Абхазия президенттігіне екі үміткер Сергей Багапш пен Рауль Хаджимба Кремльдің дәнекер болуымен өзара келіссөз өткізу үшін бүгін Мәскеуде жүр. Сергей Багапш ресми түрде 3 қазанда өткен президент сайлауының жеңімпазы болып жарияланды. Бірақ оның жеңісін бақталасы Рауль Хаджимба мойындамай, Жоғарғы сотқа шағымданды.