Accessibility links

Иранда қаза болған канадалық журналист әйел Заһра Каземи бүгін, сәрсенбіде, өзінің туыған қаласы Ширазда жерленетін болады.


ТЕҺРАН: Иранда қаза болған канадалық журналист әйел Заһра Каземи бүгін, сәрсенбіде, өзінің туған қаласы Ширазда жерленетін болады. Канаданың өз журналисінің сүйегін елге қайтаруды талап етіп, Иранда жерленуіне түбегейлі қарсы болуына қарамастан, Иран үкіметі осындай шешімге келді. Монреаль қаласында журналист әйелдің ұлы тұратын көрінеді. Заһра Каземи – Теһрандағы бір түрмені суретке түсіріп жүрген жерінде тұтқындалып, 23-інші маусым күні түрмеде соққыдан қаза болды. Иран президенті Моһаммад Хатами ол өлімнің тәуелсіз тергелуін талап етіп, тергеу журналисті тұтқындауға рұқсат берген прокурордың өзіне жүктелді.
XS
SM
MD
LG