Accessibility links

“Үлкен жетілік” Ирақ сыртқы қарыздарын қайта қарастыруға келісті


"Үлкен жетілік" тобы мемлекеттерінің қаржы өкілдері кеше Біріккен Араб Әмірліктерінде кездесіп, Ирақ сыртқы қарыздарын қайта қарастыруға келісті. Ирақтың сыртқы қарыздары келесі жылдың соңында 60 миллиард-130 миллиард доллардың арасында болады деп есептеліп отыр. АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Британия, Канада және Италия өкілдері, сондай ақ, экономикалық өсу қарқындарын реттесуге келісті. Террористік ұйымдардың қаржылай өркендеуіне, ақша аударуларына тосқауыл қою тәртібі талқыланды. Қытай бастаған азиялық мемлекеттермен сауданы арттыру жолдары қарастырылды.
XS
SM
MD
LG