Accessibility links

Заңгер Сауле Ермұхаметова: Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау туралы заңға жаңа өзгерістер мен толықтырулар қажет


Жұма күні Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің оқытушылары мен Қазақстанның кәсіпкерлер форумы ассоциациясы өкілдері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, - деп мәлімдеді. Аталған университететің оқытушылары мен қоғамдық ұйымдар мен бірлесе отырып, мәлімдеме жасау себептерін заңгер Сәуле Ермұхамбетова былайша түсіндірді.

-Бұлай мәлімдеме жасауға аталған мәселе төңірегінде заңдардың өте көп қабылдануы және бір заң мен екінші бір заң арасындағы қарама-қайшылықтар себеп болып отыр. Нарық болғаннан кейін онда енжар, әлсіз топтар болады. Біз осы күнге дейін белсенді топқа кәсіпкерлерді, ал енжар топқа тұтынушыларды жатқызамыз. Себебі, тұтынушылар кәсіпкерлердің қызметіне мұқтаж . Осы орайда екеуінің арасында бір мақсатқа жету үшін осылай мәлімдеме жасауға бардық. Сондай-ақ мәлімдеме жасаушылар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау туралы заңдағы тұтынушылар деген анықтамаға байланысты тұтынушы заңды тұлға ма, жеке тұлға ма оны бөлмей барлығын тұтынушы деп қолдану түсінігі бойынша өзгеріс енгізу, Энергия ресурустарымен қамтамасыз ететін табиғи монополия субъектілеріне олардың тарифтері мен бағаны белгілеуге байланысты оларға еркіндік беру, жалпы табиғи монополия туралы заңға сәйкес мүлікті иеліктен шығару және сатуға байланысты қосымша әрекеттерді жасамай-ақ еркіндік беру мәселелеріне өзгерістер енгізу қажет деп тапты. Сондай-ақ заңгер Сәуле Ермұхаметова табиғи монополия жағдайындағы кәсіпкерлікті дамытуға байланысты түрлі шектеулерді алып тастау қажет,- деді. Ал заңгер Элмира Өсенова бұл пікірге өз көзқарасын былайша білдірді. -Табиғи монополия субъектілдеріне мемлекет тарапынан ешқандай шектеу қойылмайтын болса, олар өздерінің нарықтағы ерекше жағдайын пайдаланып, өзге монополия субъектілерінің қызмет жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Мемлекет тарапынан шектеу қою мемлекет үшін де, қарапайым халық үшін де тиімді болып табылады. Қазақстан кәсіпкерлер форумы ассоциациасының өкілі Марияш Қабікенова Қазақстан табиғи монополия жағдайында кәсіпкерлерге үкімет тарапынан көмектер, түрлі жеңілдіктер жасалуы керек деді. Осы орайда қарапайым қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау туралы заңда Энергия ресурустарымен қамтамасыз ететін табиғи монополия субъектілеріне олардың тарифтері мен бағаны белгілеуге байланысты оларға еркіндік беру туралы өзгерістер енгізуге қалай қарайды? Алғашқы сұхбаттасымыз өзніңі қарсы пікірін білдірді. -Еркіндік беруге болмайтын тәрізді. Өйткені қалай болғанда мемлкеттің заңына бағыну керек. -Қазақстан мемлекетінің заңын кез-келген монополис мойындауы керек. Заңды өзгертуге болмайды. Оның үстіне халықтың әлеуметтік жағдайы да төмен. Сондықтан қабылданған заң екі жақтың да мүддесін қорғауы керек дейді ол.
XS
SM
MD
LG