Accessibility links

Алматыда Азия – Тынықмұхиты елдері хабартаратушылары одағының 41-ші бас Ассамблеясы өз жұмысын бастамақ


Алматыда Азия – Тынықмұхиты елдері хабартаратушылары одағының 41-ші бас Ассамблеясы өз жұмысын бастамақ. Басты мақсаты аталған аймақ елдеріндегі ең ірі деген хабартаратушыларының басын қосып, тәжірибе алмасуын көздейтін одаққа Қазақстаннан тек “Хабар” агенттігі 1998 жылдан толыққанды мүше. Сондай-ақ 2003 жылдан “Хабар” агенттігі одақтың жоғарғы жетекшілік органына - әкімшілік кеңесінің құрамына кіреді. Ал Азия – Тынықмұхиты аймағындағы 52 мемлекеттен 3 миллиард адамды аузына қаратқан 102 жетекші телерадио компаниялар аталған одақтың тұрақты мүшелері. Енді осы басқосудың Алматыдағы алғашқы жиыны 20 қыркүйекте басталды.

Азия – Тынықмұхиты елдері хабартаратушылары одағы 1964 жылдан жұмыс істеп келеді екен. Бұл жолғы алға қойған негізгі міндеттері әлемнің жетекші электрондық ақпарат құралдарынан тартылған 350-ден аса үздік деген мамандардың кеңесін ортаға салып, тәжірибе алмасу дейді шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ одақтың бас хатшысы Дэвид Эстли аймақтағы дамушы елдердің электрондық ақпарат құралдарының продюсерлері, режиссерлері және жалпы мамандарының бағдарламаларын жүзеге асыруға қаржылай да көмек көрсету дейді ол.

Ал осы дамушы елдің бірі Ауғанстан мамандарының еңбектері тіпті Оскар сыйлығына лайық. Сондықтан Азия-Тынықмұхиты елдері бұл салада дамыған елдерден қалыспайды дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Арман Қарабаев.

Сондай-ақ аталған шараны Қазақстан жағынан басты ұйымдастырушы “Хабар” агенттігінің жаңалықтар қызметінің директоры Жайна Сламбек Қазақстан аталған аймақта хабар тарату жағынан ортаншы орында келе жатыр деген пікірін білдірді.

Жалпы Алматыда өтетін аталған шарада аймақтағы қордаланып қалған хабартарату ісіне қатысты барша мәселелер көтеріліп, оның шешілу жолдары да талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG