Accessibility links

Халықаралық Венеция кинофестивалінде өнерге қосқан зор үлесі үшін Дино де Лаурентиске “Алтын арыстан” жүлдесі тапсырылды.


ВЕНЕЦИЯ: 60-ыншы Халықаралық Венеция кинофестивалінде өнерге қосқан зор үлесі үшін Дино де Лаурентиске “Алтын арыстан” жүлдесі тапсырылды. Де Лаурентис кезінде Федерико Феллини, Роберто Росселини, Лукино Висконти, Витторио де Сики және Микеланджело Антониони сынды атақты италиян кинорежиссерлерінің көркем фильмдеріне продюсер болды. Оның фильмдері 30 рет “Оскар” сыйлығына және “Алтын арыстан”, “Алтын пальма бұтағы”, “Алтын глобус” сынды мәртебелі 59 халықаралық сыйлық алды. Венеция кинофестивалінде “Алтын арыстан” сыйлығының 84 жастағы лауреатын тағы бір танымал италиян кинорежиссері Бернардо Бертолуччи таныстырды. Бертолуччидің “Арманшылдар” атты жаңа фильмінің дүниежүзілік тұсау кесері осы Венеция кинофестивалінде болды.

Сұлтан Хан Аққұлұлы
XS
SM
MD
LG