Бұл келіссөздер арқауы - одақтың Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасына мүшесі Қырғызстан мен НАТО одағының тығыз қарым-қатынасының жолдары болмақ.
Итар- Тасс агенттігінің хабарлауынша олар Қырғызстанның аймақтық қауіпсіздіктегі ролі және Орталық Азия мемлекеттерінің бұл тұрғыдағы бір-бірімен ынтымақтастығы мәселелерін де талқылайтын болады.
Итар-Тасс сондай-ақ, Робертсон Қырғыздың қорғаныс министрі Есен Топоевпен кездесіп, қырғыз офицерлерінің НАТО-ға мүше елдердегі оқытылуы мүмкіндіктерін де қарастыратын болады деп хабарлайды. Бұрнағы күні Джорж Робертсон Қазақстанда Орта Азия республикаларының халықаралық террормен күрестегі одақпен жақын қатынастары жөнінде атап өткен болатын.
- Орталық Азия елдері мен НАТО одағының елдерінде жалғыз-ақ ортақ мақсат, міндет бар, міне бұл жаңа қауіпсіздік шаралары ісінде Қазақстан алда келеді, - деп атап өткен болатын одақтың бас хатшысы.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесуден соң, Робертсон енді одақтың күн тәртібіндегі маңызды бір бөлік- Орталық Азия болатындығын көрсетеді деген.
Орталық Азия елдері АҚШ-ң Ауғанстанда бастаған науқанына қолдау көрсетіп, ауе кеңістіктері мен әскери базаларын берген болатын. Өзбекстан мен Қырғызстан болса, Америка аскерлеріне қазірге дейін өз жерлерінде қонақжайлылық танытуда.
Бүгін НАТО одағының бас хатшысы Джорж Робертсон Бішкекте Қырғыз президенті Асқар Ақаевпен кездесіп, келіссөздер өткізуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
AzattyqTV