Accessibility links

Осы жылдың 5 айында Қазақстанда алты адам тапсырыспен өлітірілді


Бұл туралы маусымның 12-і күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бастығының орынбасары Ғалымжан Хасенов хабарлады.

Ғалымжан Хасеновтің айтуынша, өткен жылдың осы кезеңінде осындай бір кісі өлімі болған. Алайда, ол әлі күнге ашылмаған. Бұл қылмыс Алматы қаласында болыпты. Жалпы өткен жылы 8 кісі өлімінің тапсырыспен жасалды деген сипатқа ие болып отыр. Оның жетеуі ашылған.

- Әлемдік тәжірибемен салыстырсақ, тіпті дамыған мемлекеттердің көбінде тапсырыспен жасалған кісі өлімін ашу көрсеткіші айтарлықтай төмен,-дейді Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі бастығының орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысында белгілі кәсіпкер Юрий Кимді тапсырыспен өлтірудің белгісі болып отыр. Бұл осы жылы болған оқиға. Қазіргі уақытта бұл қылмыс ашылған. Осы ауыр қылмысты жасаған деген күдікпен 3 адам ұсталған. Олардың арасында тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және кісі өлтіруші бар.

Тапсырыспен өлтіру белгісі бар деген басқа да қылмыстар ашылған.

Осы жылдың ақпан айының басында Алматы қаласында өлтірілген Қарағанды қаласының тұрғыны «Алаш» жабық акцонерлік қоғамының президенті Болат Сафиннің өліміне қатысты қылмыс ашылды. Кісі өліміне күдікті деген үш адам ұсталды. Олардың бәрі бірге жұмыс істеген, Алматы қаласының тұрығындары,- деді Ғалымжан Хасенов.

Өткен жылы өлтірілген 8 адамның алтауы коммерциялық құрылымдардың өкілдері болып отыр.

Ал, биылғы жылғы жәбірленушілердің 3-еуі коммерциялық құрылымдардың өкілдері екен.
XS
SM
MD
LG