Accessibility links

Қазақстандықтар Әзербайжандағы президент сайлауы жайында.


Әзібайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының таратқан ақпараты бойынша, өткен президент сайлауында Гейдар Әлиевтың ұлы Ильхам Әлиев жеңіске жетті.

Әзірбайжанның орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, сайлау барысында Ильхам Әлиев сайлаушылардың 82 пайызына ие болған. Таратылған бұл ақпаратқа Қазақстандағы саясаткер Сейдахмет Құттықадам сенбейтінін айтады.

Сейдахмет Құттықадам,саясаткер: - Ильхам Әлиевке керек дауысты жинап берді, бұл ақиқат. Екіншіден, бұл демократияға сай келмейді. Бұл патшалықтың жолы, бұл ТМД елдеріне көрсетіліп отырған үлгі. Себебі Әзірбайжан халқы да, бақылаушылар да Ильхам Әлиев жас бала екенін біледі. Бұл Гейдар Әлиев аппаратының жасап отырған әрекеті, бұрмалап, Ильхам Әлиевты жеңіске жеткізіп отыр. Мұндай оқиға бізде де қайталануы мүмкін. Бұл шараға қазір дайындық жүргізіп жатқанын байқап отырмыз.

Әзірбайжандағы президент сайлауында Ильхам Әлиевтың жеңіп шыққанына таңқалудың қажеті жоқ, деген ойды «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова ұстанып отыр.

- Әзірбайжан Республикасында болған оқиға Орта Азия елдерінде қайталануы мүмкін. Кімді қолдау керек десе, сол адамды қолдайды, сол адам жеңіске жетеді және Мәскеудің түрлі саяси технологиялары жақсылап іске асып жатқан көрінеді. Жалпы бұрыннан бері қалыптасқан үрдіс бойынша, кез-келген азаматқа өз таңдаған адамын сайлап алуға, таңдауға мүмкіндік берілмейді. Мұндай жағдайды Кеңес Одағына мүше болған елдердің басым көпшілігінде кездестіруге болады.

Жалпы Қазақстандағы саясаткерлер Әзірбайжанда болған оқиға Қазақстанда да қайталануы мүмкін деген ойда.Саясаткер Сейдахмет Құттықадам Әзірбайжан Орта Азия мемлекеттеріне үлгі көрсетті деген пікірде:

- Президентіміз әзірге кетпейді, бірақ кететін болса, өзінің орнына кез-келген адамды отырғызуы мүмкін. Бұл әділетткке, демократия талаптарына сай келмейді.

Қазақстан Президентіне жақын «Отан» партиясының саясаттанушысы Абзал Нүкенов билік мұрагерлік әдіспен ауысатын болса, бұл демократия талаптарына сай келмейді деп айтуға болмайды деген ойда.

Абзал Нүкенов, саясаттанушы: - Біздің президент 2006 жылы сайлауға тағы да қатысамын деді ғой, бірақ қатысамын деушілерге жол ашық. Олардың құқығы бар, АҚШ мемлекетінде де Джорж Буштан кейін президент болып, оның баласы келді. Ал Америка деген ең демократиясы дамыған ел.

Әзірге Қазақстандағы саясаткерлер мен саясаттанушылар Әзірбайжандағы сайлау нәтижесін бақылап отыр.
XS
SM
MD
LG