МОТИХАРИ: Үндістанның осы қаласында атақты британ жазушысы Джордж Оруэлдің 100 жылға толған мерейтойы атап өтілді. Нағыз аты-жөні Эрик Блэр болған Джордж Оруэлл - 1903-інші жылдың 25-інші маусымында осы қалада дүниеге келіпті. Жазушы дүниге келген, ал қазір студенттердің жатақханасына айналған үйдің іргесінде мектеп оқытушылары мен мұғалімдері шам-шырақ жағып, торт жеп, қаламгердің ”Мал ауласы” деген әйгілі шығармасынан үзінділер оқыды. Әлгі шығарма осы күні үнді мектептері мен колледждерінің оқу бағдарламасына енгізілген.
Атақты британ жазушысы Джордж Оруэлдің 100 жылға толған мерейтойы оның Үндістандағы туған қаласы Мотихариде атап өтілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV