Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 18:05


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Айыпталушыларды ұрып-соғу бойынша іс қозғауға «негіз жоқ» болып шықты

Мамырдың 3-і өткен сот отырысында бүркеншік атпен жауап берген куәгердің анасы полициядан қысым көргенін айтты. Ал прокурор «жәбірлендік» деген айыпталушыларға байланысты «қылмыстық іс қозғауға негіз табылмағанын» хабарлады.

Loading
12:00:00 / -:--:--

Жаңаөзен оқиғасы бойынша бүркеншік атпен куәлік беріп, кейін одан бас тартқан куәгер Ерлан Жайылхановтың анасы Ораба Жайылханова. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +
Өткен аптада Жаңаөзен оқиғасына байланысты өткен сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер – Ерлан Жайлыханов пен Александр Боженко сотта «қысымға шыдамай жауап бергендерін» айтып, сөздерінен бас тартқан еді.

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, бүгінгі сотқа Ерлан Жайлыхановтың анасы Ораба Жайлыханова келіп, сол соттан кейін полицейлердің отбасына маза бермей отырғанын айтқан.

«СОТ БІТКЕН СОҢ БАЛАМ ҚОРҒАНСЫЗ ҚАЛА МА?»

Он бір баланың анасы Ораба Жайлыханова подъезінің алдында күн сайын учаскелік полицей торуылдап жүретінін, өзін Жаңаөзен қалалық іші істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов шақырғанын айтады.

– Мені шақырып алып, алдыма шақырту қағазын әкелді. «Бармаймын» деп едім, «бармауға болмайды» деді. Сосын [Амангелді Досахановтың] алдына барсам, 
Жаңаөзен қалалық іші істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов. 25 ақпан 2012 жыл.Жаңаөзен қалалық іші істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов. 25 ақпан 2012 жыл.
x
Жаңаөзен қалалық іші істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов. 25 ақпан 2012 жыл.
Жаңаөзен қалалық іші істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов. 25 ақпан 2012 жыл.
«балаңды тауып әкел, сенімен сөйлеспеймін» дейді. Сосын кетіп қалғанмын. Ертесінде тағы сүйтеді. Күнде есігімнің алдына учаскелік қарауыл қояды. Шыққан балаларыма дейін ұстап, құжаттарын тексеріп отыр. Осының бәрін сотқа айту үшін келдім. Сот біткен соң балам қорғансыз қала ма деп келдім, – деді Ораба Жайлыханова.

Ол полицейлердің бұл ісінің нақты себебін білмейтінін айтты. «Ұлыңыздың жазығы не дейді?» деген сұраққа:

– «Сен «көрмедім», «көрдім» деген сөзді айтыпсың. Соны тексеру керек» дейді. Бірақ бізге не іздеп жүргенін айтпайды. Бізді екі-үш рет іздеп келіп қорқытты. Мені қара машинамен алып кетті. «Сен, жүр, маған балаңды тауып бер» деп. Мен «баламды таба алмаймын» деп жолдан түсіп қалдым. Мені сондай адамдар қорқытып тұр, – деп жауап берді Ораба Жайлыханова. 

Ол сотта «ұлының қайда жүргенін білмейтінін, тағдырына алаңдап отырғанын» айтты.

«Жаңаөзен-2011» комитеті өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін адвокаттар Ерлан Жайлыхановтың бүркеншік атпен берген жауабын жарамсыз деп тану туралы өтінген. Бүгін де осы өтінішті қайталаған кезде судья «бұл мәселе ашық қалды деп айттым ғой» деп жауап берген.

Азаттық тілшісі мамырдың 3-і күні Ерлан Жайлыхановтың отбасына байланысты оқиғаның анығын сұрау үшін Жаңаөзен қалалық полициясына хабарласқанымен жауап ала алмады.

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ»

«Жаңаөзен-2011» комитеті өкілдерінің айтуынша, бүгінгі сотта 50 шақты бейнематериал көрсетіліпті. Оның барлығы да – интернетте жарияланған видеолар. Ол видеоларда айыпталушылардың біреуді ұрып-соққаны, өртеп-тонағаны туралы ешбір материал жоқ.

Комитет өкілдерінің айтуынша, бүгінгі сотта сонымен бірге прокурор Дузулбаев айыпталушылардың «ұрып-соқты, қысым көрсетті» деген мәлімдемесіне 
Сот өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған адамдар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)Сот өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған адамдар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Сот өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған адамдар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сот өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған адамдар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
байланысты облыстық прокуратураның «қылмыстық іс қозғауға негіз таппағанын» хабарлап, прокуратура шешімін оқып берген.  

Бұған дейін Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотта сөйлеген айыпталушылар «алдын-ала тергеу кезінде өздерін полицейлердің азаптағанын, қысым көрсеткендерін» мәлімдеген еді. Айыпталушылардың бірі соның салдарынан туберкулез дертіне шалдыққанын айтқан. 

Сотты бақылап отырған қоғамдық комиссия өкілдерінің айтуынша, қазір Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғадан зардап шеккен азаматтарға қатысты ұйым құрылайын деп жатыр. Оған оқиға кезінде жараланған және мерт болған азаматтардың отбасы кірмек.

«Бұл ұйым осы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғамақ. Ал қоғамдық комиссия оларды моральдық, құқықтық тұрғыда қолдауға дайын» деді комиссия өкілдері.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 19:00
+1 / -0
Бұл есектерге дауа болмады ғой! Осы есектердің өзін соттап, ұрып-соғып, осының бәрін кім істетіп отырғанын білу керек еді. Негізінде осының бәрін жасатып отырған жоғарыда біреу бар, әйтеуір ІІМ-нің міндетті түрде қатысы бар.

Кімнен: Томирис Искакова
03.05.2012 19:47
+0 / -0
шындық беті әне ғана шығып жатыр, негізі түбіне жетеміз деп ойлаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 20:30
+1 / -0
Шындық шығып жатыр.Полицейіміз гестаподан кем емес.Дамыған деп осыны аит.Мыңдаған жыл жетпеген жетістікке енді жеттік.Қай заман қазақты қазақ атып еді.Біз атқанымыз ,азаптағанымыз аздай, телевидение арқылы өтірікті бораттық.Бұдан артыөқ не керек? Мақтану керек.Қазақ құқық қорғаушылары фашистерден несі кем? Томирис ханым дұрыс аитады.Шындық шығып жатыр.Бірақ ол шындық кімге керек? Фашистік Германияның да өз шындығы болған.Қандай шындық керек.Хабар мен КТК жариялайды.
Пікір алмасу

Кімнен: айсель Қайдан: актау
03.05.2012 22:15
+0 / -1
сіздің ойыңызша сонда сол күні алаңға шыққандарды Батыр атағына тенестіріп, мүмкін оларды тарихымызға тәуелсіздік үшін күрескендер деп енгізерміз? егер де сол күні олар алаңға шығып, соншама зардап шеккізбесе халыққа, онда оларға оқ жаудырмауы еді полицейлер, сонымен қатар тек полицейлер оқ атты деген қауесетті өсек ретінде қабылдау керек, өйткені кейбір басылымдарға қарағанда бүлікшілердің де қолында қарулар болған,
Пікір алмасу

Кімнен: Алмас Қайдан: \Алматы
03.05.2012 22:56
+1 / -0
Бүгін "Жас алаштан" Р.Сәрсенбайұлының "Азап ордасы" деген мақаласын оқып көпкедейін есімді жия алмадым. Ойбай-ау, біздің қаракөз жендеттерге қарағанда фашистер нағыз гуманистер екен ғой. Адамды азаптап қинаудың сұмдық түрлерін біздің хайуандар қайдан үйренген. Иә, иә, оларды адам деп айтуға адамның аузы бармайды. Халықаралық ұйымдар, БҰҰ; ЕО-сы бар ,не бағып отыр. Диктатор билеген Қазақстанда адамзатқа, адамшылыққ қарсы қылмыс жасалып жатқанын неге көрмейді. Бұл Гаагадағы Халықаралық соттың тікелей айналысатын ісі ғой. Алдымен осындай қанқұйлы полицейлік режим орнатқан Президент Назарбаев жауапқа тартылуы тміс.Ерте ме, кеш пе, қандықол диктатордың Чаушеску, Хусейн, Каддафи, Мүбарак, т.б.,сияқты жазаға тартылатыны анық, бірақ ол уақытты кейінге қалдырмау керек Өйткені қазір әрбір күн қазақ үшін азап күні, қасірет күні болып отыр. Осыған әлі көзіміз жеткен жоқ па. Әлде күндегі жейтін азыған ойлайтын малға айналдық па.
Пікір алмасу

Кімнен: Шер
04.05.2012 13:10
+1 / -0
Гестапоның ойына келмеген әрекеттерге барғандар кімнің көсегесін көгерткілері келіп жүр екен. Оқ атқандар мен азаптағандар тиісті жазасын алмаса, бұйрық бергендер бұғып қалса, сонда кімді соттамақ.

Кімнен: Дәлубай Қайдан: Шетпе
03.05.2012 22:10
+1 / -0
Соттар өзінің Назарбаевтың жекеменшік соты екенін көрсетіп жатыр. Мұнайшылар мен оппозиция өкілдері тәртіпсіздік ұйымдастырушылар болып,сотталатын болды. Соттардың сот жүргізуі солай болып жатыр. Күштінікі диірмен тартып жатыр. Ешқандай дәлел болмаса да, мұнайшылар, ызаланғаны үшін/видеоларда олардың ызаланған жүздерін тоқтатып көрсетіп жатты/, "әділдік қайда,заң қайда" деп айқай салғаны үшін, немесе қол шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы. Айтпақшы, статьяларды қарап жіберіңіздерші, ызаланған үшін,айқайлаған үшін немесе қол шығарғаны үшін қанша жылдан береді екен?

Кімнен: ерқасым Қайдан: Ақтау
04.05.2012 01:01
+1 / -0
Міне, Назарбаевтың " қазақстанда батыстық демократия жүргізу мүмкін емес, қазақстан өз менталитетіне тән бағытта демократияға жетеді" деген ұраны бізді қандай жағдайға алып келді. Шындығында, Назарбаевтың өз жолымыз дегені, халықты алдау еді. Міне,соның "жемісін" көріп жатырмыз. Мына соттардың әділетсіздігі демократияның жоқтығын айдан анық дәлелдеп тұр. Нағыз демократия дегеніміз, биліктің үш тармағының бір бірінен тәуелсіздігі. Биліктің үш тармағы дегеніміз, атқарушы орган, яғни, президент және үкімет, сайланған орган,яғни мәжіліс және сот. Міне осы үшеуі бір бірінен тәуелсіз болуы демократияның бірден бір шарты. Ал, бізде қалай болып жатырғанын бәріміз көріп отырмыз. Назарбаевтың дегені болып жатыр. Сот сол кісінің аяғының астында.
Кейбіреулер Қазақтың менталитеті демократияға жарамайды деп көкиді. Мұның бәрі демагогия. Демократияны адам еріккеннен ойлап тапқан жоқ. Жоғарыда айтылған үш тармак тең болмай, әділдік ешуақытта болмайды. Мына соттар қазақстанға демократия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
04.05.2012 09:53
+1 / -0
Апыр-ай, бұндай сұмдықтар дәл біздің елде болып жатыр дегенге сенудің өзі қандай қорқынышты! Қандай тығырыққа барып тірелгенбіз?! Бұл сұмдықтарға қашанға дейін төзіп, "тыныштық болсын" деп отыра бермекпіз, түге?!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 11:36
+1 / -0
Қарсылық жоқ жерде жауыздық үстем болады, бұған бүкіл ел болып күн белгілеп қарсылық акциясын өткізуге бізің қазақ қорқақ. Өз қотырымызды өзіміз қасымай бөгдеге иек арту топастық, суға кеткен тал қармайды, қармана алмадықпа, осы кеткен кеткеніміз тұншығып, біржолата құрдымға. Өкініштісі саналы түрде құрып барамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 19:24
+0 / -0
мент прокурор сот дегендер ібілістің ұрпақтары.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
05.05.2012 22:48
+0 / -0
Жоғарыдағы биліктегі Ұрылардың ХХ1-Ғасыр сахнасында қазақ жастарына жасалған қатыгездік қан төгісіне арнап Тарихта қалатындай келесі ұрпақтар үшін ЖАҢАӨЗЕН Туралы ФИЛЬМ КИНО шығару керек!!!
Тек мына биліктегі Ұрылардың Эпопеясы біткен соң!!!

Қылыш бар деп қолымда өлтірме сен кісіні,
Қаламайды құдірет Сол ЖАУЫЗДЫҚ ісіңді,
Шыңдалмайды Сом болат әлдекімге сұқсын деп, Сығылмайды жүзімде ащы шарап шықсын деп!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?