Accessibility links

Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатары көбейіп жатыр


Бірінші қараша күні қазақстандықтар республиканың түпкір-түпкірінен келген жас әншілердің өнерін тамашалайды. Бұл - «СуперСтар.kz» жобасы бойынша жеңіске жеткен балалар.

Олардың өнерін қазақстандықтар «Еуразия» атты бірінші телеарна арқылы бағалайды. Батырхан Шүкенов бастаған әділқазылар алқасы бұл балаларды елдің әр облысын аралап жүріп таңдап алған.

- Байқау барысында ең талантты, әрі ең дарынды балалар озып шықты, бұл балалар жұлдыз болуға лайықты адамдар, біз де олардың болашағы қалай болады екен деп алаңдап отырмыз, - дейді Батырхан Шүкенов.

Негізінен, бұл балаларды «СуперСтар.kz» жобасының әділқазылар алқасы таңдап алған, бірақ жеңіске жеткен балаларды телеарна алқылы көрермендер де бағалайды, яғни жас жұлдыздардың тағдыры көрермендерге де байланысты болып отыр. Байқауда үлкен жетістіктерге қол жеткізген жас жұлдыздардың бірі 20 жасар Ақмарал Досымбекова байқау қиын болды дегенді айтады.

Ақмарал Досымбекова, жас әнші: - Бірінші кезеңде қиын болды, қазір барлығы жақсарды. Қиын болғанда, біз моралдық күйзелісте болдық. Бірінші таңдау кезеңінде әр бір қаладан ең аз дегенде 3 адам қатысты, осы 3 адамды жеңіп шығу өте қиын болды.

Жалпы байқау барысында, әділқазылар алқасы балалардың бірнеше тіл білетінін байқаған. Әділқазылар алқасының мүшесі Ляйла Султанқызы жас әншілер мемлекеттік тілді жақсы біледі деген тұжырым жасаған.

Ляйла Сұлтанқызы, әділқазылар алқасының мүшесі: - Байқауға түрлі ұлт өкілдері қатысты, олардың барлығы бірнеше ән шырқады, сол сәтте біздің байқағанымыз, әншілердің барлығы орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде ән айта алады.Сол себептен мен қазақ тілінде ән айту барысында қиналған балалардың көрген жоқпын.

Жас әріптестерінің бұл ерекшелігін көріп, Батырхан Шүкенов қуанатынын айтты.

- Байқау барысында біз балалардың ағылшын, орыс және қазақ тілде өнер көрсете алатынын байқадық, бұл өте қуанышты, қазіргі жастардың ерекшелігі де осы деп ойлаймын, - деді Батырхан Шүкенов.
XS
SM
MD
LG