Accessibility links

Мұнай бағасы жоғары екен деп қарап отыруға болмайды


Еуропадағы қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатыр деген жалпы мәліметті өз зерттеуінде растады. Осы аптада жарияланған Еуропалық банктің баяндамасында мұндай көрініс жалпы Ресейге, Украинаға және Орталық Азияға тән құбылыс делінеді, бұрынғы Совет Одағы аймағы дүниежүзінде ең тез өсіп келе жатқан екінші аймақ болып табылады деп айтылады. Бірінші орынға бұл тұрғыдан қарағанда Қытай және Қытаймен көршілес азиялық елдер қойылып отыр.

Бұрынғы Совет Одағында қарқынды экономикалық өсім бар дегенде Еуропадағы қайта құру және даму банкі бұл негізінен мұнай бағасының әлемдік жоғары деңгейінен мүмкін болды дейді. Ал бұл жерде тоқмейілсуге болмайды, мұнай мен газдың әлемдік бағалары үнемі жоғары болмайды, оған қарап отырудың қажеті жоқ. Еуропадағы қайта құру және даму банктің бас экономисі Уиллем Боутюр бұрынғы Совет одағынан шыққан мемлекеттерде кең экономикалық мүмкіншілік ешқашан болмаған, мұнай, газ, мақта сияқты экспорт тауарларының бағасы әдеттегіден жоғары болып тұра берсе аймақтағы экономикалық өсу келесі жылы 7-8 пайыз құрауы мүмкін дейді:

- Мұнай және газ бағалары Ресейдің өзін, Әзірбайжанды, Қазақстанды алға сүйреп келеді, мақтаның жоғары бағасы да Түркіменстанды олардан қалдырмай отыр. Алтын бағасы Қырғызстанға қолғабыс болып отырса, алюминий бағасы Тәжікстанды риза қылып отыр. Халықаралық жағдай өте қолайлы. Тек ғана экспорт тауарларының бағасы қымбаттырақ емес, тауыр сыртындағы экспорттарында да баға қымбат. Мұнда да сұрасын жағары.

"Өтпелі кезең баяндамасы" деген құжатты Еуропадағы қайта құру және даму банкі әр қараша айында жариялайды жалпы. Мұнда банк өзі қызмет етіп жатқан Еуропаның және бұрынғы Совет Одағының социалистік елдеріндегі экономикалық жағдайды сарапайды, экономикалық өсу болжамдары айтылады. Еуропадағы қайта құру және даму банктің бас экономисі Уиллем Боутюр аймақта экономикалық көрсеткіштер өсіп отырғанымен тиісті рефолмалар тежеліп отыр дейді. Мәселен, Орталық Азия, Ресей және Украинада өткен жылы коррупцияға қарсы күрес тежелді, салық кодекстері жеңілдетілмей қалды. Еуропалық банктің өкілі Уиллем Боутюр "Азаттық" радиосына берген сұхбатында табиғи байлығы көп елдерде экономикалық реформа баяу жүретін әдеттегі көрініске зейін қояды:

- Табиғи байлықтың ең үлкен әсері – ол реформа шараларын тежеп тастайтын сияқты. Жалпысы, оңай өсім және үкіметке оңай келіп отырған салық пен роялти төлемдері бұл елдердің үкіметтерін тоқмейілсітіп, реформа қажет ау деген түсініктерін өшіріп тастайды. Экспорт тауарларының қарқынды өсуі реформаларды баяулатып тастайды деп білемін.

Бұл жерде айта кету керек, экономикалық өсуге мұнай-газ байлығы жоқ бұрынғы совет елдері де жетіп отыр. Мәселен, бұл Армения мен Грузияда көрініс тауып отыр. Экономиканы алға тек реформа сүйрейді, мұнай бағасы жоғары екен деп отыруға болмайды, дейді Еуропалық банк.
XS
SM
MD
LG