Accessibility links

Қазақстандағы эколог мамандар Каспий табиғатына алаңдаушылық білдіреді


Ресми мәліметтерге жүгінсек, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы негізгі экспорттық мұнай құбырын салу жөніндегі жобаға Қазақстанның бірігуі туралы келіссөздердің кезекті раунды 19 маусым күні Бакуда өтеді.

Мұндай мәлімдемені өткен аптада Әзірбайжан астанасында өткен «Каспийдің мұнайы мен газы-2003» атты Халықаралық көрме-конференцияда «Қазмұнайгаз» Акционерлік Қоғамның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин жариялады. Қайыргелді Қабылдиннің пайымдауынша, қазір келіссөздер компаниялар деңгейінде жүргізілуде, ал тиісті құжат әзірленгеннен кейін талқылаулар мемлекетаралық сипатқа көшеді.

Қайыргелді Қабылдиннің айтуынша, жаңа құрылған Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры компаниясына біріккен Қазақстандағы төрт шетелдік компания қамтылады. Олардың Баку-Тбилиси-Жейхан жобасындағы үлесі 15 процентті құрайды, яғни тәулігіне 150 мың баррель. Егер жоба тиімді болып жатса,оған басқа компаниялар да бірігуі мүмкін. «Қазмұнайгаз» да бұл құрылымға қамтылу мүмкіндіктерін қарастыруда, бірақ шешім экономикалық тиімділігіне қарай қабылданады,деп мәләмдедә Қайыргелді Қабылдин.

Алғашқы сатыда Қазақстан құбырмен 7,5 миллион тонна мұнай тасмалдауды жоспарлап отыр, ал жалпы алғанда республика бұл мөлшерді жылына 20 миллион тоннаға жеткізбек. Болашақта, егер Баку-Тбилиси-Жейхан бағытында экспортталатын Қазақстан мұнайының көлемі 20 миллион тоннадан артып кетсе,Ақтауды Баку мен байланыстыратын құбыр тарту кажеттілігі туындамақ.

-«Біз бұл жоспарланып отырған , тасмалдау дәлізін екі жүие ретінде қарастырамыз, ол Ақтау –Баку және қазіргі кезде іске аса бастаған Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы деді «Қазмұнайгаз» Акционерлік Қоғамының жетекшісі Қайргелді Қабылдин.

Ақтау-Баку мұнай тасмалдау құбыры жобасы тұралы әңгіме қозғағанда, қазақстандық экологтардың жан айқайы шығады, себебі мамандардың пайымдауынша, бұл жоба Каспий экологиясына өте қауіпті. «Каспий-21 ғасыр» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшеновтың сөзіне жүгінсек, болашағын ойлаған азаматтар Каспийдан мұнай алмауы керек.

Эколог мамандарлың айтуынша, Ақтау-Баку мұнай тасмалдау құбыры дүниеге келмес бұрын Капсий жағалауында төгіліп жатқан мұнайдын көлемі айтарлықтай көп. Өткен аптада Қазақстандағы ресми ақпарат құралдарының өкілдері Атырау облысында Каспий жағалауындағы төрт ұңғыдан мұнай ағуда деген ақпарат таратты.Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері , ұңғыдан аққан мұнай көлемінің ұзындағы 1 шақырымды, ені 20 метрді құрағанын жариялады. Атыраудағы «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі Махамбет Хәкімовтың айтуынша, ұңғыдан аққан мұнайға атыраулықтар таңғалмайды. Себебі бұл ұңғалардан мұнай бірінші рет ағып отырған жоқ. Атыраудағы эколог мамандар, орын алған апатқа қоршаған ортаны қорғау министрлік немесе төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері айыптаудан аулақ, себебі олар бұл мәселелерде әлсіз деді Махамбет Хәкімов.Қажетті құрал-жабдықтары жоқ,орын алған төтенше жағдайды ретке келтіретін мүмкіндіктері, қаржылары жоқ.

Махамбет Хәкімовтың ойынша, Каспий табиғатының ластануына, ондағы өсімдіктер мен жәндіктердің зиян көріп отырғанына мемлекеттегі, экологияға байланысты жүргізіліп отырған солақай саясат тікелей байланысты болып отыр.

Капсий табиғатының нашарлағанын Махамбет Хәкімовтың айтуынша, қазіргі кезде табиғатқа зиян тигізетін браконьерлер де мойндап отыр.

Осыған қарағанда, дейді мамандар Ақтау-Баку –Жейхан мұнай тасмалдау құбыры іске асса, қарт Каспийдің табиғаты болашақта жойылып кетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG