Accessibility links

Тәжікстан парламенті сайлау заңына бір қатар өзгеріс еңгізді


Тәжікстанда таяуда сайлау заңына біршама өзгеріс егізілді, олар сайлаушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған деп сипатталды. Мәселен, сайлау комиссияларының құрамдарына тәуелсіз мүшелер тағайындалатын болды.

Тәжікстанда парламент сайлауы келесі жылдың ақпан айында өткізіледі. Азаматтық соғыс тоқтағалы бері бұл не бәрі екінші сайлау науқаны. Сайлау заңына жасалған өзгерістердің жақсы жағымен қатар сарапшылар нашар тұсында атап отыр. Депутаттықтан үміттенгендер енді тіркеу ақысын төлеуге міндеттелді. Әр үміткер 500 доллар төлеу керек. Алғашқысында бұл сома тіпті 3 мың доллар болсын делінген еді. Сондықтан партиялар көп үміткер ұсына алмайды енді, дейді кейбіреулер. Тәжікстан басындағы Халық демократиялық партиясының өкілі Жұмабой Сангинов өзгерістер үкіметке атсалысамын дегендерге жаңа мүмкіншілікті кеңінен ашып отыр дейді:

- Тәжікстанның сайлау заңына жаңа өзгерістерді еңгізу заңды арттырады деп білемін. Бұл демократияға және депутаттарды тіркеуге кеңірек мүмкіншілік береді.

Тәжікстан Коммунистік партиясының төрағасы Шоды Шабдолов та жаңа толықтыруларға қанағат танытып отыр:

- Тіркеумен дауыс беру құбылыстарына үкіметпен саяси партиялардың түрлі өкілдері тарапынан араласуға енді тиым салынды. Жергілікті баспаханаларда сайлау бюллетендерін басуға да тиым салынды, әйтпесе олар жалған бюллетендерді көп басатын. Бюллетендер тек бір жерде басылатын болды. Сол сияқты қару асынған азаматтардың сайлауға араласуларына шек қойылды.

Тәжікстан Ислам Дәуірлеу партиясының өкілі Насриддин Саидов өзгерістерді негізінен құптаймыз, тек екі өтпей қалған ұсынымыз жайында, солардың төңірегіндегі мәселелерге алаңдаймыз дейді:

- Сайлау барысына үлкен ықпал жасай алатын екі өзгеріс өтпей қалды. Біз заңның 15-шы бабын өзгертіп, дауыс беру күні сайлау бөлімшелерінде саяси партиялардың өкілдері болсын дедік. Себебі барлық заңбұзушылық сайлаудың осы кезеңінде орын алатынын тәжірибе көрсетті. Сол сияқты біз 46-шы бапты өзгертіп, дауыс беру нәтижелері саналып болған соң саяси партияларға қолма қол берілсін деп ұсындық. Сонда олар кейін ол мәліметтерді қортынды ресми мәліметпен салыстыра алар еді.

Тәжікстанның қазіргі парламентінде тек Халық демократиялық партиясының, Ислам Дәуірлеу партиясының, Коммунистік партияның адамдары қана өкілеттік алған. Және қатарымыз 10 мың адамнан асады деп тек осы үш партия айта алады. Дегенмен, сайлау заңына жасалған өзгерістер бізге көбірек мүмкіншілік ашады деп барлық партиялардың өкілдері айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG