Accessibility links

Орталық Азия мен Ресейдегі еңбек көші-қонын заңдастыру қажет деп есептейді халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссия басшысы


Орталық Азия мен Ресей аумағында көршілес республикаларға жұмыс іздеп барған мигранттарға кейде жұмыс берушілер ақшаларын төлемей, құлдыққа ұқсас жағдайда ұстайды деді Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясының басшысы Майкл Чанц «Азаттық» радиосына берген сұқбатында. - Бұл орайда адам құқығы бойынша қазақстандық бюроға құқықтық кеңес, кейде қорған болуды сұрап өтініш жасаған жүздеген мигранттар бар. Евгений Жовтис, адам құқы бойынша бюро жетекшісі: -

Жүзге жуық арыз түседі. Қазақстанға көрші елдерден жұмыс істеу үшін келген азамат шетелдік жұмыс күші ретінде мемлекеттік лицензия алуы тиіс. Бұл айтарлықтай қымбат әрі қиын шаруа болғандықтан, олар бұл жолды айналып өтуге тырысады. Нәтижесінде полицейлер оларды ұстап алып, елден күшпен шығарып жіберуге тырысады. Себебі, жалдамалы бұл жұмысшылардың құқықтық мәртебесі бірде-бір құжатпен реттелмеген, олар барлық әлеуметтік құқықтардан жұрдай.

Майкл Чанц, халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясы басшысы: - Ал олардың қызметін заңдастыру бір жағынан адам құқығының сақталуына жағдай жасаса, екінші жағынан сол мемлекеттердің экономиканың кей салаларына қажетті еңбеккерлерді қазіргіден де көбірек бағыттауға мүмкіндік береді. Сонда заңсыз көші-қонмен күресу де жеңіл болады. Заңсыз көші-қонды заңдастырудың екі жолы бар: яғни, біріншісі – республикалардың екіжақты еңбек уағдаластықтарын әзірлеу болса, екіншісі – ұлттық заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу дейді халықаралық көші қон ұйымының өкілі.

Екі жақты еңбек уағадаластығы Қырғызстанмен жасалғандығын айтады Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Шәкіров. - Сол себептен, бүгінде Қазақстанда жұмыс істейтін Қырғызстан азматтарының көпшілігі әлеуметтік жағынан қорғалған.

Алайда, мұндай келісім Орталық Азия аймағында әзірге жалғыз ғана құжат екендігін айтады халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы жетекшісі Майкл Чанц. - Мәселен, Қазақстанның Өзбекстанмен еңбек уағдаластығын жасау туралы ұсынысы белгісіз себептермен қабылданбаған.

Бұл жайында Өзбекстанның ішкі істер министрлігіне қарасты төлқұжат бөлімінің басшысы Александр Уляшинге қойғанымызда ол бұл сауал өз өкілеттігіне жатпайтындығын мәлімдеді.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен, Қытаймен еңбек уағдаластықтарының жобасы жасалған. Республикаға келіп жұмыс істейтіндердің басым бөлігі - Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.
XS
SM
MD
LG