Accessibility links

Иран - “Әл-Қаида” террористік ұйымы жетекшілерінің тұтас бір тобын ұстап отырғанын ресми түрде мойындады.


ТЕҺРАН: Иран Ислам Республикасы - “Әл-Қаида” террористік ұйымы жетекшілерінің тұтас бір тобын ұстап отырғанын ресми түрде мойындады. Ол жөніндегі мәлімдемені сәрсенбі күні Иранның қауіпсіздік министрі Әли Юнеси жасады. Бірақ Иран министрі ешкімнің аты-жөнін атамады. Маусым айында Иран өкіметі қолға түскен терроршылдардың тағдыры бойынша бірнеше елдің, оның ішінде Ұлы Британияның арнайы барлау қызметтерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Кейбір ақпарға қарағанда, Иранда басқалармен бірге “Әл-Қаида”-ның екінші басшысы – Айман әз-Зауахари ұсталған сияқты.
XS
SM
MD
LG