Accessibility links

Аллаға тіл тигізді деп айыпталған Ауғанстанның екі журналисі сәрсенбі күні бостандыққа шығарылуы мүмкін.


КАБУЛ: Ауғанстанның “Афтааб” газетінің Аллаға тіл тигізді деген айыппен қамауға алынған жетекші 2 журналисі бүгін – сәрсенбіде босатылуы ықтимал. Ауғанстанның ақпарат және мәдениет министрі Саид Махдум Раһимның хабарлауынша, олардың босатылуы – ауған қоғамына өкіметтің сөз бостандығын қамтамасыз етуге деген ынта-жігерін көрсетуге тиіс. “Афтааб” газетінің бас редаукторы мен оның орынбасары басылым бетінде жарық көрген бір материалға байланысты өткен аптада тұтындалған болатын. Ауған өкіметі ол материалды исламға тіл тигізеді деп тапты. Дүниежүзілік қауым мен адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымдар оларды тұтқындауға рұқсат берген Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзайды өткір сынға алды.
XS
SM
MD
LG