Accessibility links

Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі және НАТО–ның рөлі


Өткен аптада Алматыда «Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі және бұндағы НАТО –ның рөлі» атты халықаралық конференция болып өтті. Онда Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселесі сөз болып, осы аймақтағы діни эхтремизм, есірткі тасымалы, заңсыз миграция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте НАТО секілді халықаралық ұйымдардың көмегі, рөль туралы кеңінен айтылып, осы мәселедегі сарапшылар мен талдаушылар пікірі ортаға салынды.

Бұл конференцияның өтілуіне НАТО ұйымының халықаралық хатшылығы, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі, сыртқы істер министрлігі ұйытқы болып, конфефренцияға әлемнің 20 дай елінен келген 50 ден астам өкілдер қатысты.

Бұл бас қосудың аса маңыздылығына мән берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хат жолдап, онда халықаралық қауымдастықтың халықаралық терроризм мен діни ехтремизм, есірткі тасымалы мен заңсыз көші-қон мәселесіне қарсы күрестегі рөлінің зор екендігіне тоқталыпты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздіктің алдын алу үшін НАТО және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымдарына көбіріек сенім артатындығын атап өткен. Алматыда өткен жиынға НАТО өкілдер тобын НАТО ның бас хатшысының саяси істер жөніндегі көмекшісі Гюнтер Альтенбург басқарып келіпті.

Конференцияға қатысқан АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Лэрри Нэппер:

“Бұндай конферфенцияны өткізу өте маңызды болмақ, бұл ең алдымен аймақтағы қауіпсіздіктің жақсаруына апарады.Ал егерде Орталық Азия елдерінің алдағы болашақта НАТО ға мүше болуы мәселесін айтар болсақ бұл мүлдем сөйлесілмеген күн тәртібінде жоқ мәселе» - деді.

Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі, бұл мәселедегі НАТО- ның рөлі жөнінде Орталық Азия саяси зерттеулер агентігінің директоры Ерлан Қарин мынандай пікір айтады:

«Орталық азия елдері ең әуелі сырттан көмек сұрап қол жайғанша өз қауіпсіздіктері үшін өздері қиналып, өз іштеріндегі келіспеушіліктер мен араздықтарды қойып, бір бітімге бір ымыраға келген жөн болады. Әрине НАТО ең әуелі өзіне мүше елдердің қауіпсіздігін алдымен ойлайды. Бірақта НАТО секілді күшті, белді ұйымдардан қашпау керек, олардың көмек жәрдемін ала отырып кімде кім өз проблемасын өзі шешкені жөн. НАТО секілді батыс ұйымдарының орталық азияға үлкен назар аударып отыруының басты себебі ол Еуропаның басын қатырып отырған әлгі заңсыз миграция дейміз бе, есірткі тасымалы дейміз бе халықаралық терроризм дейміз бе осының бәрін Еуропа шекарасына кіргізбей орталық азия қауіпсіздігі деген желеумен орталық азия аймағының өзінде ұстап, Еуропаға жібермей басып тастау болмақ»

Орталық Азия саяси зерттулер агентігінің директоры Ерлан Қарин алдағы уақытта орталық азия елдері арасынан НАТО ға мүше бола алатын ел ретінде Өзбекстанды атайды.

«Өйткені Өзбекстан өзінің армиясын НАТО және АҚШ стандартымен құрып жатыр ал Қазақстан болса соңғы кезде НАТО мен арадағы байланысын жақсы қарқынмен жүргізуде, оның бір мысалы ретінде Қазақстан басшылығы мен НАТО басшылығы арасындағы байланыстың жиіліеп бара жатқандығын айтқан жөн. Алдағы уақытта Қазақстан НАТО ға мүше болмаса да НАТО мен арадағы қарым қатынаста Ресей секілді ерекше статусы бар ел ретінде қала беруі әбден мүмкін»
XS
SM
MD
LG