Accessibility links

ЕҚЫҰ-ны Алматыдағы Орталығының бастығы, елші Антон Рупник баспасөз мәслихатын өткізді


Қыркүйектің 9-ы күні Алматыда, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы яғни ОБСЕ-нің Алматыдағы Орталығының бастығы, елші Антон Рупник баспасөз мәслихатын өткізді.

Ол ОБСЕ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас, байланыстың кеңейіп бара жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Қазақстан аймақтық қауіпсіздік пен аймақтық ынтымақтастықта үлкен рөл атқарып отыр деді. Осы аптада Венадан Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының негізгі институты болып табылатын Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының екі өкілі келді. Олар Қазақстандағы мәслихат депутаттарының сайлауына бақылаушылық жасайды. Бұл туралы қыркүйектің 9-ы күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының оңтүстік астанадағы орталығының саяси мәселелер және БАҚ-тар жөніндегі бөлімінің төрайымы Беата Мартин-Розумилович хабарлады.

Оның айуынша, Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының өкілдері Қазақстанда 20-қыркүйектегі сайлауға дейін екі аптадай аялдайды.

"Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылары жергілікті атқарушы билік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, сондай-ақ, Қазақстанда өкілдіктері бар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған ",- дейді Беата Мартин-Розумилович.

Мәслихат депутаттарын сайлау аяқталғаннан кейін Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылары сайлау процессі туралы өз баяндамаларын жарияламақшы.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұйымның Алматыдағы орталығының экономикалық және экологиялық мәселелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Армандс Пуполс хабарлады.

А.Пуполстың айтуынша, "биыл ұйым аясында бұрынғыдан өзгеше қаржылық ахуал қалыптасып отыр : бұған дейін жекелеген жобаларды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-донор елдер қаржыландырып келсе, биыл мұндай үрдіс қолданылмайды. Әзірге Венадан бюджеттің бекітілгені туралы жауап келген жоқ. Бірақ біз ұйым басшылығы қажетті қаржыны бөледі деген үміттеміз",- дейді ол.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан аумағында жүзеге асыратын бір жобасының құны 15-30 мың евроны құрайды. А.Пуполстың айтуынша, ұйым ай сайын 3-5 жобаны жүзеге асырады.
XS
SM
MD
LG