Accessibility links

Қазақстандағы құмық халқы


Үстіміздегі жылы Алексей Атаевтың Дағыстаннан Қазақстанға келгеніне 42 жыл толады. Отаны мен туған ауылын сағынғанда құмық ұлтының өкілі Алексей Атаев дағыстандықтардың әнін тыңдайды. Себебі Қазақстанда құмық ұлтының әнін табу өте қиын.

Қазақстанға келген 42 жылдың ішінде Алексей Атаев еркін күрес бойынша республиканың мақтанышына айналып, 29 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атыңғына ие болған. Дәлірек айтқанда, Алексей Атаев Кеңес Одағы кезінде еркін күрес бойынша Қазақстанның ең бірінші чемпионы болған. Көптеген спорт жұлдыздарын тәрбиелеген.

Алексей Атаевтның айтуынша, оның әкесінің алты әйелі болған. Алексейді дүниеге әкелген анасының ұлты орыс болғандықтан, ол орыс халқы арасында өскен. Бірақ Алексей Атаевты күні бүгінге дейін, басқа анадан туған аға-інілері , әпке-қарындастары өздеріне тартып, бауырларын сыйлап тұрады екен.

- Мен ойлаймын, мен әкемді де, анамды да ренжіткен жоқпын. Себебі менің есімім орысша болғаны мен, фамилиям құмықша ғой, сол себепті менің пікірімше, мен ешкімді ренжіткен жоқпын, - дейді Алексей Атаев.

Қалай болғанымен, Алексей Атаев өзінің құмық ұлтының тарихын Қазақстанға келгенде біле бастағанын айтады.Этнограф маман Ерлан Тұрғымбаевтың пайымдауынша, көп ұлтты Дағыстанда мекендейтін халықтардың ішінде түркі тілдес ұлттардың бірі - құмықтар болып саналады. Этнограф маман Ерлан Тұрғымбаев:

- Осы Солтүстік Кавказ облыстарында, аудандарында бізді этнографиялық, этникалық тарихы, туыстығы жағынан жақындастыратын халықтардың тобы бар. Олар өздерінің білетіндей,түркі тілдес қарашайлар, балқарлар,құмықтар, ноғайлар. Құмықтарға келер болсақ, олар Дағыстанның солтүстік жазық бөлігінде, таулы аудандарында өмір сүреді.Негізінен, осы құмықтар біздің қыпшақтарға өте жақын, туыс болып келеді.Тілдік жағынан болсын, этникалық тарихы жағынан болсын.Осы қыпшақтардың кезінде сол жерге қоныстануы, баруы нәтижесінде қалып қалған, біздің аталас, туыстас халықтардың бір тобы болып табылады.

Бүгінгі таңда мамандардың пайымдауынша, Қазақстанда мекендейтін құмық халқының нақты санын айту мүмкін емес. Себебі дейді, этнограф Ерлан Тұрғымбаев 1944 жылы құмықтар зорлықпен жер аударғанда, құмық қыздарының басым көпшілігі қазақтарға тұрмысқа шыққан. Нәтижесінде республикада құмықтар болғаны мен олардың санын анықтау өте қиын. Ал Алексей Атаевқа келер болсақ, ол өзі құмық екенін біледі, бірақ жалпы дағыстандықпын деп айтады. Құмық халқының тарихын зерттеген ғалым Сейдін Бизақовтың айтуынша, ерлікке толы тарихы бар, құмық халқының балалары ұлттық салт-дәстүрді жақсы сақтай келе, болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән береді, құмық ағайындардың ауыз-әдебиті де тәрбиелі өсиеттерге толы.

Филология ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, этнограф-ғалым Сейдін Бизақов:

- Үлкен отбасылық қауымдастық, ошақ деп аталады.Әдетте мүндай әулеттің бас иесі шараушылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген, көпті көрген, бар билік қолына шоғырланған адам. Оларды туыстық жақындығына қарай «дада»- демек ата, «атай»-демек әке, «ағай» -демек аға-әмірші деп атайды. Қыз баланы үй бұзаған, демек жат-жұрттық деп атаса, ұл балаға арнап, «ұлан десе үй толады, қиын қыстауда ел-жұрттың қорғаны болады,отбасының тірегі» деп оған үлкен үміт артатын.

Құмық ұлтының баласы Алексей Атаевтың ойынша, құмық дәстүрлері біртіндеп жойла бастаған.Құмықтар Дағыстанда мекендейтін болғандықтан, таулы халықтарға ұқсас болып кеткен.

- Бірақ біздің халықтың ерекшелігінде байқаймын дейді, Алексей Атаев. Мысал ретінде Алексей Атаев құмықтардың, тау халықтарынан ерекшелігін, құмық халқының нәзіктігімен байланыстырды.Сонымен қатар Алексей Атаевтың айтуынша, Дағыстан халықтарының ішінде құмықтың қыздары сұлу болып саналады.

Құмықтың сұлу қызына этнограф маман Сейдін Бизақовтың пайымдауынша, инабатты мінез тән. Мүндай тәрбиені оларға ата-аналары беруге тиіс. Жоғарыда атап өткендей,Қазақстанға Дағыстаннан келген құмықтар өздерін дағыстандықтармыз деп атайды. Біз құмықпыз деп бөлінбейді де, сол себепті олар ұлттық мейрамдарды бірге өткізіп, өздеріне ортақ салт-дәстүрлерін сақтайды.
XS
SM
MD
LG