Accessibility links

Қазақстан террористік ұйымдар үшін өткел ретінде пайдаланылуы мүмкін


Заңсыз көші-қонмен аймақтағы терроризмнің дамуының тікелей байланысы бар екендігін айтты Еуропалық комиссиясының Аймақтық өкілдігінің басшысы Алан Ваддамс «Азаттық» радиосына.

- Себебі, бір елден басқа елге заңсыз түрде көшіп-қону мүмкін болса, криминалды топтар да еркін жылжуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда қандайда бір терроризм қаупі пайда болуы мүмкін.

Оның айтуынша, Еуропалық комиссия Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып Орталық Азия, Ресей, Ауғанстан мен Пәкістан елдеріндегі көші-қон мәселелерін реттеуге бағытталған арнайы бағдарламаға 1,5-1,8 миллион еуро бөліп отыр.

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтетіндердің санын тап басып айту қиын дейді Қазақстан песпубликалық ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі басқарамасы директорының орынбасары Тұрсын Уажанов:

-

Оларды есепке алған ешкім болмас. Бірақ заңсыз шекараны бұзушылар деп айтуға мүмкіндігім бар. Біздің шекарамен жылына 15 миллион халық жүреді. 2,5 миллиондай көлік кесіп өтеді. Заңсыз өтеді дегендегі мақсат әр түрлі болады. Оны айрып-қарамаса тағы болмайды.

-

Биыл заң бұзушылықпен шекарада ұсталғандар қанша?

-

Биылғы жылы 3 мыңнан артық шекарадан өтпекші болды деп мәлімет жасап отырмыз. Оның ішінде Ауғанстаннан, Шри-Ланкадан, Пәкістаннан келетін адамдар, соғыс, қиыншылық болып жатқан елдерден келетіндер болады. Олар заңсыз шекарамызды бұзып, басқа елге өтіп кетуді ойлайды.

Бүгінгі жағдайда Қазақстан халықаралық террористік ұйымдар үшін өткел ретінде пайдаланылуы мүмкін деп есептейді республикалық шекара қызметі басқарама бастығының орынбасары:

- Мемлкетіміз Ресеймен 7 мың шақырым, Өзбекстанмен 2 мыңнан астам, Қырғызстанмен 1 мыңнан артық жерге шекараласпыз... Әрине, Қазақстанды пайдалануы мүмкін. Транзитті аймақ ретінде немесе демін алып, жағдай тынышталғанша тежелуге пайдаланыуы мүмкін. Бірақ біз сол мүмкіндіктерді болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Ал Өзбекстан ішкі істер министрлігіне қарасты төлқұжат бөлімі бастығы Александр Уляшин болса, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне көші-қон заңсыздықтарының бетін алу мақсатында, яғни, кейбір азаматтарды, олардың азаматтығын анықтау мақсатындағы өтініштерін биыл арттырып отырғандарын айтты.

- Мәселен, егер былтырғы жылы осындай 40 мың өтініш жасалса, биылғы 8 ай ішінде осындай мазмұндағы 38 мың сұрау салынған.

Оның сөзіне қарағанда, Өзбекстаннан шетелге шығуға жылына 100 мыңнан артық адам рұқсат алса, бұл елдің өз ішінде былтырғы жылы 20 мыңнан артық шетелдік азамат әкімшілік жазаға тартылады. Олардың 700-ге жуығы құжат талаптарын орындамаған қазақстандықтар дейді өзбекстандық өкіл.
XS
SM
MD
LG