ВАШИНГТОН: АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Кондолиза Райс ханым 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қастандықтардың жайын тексеруші тәуелсіз комиссия алдына барудан тағы да бас тартты. “Си-Би-Эс” телекомпаниясына берген сұхбатында ол қауіпсіздік кеңесшісі ант беріп көпшілік алдында жауап бере алмайды деп үзілді-кесілді мәлімдеді. Терроризмге қарсы күрес бойынша Ақ үйдің бұрынғы сарапшысы Дж.Буштың әкімшілігі “Әл-Қаида” ұйымынан төнген қатерді дұрыс бағалай алмады деп айыптауда.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қастандықтардың жайын тексеруші тәуелсіз комиссия алдына барудан тағы да бас тартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV