Accessibility links

Қазақстандық «Қызыл трактор» Еуропалықтарды тәнті етті


Маусымның 12-сі күні Чехия астанасы Прағада "Сахна өнері және театр сәулеті" деген тақырыппен Халықаралық көрме ашылды. Бұл көрменің ашылу салтанатына Чехия президенті Васлав Клаус, Мәдениет, Білім міністірлері қатысты.

Төрт жыл бойы дайындалып көрерменге ұсынылған бұл кезекті. Көрме экспозиция, сүрет, модел, кескіндемелермен қатар шынайы, табиғи қозғалыстар арқылы да көрсетіліп, бес сезім – көрү, есітү, дәмін тату, иіскеп білу, және жанасу жолдарымен жұртқа ұсынылды.

Қазақстаннан келген «Қызыл трактор» өнершілер тобы 4 сүретші, сәулетші, сазгер, шебер орындаушыдан тұратын дарынды ұжым болып шықты. Ол топ мүшелері Алматы, Шымкент қалалары және кезінде Қазақ жері болған Бостандық ауданында туылып, оқып өніп, өсіп шыққан Молдағұл Нарымбетов, Смайыл Байалиев, Арыстан Шалбаев Саид Атабеков есімді жігіттер еді.

Үш апта бойы, ерте таңнан түн жарымға дейін, үздіксіз жалғасатын бұл көрмеде, қазақтың бұл төрт азаматы күнсайын кемінде төрт, кейде бес-алты рет сахнаға шығып, сахна десек орынсыздау болар , Көрменің орталық павилионына шығып, жерде де, аспанда да, қабырғалар бойлап та, көрерменмен араласып жүріп те, Қазақтың сонау Тәңріге сыйыну заманынан бастап, осы кезге дейіңгі өнерлік салт-дәстурі, тіршілік-тұрмысынан көріністер тамашалатты.

Төрт жігіт Қазақтың ұлттық киімдерінен бастап, кемінде сегіз қанатты киіз үйге жихаз боларлық дүниелерді, текемет-киіз, құрақты көрпеше-жастық, ат-түйе әбзелдерін көрсетіп, күн сайын өзгертіп , жаңғыртып отырған тамашаларында жұртты таңдай қаққызып жүрді. Көкке, аспанға, отқа сыйынған кездегі адамның ішкі сезімдерін бақсылық-шаман қимылдарымен көрсетіп, домбыра, қобыз, жетіген, дабыл, қоңырау сазына қоса жыраулық, термешілік төкпе өнерін үдеткенде, еуропалықтар ерекше бір сезімде болғандықтарын жасырмады.

Суретші Молдағұл Нарымбетовтың төл туындысы, бір ағаш денеден өрбіп шыққан түбі, кеудесі, жүрегі бір, бір неше саз аспабы - домбыра, қобыз, дабыл, жетіген, астайақ, т.б.ларды көргенде таң қалмаған адам қалмады. Ал ол аспаптың сыйқырлы.

Үні көрерменге ерекше әсер етті. Молдағұл Нарымбетов: “Біздің артымызда еліміз, отанымыз тұр. 53 мемлекеттен келген өнерпаздар арасында Еуропалықтарға халқымыздың ежелгі өнер дәстүрін ойдағыдай көрсете алсақ деген арманмен жүрміз. Бізді көрермендер өте жақсы қабылдап отыр,,

Полшалық режиссер, Збишек, Чехиялық Тереза есімді актриса Қазақ өнеріне деген Сүйіспеншілігін жасырмады.

Оңтүстік Африкадағы Йоханнесбұрг ұніверситетінің Профессоры Давид Пеймер өз әсерін былай жеткізді.

“Қазақстандық төрт суретші өз ұлттық киімдері, саз аспаптары, халықтық бақсы өнері арқылы тамаша көріністер жасады. Олар нағыз өнер шеберлері,

Мен Қызыл Трактордың адам рухын, ішкі сезімін тамаша тәсілмен жеткізгеніне риза болдым , дейді Голландиялық жазушы, жорналист Херт мырза.

“Олардың тамашасынан түсірген фотосуреттерім менің үлкен олжам” дейді ол.
XS
SM
MD
LG