Accessibility links

Гуантанамодағылардың туыстары тұтқын европалықтар өз елдеріне қайтарылады деп үміттенеді


Кубадағы Гуантанамо әскери базасында лаңкестік үшін күдіктелген шетелдіктердің тұтқында ұсталып отырғанына екі жыл мерзім өтті. Қазір мұнда қамалған европалықтарды қайтару жолында жаңа бір топ нақты әрекеттерге кірісіп кетті.

Азмат Бегг Англияда Бирмингемде тұратын ұлы Моаззаммен соңғы рет оны Исламабадта екі американ офицері тұтқындап, автомобилдің багажнигіне байлап салған кезде телефон арқылы тілдескен екен.

- Олар оны көршілерінің көзінше байлап- матап машинаның жүк салғышына тығыпты. Мен оның қалайша телефон соға алғанын білмеймін, сол багажникте жатқан жерінде телефон шалып үлгерген болу керек деп ойлаймын. Балам өзін екі американ және пәкістандық солдаттың әкетіп бара жатқанын жане олардың қанша уақытқа ұстайтынын білмеймін деп, Исламабадта қалған әйеліне хабарласып, қамқорлық көрсетуімді сұрады, - дейді Гуантанамо тұтқынының бірі Моаззамның әкесі.

Моаззам отбасымен бірге мектеп тұрғызамыз деп Ауғанстанға 2001 жылы барған екен. Ал сол жылы Ауғанстанда АҚШ бастаған соғыс басталғанда олар балаларын алып, Пәкістанға өткен болатын дейді әкесі.

Моаззамның әкесі осыларды айта отырып, өзінің осы уақытқа дейін баласына қандай айып тағылып отырғанын, оның не себепті алдымен Ауғанстанда, содан кейін Гуантанамо базасында Американың тұтқыны ретінде ұсталып отырғанын түсінбеймін дейді.

Моаззам Гуантанамода террролық күдікпен қамауда отырған 660 адамның ішіндегі тоғыз британдықтың бірі. Олардың көпшілігі Ауғанстандағы соғыс барысында ұсталғандар немесе террор жүйесімен байланысы бар деп күдіктелгендер.

АҚШ оларды соғыс тұтқындары емес, жаулық пиғылда күресуші жауынгерлер деп бағалап отыр, бұндай мәртебе оларды айыптаусыз ұстауға мүмкіндік береді.

АҚШ ресмилері Гуанатанамо тұтқындары жақсы, ізгілікті жағдайда ұсталып отыр деп бірнеше рет қайталап айтқан болатын. Алайда Азмат Бегг баласына мұнда өте қатаң қарағандарын айтып және басқа да британдықтармен бірге елге қайтарылып, осында сот талқысына тартылуын қалайды. Сөйтіп олар бірқатар белсенділер және адвокаттармен бірге европалық тұтқындардың Гуанатанамодан шығарылып, өз елдеріне жіберілуін талап ететін жаңа топтың жұмысын бастап кетті.

Гуантанамоның адам хұқтары комиссиясына ағалы-қарындасты Корин және Ванесса Редгрэйвтер жетекшілік етеді. Ванесса Редгрэйв көптеген істерді қорғап жеңістерге жеткен, ең соңғы рет шешен өкілі Ахмед Закаевты Ұлыбританияның Ресейге беруіне қарсы күресіп, нәтижеге жеткен болатын-ды.

Азмат Бегг Ауғанстаннан қуылған Талибан милициясы жағында соғысты деп ұсталған Джон Уолкер Линдке оны Америкада соттау хұқы берілгенде, өз ұлына неге мұндай мүмкіндік берілмейді деген сауал қояды.

- Не себепті менің балам Англияға жіберіліп, оған да тура сондай хұқық берілмейді, міне мен осы үшін күресіп жүрмін. Мейлі оны мұнда да түрмеге салғанымен, әйелімен жүздесуге рұхсат беру керек, адвокатпен кездесе алар еді жане денсаулығы дәрігерлік қараудан өтіп, одан соң егер ол шынында да бірнәрсе бүлдірген болса соттаса да, мен алаңдамаймын, - дейді ол.

Гуантанамодағы британдық тұтқындардың өз еліне берілуіне қол жеткізу жолында күресуші жаңа топ жақын күндері АҚШ-қа өз делегациясын жіберетіндіктерін айтқан.
XS
SM
MD
LG