жетпей отырған жаңаөзендіктерге мұның өзі қуаныш, жаралы жүректерінде үміт оты пайда болып, күйзелістен біршама жеңілдейтіні анық. Ал қаладан шығып жатқан әскерилер "жеңімпаз" оккупанттардың көрінісін елестетеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Кубен Боранбаев Қайдан: Дача Рахат-2
01.02.2012 10:16
+0 / -0
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Бақтыбай сен УОС-5 те жасап 700-мын сұрап жумыска шыкпан деп елді арандатып едің Алаңда 16-куні удай мас едің! Енді есіңді жиып, сол бұрынгы бармаган. шошынган жалакыңа барып не бетіңмен хабаршы болып журсин.Сен қызылсайдасың Жаңаөзен хабарын досың Айман Угнгарбаева айттыма?

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
31.01.2012 13:29
+0 / -0
табандарынды жалтыратындар жалмауыз немелер халыкты оксітіп жылаткандарын жетер кіл өңкей жагымпаз адам қорғайтындар емес адам жанын қорлайтын жексурын жауыздар сендер сол тыныштык орнатып кетіп бара жытырык деп ойлап бара жаткан боларсындар Құдай жазаларыңды берсін сендердін талайдын канын мойындарына жуктеп талайдын канын ішіп кетіп бара жатырсындар гой тұқымсыз қалғыр өңкей үкіметтің көр тышқандары
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 14:09
+0 / -0
mawaAlla....amin
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 14:35
+0 / -0
Біздің заманымыз келгенде сол ТЖ кезінде болған әскери бөлімдер мен құрылымдардан қанша адам және олардың аты-жөндері, қайда тұратындығы, олардвң қайсысы ЖаңаӨзенде қай жерде күзтте тұрды? БӘРІ,БӘРІ!!! СҰРАЛАДЫ!! ЖАУАПТАЛАДЫ!!!! ұрысұлтан малғұн КЕТ"""КЕТ!!!

Кімнен: Серик Қайдан: Павлодар
31.01.2012 13:38
+0 / -0
Қуаныштымын Сіздерге тыныштық тілеймін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 13:52
+0 / -0
Сағат 12-40, асай-мүсейін асынған каскалылар бес бестен сүмеңдеп көше кензіп жүр.

Кімнен: Айбол Қайдан: Шамалған
31.01.2012 14:29
+0 / -0
Қазақстанның барлық военнный частағы әскердің барлығы осы Жаңаөзенде болған сияқты.Менің бір ағам Алматыда спецназ гру да істейтін, олар Жаңөзенде болыпты.Агентте сұрасам қалай екен деп, сөйтсем наглый жауап берді ж..а деп.Және Қарағандыдағы служет етіп жүрген бөлемде барыпты.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 14:31
+0 / -0
Халықтың қарғысынан басқа арқалаған жүктері қалмапты ғой, ақымақ арамзалардың.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
31.01.2012 17:29
+0 / -0
Өтешов Әбдірасіл қайда,ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
31.01.2012 18:39
+0 / -0
Урааа бітті ма?енді қызық болады ағайындар.Әбдірасулды шымкенттен табасын.Бірак ол малуғынды жердін астынан болсада табады го.Енді өзенде партизан соғысы болады.Жергілікті козелдардын жағдайлары қиындайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: ақтау
31.01.2012 18:12
+0 / -0
ресми турде айтылғанмен қала көшелерінде бұрынғыша солдаттар қаптап жүр ғой әлде мұхамеджанов пен қабылов маңғыстауды автоматпен басқармақ па?

Кімнен: Кенже Қанатов
31.01.2012 18:48
+0 / -0
Қазақстан ұллтық арнасына жолдаған хатымның мәтіні /

Құрметті Қазақстан арнасы сіздерден сұрайтыным бар еді, сол сұрағыма жауап берсеңіздер деймін.
Ұлттық арна болғандықтан сіздерді барша халық көреді, бірақ ұлттық арна шындықты айтпайды, тек өтірік ақпарат береді, шындықты жасырады, жаңаөзеннің шындығын жасырады, неге?! Билікті мақтағаннан басқа түк бітірмейтін болдыңыздар, біз қазіргі уақытта сіздерді көрмейтін болдық, себебі жүйкемізге әсер етесіздер. Тек мақтаудан басқа айтпайсыздар. АЛЛАХТАН қорқыңыздар дегім келеді. Ел халқы интернеттен ақ барлық шындықты біліп отыр, сіздерден жиіркенеді десем өтірік емес. АЛЛАНЫҢ алдына барғанда әр кім Ұлы АЛЛАХ ТАҒАЛАМЕН жеке тілдеседі, жеке жауап береді, сондықтан өздеріңізді тозақ отына қарай сүйремеңіздер. Ешкімде сіздерді тозақтан құтқара алмайды. Шын мұсылман болсаңыздар осы хатымды оқып болған соң асықпай ойланыңыздар, қиаметте әр бір жалған сөздеріңіз үшін жауап бересіздер. АЛЛАХ құранда өтірік айтпауға, жалған куәлік етпеуге шақырады, сондықтан айналайын ағайын биліктің артын жабам деп тозақта мәңгі өртенбеңіздер. Сіздерге жаным ашығандықтан, мұсылман болғандықтан жазып отырмын. АЛЛАХ бәрін көруші, білуші, естуші екенін білгейсіздер!
Жауап күтемін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 19:21
+0 / -0
Бұл хатты мемлекеттік ХАБАР арнасымен Дариғалық КТКтелеарнасына да арнаған дұрыс. себебі олар Қазақстан арнасынан да сорақы
Пікір алмасу

Кімнен: Кайф ұстаушы
31.01.2012 20:06
+0 / -0
Өй, қойыңдар! Сондан соң біз қандай каналды көріп, өзімізді өзіміз азда болса ұмытып, кайф ұстаймыз?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 20:23
+0 / -0
апырай интернет болмаса көрер күніміз не болар еді ә?
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
31.01.2012 21:59
+0 / -0
жазуыңыз дұрыс-ау, бірақ өзіңіз де шайтанға ермей Құранды бас әріппен жазып үйренсеңіз дұрыс болар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Мұсылманмын Қайдан: Жер
01.02.2012 10:18
+0 / -0
Кенже осы сен уахаб емессің бе? АЛЛАХ АЛЛАХ деп жұтынбай Аллам десей
Пікір алмасу

Кімнен: Кенесары
01.02.2012 15:11
+0 / -0
Уаhhабит емеспін дегендерге Аллаhтың 99 аты, қашан білім аласыңдар....... الوَهَّابُ Әл-Уаһһабу - Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Кенесары
01.02.2012 15:24
+0 / -0
“Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Аллаhтың білімімен түсірілген әрі Аллаhтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?”,- де. (14)

Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды. (15)

Соларға ақыретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа. (16)
Олар сондай Аллаhтың жолынан тосады да оны қисайтуға тырысады. Тағы олар ақыретке қарсы келушілер. (19)

Бұлар жер жүзінде Аллаhты нашарлата алмайды. Әрі олардың Аллаhтан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар ести алмайды да көре алмайды. (20)

Міне солар, өздеріне зиян етеді. Жасама Тәңірлері олардан безіп жоқ болады. (21)

Күдіксіз олар, ақыретте өте зиянға ұшырағандар. (22)

Дау жоқ, иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларына бой ұсынғандар, олар жаннаттық. Олар, онда мәңгі қалады. (23) Һуд сүресі

Кімнен: Руслан Қайдан: Ақтау
31.01.2012 21:44
+0 / -0
Өтешов Әбдірасул деген малғұн қайда екен, айтыңдаршы ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
01.02.2012 18:46
+0 / -0
Өтешов Әбдірасул деген кім?
Пікір алмасу

Кімнен: Руслан
01.02.2012 21:23
+0 / -0
Мент!

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
31.01.2012 22:08
+0 / -0
Ой АЛЛА адилдикке казирги заманда жеткен адамдар аздау шыгар, жок десем де болмайды, Мангыстаулык бауырларымнын бир балеге калганын каламаймын. Казирги Сириянын жагдайын карап отырып. Каншама коз жас казирдин озинде тогилип жатыр жараларын битей алмай. АЛЛА сендерге сабыр берсин, Кудайдын алдында олиде, тириде бирдей деген екен...
Пікір алмасу

Кімнен: Оян қазақ Қайдан: Атырау
31.01.2012 23:37
+0 / -0
Cатқындар

Ей,зымиян «нұротандық сатқындар»,
Жазығы жоқ, Елді неге, аттыңдар?!!
Жеті ай бойы жетім елге қайрылмай,
Неге сонша, зор күнаға баттыңдар?!

Кім соншама бұйрық берген төменге?
Автоматтан оқ жаудыртқан өр- елге?
Мен сенбеймін, бас изегіш байғұстар,
«нұрекеңсіз –қимылдайды» дегенге!

Халық енді ұмыта ма, бұл күнді,
Шындықты айтты, шымырқанды, шыңғырды.
Мәсімов жүр, мұртын майлап мұнаймен,
Құлыбаев- елді неге, құл қылды?!

Алты Алаштың не болады тағдыры,
Басыла ма... өксігі мен зар- мұңы?..
Зиялылар- зияндыға айналды,
Нұрсұлтанның артын жалап барлығы.

Қазақ қашан жетеді екен ақ таңға,
«Ақи көздер» -ардың жбін аттауда.
Сайқал билік,сайлау сенің не теңің,
Адайларым ойбай салып жатқанда!

Ей, Жаңаөзен- даңқтысың, дарасың,
Болашаққа пәк күйіңде барасың !!!
Сен қасқырсың, қансыраған, ұлыған,
Өз тілімен- жазып алар жарасын...

Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын.
Орал қаласы, 19.01.2012
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 03:21
+0 / -0
Жаңа Өзендіктердің басым көпшілігі Нұр Отанға дауыстарын берген екен ғой... Өздері таяқ жеп өздері қайта сайлап алатындары қызық екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 10:54
+0 / -0
Сенімен ақылдаспадыма, қашан кім-кімді сайлап еді, қандай нәтиже қажет солай жаза салады, әлде сен бұл елдің сайлауына бірінші қатысуыңба, аспаннан түскендей боп о несі-ай.
Пікір алмасу

Кімнен: Серік Қайдан: Ақтау
01.02.2012 12:06
+0 / -0
Дауыстың қалай саналғанын білмеген сен де қызық екенсін.

Арандатуға ермейік. Ешқандай қантөгістің қазір керегі жоқ, кейбіреулер партизандық соғыс дейді, менің де ызам келеді, кек тұтанды, бірақ, ақылға жеңдіре білейік. Тегін келген тәуелсіздіктің қадірі жоқ болса да. Соғыс, әрине халықтың рухын көтереді, көзқарасын өзгертеді, бірақ қалай алсаң да қазаққа қиын болады. Сабыр түбі сары алтын. Биліктің тепе-теңдігі бұзылған, басынан қарыны үлкен құбыжық екені білінді. Көп ұзамай өзінен өзі ақ құлайды. Сол кезге дайын болу керек. Ит-құсқа жем болып кетпейік. Биліктің қылығына қарасақ, халықты қантөгіске әдейі итермелеп отырған сияқты, содан сақ болайық, бірімізді біріміз дос көрмесек, бәрі бос. Хайуандар уақыты келгенде жазаларын алады. Қазақ әрқашан да саясатқа немқұрайлы қарап келеді. Саясатпен айналысу керек. Жан жақты ақпараттар алып, елде, әлемде не болып жатқанынан құлағдар болып отырайық, солардан сабақ алу керек. Бос әңгімені, ұсақ тірлікті қояйық. Бір бірімізге қол ұшын беріп, жазықсыз жазаланып жатқан азаматтарға сүйеу болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Сарболат Жеткізген Қайдан: Ақтау
01.02.2012 14:07
+0 / -0
Партизандық соғыс деген де, жалпы қантөгіс керегі жоқ екені рас. Бірақ, билік өзі құлайды деп үйде отыра бергеннің де керегі жоқ. Сұрамаған балаға емшек бермейді деген, талап етпесең билік отыра береді. Ресейге қараңдар, Москвада алаңға 120000 адам шықты. Жақында тағы болады, шыққан сайын көбейтіп келе жатыр. Демократия талап етуде, 12 жыл отырдың ,жарайды деп жатыр. Путин қанша жерден мықты болса да, 100000 адамға не жасайды. Көпке топырақ шаша алмайсың. Бұның арты Путиннің кетуіне сөзсіз әкеледі. Міне, осылай қылу керек,сондықтан үйде отыр дегенің, кері тартпаның айтатын сөзі. Кешегі Жаңаөзенде мұнайшылардың әділдік талап еткенінен басқа қандай жазығы бар еді, билік сот шешеді деп шығарып салады, ал соты болса Назарбаевтың жеке меншігі,қалай керек болса солай шешім шығарады, сонда қарапайым халық қайдан әділдік табуы керек. Осындай шіріген,азған қоғамды балаларымызға енші қылып тастап кетеміз ба? Онда балаларыңның болашақта сол жекеменшік соттардан қорлық көрмесіне кім кепіл, жалпы әділеттілік орнатуға мүмкіншілік болмаса ондай қоғам кімге керек.
Сондықтан,ұрпақтарымыздың алдында арымыз таза болуы үшін,олардың болашағы жарқын болуы үшін , біздер ана Грузия,Қырғызстан, енді Ресей сияқты елдерден үлгі алып, демократия орнатуға ат салысайық ағайын. Бұл тек оппозицияның жұмысы емес, бәрімізде бала-шаға бар емес пе, ендеше бәрімізге ортак іс. Соған жұмылайық. Біз қантөгіс қаламаймыз. Қантөгіс жасап отырған билік емес пе? Ендеше , билік сол қантөгіске жауап берсін! Жазықсыз адамдарды түрмеден босатсын! Шын кінәлілерді тұтқындап, жазасын берсін! Осы талаптарды табанды қоя алмасақ елдігімізге сын ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Кенесары
01.02.2012 19:34
+0 / -0
Сонда кім сендерге соқтықса, сендер де олар сендерге соқтыққандай соқтығындар және біліңдер, шәксіз Алла тақуалармен бірге. (194)

Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді. (195)
Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер. (123)
Пікір алмасу

Кімнен: Жансаядан Қайдан: Жаңаөзеннен
02.02.2012 21:01
+0 / -0
Сен сияқтыларға не істесек екен аа????

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 11:18
+0 / -0
Жаңа Өзендіктердің басым көпшілігі Нұр Отанға дауыстарын берген екен ғой... Өздері таяқ жеп өздері қайта сайлап алатындары қызық екен! Сиз бугин ояндыныз ба...

Кімнен: патриот Қайдан: Алматы
01.02.2012 19:34
+0 / -0
Сондықтан,ұрпақтарымыздың алдында арымыз таза болуы үшін,олардың болашағы жарқын болуы үшін , біздер ана Грузия,Қырғызстан, енді Ресей сияқты елдерден үлгі алып, демократия орнатуға ат салысайық ағайын. Бұл тек оппозицияның жұмысы емес, бәрімізде бала-шаға бар емес пе, ендеше бәрімізге ортак іс. Соған жұмылайық. Біз қантөгіс қаламаймыз. Қантөгіс жасап отырған билік емес пе? Ендеше , билік сол қантөгіске жауап берсін! Жазықсыз адамдарды түрмеден босатсын! Шын кінәлілерді тұтқындап, жазасын берсін! Осы талаптарды табанды қоя алмасақ елдігімізге сын ағайын.
---------------------------------------------------------------------------------100% пайыз қосыламын!!! Енді нең қалды бауырлар!!!
ҰРПАҚтар алдында не айтамыз??? МАЛДАР сияқты күйсеп жата бермейік!!!ТАЛАП керек!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
01.02.2012 22:09
+0 / -0
Сарболаттың пікірі орынды.Бұл біздің азаматтық,әкелік парызымыз.Қазіргі ж/е болашақ ұрпағымыздың алдындағы міндетіміз.Ата-бабамыз біздерге ұрпақтарына қасық қаны қалғанша азаттық,еркіндік үшін күресіп,бізге елді аманат етіп кетті деп айтып,мақтанамыз.Ал біз ұлты басқа әке-шешеден туылыппыз ба?
Қызылордада өзім біліп,танитын бір адамнан естіген емеспін,билікті жақтап дұрыс деген.Ішінде жергілікті биліктегілер де бар.Барлығының ішінде ашу-ыза бар.Бауырларының қырылғанына қайғырып,биліктің қазақты басынғанына ызаланып кектеніп жүргендері де бар.Құқықтарымызды қорғап,үнімізді билікке батырып шығаратын кез келді.