Accessibility links

Арафаттың үш орнын кім басады екен?


Сонымен, Палестина ұлт-азаттық қозғалысының нышаны Ясир Арафат 75 жасында дүние салды. Әлем жетекшілері Арафаттың өлімі Таяу Шығыстағы жағдайды бейбітшілікке бұрса деп үміт айтып жатыр. Арафаттың орнын кім басады екен, Палестина басшылығында келіссөзге ниет көбейе ме екен деген сұрақ талдаушыларды әу бастан мазалаған.

Ясир Арафат Париж ауруханасында қайтыс болған күні, бейсенбіде "Палестинаны азат ету" ұйымының төрағалығына Махмұд Аббас сайланды. Палестина әкімшілігі президентінің қызметі парламент төрағасы Раухи Фаттухқа уақытша өтті, 60 күн ішінде бұл қызметке жаңа адам сайлануға тиіс. Ясир Арафат 29 қазаннан бері қатты науқастанып қалғанда оның бір қатар өкілеттігі бас министр Ахмед Кюрейге және бұрынғы бас министр Махмұд Аббасқа өткен еді.

Ясир Арафаттың орнын кім басады екен деген мәселе талдаушыларды осы аптада ерекше мазалады. Ясир Арафат үш басшылық лауазым атқарған, бірақ бірде біріне мұрагер тағайындамаған. Сондықтан 11 қарашада Ясир Арафат дүние салғанда Палестина әкімшілігінің президенттігіне, "Палестинаны азат ету" ұйымының төрағалығына және "Фатах" партиясының төрағалығына кім сайланады деген мәселе кең дәрежелі халықаралық мәселе болып табылды. Ясир Арафаттың бас мұрагерлері ретінде Махмұд Аббас және Ахмед Кюрей болуы ықтимал деп алдын-ала болжам жасаған еді "Азаттық" радиосына Хайфа университетінің саяси ғылым оқытушысы және Палестина зерттеулері жөніндегі Эмиль Тоума институтының директоры Илан Папей. Махмұд Аббас Абу Мазен деген лақап атпен белгілі, Ахмед Кюрей Абу Ала деген лақап атпен белгілі:

- Палестинада сайлау болғанша Абу Мазен және Абу Ала өздерінің алғашқы деңгейлерінде қала беретін көрінеді. Арафат атқарып жүрген өкілеттіктер Абу Мазенге өтетін сияқты, Абу Аланның бас министрлік өкілеттіктері Арафаттың кезеніне қарағанда кеңейе түседі. Сайлаудан кейінгі алғашқы кезеңде осы екі азамат билік басында болады деп болжамдауға негіз әбден жеткілікті.

Абу Мазенде, Абу Алада заманауи қалыптағы саясаткер деп танылған, олардың екеуіменде Израил қатынас құруға келіскен. Бірақ Таяу Шығыс маманы Герд Ноннеман бұл жағдай Палестинада осы саясаткерге қолдау тапқыза қоймайды дейді:

- Абу Мазен және Абу Ала сияқты азаматтарды израилдіктер және американдықтар, әрине, ұнататын болады. Бірақ палестиндік халық бұл екі азаматты ынтасыз қабылдаса, палестина көшелерінде олар ешқашан шынайы қолдау таба алмайды. Бұл қиындықтан келісім табу тежеле түседі. Бұл азаматтарды сосын сатқын деп таңбалап ығыстырып тастауы мүмкін. Олардың саяси салмағы аз дегенді естігенбіз қазірдің өзінде. Радикалды топтармен бейбіт келісім табуға қол жеткізетін бұл азаматтар емес. Бұл шаруа Маруан Барғоутидің қолынан келер еді.

Бұл жерде аталып отырған Маруан Барғоути – "Фатах" партиясының Батыс Жағалаудағы жетекшісі, ел арасында ең танымал тұлғалардың бірі. Бірақ ол саяси қызметтен шеттетілген, Израил абақтысында жатыр, бір емес, бес өмірлік қамау үкімін алған. Ал Палестина сайлауы жөнінде айтсақ, Лондонда орналасқан "Гатхам Хауз" талдау орталығының маманы Йосси Мекелберг Палестина топтары ауызбіршілікке келісседе сайлау өтуі екі талай дейді. Екі айдың ішінде сайлау қазіргі жағдайда өте қоймас, оданша уақытша үкімет құрып, сайлауды 6-8 айда өткізген жөн, бақылауға АҚШ-ты, Біріккен Ұлттар Ұйымын, Еуропа Одағын шақырған жөн,- дейді Йосси Мекелберг. Арафаттың өлімінен кейінгі екінші үлкен мәселе – ол Таяу Шығыс бейбіт құбылысының барысы қандай болады деген жағдай. Арафаттың орнына кім келеді деген мәселенің тағы бір шеті – Арафатпен Израил соңғы жылдары келіссөз жүргізбей қойған, Израилге шабуыл жасайтын қарулы топтарды Арафат баса алмай қойды делінетін бұған себеп ретінде. Арафаттың орнына заманауи саясаткер келсе бейбіт келісім мүмкіншіліктері кеңейе түспек.
XS
SM
MD
LG