БАҒДАД: Бұрын беймәлім болып келген исламшыл ұйым сейсенбі күні Бағдадтағы БҰҰ-ының өкілдігінде болған террористік қастандықты өз жауапкершілігіне алып отыр. Дубай қаласында орналасқан “Әл-Арабия” атаулы араб телекомпаниясы ол жөнінде “Мұхаммедтің екінші армиясының қарулы алғы шебі” деп аталатын ұйымнан мәлімдеме-хат алғанын хабарлады. Ол мәлімдемеде барлық шетелдіктерге қарсы соғыс жарияланған көрінеді. Әлгі құжатта, сондай-ақ, АҚШ пен британ әскерлерінің Ираққа басып кіруін тоқтата алмаған БҰҰ-ымын да сынға алады. Сейсенбі күні Бағдадтың орталығындағы БҰҰ-ының өкілдігінде болған террористік қастандықтың нәтижесінде, нақтыланған соңғы мәлімет бойынша, 23 кісі, оның ішінде БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі, бразилдік дипломат Сержиу Виейра ди Мелло қаза болды.