АСТАНА: Қазақстан өкілі – білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев - тұңғыш рет ғылыми және технологиялық ынтымақтастық бойынша тұрақты комитеттің Бас ассамблеясының (COMSTECH) басқару құрылымы – атқару комитетіне мүше болып сайланды. Министріктің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, бұл – ғылым мен технологиялар саласындағы міндеттерді Қазақстанның ұлттық мүдделері үшін мейлінше тиімді шешуге мүмкіндік береді. Тұрақты халықаралық комитеттің Бас ассамблеясының 11 мәжілісі 37 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен 25-27 желтоқсанда өткен.
Қазақстан өкілі тұңғыш рет ғылыми және технологиялық ынтымақтастық бойынша тұрақты комитеттің Бас ассамблеясының (COMSTECH) басқару құрылымына сайланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы