Accessibility links

Алматыда «Экстремизмге қарсы күрес» мәселесіне арналған дөңгелек стөл мәжілісі басталды


Шілденің 1-і күні Алматыда Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аяасында Орталық Азия аймағындағы экстремизммен күрес мәселесіне арналған дөңгелек стөл өз жұмысын бастады. Дөңгелек стөл жиынын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының яғни ОБСЕ нің Алматыдағы орталығы және осы ұйымның адам құқығы және демократиялық институттар жөніндегі бюросы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Орталық Азия аймағындағы экстремизм мәселесін талқылайтын бұл жиынға үкіметтік ұйымдар мен саяси партиялар және бейресми ұйымдар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Дөңгелек стөл жиынында Орталық Азиядағы экстремизм мәселесі жөнінде негізгі баяндаманы белгілі сарапшы, Орталық Азия мәселелері жөнінде бірнеше кітаптар жазған автор, Вашингтондағы халықаралық бейбітшілік жөніндегі Карнеги қорының аға қызметкері доктор Марта Брилл Олкотт қойды.

Оның айтуынша Орталық Азия аймағында негізінен төрт түрлі экстремизм түрі көрініс береді. Олар, біріншіде Өзбекстан ислам қозғалысы секілді өкіметті қарудың күшімен құлатып, өз үстемдігін құруды көздеген діни экстремистік ұйымдар, екіншіден билікті қарудың көмегінсіз, тек өзінің идеологиясы арқылы алуды көздейтін діни ұйымдар ал үшіншіде билік үшін емес белгілі бір топтар мен ұлт өгілдеріне қарсы құрылған экстремистік ұйымдар ал төртіншіде өз көзқарас,мүдделері үшін күресетін діни топтар болмақ.

Доктор Марта Олкоттың айтуынша Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең тыныш ел болып тұр. Қазақстандағы экономикалық-әлеуметтік жағдайдың дұрыс болуы, демократиялық институттардың шама шарқынша жұмыс істеп жатуы экстремизм тамырының жайылуына жол бермейді. Сондықтан да Қазақстан әзірге экстремизм қаупінен алыста отыр дейді Марта Олкотт.

Алайда Қазақстандағы тәуекелшілдікті бағалау тобының жетекшісі Досым Сатпаевтың айтуынша алдағы уақытта Қазақстан үшін қауіпті діни ұйым ол Хизбут-Тахрих діни ұйымы болмақ. Бұл ұйым өзінің стратегиялық жоспарын неше ондаған жылдармен құрады. Ақырындап топыраққа тамырын жайып, өз қатарына жақтастар мен мүшелер санын молайтқан соң ол өз талабын қоя бастамақшы. Алматыдағы ОБСЕ нің дөңгелек стөлі өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.
XS
SM
MD
LG