Accessibility links

Израйл президенті Моше Катсав Европа сапарында.


Израйл президенті Моше Катсав дүйсенді күні Хорватиядан Словакияға келіп, ол арадағы канцлагерде болып, соғыс кезінде қаза тапқан 30 мыңдай еурейді еске алды. Ал сол күні Израйл бас министрі Ариел Шарон 3 күндік сапармен Британия астанасы Лондонға келді.

Бүгін сейсенбіде, Израйл бас министрі Британия басшылығымен Таяу Шығыстағы жанжалдарға орай, дәлірегі бас министр Тони Блэрдің Лондонда Палестин ресми басшылығымен келіссөздер жүргізгендігіне байланысты, біршама тоқтап қалған өзара байланыстар мәселесін талқыламақ.
XS
SM
MD
LG